Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сөздерді топтастыру принциптері




Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш принципі бар:

1. семантикалық,

2. морфологиялық,

3. синтаксистік.

Семантикалық принцип бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды, морфологиялық принцип бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал синтаксистік принцип бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі болуына сүйенеді.Бұл орныққан түсінікті өзгерту туралы басқа пікір бола қойған жоқ. Қ.Жұбановтан бастап, кейінгі бұл мәселеге арнап қалам тартқан ғалымдардың барлығы бір ауыздан осы үш принципті атап, оларды бірлікте қолдану керектігін айтады. Тек қазақ тілі үшін қай принцип жетекші болуы керек дегенде ғана аздаған пікір алшақтығы кездеседі. Қ.Жұбанов семантикалық принципті жетекші ретінде тани отырып, екінші орынға морфологиялық принципті, үшінші орынға синтаксистік принципті шығарады. С.Аманжоловтың бұл мәселеде Қ.Жұбановпен пікірлестігі көрінеді. А.Ысқақов та үш белгінің де қажеттігін ескере отырып, «кейбір сөз табын анықтау үшін белгінің (принциптің) үшеуі де бірдей қолдануға болса, кейбір сөз таптары үшін я екі белгіні ғана, я бір белгіні ғана қолдануға болады. Ал егер бір белгіні ғана таяныш етерліктей болса, ондайда тек семантикалық белгі ғана тірек болуға тиіс. Олай болатын себебі – сөзді сөз деп тануға таяныш болатын белгі – оның семантикасы» − дейді. Кезінде негізгі сөздердің семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері алынатыны, орыс тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының дамуы барысында лексика-грамматикалық аталған бағыттың көрнекті өкілі В.В.Виноградовтың үлгісін қазақ тілі сөздерін тапқа бөлуде қолдануды ұсынған пікір де болды. 1968 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі сөздер мен таптарының морфологиялық құрылысы» атты еңбегінде Т.Ерғалиев қазақ тілі сөздерін алдымен негізгі сөз таптары, көмекші сөздер, азат сөздер деп үлкен үш топқа бөледі, ары қарай олардың бірнешеуінің басын қосатын сөз таптары да пайда болады. Ғалым негізгі сөз таптарының бірінші тобы ретінде есімдер тобына етістікті, үшінші хал-жағдайлық сөздер тобына үстеулер, күй категориясы, еліктеу сөздерді біріктіреді. Т.Ерғалиев көмекші сөздерге шылауларды жатқызса, азат сөздер тобы ретінде модаль сөздер мен одағайларды атайды. Соңғы екі сөз табын бір топта, азат сөздер тобында қарау себебін автор қысқаша былай түсіндіреді: «Негізгі сөздерге де көмекші сөздерге де қосылмайтын ерекше сөздер бар. Олар сөйлемде белгілі бір қызметке ие емес және басқа мүшемен байланысы жоқ бөлек, еркін категория болып табылады. Сондықтан термин ретінде олардың бәрін азат сөздер деп атады» (автор еңбегінде ары қарай тек зат есім мен етістікке тоқталады). Т.Ерғалиевтың қазақ тіл білімінде негізінен бұрын анықталған сөз таптарын (күй категорияларынан басқасы) В.В.Виноградов үлгісімен сатылай отырып ірі топтарға біріктіруі, яғни қазақ тіл сөздерін:

1) негізгі сөз таптары;

а) есімдер;

ә) күй-амалдық сөздер;

б) хал-жағдайлық сөздер;

2) көмекші сөздер (шылаулар);

 

3) азат сөздер (модаль сөздер мен одағайлар) деп бөлуі тіліміздегі сөздердің семантика-құрылымдық қасиеттерін аша түсуге біршама мүмкіндік бергенімен, қазақ тілі білімінде орныға алмады. Соңғы жылдары қазақ тілі біліміндегі сөз таптары теориясына елеулі жаңалық енгізген С.Исаев болды. Ғалым еңбегі, ең алдымен, қазақ тіл біліміне грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория секілді негізгі іргелі грамматикалық ұғымдарды салмақты қазіргі лингвистиканың даму дәрежесіне сай нақты анықтап, басын ашып беруімен салмақты екенін айтқан жөн. Тілге қатысты әдебиеттерде бұрын да жиі қолданылмағанымен, мән-мағынасы айқын емес бұл грамматикалық ұғымдарды дұрыс түсінбеу салдарының сөз таптастыру проблемасында да бірқатар қателікке әкелгені белгілі болып отыр. Мысалы, бұрынғы зерттеу еңбектерінде қазақ тілі сөздерінің алдымен осылайша үш топқа жіктелуін «семантикалық және морфологиялық (формальдық) белгілеріне қарай» деп түсініп келсек, С.Исаев тілдің лексикалық қабаты деңгейі мен грамматикалық қабаты деңгейінің ара жігін нақты ажырату арқылы бұл түсінікті жоққа шығарды. «Бұндай түсініктің қателігі – тілдің грамматикалық құбылыс пен лексикалық құбылыстың өзара айырмашылығын, олар тілдің бөлек-бөлек деңгейі екенін ажырата алмау болып табылады», − дей отыра, ғалым алдымен сөздерді жоғарыдағыдай үш топқа бөлуде сөздердің морфологиялық белгілерінің еш қатысы жоқ екендігін айтады, өйткені атауыш сөздердің де түрленетіндері (зат есім, есімдіктің біразы, етістік) бар, түрленбейтіндері (сын есім, есімдіктердің кейбірі, үстеу) бар, сол сияқты бұл көмекші сөздерге тән, яғни көмекші есім, көмекші етістік түрленсе, шылау, еліктеуіш сөздер түрленбейді. Сондықтан, автор дұрыс айтып отырғандай, морфологиялық белгілердің тілдегі сөздерді атаушы, көмекші, одағай деп негізге бола алмайтындығы шындық. С.Исаев лексикалық семантика мен грамматикалық семантиканы ажырату арқылы сөз таптарын «сөздердің грамматикалық (лексикалық емес) сипаттарына негізделген ортақ белгілері арқылы біріктірілетін грамматикалық топтары»,- деп таныса, жоғарыдағы үш сөз тобын (атаушы сөздер, көмекші сөздер, одаағай) лексикалық-семантикалық сипаты, белгілері арқылы жіктелгендіктен, оларды тілдің лексикалық қабаты деңгейіндегі құбылыс деп түсінеді, демек «сөз таптары грамматикалық сипаттағы топ та, бұлар (атаушы, көмекші сөздер, одағай – С.М.) лексикалық сипаттағы сөздер» болып табылады. Көмекші есімдердің сөз табы ретіндегі зат есімнің, көмекші етістіктердің лексикалық мағынасы бар-жоғына қарамастан етістік аясында қараулы да сөз таптарының грамматикалық сипаттағы негізгі өзек болатын топ екендігін дәлелдейді. С.Исаев сөзге грамматикалық негізгі өзек болатын грамматикалық мағынаның лексикалық мағынадан айырмашылығын көрсете отырып, оған (грамматикалық мағынаға) төмендегіше анықтама береді: «...Грамматикалық мағына – сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі салдарынан пайда болатын және сөздердің бір-бірінен бөлмей, керісінше, белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады». Ғалым грамматикалық мағынаны жасалу тәсілдеріне, сөздің грамматикалық сипатын анықтаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық мағына, қатыстық мағына (терминдер де С.Исаевтікі) деп іштей үшке бөлінеді. Автор жалпы грамматикалық мағынаның сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы арқылы, ғалымның өз сөзімен айтсақ, «грамматикалық формасыз-ақ ішкі семантиканың абстракциялануы, жалпылана түсуі арқылы» - қалыптасу процесін дәл байқап, сөз таптастырудың семантикалық принципі негізінде осы жалпы грамматикалық мағына жатқанын айтады, яғни осы процесс нәтижесінде:

«1) сөздердің семантикалық жақындығы;

2) ортақтығы пайда болып;

3) грамматикалық топтар құрылады» − дейді.

Ғалым тілдегі грамматикалық формалар (қосымшалар) арқылы берілетін грамматикалық мағынаны катеориялық мағына деп атайды. Автор катеориялық грамматикалық мағынаны беруші формаларды белгілі бір грамматикалық топтағы сөздердің (сөз таптарының) түрлену жүйесі ретінде де танып, сөз таптастырудың морфологиялық принципі негізінде осы катеориялық грамматикалық мағына жатқанына назар аударады. Ғалымның айтуынша, мысалы, шақтық мағына белгілі шақ тұлғалары, есімше, көсемше немесе қалып етістіктері, т.б. арқылы беріліп, етістіктің шақ категориясын жасауға негіз болады. Басқаша айтсақ, катеориялық грамматикалық мағына әрбір жеке сөз табының түрлену жүйесін, парадигмалық сипатын анықтауы арқылы сөздерді түрлі тапқа жіктеуде морфологиялық принцип ретінде қызмет етеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2872 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

2286 - | 2070 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.