Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ауызша әдеби тіл, оның ерекшеліктері




Әдеби тіл - жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.

Әдеби тілдің жүйелік сипат алып, тұрақты нормаланып қалыптасуында, сұрыпталып, икемделіп, жетіле түсуінде, жанрлық-стильдік тармақтарының қалыптасып, дамуында жазба әдебиеттің алатын орны ерекше. Бірақ Әдеби тіл деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен байланыстырып, жазба тілмен балама деп тану, екінші жағынан, Әдеби тіл тарихын сол халықтың қоғамдық, әлеум., экон., мәдени тарихынан бөліп алып, соның нәтижесінде жазуы болмаған я кеш дамыған халықтың, бай ауыз әдебиеті, ауызша тарап келген әр жанрдағы халықтық әдебиеті болса да, Әдеби тілі жоқ, я болмаса кеш қалыптасқан деген үзіледі-кесілді пікір айту шындыққа жанасымды бола бермейді.

Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы, сөз мәдениеті өндірісінің құралы болуы оның жүйелік сипатымен, сұрыпталған, сымбатталған тұрақты нормаларымен, сол халыққа әрі ортақ, әрі түсінікті қасиеттерімен анықталады. Өйткені тілдің әдебилігі сол тілдің иесі боып табылатын халық өкілдерінің баршасына түсінікті және ортақтығы, яғни олардың арасындағы бір-бірімен тікелей де, жанама да қарым-қатынас құралының ең жоғарғы сатысы болуы сол тілдің орныққан жүйелі нормалары яғни тілдік элементтердің жүйелігі мен қалыптығы негізінде ғана жүзеге аспақ. Ол нормалар — бір күннің, тіпті бір жылдың жемісі емес, тілдің даму барысындағы көптеген ғасырдың жемісі. Және олар тілдік деңгейлерде (фонетика, лексика, сөзжасам, грамматика, морфология және синтаксис) жеке-жеке тілдік бөлшектердің ішкі мәні, мазмұны (семантикасы) мен сыртқы дыбыстық, тұлғалық жағының сәйкестіктері және олардың қолданыстық-қызметтік сипатының диалектик. бірлікте болуы арқылы ұғынылып, әрі айқындалып отырады. Сондықтан да морфол. нормалар, синтаксистік нормалар, тілдік элементтердің (сөздердің) комбинаторлық, конструктивтік нормаларымен әрқайсысының мазмұны (мәні), түр-тұлғалық жиынтығы мен қолданыстық қалыптасу жүйелері болады. Сөз жоқ, ол нормалар да өзгеріп, дамып отырады.

Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі — адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы тіл атаулыға тән қасиет-коммуникативтік қызмет Ә. т-ге де тән. Әдеби тіл арқылы айтушының, жазып қалдырған адамның ойын, пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз. Ә. т. арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Яғни пікір алысу, ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен ұғысуы, білмегенді білу, білім, тәлім-тәрбие, тағлым алу Ә. т-дің осы коммуникативтік қызметі арқылы жүзеге асады. Бірақ Әдеби тілдің коммуникативтік қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының басқа түрлерінен қалыптасқан белгілі тіл заңдылықтары, тілдік элементтер жүйесінің құралдық, құрылымдық, қолданыстық жағынан тұрақты нормаларының болуы арқылы ажырытылады. Мыс., ойды білдірудің ең кіші тілдік бөлшегі сөйлем болса, ол белгілі тәртіппен орналасқан, белгілі тұлғалар арқылы грамматик. байланысқа түскен, мағыналары сәйкес сөздерден, ал сөздер дәл сол сияқты морфемалар мен дыбыстардан тұрады, сөйтіп сөйлем жүйелі құрылым құрайды да, ерекше коммуникативтік қызмет атқарады. Сол арқылы қате құрылған сөйлемді, орынсыз қолданылған жеке сөзді, сәйкессіз тіркестерді, кейбір дыбыстық ауытқуларды тауып, анықтай аламыз. Сонымен бірге Ә. тіл арқылы белгілі бір оқиғаны оқушыға жеткізіп қана қоймай, сезіміне әсер етуге де болады, яғни оқушысын бірде күлдіріп, рахаттандырып, көңіліне нұр сеуіп, өсіреді, бірде жылатып, көңілін күйдіріп, қайғыртады. Бұл — Әдеби тілдің экспрессивтік-эстетик. қызметі болып табылады.[1] Ә. т-дің қалыптасу жолын нақты көрсете алатын ерекшеліктерге назар аударсақ, әр түрлі Әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде Ә. т-дің қалыптасуының негізгі үш жолын көрсетуге болады:

1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады. Ондайға бұл диалектінің не геогр., не экон., не лингвистика, не тектік-этник., не мәдени дәрежесі т.б. жағынан артықшылығы болады. Орыс Әдеби тіл Мәскеу диалектісінің, татар Ә. т. Қазан (орта) диалектісінің негізінде қалыптасты деген қорытынды осындай ерекшеліктерге сүйенеді.

2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің Әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа бір елге бағынышты болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен байланысты. Кейде ондай Әдеби тіл ол халық үшін белгілі бір мерзім ішінде өмір сүріп, кейін ол қасиетінен айрылып қалуы мүмкін, немесе жергілікті халық тілімен қатар өмір сүріп, көбіне тек ресми әдеби тіл шеңберінде қалып та қояды, немесе жергілікті халық тілімен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде әр түрлі өзгерістерге ұшырауы да ықтимал.

3. Көп жағдайда Әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық, я бірнеше диалектісінің негізінде немесе жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасады. Қазақ Әдеби тіл, соңғы кезде тіл мамандарының көрсетуінше, жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасты деп саналады қ. Қазақ әдеби тілі.

Ауызша дамыған әдеби тіл - жазба әдеби тілдің үлгісіне қарағанда арнасы әлдеқайда тар. Ауызша әдеби тілді жеткізуші, тасушылар ақын-жыраулар. Оларда даралық шығармашылық сипат болды. Жалпы ауызекі сөз бірден қалыптаспайды және өз бойында ұзақ жылдыр диалектілік ерекшеліктерін сақтап жүреді. Ал, бұл тілдің қоғамдық рөлі жазбалық қасиеті пайда болғанда артады. Жазба тіл - әдеби тіл өмір сүретін форма. Орфографиялық нормасы көбіне тұрақты болады. Тілдің даму барысында сөйлеу тілі арқылы жеткен сөздердің кейбірін жазба әдебиеті қабылдап әдеби нормаға айналдыруы да мүмкін. Әдеби тіл үнемі жазбалықпен бекітіледі. Жазбалық та, ауызша тіл де үнемі өзара қарым - қатынаста болады.

Сөйлеу тілі - өзіндік орфоэпиялық нормасы бар, сөйлеу мәдениеті, мәнерлеп оқу, көркем оқу деген принциптерді қамтиды. Жазба тілге қарағанда сөйлеу тілі жеке сөздер мен сөз тұлғалары тезірек өзгерістерге ұшырайтыны да белгілі. Қазіргі заманның жанды сөйлеу тілі бірдей болмайды. Сөйлеу тілі - әдеби және әдеби емес болып екі формаға бөлінеді. Әдеби емес тілге - жаргон, диалекті, қарапайым сөздер жатады. Н.А. Мещерский: «Устная литературная речь тоже нормирована, подчинена своду правил орфоэпии» - дейді. Жазба тілді де, ауызекі сөйлеу тілін де адамдар жүзеге асырады.

Жергілікті - жердің ерекшелігіне байланысты әдеттегі қарапайым сөзден өзгеше қарапайым тіл деп таныған қарапайым сөз - сөйлеу тілінің құрамдас бөлігі болып табылады да, өзінің құрамына диалекті сөздерді де қабылдайды. Қарапайым тілдің ерекшелігі кәсіби сөйлеу лексикасымен де айқындалады

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2365 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

2463 - | 2329 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.