Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Созылмалы механикалық зақым




Сурет -2. Созылмалы механикалық жара
Созылмалы механикалық зақым (trauma mechanicum chronicum) жиі кездеседі. Жарақаттаушы ықпалдар: тісжегі әсерінен бұзылған тістердің өткір қырлары, қатты тіс шөгінділері, сапасыз көпірге ұқсас және алмалы протездер, ауытқи шыққан және қозғалмалы тістер, жағымсыз әдеттер (ернін, ұрттың кілегей қабығын тістелеу).

Созылмалы механикалық зақым ұзақ уақыт және аз күшпен әсер ететін ықпалдардан дамиды. Клиникалық ерекшелігі және ағым үрдісі зақымдану ошағының орналасуына, аурудың жас ерекшелігіне, екіншілік инфекцияның әсеріне, зақымдаушы ықпалдың күшіне байланысты және көбіне жасы ұлғайған адамдар арасында жиі кездеседі. Бұған кілегей қабықтың тургорының төмендеуі, тістердің патологиялық қажалуына және көптеп жұлынуына байланысты тістем биіктігінің кішірейуі себепкер болады. Сонымен қатар тіндердің қайта құрылу қасиетінің төмендеуіне байланысты жасы ұлғайған адамдарда зақымдану ошағы баяу жазылады.

Кілегей қабықтағы созылмалы зақымдану ошағы ауруды аса көп мазаламауы мүмкін, кейде шамалы ыңғайсыздық,аздаған ауру сезімі, домбығу (ісіну) белгісі болуы мүмкін.

Созылмалы зақымдану көбіне кілегей қабықтың катаралды қабынуы, оның бүтіндігінің бұзылуы (жұқа және терең жара), пролифермативті (өсу) үрдістері (қызылиек бүртіктерінің және жиегінің өсуі), тіл бүртіктерінің өсуі (папилломатоз), жабынды эпителийдің шамадан тыс мүйізгектенуі (лейкоплакия) түрінде кездеседі.

Кілегей қабықтың катаралды қабынуы. Бұл кезде зақымдану ошағында қызару (гиперемия), домбығу (отек) және клеткалар шоғырлануы (инфильтрация) байқалады. Қабыну үрдісінің айқындылығы әсер етуші ықпалдың (тітіркендіруші) күшімен және әсер ету уақытымен тығыз байланысты. Егер тітіркендіруші әсер жойылмаса, қабыну ошағында жалқықтану үрдісі (алғашында сарысулы, ал кейінірек іріңді) орын алады. Іріңді жалқықтану кезінде кілегей қабықтың жоғарғы қабаты бұзылысқа ұшырап, беті фибринді немесе іріңді қақпен жабылған жұқа жара (созылмалы зақымдану эрозиясы-хроническая траматическая эрозия) пайда болады және ауырып мазалай бастайды. Зақымдаушы фактордың әсерін дер кезінде тоқтатып, емдеу шараларын жүргізсе қабыну үрдісі басылып, эрозия тыртықтанбай тез арада жазылады.

Ал егер зақымдаушы фактор жойылмаса, зақымдану эрозиясы жараға айналады. Созылмалы зақымдану жарасы (хроническая травматическая язва – ulcus chronicum braumaticum) немесе декубиталды жара (декубитальная язва – ulcus decubitale) зақымдаушы әсер аймағынан оған қарама қарсы аймақта орналасады. Жараның көлемі, тереңдігі және пішіні әртүрлі, жиегі тегіс емес, қызарып ісінген кілегей қабықпен және қабыну инфильтратымен қоршалған, беті кейде таза, кейде ақшыл-сұр қақпен жабылған болып келеді(-сурет). Сипап тексергенде жараның табаны және жиегі жұмсақ. Егер жара ұзақ уақыт емделмесе, жиегі және табаны қатая бастайды (пролиферациялану үрдісінің басым болуына байланысты). Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған және аздап ауырады. Ауыз гигиенасы нашар болса, жара анаэробты инфекция әсерінен асқынып тереңдейді, бетінде сасық иісті жасыл-сұр қақ пайда болады. Жара алғашқы кезде ауырып мазалайды, бара-бара ауру сезімі бәсеңдеп, ауру адам оған көңіл бөлмей қояды. Ұзақ уақыт (2-3 ай) емделмеген созылмалы зақымдану жарасы қатерлі ісікке ауысуы мүмкін (-сурет).

Зақымдаушы факторларды жойып, тиімді, кешенді емдеу шараларын жүргізсе, жара тез тыртықтанып жазыла бастайды.

Зақымдану жарасын обыр, туберкулез, мерез жараларынан, ауыздың өліеттеніп – жаралана қабынуынан (Венсан стоматиті), трофикалық жарадан, терең тыртықтанатын афтадан ажырата білу керек.

Обыр жарасы аса көп ауырмайды, жиегі және табаны аса қатты және тығыз, төңірегіндегі жабынды эпителий қабатында мүйізгектену белгілері орын алуы мүмкін.

Гистологиялық немесе цитологиялық зерттеулер жүргізінде атипиялық эпителий клеткалары анықталады ().

Туберкулез жарасының көлемі ұсақтау, жиегі тегіс емес, су шайған жарға ұқсас (подрытые края), табаны түйіршектенген және сары түсті қақпен жабылған. Жара төңірегінде әлі ыдырамаған сары түсті бұдырамақтар (Трель дәншіктері – зерна Треля) кездеседі. Жараға қатты ауру сезімі тән. Жара бетінен алынған қырмада (соскобе) эпителий және Лангханс алып клеткалары анықталады, ал оны Циль-Нильсон әдісімен бояса туберкулез микобактерияларын да кездестіруге болады. Туберкулез жарасы бар адамның жалпы жағдайы нашарлаған, тез терлегіш келеді, бойын әлсіздік билейді. Аурудың диагнозын дұрыс қою үшін фтизиатрға жолдама беру керек.

Зақымдану жарасын мерез жараларынан (берішті шанкр және үшіншілік мерезде, мерез түйіні ыдыраған кезде пайда болған жарадан) ажырата білу керек. Берішті шанкр кезінде пайда болған эрозия немесе жара домалақ пішінді, жиегі тегіс, табаны жылтыр, аса көп ауырмайды.

Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаяды, сипағанда ауырмайды. Жарадан бөлінген сұйықта бозғылт трепонемаларды анықтауға болады. Серологиялық реакциялар ауыру басталғаннан 3-4 аптадан кейін оң бола бастайды. Зақымдаушы факторларды жойғанменде жара жазылуға бет бұрмайды.

Трофикалық жара көбінесе зақымдаушы әсерлерге ұшырайтын аймақтарда (тілдің бүйір беттері, таңдай, ұрт аймақтары) және бойында ауыр сырқаты бар және жасы ұлғайған адамдарда жиірек кездеседі. Трофикалық жараның ағымы баяу, қабыну белгілері нашар дамыған, тіндердің өліеттенуі басым, төңірегіндегі тіндердің реактивтілігі өте төмен. Науқастың жалпы жағдайы нашар, сырт көріністе өзгерген, бойында ауыр сырқат бар екені науқастың анамнезін жинаған кезде анықталады.

Емі. Ең алдымен зақымдаушы әсерді жояды, қатты ауру сезімі болса, уақытша жансыздандыру әдісін пайдаланып, ауыз ішін және жарақат ошағын антисептиктер ертінділермен өңдейді, жара бетін өлі тіндерден тазартып (механикалық жолмен немесе протеолиздеуші ферменттерді пайдаланып) қабынуға қарсы дәрілермен,кератопластиктермен және жараның жазылуын жылдамдататын дәрілермен бастырма қояды (20-30 минутке). Жараны күніне 2-3 рет өңдеген тиімді. Жалпы реактивтілігі төмендеген және жасы ұлғайған адамдарға жалпылай ем тағайындау қажет (витаминдер жиынтығын, жалпы реактивтілікті жоғарлататын дәрілер).

Жүргізілген емдеу шаралары жараның жазылуына көмегін тигізе алмаса, 7-10 күннен кейін науқасты дәрігер-онкологқа кеңес алуға жіберу керек. Жара жазылғаннан кейін ауызды сауықтыруға көңіл бөлу керек.

 

Кілегей қабықтың пролиферативті қабынумен сипатталатын

созылмалы механикалық зақымдануы

Сурет -3. Бөлшекті фиброма
Бөлшекті фиброма (протездік гранулема) ауыспалы қатпарда алмалы-салмалы протездің жиегі қажаған аймақта дамиды. Алғашында саңылауға ұқсас эрозия немесе жара пайда болады, біраз уақыттан кейін (механикалық әсер жойылмаса) жараның табанында алдымен жас грануляциялық тін өсіп, біртіндеп фиброзды тінге ауысады немесе бөлшекті фиброма пайда болады. Бұл қаттылау онша ауырмайтын ісікке ұқсас құрылым (сурет). Протездің қыры бата-бата оны бірнеше бөлікке бөліп тастайды сондықтан бөліктер қатапраға ұқсайды және араларында сызатқа ұқсас эрозия немесе жара орналасады. Аурудың диагнозын нақтылау аса қиын болмайды.

Емі. Алдымен протезді түзету керек немесе пайдалануды тоқтатып, 1-2 аптадан кейін (жара жазылған соң) фиброманы кесіп алып тастайды және жаңа протез дайындайды.

Кілегей қабықтың созылмалы зақымдануының бір түрі – тіссіз альвеола қырының шамадан тіс өсуі. Олда (гиперплазия беззубого альвеолярного края) жақсы орнықпаған алмалы-салмалы протездің әсерінен дамиды. Бұл кезде альвеола сүйегі сорылып, орнын фиброзды тін басып, протез астына қарай өсе бастайды. Альвеола қыры жұмсақ және қозғалмалы болады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1754 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2267 - | 2040 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.