Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Көсемше, морфологиялық ерекшеліктері, қызметі




Көсемше атауын қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы енгізген. Бұл сөздің мағынасы көсем сияқты үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді.

Көсемшелер тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан, қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жасауға негіз болады.

Қазіргі қазақ тілінде көсемшелердің бұдан өзгеде сан алуан қызметтері бар. Көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын-тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық та қызмет атқарады. Есімдердің түрлену жүйесіне түспейтін (көптелу, тәуелдену, септелу) көсемшелердің етістіктің басқа да туынды тұлғаларынан негізгі айырмасы да осы қызметтен көрінеді. Олар сөйлемде көбінесе пысықтауыштық қызмет атқаратын үстеулерге грамматикалық сипаты жағынан өте жақын. Көсемшелер мен үстеулердің қызметі жағынан да, мағыналық жағынан да бір-біріне өте ұқсас келуі, олардың екеуінің де пысықтауыштық қызметте қолданылуында деуге болады. Бірақ көсемшелердің тілдегі қызметі мен мағыналары үстеулерге қарағанда әлдеқайда кең. Мәселен, олар жоғарыда айтылған күрделі етістік жасау мен пысықтауыш болудан өзге тілімізде айтушының ойды ықшамды айту мақсатын жүзеге асырып бірыңғай баяндауыш болады, сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы бола тұра екі жай сөйлемді еш дөнекерсіз байланыстырып тұрады және баяндауыш қызметінде жіктеле келіп, шақты білдіріп тұр.

Көсемшелер етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, күрделі негіздерге тікелей де, қажетінше етіс жұрнақтарынан соң да немесе амалдың өту сипатын білдіріп, рең жамайтын жұрнақтардан кейін жалғану арқылы жасалады.

Қазақ тілінд ежіктелудің төрт түрі бар. Бірдей үлгіде жіктелетін сөздердің лексика-грамматикалық сипаты бірдей емес, яғни қазақ тіліндегі жіктелу үлгілері тек тұлғалық өзгешеліктеріне қарай бөлінеді. Көсемшелер бірдей үлгіде жіктеледі:

I. Мен бара-мын, барып-пын

II. II. Сен бара-сың, барып-сың

III. Сіз бара-сыз, барып-сыз

IV. III. Ол бара-ды, барып-ты

V. Біз бара-мыз барып-пыз

VI. сендер бара-сыңдар, барып-сыңдар

VII. сіздер бара-сыздар, барып-сыздар

VIII. олар бара-ды, барып-ты

Көсемшелер бірдей үлгіде жіктелмегенімен олардың беретін шақтық мағынасы әркелкі болып келеді. Мәселен, -ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы жасалған көсемшелер жіктелгенде бұрынғы өткен шақты білдірсе, -а, -е, -й жұрнақгары арқылы жасалған көсемшелер жіктеліп ауыспалы осы шақты білдіреді.

Көсемшелердің бұлардан өзге жұрнақтары жіктелмейді. Осы қызметіне қарап оларды қазақ тіл білімінде жіктелетін және жіктелмейтін көсемшелер деп бөлу қалыптасқан.

Көсемшенің жіктелетін -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғаларының жіктелмей өзге тұпғаларға қарағанда елеулі айырмашылықтары бар. Біріншіден, олардың тілдегі жұмсалу жиілігі соңғыларына қарағанда әлдеқайда басым. Мәселен, жіктелетін көсемшелер арқылы күрделі етістіктің, пысықтауыштардың және сабақтас сөйлемдердің бірнешеуі жасалады. Екіншіден, жіктелетін көсемшелердің қолданылу өрісі кең. Мәселен, олар сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңарларының да, басыңқы сыңарларының да баяндауыштары бола алады. Ал жіктелмейтін көсемшелер тек бағыныңқы сыңардың баяндауышы бола алады: Сергіген қабағы сәл тұнжырай түсіп, ол тағы ойланыд (Майлин), Жалғыз баласы Иса өлгелі, Қадыр әбден тұнжырап кеткен еді.(Әуезов)

Жіктелетін көсемшелердің қолданылу аясы мен жиілігі де біркелкі емес. Айталық, пысықтауыш бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын жасауда көсемшенің -ып, -іп, -п тұлғалары өте жиі жұмсалса, жіктеліп келіп шақты білдіруде ауыспалы осы шақ көсемше (-а, -е, -й) тұлғалары жиі қолданылады. Оны бұрынғы өткен шақ көсемшелердің белгілі бір шектеулі стильдік қолданыстарда ғана жұмсалуымен түсіндіруге болады.

Көсемшелер жеке-дара сөз есебінде қолданылмайды, есімдердің морфологиялық түрлену жүйесіне түспейді, демек оларға көптік, тәуелдік, септік жалғаулары қосылмайды. Кесемшелердің жалпы грамматикалық қьізметі етістік айналасына байлаулы, ал мағынасы етістікке қатысты белгімен байланысты болады да, өзі тек етістік негіздерімен және олардан өрбіген тұлғалардан туындайды. Осы себептен де көсемшелер етістіктің ерекшебір түрі болып саналады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1136 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

2300 - | 2084 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.