Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Фразеологизмдердің құрамы мен құрылысы, сөз таптарына қатысы




Қазақ тіл білімінде фразеология мәселелері 40-жылдардан зерттеушілер назарына ілігіп, тілдік тұрғыдан зерттеу объектісіне айналды. С. Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектігін атап өтіп, бағыт-бағдар көрсетеді. Фразеология термині (грек. pһrasіs сөйлемше және logos сөз, ілім сөздерінен шыққан) қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші, тілдің фразеологиялық құрамын зерттейтін саласы, екінші, белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы дегенді білдіреді. Осы күнгі тіл білімінде фразеологизм деген ұғым кең мағынада қолданылады. 1990 жылы шыққан «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте» фразеологизмге мынадай анықтама берілген: «Фразеологизм дегеніміз формасы жағынан синтаксистік құрылымдармен ұқсас, бірақ олардай жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық және лексика-грамматикалық құрамы тұрақты сөз тіркесі мен сөйлемшелер». Осы анықтамаға қарағанда фразеологизмдерге кең мағынада тілдегі мағына бірлігін сақтаған тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрі де жатады. Олар тұрақты сөз тіркестерінің түрлері номинативтік бірліктер, ресми іс құжаттарындағы даяр сөз орамдары түрінде болуы мүмкін. Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, әдетте, фразеологизмдік оралым деп аталады. Олардың қатарына, мысалы, орыс тілінде глубокая осень, глубокая печаль, волчий аппетит, перемывать косточки, сдержать слово, медвежья услуга тәрізді тұрақты сөз тіркестері, қазақ тілінде қас қаққанша, көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында, ит өлген жер, су жүрек тәрізді тұрақты сөз тіркестері енеді.Фразеология туралы еңбектерде фразеологизмдердің негізгі үш белгісі болатыны көрсетіліп жүр: мағына тұтастығы, құрылымының тұрақтылығы және қолданылу тиянақтылығы. Сөйтіп, фразеологизмдер басқа тіл бірліктерінен төрт түрлі белгі - қасиетімен ерекшеленеді:

1.Құрылым тұрақтылығы;

2.Мағына тұтастығы;

3.Даяр қалпында қолданылу тиянақтылығы;

4.Бейнелілігі, мәнерлілігі;

Фразеологизмдердің жоғарында көрсетілген белгілерін құрылымы немесе мағынасы жағынан оларға ұқсас басқа тіл бірліктерімен салыстарғанда айқын көруге болады. Фразеологизмнің құрамы мен құрылысы:

Фразеологиялық тұтастық. Семантикалық жағынан бөлініп ажыратылмайтын, біртұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен жуыспайтын фразеологиялық оралым фразеологиялық тұтастық деп аталады. Фразеологиялық тұтастықтың құрамындағы сыңарлар бір-бірімен біте қайнасып, өз ара тұтасып, бітісіп кетеді де бүтіндей тіркес семантикалық жақтан бөлінбейтін, біртұтас единица ретінде ұғынылады. Мысалы, қазақ тілінде: жүрек жалғау, жүрек жұтқан, қол құсырып деген фразеологиялық тұтастықтардың білдіретін мағыналары осы тіркестерді құрастырушы сынарлардың мағыналарынан келіп тумайды, олармен мүлдем жанаспайды, байланыспайды.

Фразеологиялық бірлік. Фразеологиялық оралымдардың бұл түрі де – фразеологиялық тұтастық сияқты, семантикалық жақтан бөлінбейтің, біртұтас единица. Фразеологиялық бірліктің бөлінбейтін мағынасы құрастырушы сыңарлардың мағыналарының бүтіннің біртұтас келтірінді мағынасына ұласуы нәтижесінде пайда болады. Фразеологиялық бірліктің мағынасы – біртұтас образды мағына, бірақ туынды мағына. Фразеологиялық бірліктің бір бүтін мағынасы сыңарлардың лексикалық мағыналарына таралып бөлшектенбей, тұтас күйінде ұғынылады, образды туынды мағына ретінде танылады. Мысалы: ауырдың үсті, жеңілдің астымен, ауыз жаласу, тілі қышу, түймедейді түйедей ету, тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай, екі езуі екі құлағына жеткендей, тамырына балта шабу және т.б. Орыс тілінде мынадай фразеологиялық оралымдар фразеологиялық бірлік деп саналады: выносить сор из избы (жақын адамдардың немесе шағын топтың өз арасындағы керісті, таласты жария ету), стреляный воробей («қу мүйіз, тіс қаққан, ала аяқ»), семь пятниц на неделе («өз ьшешімін, көңіл-күйін өзгерте беру, құбыла беру»), плясатьпод чужую дудку (біреудің айтқанына көніп, айдағанына жүру).

Фразеологиялық тізбек. Фразеологиялық оралымның бұл түрі ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөздің тіркесінен жасалып, өзінің даяр қалпында, тіркескен күйінде жұмсалады. Фразеологиялық тізбектің қатарына орыс тіліндегі щекотливый вопрос, закадычный друг, тәрізді тұрақты сөз тіркестері мен қазақ тіліндегі мидай дала, асқар тау,шалқар көл, тас қараңғы (немесетастай қараңғы), ата мекен, ата жау, аталы сөз, бел сала, су жаңа (судай жаңа), қыпша бел тәрізді тұрақты сөз тіркестері енеді. Фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөздің басқа сөздермен тіркесіп жұмсалу мүмкіндігі шектеулі (шағын, аз).

Фразеологиялық тізбектің құрамындағы фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөз өзімен синонимдес сөзбен ауыстырылуы мүмкін. Мысалы: асқар тау – биік тау, мидай дала – жазық дала, қыпша бел – жіңішке бел, тас қараңғы - өте қараңғы т.б. Фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөз өзімен мәндес (синонимдес) сөзбен ауыстырылғанда, еркін сөз тіркесі жасалады да, ондай тіркес фразеологиялық тізбекпен бір синонимдік қатарға енеді.

Фразеологиялық сөйлемше. Фразеологиялық оралымның бұл түрі мағынасы ерікті сөздердің тіркесінен құралады, бірақ құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келеді. Мысалы: Айдағаның екі ешкі, ысқырығың жер жарады; шегірткеден қорыққан егін екпес; Көрпеңе қарап көсіл; Бас білген өгізге өк деген - өлім және т.б. Фразеологиялық сөйлемше фразеологиялық тізбектен құрамында байлаулы мағыналы сөздің болмауы жағынан ажыратылады. Фразеологизмдерді сөз таптарына қарай жүйелеу тіл-тілді зерттеушілер тәжірибесінде бар. Бұл мәселен, І. Кеңесбаев /1977/, А. Қайдаров, Р. Жайқасова /1979/, Ә. Болғанбаев /1988/, Х. Қожахметов /1972/, Г. Смағұлова /1933/ сынды зерттеушілер фразеологизмдердің белгілі бір сөз табына қатысын тілге тиек етеді. І. Кеңесбаев “Фразеологизмдерді сөз таптарының орнына жүреді деп шартты түрде ғана айтуға болғандығын” айтады. Ә. Болғанбаев “Фразеологизмдердің қай сөз табына қатыстығын анықтау үшін негізгі сөз бен жалпы тіркестен туатын фразеологиялық мағынаны салыстыра отырып шешу керектігін, фразеологизмдердің сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түсіп, өз мәнін нақтыландыратындығын, сөйлемнің бір мүшесі болатындығын, ал сөйлем мүшесі белгілі табына қатысты екенін Х. Қожахметова атап көрсетеді. Фразеологизмдерді белгілі бір сөз табына жатқызуда шарттылық басым, оларды жіктеуде бұрын-соңды айтылған пікірлерді ескере отырып, төмендегідей топтастырамыз: 1. Етістіктегі фразеологизмдер. 2. Есімді фразеологизмдер. 3. Үстеу мәнді фразеологизмдер. 4. Әр түрлі таптарынан жасалған фразеологизмдер

 

Сөз тіркесінің байланысу формалары.

Сөздердің байланысу формалары. Ғалымдар сөз тіркесінің байланысу формаларына қиысу, матасу, қабысу, меңгеру, жанасуды жатқызады. М. Балақаев жанасуды қабысудың бір түрі ретінде береді. Тіл ғылымында қиысуды сөз тіркесі аясында қарау керек, не сөйлем ретінде қарастыру керек пе деген сұрақ төңірегінде айтыс, тартыс көп. Бір ғалымдар оны сөйлем аясында қарастырған жөн десе, енді біреулері оны сөз тіркесі аясында қарастыру керек деген тұжырымдар айтуда. Мәселен, профессор С. Исаев «қиысу-сөз байланысудың негізгі бір түрі болса да, ондай сөз тіркесі жоқ, яғни қиысу сөз тіркесінің шеңберіне енбейді, сөйлем деп анықталады». Қиысу – сөз байланысының бір жолы (тәсілі) болып табылады. Осы жағынан қиысу сабақтаса (бір сыңары екіншісіне бағына) байланысудан да, салаласа (бір-біріне бағынбай тең дәрежеде, бірыңғай) байланысудан да өзгеше. Сондықтан қиыса байланысқан сөздер тобы сөз тіркесі емес, сөйлем құрайды. Байланысқа түскен сыңарлары грамматикалық меншіктілік, қатынастық, обьектілік, мекендік, мезгілдік, себеп-мақсаттық т.б. сияқты синтаксистік қатынастарды білдірмей, сөз тіркесінің шеңберіне енбейтін субьектілік, предикаттық (бастауыштық, баяндауыштық) қатынасты білдіруі. Сөйтіп – коммуникативтік қызмет атқарады дейді. Біз қиысуды сөйлем аясында қарау керек деген тұжырымды қолдаймыз. Матасудың екі мүшесі де қосымша арқылы жасалады. Матаса байланысқан сөз тіркесінің басқа байланысу формаларынан бір ерекшелігі-мұнда сөз тіркесінің екі мүшесі бірінсіз бірі өмір сүре алмайтындығы, екеуі де септік жалғауында тұрғандығы, анықтауыштық қатынаста жұмсалатындығы, екі жақты байланыста болатындығы. Екінші бір ерекшелігі- оның екі мүшесі де жақ-жағынан түрленіп байланысатындығында. Матасудан кейінгі байланыс түрі- меңгеру. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері бірінші мүшесіне септік жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Сөздердің байланысу формаларының келесі бір түрі- қабыса байланысқан сөз тіркесі. Оның бірінші мүшесі де, екінші мүшесі де еш қосымшасыз қатар тұру арқылы жасалады. Қабыса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары қандай деген сұраққа жауап беріп, анықтауыштық қызметін атқарады. Мысалы, Бұл өңір ұлы күйші – Құрмаңғазының сүйегі жатқанымен де жүрекке өте-мөте ыстық. Мұндағы ұлы күйші тіркесі қабыса байланысқан тіркес. Ұлы сөзі сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр. Кейбір жағдайларда қабысуды меңгерумен, матасумен тіпті күрделі сөзбен шатастыратын кездер де болады.

Меңгерумен салыстыру. Кейде меңгеру байланысындағы сөздер қатар тұрған кезде септік жалғауы түсіп қалып қабысуға ұқсайды. Мысалы: Ол хат жазды. Мен қант әкелдім. Хат жазды, қант әкелдім тіркестерінің арасына сөз қойсақ, не алдынан сілтеу есімдігін жалғасақ ашық тұрады. Хатты жиі жазады. Мына қантты мен әкелдім. Бұдан шығатын қорытынды қабысуды меңгерумен шатастырмас үшін сырт тұлғасы ұқсас байланысқан сөздердің арасына басқа сөз қойса, не алдына сілтеу есімдігін қойса, ұқсас сөз тіркестерінің байланысу түрлернің қай түріне жататындығы анықталады.

Матасумен салыстыру. Матасудың 1-ші сыңарындағы ілік септігі жалғауы түсіп қалып, қабыса байланысқан тіркес сияқты болып көрінеді. Мысалы: әке баласы, ауыл баласы. Мұндай тіркестердің қабыса емес, матаса байланысып тұрғанын соңғы сөздегі тәуелдік жалғауынан байқауға болады. Әке баласы, ауыл баласы тәрізді тіркестердің екінші бір ерекшелігі изафеттің екінші түрі үшінші түріне ұласады. Бұл аталған тіркестердің генетикалық тұрғыдан байланысы бар екендігін, әке баласы, ауыл баласы дегендер меншіктілік мәнді білдіру қасиетінен мүлдем қол үзіп кететіндігін көрсетеді.

Күрделі сөзбен салыстыру. Бір қарағанда күрделі сөздің сыңары екіншісімен қабыса байланысқан тәрізді бол

ып көрінеді. Мысалы: он бес, жүз отыз, ақ құба т.б. қабысу байланысында дауыс ырғағына көңіл бөлінеді, бір леппен айтылады. Мысалы: бұл оқушы, көк аспан.

Сөз тіркесінің байланысу формасының тағы бір түрі – жанасу. Тіл ғылымында жанаса байланысқан сөз тіркестері туралы екі түрлі пікір бар. Тілшілердің бір тобы жансуды сөз тіркесінің байланысу формасының бірі деп жеке қарастырса, екінші бір топтағы ғалымдар жанасуды қабысудың бір түрі деп қана қарастырады. Сондай-ақ қабыса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары сөйлемде анықтауыш, екінші мүшесі бастауыш болады. Ал жанасуда бірінші мүшесі пысықтауыш, екінші мүшесі баяндауыш болады. Сондықтан, сыртқы тұлғалары бірдей сөз тіркесін ажырату үшін қай сөз табынан жасалғанын біліп алып, сұрақ қою арқылы қай сөйлем мүшесі екенін анықтап, немесе екі мүшенің арасына не бір мүшенің алдына сөз айтып көрсе, сонда оның қай байланысу формасына жататындығын тез айыруға болады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1757 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2613 - | 2186 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.