Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тіс қуыстарының топографиясы




 

Жоғарғы орта күрек тіс (1-сурет). Орташа ұзындығы – 22,5 мм, түбір саны – 1 (100%), көлденең кесіндісі – сопақ пішінді (алдан бүйірге қарай созылған), жақсы өтеді. Түбірінің ұшына жақын бөлігі бүйір бағытында аздап иілген, түбір өзегін өңдеуге арналған бұрғыларды өлшемі – 50-90.

 

Сурет-1. Жоғары жақтың орталық күрек тіс.сайт-http://www.edentworld.ru/

 

Жоғарғы бүйір күрек тіс (2-сурет). Орташа ұзындығы – 22 мм, түбір саны – 1 (99%); 2 (1%); түбір өзектерінің саны – 1 (99%); 2 (1%); көлденең кесіндісі сопақ пішінді (ерін таңдай бағытында), түбірінің ұшына жақын бөлігі бүйір бағытта аздап иілген. Түбір өзегі көбінесе жақсы өтеді және сауыт қуысының жалғасы болып табылады, оны өңдеуге арналған бұрғылардың өлшемі – 35-40 (өзек қисық болғанда); өзек тік болған жағдайда – 50-70.

Сурет-2. Жоғары жақтың бүйір күрек тіс.сайт-http://www.edentworld.ru/

 

 

 

Жоғарғы сүйір тіс (3-сурет). Орташа ұзындығы – 26, 5 мм, түбір саны – 1 (99%), 2 (1%), түбір өзектерінің саны – 1 (99%); 2 (1%): көлденең кесіндісі – сопақ пішінді (ерін-таңдай бағытында); түбір ұшы аздап таңдай және бүйір бағыттарында иілген; өңдеуге арналған файлдар өлшемі – 50-70.

1-сурет. Жоғырғы жақ алдыңғы тістердің тігінен, сагитальды және көлденең кесінділері

Сурет-3. Жоғары жақтың сүйір тіс.сайт-http://www.edentworld.ru/

 

Сурет 4. Жоғары жақтың бірінші кіші азу тіс.сайт-http://www.edentworld.ru/
Жоғарғы бірінші кіші азу тіс (4-сурет). Орташа ұзындығы – 20,5 мм; түбірлері саны – 1 (19%), 2(80%), 3(1%); өзектерінің саны – 1 (4%), 2(95%),3(1%); сауыт қуысының пішіні құмсағат пішініне ұқсас, ұрт-таңдай бағытында созыла орналасқан, табаны дөңес ерге ұқсас, екі жағында екі өзек сағалары (таңдай және ұрт өзектері) орналасқан, өзектері аздап артқы бағытта иілген; таңдай өзегін өңдейтін файлдар өлшемі – 40-60; ұрт өзегін өңдейтін файлдар өлшемі – 35-45.

 

Сурет 5. Жоғары жақтың екінші кіші азу тіс.сайт-http://www.edentworld.ru/
Жоғарғы екінші кіші азу тіс (5-сурет). Орташа ұзындығы – 21,5 мм; түбірлері саны – 1(90%), 2(9%), 3(1%); түбір өзектерінің саны – 1(75%), 2(24%), 3(1%); аздап артқы және таңдай жаққа иілген болады. Түбір өзегі таңдай-ұрт бағытында созылған, екі бүйірі қысыңқы саңылауға ұқсас сауыт қуысының жалғасы болып табылады. Түбір өзектері еніне байланысты 45-60, 35-45, 30-35 өлшемді файлдармен өңделеді.

 

Сурет 6. Жоғары жақтың бірінші үлкен азу тіс. сайт-http://www.edentworld.ru/
Жоғарғы жақ бірінші үлкен азу тісі (6-сурет). Орташа ұзындығы – 20,8 мм; түбірлер саны – 2 (15%), 3(85%); сауыт қуысы таңдай-ұрт бағытында аздап созылған, екі бүйірі қысыңқы төртбұрышқа ұқсайды, табанында теңқабырғалы емес үшбұрыш құрай өзек сағалары орналасқан, түбір өзектерінің саны – 3(60%), 4(40%). Үшбұрыштың таңдай жақ сүйір бұрышында таңдай өзегінің сағасы орналасқан, өңдеуге керек файлдар өлшемі – 45-60. ұртжақ сүйір бұрышында алдыңғы ұрт өзегінің сағасы орналасқан және оның орта тереңдігінде төртінші өзек бөлініп кетуі мүмкін (40% жағдайда). Алдыңғы-ұрт өзектерін кеңейтуге арналған файлдар өлшемі – 35-45 (бір өзек болса), 30-40 (екінші тармағы болған кезде). Төртінші өзектің сағасы өте тар болғандықтан оны табу қиын және ол көбіне алдыңғы-ұрт өзегімен бірігіп кетеді.

Үшбұрыштың доғал бұрышында артқы-ұрт өзегінің сағасы орналасқан және тар саңылауға ұқсайды, оны кеңейтуге керекті файлдар өлшемі – 35-45. Түбір өзектерінің қисықтығы әртүрлі.

Сурет 7. Жоғары жақтың екінші үлкен азу тіс. сайт-http://www.edentworld.ru/
Жоғарғы жақ екінші үлкен азу тісі (7-сурет). Орташа ұзындығы – 20 мм; түбірлері саны – 1(1%), 2(19%), 3 (80%); сауыт қуысы төртбұрыш, үшбұрыш, куб пішіндес және таңдай – ұрт бағытында созылған саңылауға ұқсас келеді. Түбір өзектерінің саны – 1(1%), 2(2%), 3(57%), 4(40%); Өзек сағаларының орналасуы, өзектердің қисықтығы, оларды өңдеу бірінші үлкен азу тіске ұқсас келеді. Кей жағдайларда тіс қуысы пішінініңң ерекшелігіне байланысты өзек сағалары бір түзудің бойында орналасады. Сонымен қатар алдыңғы-ұрт өзек сағасы артқы-ұрт өзек сағасына өте жақын орналасқан жағдайлар да жиі кездесе береді.

 

Сурет 8. Төменгі жақтың орталық және бүйір күрек тіс. сайт-http://www.nedug.ru/
Төменгі ортаңғы және бүйір күрек тістер (8-сурет). Орташа ұзындықтары – 20,7 мм; түбірлерінің саны – 1(100%), сауыт қуыстары тіс сауытының пішінін қайталап, тарыла отырып, табансыз тікелей түбір өзегіне ауысады; түбір өзектерінің саны – 1(60%), 2(40%); сауыт қуысына жақын көлденең кесінділері сопақ пішінді (ерін-тіл бағытында созылған), түбір ұшына жақын – домалақ пішінді; түбір өзектерін кеңейтуге арналған файлдар өлшемдері: бірінші өзек үшін – 35-45, екінші өзек үшін – 30-35. Екінші өзек негізгі өзектің тіл жағында орналасқан және оның сағасын табу үшін өзек сағасын тіс мойнына қарай кеңейту керек.

Төменгі сүйір тіс (9-сурет). Орташа ұзындығы – 25,6 мм; түбір саны – 1(98%), 2(2%); Сауыт қуысы конус пішіндес, біртіндеп тарылып түбір өзегіне айналады; өзек саны – 1(94%), 2(6%); көлденең кесіндісі сопақ пішінді; кеңейтуге арналған файлдар өлшемі – 45-60.

Сурет 9. Төменгі жақтың сүйір тіс. сайт-http://www.nedug.ru/
Төменгі күрек және сүйір тістердің өзектері сопақ пішіндес, ерін және тіл қабырғалары шығыңқы орналасқандықтан (выпуклые стенки), өңдеген кезде аспаптарды аздап иіп алып,осы қабырғаларға тығыз жанастыра отырып, оларды мұқият тазалаған жөн.

Төменгі жақ бірінші кіші азу тісі (10-сурет). Орташа ұзындығы – 21,6 мм; түбір саны-1 (100%); түбір өзектері саны 1 (75%), 2 (20%), 3(5%); Сауыт қуысы сауыт пішінін қайталап, біртіндеп тарылып, түбір өзегіне ауысады, көлденең кесіндісі домалақ немесе сопақ пішіндес.Өзектерді кеңейтетін файлдар өлшемі: бірінші және екінші өзек үшін – 40-60, үшінші канал-35-45, тіл жақ өзек үшін -30-40, ұрт өзегі үшін-30-40.

Сурет 10. Төменгі жақтың бірінші кіші азу тіс. сайт-http://www.nedug.ru/

 

Төменгі жақтың екінші кіші азу тісі (11-сурет). Орташа ұзындығы – 21,5 мм; түбір саны – 1 (100%); өзектер саны – 1 (89%), 2(10%), 3(1%). Сауыт қуысы тіс сауытының пішінін қайталап, біртіндеп түбір өзегіне ауысады. Өзектерді кеңейтетін файлдар өлшемі: бір өзек болған жағдайда – 40-60, екі өзек болған жағдайда – 35-45.

Сурет 11. Төменгі жақтың екінші кіші азу тіс. сайт-http://www.nedug.ru/

 

Сурет 12. Төменгі жақтың бірінші үлкен азу тіс. сайт-http://www.nedug.ru/
Төменгі жақ бірінші үлкен азу тісі (12-сурет). Орташа ұзындығы -21 мм; түбір саны -2(98%), 3(2%); түбір өзектерінің саны – 3(80%), 4(7%), 2(13%); Сауыт қуысы алдан артқа қарай созылған төрт-бұрыш пішіндес, тістің ұрт жақ бетіне жақын орналасқан, табаны ойық, көбіне өзек сағалары теңқабырғалы үшбұрыш жасай орналасады. Үшбұрыштың табанында екі алдыңғы (медиальды) өзек сағалары, ол шыңында (вершина) артқы (дистальды) өзек сағасы орналасқан. Алдыңғы түбірде екі өзек орналасқан және олар көбіне артқа қарай қисайған; артқы түбірде көбіне бір өзек (сағасы ұрт-тіл бағытында созылған сопақша пішінді), кейде сағалары саңылауға ұқсас екі өзек орналасуы да мүмкін. Алдыңғы өзектерді кеңейтетін файлдар өлшемі – 35-40, артқы өзек үшін – 45-60, төртінші өзек үшін 35-45.

 

Төменгі екінші үлкен азу тіс (6-сурет). Орташа ұзындығы -20 мм; түбірлері саны – 2 (84%), 1(15%), 3(1%). Сауыт қуысы кубқа ұқсас, табаны ойық, өзектер саны – 3(77%), 2(13%), 4(7%), 1(3%); өзек сағалары теңбүйірлі үшбұрыш құрай (бірінші үлкен азу тістегідей), бірақ бір-біріне жақынырақ орналасады. Кейде олар тік бұрышты үшбұрыш жасай да орналасады. Бұл кезде оның табанындағы тік бұрышта алдыңғы тіл жақ, ал сүйір бұрышында алдыңғы ұрт жақ өзектерінің сағалары орналасады. Егер артқы түбірде екі өзек болатын болса, барлық өзектердің сағалары тік төртбұрыш, куб немесе трапеция пішінін жасай орналасады. Тіс бір түбірлі болған кезде өзек екеу (ұрт және тіл жақ өзектер), кейде біреу болады. Бұл кезде сауыт қуысы төртбұрыш немесе домалақ пішінді, табаны болмайды, біртіндеп түбір өзегіне ауысады.

Түбір өзектерін кеңейтуге арналған файлдар өлшемі: алдыңғы өзектер үшін – 35-45, артқы өзектер үшін – 45-60 (бірінші өзек үшін) және 35-45 (екінші өзек үшін).

Үшінші үлкен азу тістер (ақыл тістер) қуыстары мен өзектері туралы мәліметтер берудің қажеттілігі шамалы. Себебі, көп жағдайларда бұл тістерде асқынған тісжегіні емдеу мүмкіндігі бола бермейді.

 

Тістер ұзындығының J. Ingle, Z. Blacklind ұсынған кестесі (1994)

 

Ең үлкен 25,6 25,1 28,9 23,8   22,5 21,6 21,2 22,6 22,2 21,3
Орташа 23,3 22,8   21,8   20,6 19,9 19,4 20,8 20,2 19,4
Ең кіші 21,0 20,5 23,1 18,8   17,5 18,2 17,6 19,0 18,2 17,5
Тіс формуласы           Таңд. ал-ұрт арт-ұрт Алд. Арт. Таңд. Ал-ұрт арт-ұрт Алд. Арт.
Ең үлкен 23,4 24,6 27,5 24,1 23,7 22,7 22,6 22,6 22,8
Орташа 21,5 22,4 25,2 22,1 21,4 20,9 20,0 20,9 20,9
Ең кіші 19,6 20,2 22,9 20,1 19,1 19,1 19,2 19,2 19,0

 

 

Сурет -13. Тіс қуыстарының топографиясы. сайт-http://www.nedug.ru/

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 5356 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2754 - | 2314 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.