Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Философия және саясаттану кафедрасы




С И Л Л А Б У С

 

Пәні: Әлеуметтану

Мамандықтар: барлық мамандықтар үшін

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: 1

Семестр: 1,2

Кредит саны: 2

Барлық сағат саны: 90, соның ішінде:

Дәрістер: 15

Семинар сабақтар: 15

СӨЖ (ОСӨЖ): 60

Аралық бақылаулар: 2

Емтихан: 1,2

 

 

Талдыкорган 2015 ж.

Оқытушының аты-жөні: Берикова Айған Қалиқызы, философия және саясаттану кафедрасының доценті (220 каб., 1 оқу корпусы)

Байланыс телефоны: 39-26-04, 87772677409

Эл. адресі: а[email protected]

Пәні: Әлеуметтану

Пәннің пререквизиттері: Әлеуметтану Қазакстан тарихы, мәдениеттану, тіл білімі, баска да аралас базалык пәндермен байланысты. Әлеуметтануды оқу үшін мектеп бағдарламасы көлемінде игерген пәндердің жалпы білімі қажет.

Пәннің постреквизиттері: Әлеуметтанулық білім философия, саясаттану, құқық, әлеуметтік философия, демография, этнология, этнопсихология және т.б. пәндерде қолданылады.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Әлеуметтану Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқытылатын міндетті әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің қатарына кіреді. Әлеуметтану курсы «Қоғамтану» модульдің міндетті компоненті болады. Пәннің бағдарламасы төрт модульге бөлінген.

Бұл курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихының жалпы сұрактары, әлеуметтанулық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі, арнайы әлеуметтанулык теориялар карастырылған. Білімгерлердің әлеуметтанулык теориялардың негізгі концептілерін және казіргі қоғамның түрлі сфераларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынады.

«Әлеуметтану» пәнін оқытудың максаты студенттердің бойында әлеуметтанулық теориялардың дамуы, әлеуметтанулық зерттеулерді практикалық тұрғыдан колдану және оның әдістері, негізгі салалык социологиялық теориялар және олардың қолданылуы сиякты алғашкы жүйелендірілген түсініктерді калыптастыру. Бұл студенттердің кәсіби бағдары және элективті пәндерді таңдай білуі үшін маңызды.

Курстың міндеттері:

- макро және микросоциологиялык тәсілдер негізінде әлемдегі әлеуметтік өзгерістер динамикасы туралы түсініктерді жасау;

- қазіргі ұйымдарда тиімді жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру;

- әлеуметтік процестерді зерттеу максатында негізгі әлеуметтанулық ұғымдармен, концепциялармен және теориялармен таныстыру;

- қолданбалы әдістерді және әлеуметтанулық зерттеулерді ұйымдастыруды меңгеру;

- студенттерді социологиялық ойлауға, алған білімдерді қоғамның өзекті мәселелерін білуге және зерттеуге қолдана білу.

Әлеуметтанудың практикалық тұрғыдан аса қажеттілігі қазіргі әлем және әлеуметтік процестер туралы акиқат білім алумен, қоғам дамуының факторлары мен карама-қайшылыктарын анықтаумен және накты мәселелерді шешудің жолдарын іздестірумен байланысты.

«Әлеуметтану» курсы әлеуметтік білімді игеруге және өзіндік іздестіру дағдысын калыптастыруға, сонымен катар болашак ғылыми және практикалык зерттеулер саласын таңдауға кажетті базаны жасауға мүмкіндік береді.

Курсты окыту қоғамды зерттеудің жалпығылыми, әлеуметтік және әлеуметтанулық әдістерін меңгеруге және қолдануға мүмкіндік береді.

Пәнді меңгеру нәтижесінде төмендегі құзырылықтар қалыптасады:

негізгі құзырылықтар:

қалыптастырушы: әлеуметтанулык ойлай білу, әлеуметтанулык зерттеулердің пәні мен әдістері, әлеуметтанудың өзекті мәселелері және салалары туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталу;

жүйелеуші: қоғамда болып жаткан процестер мен кұбылыстарды өз бетінше талдай білу;

зерттеу: әлеуметтік зерттеулер жүргізу әдістемесін қолдана білу;

пәндік құзырлықтар:

коммуникативтік: көпшілік алдында сөз сөйлеу, өз ойын негіздеу, пікірталас және ғылыми сайыс жүргізу дағдысын;

технологиялық: әлеуметтанулық ақпараттардың кол жетімді негіздерін, акпараттарды талдауды;

бақылаушылық: ақпараттандыру саласындағы білімді меңгеру, бақылаушы-бағалаушы материалды дайындау, алынған нәтижені өңдеу;

арнайы құзырлықтар:

бағдарламалық: әлеуметтанулык теориялардың негізгі концептілерін және казіргі қоғамның түрлі сфераларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсыну;

пәнаралық: философия, антропология, психология, саясаттану, мәдениеттану сияқты әлеуметтік ғылымдармен және әлеуметтік зерттеулердің басқа да салаларымен тығыз байланысты бола отырып, олардың теорияларын ғылыми мәселелерді әлеуметтанулық тұрғыдан қолдана алу;

әлеуметтік: төзімділікке және кұрметтеуте негізделген тұлғааралык және мәдениаралык байланыстар дағдыларын, ұжымда жауапкершілікпен жұмыс істей алу;

дамытушы: қазіргі коғамның мәселелерін жобалауда және болжауда, талдауда тұтастык тұрғыдан келу дағдыларын;

креативті: кәсіби міндеттерді шешуге альтернативті, жаңа және инновациялық әлеуметтанулық тәсілдерді колдана білу, ақпараттарды сынамалы тұрғыдан кабылдау қабілетін («сынамалы ойлау»);

ұйымдастырушы-әдістемелік: ауызша және жазбаша тұрде өзінің ойын дұрыс негіздей отырып калыптастыра білу, білімін нақты ситуацияда қолдана білу.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1391 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2292 - | 2064 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.