Қазақ тілі білімінде Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» синтаксис саласының негізін қалаған басты еңбек болып саналады. Ахмет Байтұрсынұлының 1992 жылы жазылған «Тіл тағылымы – қазақ тілі оқу-ағартуға қатысты еңбектері» атты еңбегіндегі сөйлем жүйесі мен түрлері тақырыптарына арналған «Тіл-құрал» бөлімінде жай сөйлемнің түрлері олардың қызметі туралы жазылған. Ахмет Байтұрсынов ең бірінші сөйлем жүйесіне тоқталып, «сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой, сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады» деп ереже берген. Осы бөлімде Ахмет Байтұрсынов жалаң және жайылма сөйлемдерге анықтама берген.Бұл анықтама қазіргі мектепте оқытылып келе жатқан ережеге сәйкес, яғни бастауышы мен баяндауышы бар, екі мүшелі ғана сөйлем жалаң сөйлем деп аталады деген. Одан кейін бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер деп айтып кетіп, одан басқа мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем деп түйген.
Ахмет Байтұрсынов оларды 2 бөлімінің «сөйлем түрлері» атты тарауында жалпы түрлері деп тақырып қойып тоқталып кеткен. Жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне: болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, жалаң, жайылма деп 6 типке бөлген. Болымды сөйлемді не жайынан да болса болдыра, бар қыла сөйлеген сөйлем болымды сөйлем деп атаған. Мысалы: Үлкен бастар, кіші қостар, деген мысалда іс-әрекеттің іске асатының айтып отыр, ал қазіргі қазақ тілінде мұндай жай сөйлемнің түрлері жоқ, оны біз етістіктің болымсыз және болымды түріне қарай ажыратамыз. Ал болымсыз сөйлемді не жайынан да болса болдырмай, жоқ қыла сөйлеген сөйлем болымсыз деп аталады деген.
Құдайберген Жұбанов жай сөйлемдер туралы зерттеген. «Қазақ тілі жөнінде зерттеулер» кітабында Құдайберген Жұбанов сағат санына бөліп ереже беріп кеткен. 7-сыныпқа арналған «Синтаксистік программы» деген бөлімге 84 сағат бөліп, соның ішінде 18 сағатын жай сөйлемге арнаған. Бұл зерттеуде ғалым жай сөйлемге берілген тақырыптарды бөліп, қарастырған. ІІ бөлім «Сөйлем жүйесінің бастауыш білім» деп аталып параграфтармен тақырыптар берілген, соның ішінде сөйлемнің сазына ереже беріліп, сөйлем түрлі сазбен айтылады. Ахмет Байтұрсынұлы сөйлемдерді айтылу түрлеріне қарай 1) сұраулы сөйлем, 2) лепті сөйлем, 3) тілекті сөйлем, 4) жай сөйлем деп төртке бөлсе, Құдайберген Жұбанов қандай сазбен айтылатынына қарай сөйлемді үш түрге бөлген. 1) хабар сазды сөйлем. 2) сұрау сазды сөйлем, 3) леп сазды сөйлем деп. Соның ішінде хабар сазды сөйлем болған, болып жатқан, немесе болашақ оқиғалардың жайын хабарлай сөйленген болса, сөйлем хабар сазды болады.
Жай сөйлем түрлері Құдайберген Жұбановтың пікірінше, §7. Сөйлем мүшелері деген тақырыпта тек қана жалаң мен жайылма және толық сөйлем мен олқы сөйлем деп қарастырған. Жалаң сөйлемге негізгі мүшелер ғана (бастауыш пен баяндауыш) бар, айқындауыш мүшелері жоқ сөйлем деп ереже берген.
Сонымен қатар С.Аманжолов жалаң және жайылма сөйлемдерді жай сөйлемнің құрылымдық типтері емес, осы сөйлемдерді ішінен хабарлы, сұраулы, лепті, атаулы деп қарастырған. Сөйлемдердің түрлерін 2 бөлген: 1. Жай, құрмалас, 2. Жалаң, жайылма. Ал үйретіп жүрген мектеп бағдарламасында жалаң және жайылма, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз және атаулы сөйлемдер жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне жатқызамыз. Соңғының өзі толымды, толымсыз болып әуелі екіге бөлінеді де, жақты, жақсыз деп тағы екіге бөлінеді. Бұлай бөлунішілік, жоғарыда біз айттық, таза формалды бөлу. Жалаң сөйлем ойды мейлінше, үнемі толық бере алмайды, біз оған толық қанағаттана қоймаймыз. Бұл қанағаттандырмағаннан кейін, жайылма сөйлемге, оннан кейін құрмаласқа көшіп отырмыз. Немесе, қатар бірнеше жалаң сөйлем қолданамыз. Кейбір пікірге, анықтамаға байланысты айтылған ойды жалаң сөйлем қанағаттандыра алады. Жалаң сөйлем қазіргі ұғымды екі сөзден құралады (бастауыш, баяндауыш). Бастауыш еңбек бөлінісі шыққанға дейін шықпаған, өте кеш шыққан. Олай болса, алғашқы жалаң сөйлем бір-ақ сөзден құралған. Егер бастауыш пен баяндауыштың үстіне басқа сөйлем мүшесі қосылса, жайылма сөйлем болып кетеді. Ал жалаң сөйлемге шылау қосылса, жайылма сөйлемге айналмайды, жалаң күйінде қалады.
Толымсыз сөйлем мен жақсыз сөйлемге тоқталғаннан кейін «Жай сөйлем түрлері» атты бөлімінде атаулы сөйлем туралы жазған. С.Аманжоловтың пікірінше, «атаулы сөйлем шығу (генетика) жағынан бірінші пайда болған» деп қарастырған.
Н.Сауранбаевтың 1954 жылы Алматы «Қазақ ССР Ғылым академиясы» баспасынан шыққан «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне тоқталып ереже беріп кеткен. Жақсы талданған, мысалдар нақты салыстырмалы түрде берілген. ІІІ. Сөйлем және оның тұрлаулы мүшелері атты бөлімнің ішінде жай сөйлемнің түрлерінен жалаң және жайылма сөйлемдерге жеке тоқталған. Ал VІІІ. бөлімді «Жай сөйлемнің түрлері» деп алып, ішінде жақты, жақсыз, толымды, толымсыз және атаулы сөйлемдерге тоқталып кеткен.
Жалаң және жайылма сөйлемдерге берген ережелері қазірге оқытып жүрген ережемен сәйкес. С.Аманжоловпен салыстырсақ, Н.Сауранбаев жалаң және жайылма сөйлем түрлерін жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне жатқызып, «бастауыш пен баяндауыштан (не оның бірінен) құралған сөйлемді жалаң сөйлем» деп ереже берген. Ал «бастауыш, баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем» делінген.
Н.Сауранбаев толымды және толымсыз сөйлемдерге ереже берген. Зертеушінің пайымдауынша, толымды сөйлем «ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлемді толымды сөйлем» деп атайды. Н.Сауранбаевтың ереже, мысалдары тура М.Балақаевтың ережелерімен сәйкес келеді. Ал толымсыз сөйлемге «ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған олқы сөйлемдерді толымсыз сөйлем» деп ереже берген.
Н.Сауранбаев атаулы сөйлемге де ереже беріп, талдаған. Бірқатар сөйлемдер сараланған бастауыш пен баяндауыштан құралмай, тек бастауыш ыңғайындағы сөзден, сөз тіркестерінен құралады.
Ж.А.Жақыповтың Қарағанды ҚарМУ баспасынан шаққан «Сөйлеу синтаксисінің сипаттары» еңбегінде толымсыз сөйлемдер толығымен талданып зерттелген. Тіл білімінде толымды және толымсыз сөйлемдерді белгілі бір тиісті сөйлем мүшесінің я мүшелерінің қатысу-қатыспауына байланысты ажыратып жүр. Сондықтан Ж.А.Жақыповтың пікірінше, «мүшеленбейтін сөйлемдерді (сөз-сөйлем, атаулы сөйлем т.б) толымды-толымсыз деп бөлуге келмейді. Толымды және толымсыз болып келетін сөйлемдер – бірқұрамды және екіқұрамды сөйлемдер»
Сөйлемде ойға қатысты мүшенің қатысып тұрғанын, қатыспай тұрғанын айқындау қиын, бұл көбіне дерексіздікке әкеп соғады. Өйткені контекстен тыс тұрған сөйлем толымды, толымсыз екені белгісіз болады. Осы тұрғыдан алғанда, біз «толымды» сөйлем деген ұғымның өзін шартты, салыстырмалы деп санаймыз.
Ж.А.Жақыпов өз еңбегінде толымсыз сөйлемге толық талдау жасап, оның жасалу жолдарын көрсеткен. Ж.Жақыповтың пікірінше, «толымсыз сөйлемдердегі тиісті мүшенің я мүшелердің қатыспай тұруының екі себебі бар: контекст және ситуация. Басқаша айтқанда, түсіп қалған мүшені контекст немесе ситуация арқылы тауып қоя аламыз».
М.Балақаевтың 2007 жылы Астана: «Ер-Дәулет» баспасынан жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» кітабында «Жай сөйлем синтаксисі» тақырыбында сөйлемнің құрамына өте жақсы тоқталған. Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау арқылы білуге болатын сөйлем жақты сөйлем болады.
Жай сөйлем синтаксисінің жеке сала болып қалыптасуына Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, т.б. еңбектері жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне байланысты практикалық және теориялық маңыздылығын көрсетіп берді. Бұл зерттеулер жай сөйлемнің құрылымдық типтерінің жасалуын, оқытылуын айқындады.