Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Периодонт қабынуын емдеу кезінде жіберілетін қателіктер мен асқынулар, оларды жою және алдын алу




Асқыну үрдістері периодонт қабынуын емдеу кезінде және түбір өзегін пломбылағаннан кейін де орын алуы мүмкін. Түбір өзектерін күшті антисептиктер ерітіндісімен (формалин, фенол, резорцин-формалин) өңдеген кезде периодонтта уыттану үрдісі байқалуы мүмкін. Бұл үрдісті тежеу үшін түбір өзегінде периодонтты аса тітіркендірмейтін дәрілермен (эвгенол, қалампыр майы, фурацилин 1:5000 қатынастағы ерітіндісі, гидрокортизон) білік қалдырған немесе электрофорездеу әдісін жүргізген тиімді болады.

Түбір өзектерін эндодонттық аспаптармен өңдеген кезде олардың сынып қалуы мүмкін. Оны сындырып алмау үшін аспап өзек қабырғасына ілініп, жылжыту немесе айналдыру қиындаған болса, оны бірнеше рет кері айналдырып, болмаса кері жылжытып босатып алып барып, өңдеуді әрі жалғастырады.

Егер ұсақ аспап өзекте сынып қалса, оны алуға әрекет жасау керек. Егер ұсақ аспаптың сынығы өзек сағасынан сыртқа шығып тұрса, кішкентай шарға ұқсас бордың көмегімен сынықтың төңірегіндегі дентинді егеп алып тастап, ұшын босатады да, кішкентай қысқыштың немесе көз шымшуырының көмегімен қысып алуға тырысады. Бұл әдіс нәтижесіз болса, өзек сағасын ЭДТА-ның көмегімен кеңейтіп барып, алуға әрекет жасайды. Егер аспап сынығын алу мүмкіндігі болмаса, сынықпен қатарласа отырып түбір өзегін түбір ұшына дейін кеңейтуге тырысады. Бұл әрекет те нәтиже бермесе, сынық қалған өзекте импрегнациялау немесе электрофорездеу әдісін жүргізеді.

Жиі орын алатын асқынулардың бір түрі - өзекте ұштықпен айналатын өткіш бұрғымен жұмыс істеген кезде өзек қабырғасын тесіп алу.

Бұның себебі, тіс қуысын толық ашпау (біріншілік эндодонттық жолды дұрыс қалыптастырмау). Бұндай жағдайды болдырмау үшін сауыт қуысын дұрыс ашу керек және бұрғыны баяу айналыспен пайдалану керек, оның жылжу бағыты мен тіс осінің бағыты бір-бірін еай болуын қадағалау керек. Рентгендік тексеру арқылы кеңейткіш аспаптың өту деңгейін және бағытын анықтап отырған жөн. Кеңейту кезінде жоспарланған деңгейге жетпей-ақ ауыру сезімі байқалса, кеңейтуді дереу тоқтатып, аспаптың тереңдеу деңгейін анықтау керек (рентгенсуретін жасау арқылы). Пайда болған ауыру сезімі аспаптың ұшы түбір ұшы сыртындағы периодонтқа жеткендіктен немесе өзек қабырғасын тесіп алған кезде периодонттың жарақаттануынан туындайды.

Егер өзек қабырғасы тесіліп қалған болса, негізгі өзекті өту қиындайды және тесік аймағындағы периодонтта қабыну ошағы пайда болады. Өзек қабырғасы тесілген тістің функциональдық маңызы өте зор болса (ортопедиялық емдеу мақсатында қажеттілігі жоғары), оны сақтауға тырысады. Жалған өзекте электрофорездеу әдісін жүргізгеннен кейін, қатаятын материалмен немесе композитпен пломбылап, негізгі өзекті өңдеуді жалғастырады. Үлкен азу тістердің сауыт қуысының қабырғасын немесе табанын тесіп алған кезде тесікті Сафорайтпен өңдеп, композиттік материалмен жабуға болады.

Периодонт қабынуын емдеу кезінде тіс уақытша пломбымен жабуды көтере алмай (не выдерживает герметизма) жиі ауыратын кездері де болады. Бұндай жағдай түбір өзегін толық өте алмаған және дұрыс өңдемеген кезде туындайды. Түбір өзегін мүмкіндігінше ұсақ аспаптармен, антисептиктермен өңдегеннен кейін аса көп ауыру сезімі қайталанбайды. Осындай кезде түбір өзегін озонмен өңдеп жіберсе немесе электрофорездеу әдісін жүргізсе өте жақсы нәтиже береді.

Кейбір жағдайда емдеу барысында түбір өзегін пломбылағаннан кейін де созылмалы қабынудың өршуі мүмкін. Бұндай жағдайда емдеу шаралары периодонтта жиналған жалқықты түбір өзегі арқылы шығаруды қарастырады (түбір өзегінен пломбылық материлды алу, түбір ұшы тесігін кеңейтіп, тісті ашық қалдыру) және физиотерапиялық емшараларды(УЖЖ айнымалы-ток, электромагниттік өріс өріс, флюктуоризациялау, диадинамотерапия, лазер сәулесі) жүргізіп, ауыруды басатын дәрілерді тағайындайды. Жалқықты түбір өзегі арқылы шығару үшін қатайып кеткен плымбылық материалдарды ерітіп барып алуға болады.

Эндогерметиктерді (түбірішілік пломбыны) ерітуге арналған препараттар -еріткіштер.

Фенопласты немесе резорцин-формалинді шайырды ерітуге арналған еріткіштер: Endosolv, Resosolv, Jen-Desobturatоr, Сольвадент-жидкость, Сольвадент-гель, Фенопласт.

Эвгенаттарды ерітуге арналған препараттар: Eugedent Desobturator, Endosolv E, Desoclusol, Root Canal Resin Remover, Сольвадент-жидкость, Сольвадент-гель, Эвгенат.

Түбір өзегін пломбылағаннан кейін туындаған өршу үрдісін физиотерапиялық емшара қолданып немесе ауыспалы қатпарға гидрокортизонмен, антибиотиктер ерітіндісімен иниекция жасау арқылы тежейді. Қажет болса ауыспалы қатпарға тілік жасайды.

Түбір өзегін пломбылаған кезде пломбылық материал түбір сыртына біраз мөлшерде шығып кеткен болса, көпке дейін тіс өз бетімен немесе ас шайнағанда ауырып мазалайды. Кейде емделген тіс тұсындағы қызылиекте жыланкөз пайда болады. Бірінші жағдайда ауыруды басатын дәрілер мен физиотерапиялық емшара (микротолқынмен емдеу, ҰЖЖ-ток, флюкуоризациялау) тағайындайды. Жыланкөзді жабу үшін осы аймақта ферменттермен, иодты калий ерітіндісімен (3%) электрофорездеу әдісін қолданады. Кейде жыланкөз арқылы шыққан пломбылық материалды кішкене қасықшалардың көмегімен қырып алып тастайды, болмаса қызыл иекте арнаулы тілік жасап барып тазалауға (апексотомия) да болады.

Көп жағдайда периодонттағы созылмалы үрдістің өршу себебі – түбір өзегін толық пломбыламау. Бұл кезде рентгендік әдістің көмегімен өзекті пломбылау деңгейін және пломбылық материалдың табиғатын анықтайды. Өзек қатаймайтын материалдармен пломбыланған болса, оны алу қиынға соқпайды. Ал қатаятын материалдармен (резорцин-формалин қойыртпағы, фосфатты-цемент, шыныиономерлі цемент, эвгенаттар) өзектің ¼-⅓ бөлігі пломбыланған жағдайда оны өзектен шығарып алуға болады (жоғарыда келтірілген еріткіштердің көмегімен). Бір түбірлі тістердің өзектерінің ⅔ немесе ¾ бөлігі пломбыланған болса, түбір ұшын резекциялауға болады. Қисық және өтпейтін өзектері бар көптүбірлі тістерде өршу үрдісі жиі қайталанса, гемисекциялау әдісін қолдануға болады, ал оны жасауға мүмкіндік болмаса, тісті жұлуға тура келеді.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1479 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2258 - | 2105 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.