Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бөгде сөз, оның түрлері




Бөгде сөз — сөйлегенде не жазғанда баяндап отырған мәселеге байланысты келтірілген басқа біреудің сөзі, пікірі. Бөгде сөзді қолданудың негізгі мақсаты — баяндап отырған мәселе жөнінде автордың өз пікірі, пайымдауларының дұрыстығын дәлелдеу, соны кеңейтіп көрсету. Бөгде сөзді қолдану тәсілі әр түрлі: көп жағдайда басқа біреудің сөзі, пікірі ешқандай өзгеріссіз, түпнұсқасы сақталып, төл сөз түрінде, кейде басқа біреудің пікірі ғана сақталып, түгелдей автордың өз сөзімен берілген төлеу сөз түрінде де қолданылады. Төлеу сөз – бөгде сөздің өзгеріске ұшырап, тек мазмұны сақталған түрі. Автордың өзге біреудің сөзін өз тарапынан өзгертіп беруін төлеу сөз дейміз. Мұндайда біреудің сөзінің не туралы айтқаны, негізгі ойы сақталады да, оған тән басқа ерекшеліктер: ритмика-интонациялық бояуы мен кей сөздердің грамматикалық тұлғалары өзгертіліп пайдаланылады. Төлеу сөзде бөгде сөздің тұрлаулы мүшелері жойылып, автор сөзінің тұрлаусыз мүшелеріне, яғни бастауышы ілік септікті анықтауышқа, баяндауышы табыс не барыс септікті толықтауышқаайналады. Сонымен қатар жақ өзгеріске ұшырап, бір жақтың орнына басқа бір жақ қолданылады. Автор сөзіндегі “де” етістігі түсіп қалып, оның орнына басқа етістіктер қолданылады. Мысалы, Әлі бұл өңірде көктің шабан тебіндеп келе жатқанын, қыс ызғарының әлі түгел айығып болмағанын әңгіме қып отырды (М.Әуезов). Елеусіз көлдің не себепті Қызылкенатанғанын сұрады. Төл сөз — бөгде сөздің еш өзгеріссіз, түпнұсқасы сақтала отырып қолданылған түрі. Сөйлемде басқа біреудің сөзі Төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады.Төл сөз құрамы жағынан әр түрлі болып келеді, оның жеке сөз не сөйлем болуы да, сондай-ақ бірнеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір мәтін болуы да мүмкін. Төл сөз қандай құрамда, қай мағынада айтылса да, автор сөзімен байланыста болады. Екеуара байланыс Төл сөздің бастапқы құрылымына ешқандай өзгеріс енгізбей, өз дербестігін толық сақтаған жағдайда, де көмекші етістігі арқылы жүзеге асады.Төл сөз автор сөзінен өзіндік интонация арқылы ерекшеленеді, сөздердің орын тәртібі еркін болады. Мысалы, Құнанбай тыңдап болды да: Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Бірталай жерге жеткізіп айттың. Енді осымен тоқталайық! – деді, (М.Әуезов).

Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері.

Диалектология (гр. dіalektos – сөйлеу, гр. logos – білім) – тіл білімінің белгілі бір тілдегі диалектілік ерекшеліктерді, олардың шығу тегін, таралу сипатын, ұлттық және әдеби тілге қарым-қатынасын зерттейтін саласы.

Диалектілік жіктелісі айқын тілдердегі диалектілердің саны ең кем дегенде екеу болады. Халық тіліндегі диалектілердің жігі оларды бір-бірінен ажырататын белгілердің сипатына байланысты. Қазақ тіліндегі мұндай белгілер әр түрлі. Олар көбіне-көп тілдің дыбыс жүйесіне, грамматикалық құрамына, сөз құрамына қатысты болып келеді. Қазақ тұрмысына ең тән деген, ең дәстүрлі деген киіз үйдің өзін Жетісу өңірі қазақ үй, Сырдың төменгі бойы қара үй, Ойыл-Жайық жағы ағаш үй, Еділ маңы терме үй, Қазақстанның солтүстігі мен орталығы киіз үй деп атайды. Сол сияқты оңтүстік, оңтүстік-батыс қазақтарындағы етістіктің барың, келің секілді тұлғасы өзге өңірлерде ұшыраспайды. Халық тіліндегі осы секілді құбылыстарды жинап-теру, хат бетіне түсіру, олардың тілде өмір сүру тарихын, пайда болу жолдарын, таралу тегін анықтау – диалектологияның міндеті. Осыған орай диалектология ғылымы сипаттама диалектология және тарихи диалектология болып бөлінеді.

Дұрысында, бұлар бір ғылым нысанның екі түрлі әдіспен зерттелуі.

· Тарихи диалектологияның міндеті – жазба ескерткіштердегі және этнография, т.б. тарихи мәліметтерге сүйене отырып, диалектілердің даму сипатын, қалыптасу тарихын ашу.

· Сипаттама диалектологияның міндеті – диалектілер мен сөйленістердегі ерекшеліктердің қазіргі жайы мен таралған көлемін сипаттап түсіндіру, әдеби тілден қандай ерекшеліктері бар екенін анықтау.

Диалектологияға қажетті материал экспедициялық жолмен ел арасынан жинау нәтижесінде және лингвистикалық география әдістерін қолдану арқылы жасалады. Зерттеушілер бұл екі әдісті көбіне бірлікте, бір-бірімен сабақтастыра алып қарайды. Қазақ диалектологиясы жөніндегі алғашқы талпыныс 1937 жылы Нарынқол, Кеген, Мақтаарал, Нұра аудандары қазақтарының тілінен дерек жинаудан басталды. 1944 жылы Ж.Досқараевтың қорғаған кандидаттық, 1948 жылы С.Аманжоловтың докторлық диссертациясы қазақ диалектологиясының ғылым ретінде дүниеге келуінің басы болды. Қазір қазақ диалектологиясы тіл білімінің дербес саласына айналды

Қазақ тіліндегі диалектілік ерекше­ліктерді топтастыруда ғалымдар тарапынан екі түрлі көзқарас орын алған болатын. Олар:
Бірінші, Н.Сауранбаев пен Ж.Досқараев диалектілердің екі үлкен тобы бар деп қарастырды: оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс диалектілері.
Екінші, С.Аманжолов қазақ тілінде үш диалект бар деп қарастырды: оңтүстік, батыс және солтүстік-шығыс.
Кейіннен профессор Ш.Сарыбаев ғалым С.Аманжоловтың солтүстік-шығыс диалектісіне топтастырған аймақтардағы тілдік ерекшеліктер бірыңғай емес екендігін анықтап, қайтадан топтастыру қажеттілігін көтерген болатын. Соның негізінде қазақ тілінде оңтүстік, батыс, шығыс және орталық-солтүстік диалектілері бар деген тоқтам жасалды.
Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі диалектілерді ең басты екі топқа бөледі:
1.Солтүстік-батыс;
2.Оңтүстік-шығыс.
Сол кезеңдегі қазақ диалектологиясы­ның алдында тұрған өзекті мәселенің бірі ол тілдегі диалектілердің бұрынғы ру-тайпа тілдеріне қатысы мен ұлттық әдеби тілдің диалектілік негізін анықтау. Осы мәселеге байланысты ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас пайда болды.
Біріншісі, қазақ тіліндегі диалектілердің пайда болу тарихын қазақ жеріндегі бұрынғы ру-тайпалық одақтармен, жүздер­мен байланыстырып қарау (С.Аманжолов);
Екіншісі, диалектілік ерекшеліктерді жалпыхалықтық тіл қалыптасқаннан кейінгі (ХV ғасырдан соң) халықтың қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық-мәдени өміріндегі өзгерістерге байланысты кейіннен қалыптасқан құбылыс ретінде қарастыру (Н.Сауранбаев).
Академик Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер халық тілін жасауға ұйтқы болған ертедегі ру-тайпалардың тілімен тікелей байланысты деген тұжырыммен келіспейді. Ғалымның жасаған қорытындысы бойын­ша, диалектілерді зерттеу мәселесін қазақ жүздері мен ру-тайпалық жіктердің құрамымен байланыстырмаған жөн. Оларды халық тарихымен, әр аймақты жайлаған халықтардың мәдени-шаруашылық ерекшеліктерімен және ауыс-түйіс отырған көрші елдердің өмірімен қабыстыра отырып қарастырған абзал.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4585 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2300 - | 1987 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.