Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тістердің боялуы (пигментация зубов) және тіс қақтары




Сурет-10 Тістердің боялуы
Қалыпты жағдайда адамдардың тістері ақ, көкшілдеу – ақ (сүт тістері), ақ- сұрлау және ақшыл – сарғыштау түсті, кіреукесі жылтыр, жарыққа жақсы шағылысады.

Тістердің түсі әр түрлі ішкі әсерлерден өзгеруі мүмкін. Ұлпаға қан құйылған кезде, вирустық гепатиттің ауыр түрімен немесе тырысқақ ауруымен (холера) ауырғанда тістің түсі қызғылттанады. Сары ауру кезінде өт пигменттерінің шөгуі нәтижесінде тістер сарғыштау түске боялады. Жүкті әйелдер және мектеп жасына дейінгі балалар тетрациклинді көп қабылдаса, баланың сүт және тұрақты тістері сары-сұрлау түске боялады. Әртүрлі себептерден тіс ұлпасы өліеттенген болса, оның шіріп – ыдырауы әсерінен бөлінген заттар дентин өзекшелеріне сіңіп, тістің түсінің өзгеруіне және кіреукенің күңгірттеуіне әкеп соғады (тістердің түсі кір-сұр түстен қара-қоңыр түске дейін өзгереді, сурет 1). Өндірісте немесе тұрмыс жағдайында организмнің ауыр металдар тұздарымен (сынап, қорғасын, висмут, мыс) уыттануы кезінде де олардың тіс тіндерінде шөгуі әсерінен тістің түсінің өзгерісі байқалады.

Тістердің түсі сыртқы әсерлерден де тұрақты түрде немесе аз уақытқа өзгеруі мүмкін. Тағамдық заттар (шай,кофе), дәрілер (калий перманганаты, этакридин лактат, хлоргексидин), жеміс-жидектер (шие, қарақат, черника, черемуха), аз уақытқа болса да тістердің түсін өзгертеді.

Эндодонтиялық емдеу үшін қолданылатын кейбір дәрілік заттар да тістердің түсін өзгертеді. Нашар өтетін түбір өзектерінде резорцин-формалиндеу әдісін жүргізген кезде немесе түбір өзектерін резорцин-формалин қойыртпағымен, парацинмен пломбылаған кезде тістер қызғылт немесе күлгін түске боялады. Тістердің түсі аралық төсем дұрыс салынбаған металқұрамды пломбылар (күміс немесе мыс амальгамасы) әсерінен де өзгереді.

Сонымен қатар түбір өзектерінде алынбай қалған ұсақ эндодонттық аспаптардың сынықтарының (түбір инесі, ұлпаалғыш, файлдар, римерлер) және металдан жасалған сапасыз анкерліік штифтердің тотығуы нәтижесінде де тістердің түсі өзгеруі мүмкін.

Шылымды көп шегетін адамдардың тістерінің мойын бөліктерінде, жанасу және тіл-таңдай жақ беттерінде қоңыр түсті қақ шөгіп, тісті жартылай немесе толығымен қоңыр және қара-қоңыр түске бояйды.

Емі. Тістердің түсі беттерінде қақтардың шөгуі нәтижесінде өзгерген болса, оларды қақтан тазарту қажет. Қазіргі кезде тіс қақтарын ультрадыбыс, Аир-Фло, Мастер Пезо көмегімен тазалау әдісі кең қолданылады. Бұл әдіс тіс кіреукесіне ешқандай зиян келтірмейді және пародонтқа күш түсірмейді. Қақты алғаннан кейін тістерді арнаулы ағартқыш абразивті қойыртпақтарды пайдаланып щеткамен тазалап ағартады және жылтыратады. Ол үшін арнайы қойыртпақтар немесе глицеринге шыланған пемза қолданылады. Жылтыратқыш ұнтақ ретінде фосфат-цементінің ұнтағын да пайдалануға болады. Тістерді тазартып, беттерін жылтыратқаннан кейін қызыл иек жиегін 3 пайыздық сутегінің асқын тотығымен және 1-2% иодтың спиртті ертіндісімен өңдеп алған жөн.

Түстері өзгерген ұлпасыз тістерді ағарту үшін сутегінің асқын тотығының әртүрлі концентрациялы ертінділері пайдаланылады (сауыт сырты немесе сауыт іші арқылы ағарту әдістері).

Егер тіс қақтарын ультрадыбыспен алу мүмкіндігі жоқ болса (алыстағы ауылдарда, қыстақтарда), аршығыштың (экскаватордың) көмегімен де алуға болады және содан кейін ағарту және жылтырату шараларын жүргізеді.

 

 

ТАРАУ





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2109 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

2395 - | 2152 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.