Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Түбір өзектерін өңдеуге арналған эндодонттық ұсақ аспаптар




Эндодонттық ұсақ аспаптарды жүйелеу оларды негізгі атқаратын қызметіне негізделген және төмендегідей болып бөлінеді:

· Диагностикалық аспаптар (түбір өзектерінің ұзындығын анықтауға арналған);

· Өзек сағаларын ашуға және кеңейтуге арналған;

· Ұлпаны немесе ұлпа ыдырандысын алуға арналған;

· Түбір өзектерін өтуге арналған;

· Түбір өзектерін кеңейтуге арналған;

· Өзек қабырғаларын тегістеуге арналған;

· Түбір өзектерін пломбылауға арналған.

Эндодонттық аспаптардың барлығы JSO 3630 стандартына байланысты белгіленіп (маркировка) шығарылады. Стандартта аспаптың пішіні, профилі, ұзындығы, қалыңдығы, механикалық беріктігінің көрсеткіштері берілген. Сонымен қатар әрбір аспапқа тән өлшемдер түрлі түспен көрсетілген және типтік символдармен белгіленген.

Сандық белгілеу (цифровая маркировка)

Түбір өзегін өтуге және кеңейтуге арналған ұсақ аспаптар сандық кодтармен белгіленген. JSO стандартына сай бұл аспаптардың саптарының бүйір беттерінде және ұшында символ (рәміз) мен аспап ұшының диаметріне сай сан көрсетілген. Стандартқа сай аспаптардың 21 өлшемі қарастырылған (006 дан 140 дейін), осыған сай 010 ден кейін аспаптың диаметрі 01,2 мм ұзындайды; 010-нан 060 дейін 0,05 мм;060 тан 120 дейін 0,10 мм; 120 дан 140 дейін 0,2 мм ұзарады. Өлшемі 006 аспаптар таңқұрай түстес (малиновый цвет), 008-сұр; 010-күлгін түспен кодталған. Одан әрі 015, 045, 090-ақ түспен, 020,050,100-сары түспен, 025, 055, 110-қызыл түспен; 030, 060, 120-көк түспен; 035,070,130-жасыл түспен, 040, 080, 140-қара түспен белгіленген.

Аспаптардың сандық және түстік белгілері (кодтары).

 

JSO cтандартына сай өлшемдері Түстік кодтары
  Таңқурай түсті
  Сұр түсті
  Күлгін түсті
015,045,090 Ақ түсті
020,050,100 Сары түсті
025,055,110 Қызыл түсті
030,060,120 Көк түсті
035,070,130 Жасыл түсті
040,080,140 Қара түсті
  Қызғылт түсті
  Сұр түсті
  Күлгін түсті
15,45,90 Ақ түсті
20,50,100 Сары түсті
25,55,110 Қызыл түсті
30,60,120 Көк түсті
35,70 және б. Жасыл түсті
40,80 Қара түсті
   

 

Ең алғаш 1958 жылы Халықаралық стандарттау ұйымы (JSO) ұсақ эндодонттық аспаптарды белгілеуді ұсынды. Стандарттау негізіне аспаптың пішіні, профилі, ұзындығы, көлденең кесінідісінің өлшемі алынды.

 

Пішіндік белгілеу (геометрическая маркировка)

Ткіш бұрғылар (дрильборы «Reamers» және кеңейткіш бұрғылар (егеуші бұрғылар – напильники «Files») – түбір өзегін механикалық жолмен өңдеуге арналған негізгі эндодонттық аспаптар. Оларды бір бірінен ажырату үшін геометриялық рәміздермен белгілеу ұсынылған.

 

Аспаптың түрі Геометриялық рәмізі
K-Reamers- өткіш бұрғы Үшбұрыш пішінді
K-Files -сүргі-бұрғы Квадрат пішінді
Иілгіш сүргі бұрғы– K-Flexofiles Ромбы пішінді
Сүргі бұрғы Дөңгелек пішінді
Түрпі бұрғы – рашпиль - Rasps Сегізбұрыш пішінді
Ұлпаалғыш – Barded BroacҺes Жұлдызша пішінді
Өзектолтырғыш – Root Fiiller Lentulo Бұрама (завиток) пішінді
Спредер S Әрпіне ұқсас   S әрпіне ұқсас
Плагер P әрпіне ұқсас

 

Өткіш және кеңейткіш бұрғылардың (K-Reamers және K-Files) алдындағы бірінші «К» әрпі ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында осы аспаптарды шығара бастаған Керр фирмасының атын көрсетеді.

Түбір өзегінің көлемін (ұзындығын, кеңдігін) анықтауға арналған аспаптар;

· Түбір инесі (беті тегіс домалақ және қырлы). Домалақ ине түбір өзегінің өтетін-өтпейтінін анықтау үшін, ал қырлы ине түбір өзегіне әртүрлі дәрілік заттар енгізуге керек мақта біліктер дайындау үшін қолданылады және бес өлшеммен (размер) шығарылады.

· Өзек тереңдігін анықтайтын домалақ өлшегіш үш өлшеммен шығарылады. Олардан басқа термофилді гуттаперча штифтер жиынтығында да арнаулы верификаторлар бар, себебі термофилмен пломбылаған кезде өзектің көлемін міндетті түрде анықтау қажет.

Сонымен қатар түбір инесінің көмегімен өзекті пломбылауға да болады.

Өзек сағаларын ашу және кеңейту үшін қолданылатын аспаптар.

· Gates Glidden (GGD-Gаtes Glidden Drill) бұрғысы, сабы ұзын және жіңішке, жұмысшы бөлігі қысқа тамшыға ұқсас. Барлық ұзындығы 15-19 мм тең. Көлденең кесіндісінің ұзындығына сай алты өлшеммен (1-6) 0,50; 0,70; 0,90; 1,10; 1,30; 1,50 мм шығарылады. Өлшемі ұстатқышқа бекітілген сақинада белгіленеді. Бұрышты ұштықпен баяу аналымда жұмыс істеуге болады.

· Largo бұрғысы (Peeso-Reamer), жұмысшы бөлігі ұзындау, сабы қатты, барлық ұзындығы 15-19 мм тең, алты өлшеммен шығарылады (0,70; 0,90; 1,10; 1,30; 1,50; 1,70 мм). Ұзындатылған жұмысшы бөлігі тек өзек сағасын ғана емес, оның саға жақ ⅓ бөлігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Көбінесе жоғарғы үлкен азу тістердің таңдай өзектерінің, төменгі азу тістердің артқы өзектерінің сағаларын кеңейту үшін қолданылады.

· Beutelrock Dril reamer B1(VDW) түбір өзегінің сағасын кеңейтуге арналған аспап, жұмысшы бөлігі от жалынына ұқсас және төрт кескіш қырдан тұрады.

Түбір өзектерін өтуге арналған аспаптар –Reamer-лер (өткіш бұрғылар-дрильборы).

Бұл аспаптар иілгіш келеді және кескіш қырлары тегістеу, аралары ашық болғандықтан ілгері жылжу немесе өзекте өту мүмкіндіктері жоғары.

· K-Reamer (Керр дрилі) стандартқа сай 20өлшеммен шығарылады.

· K-Flexoreаmer, аспаптың қыры бір-біріне жақынырақ орналасқан, жақсы иілгіш аспап, алты өлшеммен шығарылады және аса қисық өзектерді өту үшін пайдаланылады.

· K-Flexoreamer golden medium - аралық өлшемді аспап, бір өлшемнен екінші өлшемге секірмей өту үшін қолданылады. Мысалы, 0,25 өлшемді аспапты 0,20 өлшемнен кейін өзекке енгізу қиын болса, аралық 0,22 өлшемді аспапты қолданады. Бұл аспап диаметрлері 0,12; 0,7; 0,22; 0,32; 0,37 өлшемдермен шығарылады.

· K-Reaner forside үлкен азу тістердің өте тар өзектерін ауызды ашу шектелген жағдайда өтуге арналған. Жиынтыққа 18 аспап кіреді (0,06; 0,08; 0,10; 0,15....), жұмысшы бөліктерінің ұзындығы 15-18 мм. тең.

Түбір өзектерін кеңейтуге арналған аспаптар.

· K-File – Керр сүргі бұрғысы. Кескіш қырлары бір-біріне жақын орналасқан, жиынтықта жұмысшы ұзындығы 21,25,28,31 мм болатын 21 өлшемді аспаптар түрінде шығарылады. Өзекті аспаптарды ілгері-кейінді жылжыта отырып, қабырға бетіндегі жұмсарған дентинді қыру арқылы кеңейтеді.

· K-Flexofile - өзек кеңейткіш аспап, иілу қасиеті өте жоғары. Өте қисық және тар өзектерді кеңейту үшін қолданылады, жұмысшы бөлігінің ұзындығы 21, 25, 31 мм, алты өлшемен (0,15; 0,20; 0,25; 0,30; 0,35; 0,40) шығарылады.

· K-Flexofile golden medium – аралық өлшемді жақсы иілетін өзек кеңейткіш аспап. Басқа кеңейткіш аспаптармен жұмыс істегенде үлкен өлшемді аспаптарға біртіндеп ауысу үшін қолданылады және алты өлшеммен шығарылады (0,12; 0,17; 0,22; 0,27; 0,32; 0,37), жұмысшы бөлігінің ұзындығы – 21, 25, 31, мм.

· K-File nitiflex өте қисық (90º дейін) және тар өзектерді өтуге арналған. Аспап титан-никель құймасынан дайындалған, ұшы доғал, жақсы иілгіш. Стандартқа сай 10 өлшеммен (0,15; 0,20; 0,25; 0,30; 0,35; 0,40; 0,45; 0,50; 0,55; 0,60) шығарылады, жұмысшы бөлігінің ұзындығы – 21, 25, 31 мм.

· Hedstroem File – Хедстрем сүргі бұрғысы. өзек қабырғаларын тегістеуге арналған. Стандартқа сай 20 өлшеммен (0,08 ден 0,0140 дейін) шығарылады, ұзындығы – 21, 25, 28 және 31 мм.

· Emdosonore File – түбір өзегін ультрадыбыспен кеңейтуге арналған бұрғы, алты өлшеммен шығарылады (0,10; 0,15; 0,20; 0,25; 0,30; 0,45),

ұзындығы – 27, 31 мм.

Rasp; Rat Tile File – рашпиль (түрпі бұрғы), түбір өзектерін кеңейтуге арналған. Жұмысшы бөлігінде аспап өсіне тік орналасқан 50 тісшелері бар (олардың ұзындықтары аспап диаметрінің ⅓ ұзындығына тең). Аспаптың ұшында тістер болмағындықтан, өзек бойымен жеңіл сырғиды. Жиынтықта 7 аспап бар, жұмысшы бөлігінің ұзындығы – 25мм.

· Beutoelroch Reamer B2 – түзу өзектерді кеңейтуге арналған аспап, кесетін қыры екеу, аспаптың өзек қабырғаларын қыру және кеңейту мүмкіндігі өте жоғары. Өте өткір және аса белсенді аспап. Түзу түбірлердің суыт және орта бөліктерін кеңейтуге арналған.

· Profile 04 Taper Series 29 Rotary Instrumentes –ұштықпен айналатын эндодонттық аспаптар қатарына жатады, Dentsplay фирмасының бөлімі шығарады. Бұл аспаптардың бірден-бір ерекшелігі - әрбір аспаптың ұшының диаметрінің келесі аспаптан 29% айырмашылығы бар. Мұның өзі өзек диаметрін біртіндеп кеңейтуге мүмкіндік береді. Аспаптың жұмысшы бөлігіндегі сайлары U-әрпіне ұқсас, жиектері тегіс болғандықтан, өзек көп ілініп қалмай еркін жылжиды.

· Profile 04 эндодноттық ұштықпен жұмыс істеуге арналған.

Жұмысшы бөлігінің ұзындығы өзгеріп тұратын эндодонттық аспаптар. Бұл жүйе миллиметрмен белгіленген өлшегіш саптан, ұстағышға бекітілетін ауысып тұратын алты өлшемді (1-6) аспаптардан және жұмысшы бөлігінің ұзындығын реттеп тұратын қысқыш құрылымнан тұрады. Аспаптардың жұмысшы ұзындығы 16-28 мм.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2006 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2298 - | 2049 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.