Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру




3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

- Микроэкономиканың пәні және әдіснамалық рөлі.

- Маған микроэкономика пәнін не үшін оқу керек? (эссе).

- Микроэкономикалық теорияның қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдерi.

- Микроэкономиканың нарықтық идеологияны қалыптастырудағы рөлi. (эссе).

- Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық ой-пікірлердің маңызы.

- Неоклассикалық теорияның микроэкономиканы жеке ғылым ретінде қалыптастыруындағы рөлі.

- Экономикалық ресурстар және оларды оңтайлы қолданудың мәселелері.

4. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

- Mикроэкономикадағы шеңберлі айналым үлгісі және оның түрлері;

- Экономикалық жүйелер және олардың типтері.

 

5. Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

1. Шағын аралда 5 адам тұрады, олар күнiне әрқайсысы 20 кокос немесе 10 жұмыртқа жинайды. Табу керек:

а) осы арал экономикасының өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығын сызыңыз?

б) аралға техника алып келудiң нәтижесiнде 5 адамның әрқайсысы ендi күнiне 28 кокос жинайтын болды. Бұл жерде өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығы қалай өзгередi?

2. Төмендегі кестеде соғыс уақытындағы А мемлекетінің өндірістік құрылымының өзгеруі туралы мәліметтер берілген.

Кесте 1.1

нұсқалар трактор миномет альтернативтік шығындар
А      
В      
С      
D      
Е      
F      
G      
H      

 

Табу керек: 1. Осы кестедегі мәліметтерге сәйкес өндірістік мүмкіндіктер қисығын салыңыз (вертикальді оське тракторды, горизонтальді оське минометті)

2. Графиктегі өндірістік мүмкіндіктер қисығының формасы қандай?

3. А мемлекетінің экономикасы өндірістік мүмкіндіктер қисығыны бойында жатуы үшін қандай шарттар орындалуы керек?

4. Кестенің мәліметтері бойынша бір минометті өндірудің альтернативтік шығындарын есептеңіз?

5. Бұл альтернативтік шығындар қалай өзгереді (төмендейді/өседі/өзгермейді)?

 

3. Айталық, Дәурен орындық жасауға 1 сағат және үстел жасауға 2 сағат жұмсайды, ал

Болат орындық жасауға 2 сағат және үстел жасауға 1 сағат жұмсайды.

1) 8 сағат ішінде олардың бірдей жұмыс істеуі кезіндегі өндірістік мүмкіндіктер қисығын сызып, қандай сипатта болатынын анықтаңыз.

2) егер Дәурен Болаттың үстел өндірудегі технологиясын игерсе, онда өндірістік мүмкіндіктер қисығы қалай өзгереді?

3) Болаттың технологиясы бойынша дайындалған алғашқы және соңғы үстелдің өндірілуінің альтернативтік құндары қандай?

 

4. Белгілі бір технология бойынша 1 адам 1 сағатта 2 орындық және 2 адам 1 сағатта 3 үстел өндіруге мүмкіндік алады.

1) 40 сағаттық жұмыс аптасы шеңберінде 5 адамнан тұратын бригаданың өндірістік мүмкіндіктер қисығы қандай болатынын анықтаңыз.

2) егер орындық өндіруге деген еңбек шығындары 2 есе қысқарса және жұмыс аптасының төрттен бірі қысқарса, онда өндірістік мүмкіндіктер қисығы қалай өзгереді?

3) бірінші жағдайдағы 1 дана орындық өндірудің альтернативтік шығындары қандай және екінші жағдайдағы 1 дана үстел өндірудің альтернативтік шығындары қандай?

 

5. Ауылда тұратын зейнеткер картоп өсіріп самогон қайната алады. 1 кг. картоп өсіру үшін ол күніне 5 сағат (0,5 еңбек күнін) және 1 тг. жұмсайды, ал 1 литр самогон қайнату үшін күніне 1 сағат (0,1 еңбек күнін) және 2 тг. жұмсайды.

Оның 1 жылдағы өндірістік мүмкіндіктер қисығын салыңыз. Ол тек картоп өсірумен жылдың 6 айында айналыса алады, ал оның жылдық зейнетақысы 6 мың теңге болып табылады.

 

6. Белгілі бір адам белгілі бір үйді жалға алып тұрады және ол жалдауға жылына 20000 доллар төлейді. Қалған ақшасын ол жылына 12 % беретін банкте сақтайды. Үйдің бағасы – 150000 доллар. Егер үйді сатып алу мүмкіндігі туа қалса, онда сол үйді сатып алған дұрыс па?

 

7. Бағдарламашы Алмат сағатына 10 доллар табады. Ал оның анасы зейнеткер. 1 кг. сиыр етін 8 доллардан сатып алу үшін дүкенде 1 сағат кезекте тұру керек, ал 1 кг. сиыр еті 12 доллардан тұратын басқа бір дүкенде кезек жоқ. Программист Алмат үшін сиыр етінің қандай көлемін сатып алған тиімді? Ал оның анасы үшін ше?

 

8. Фирма екі түрлі теннис доптарын алып сатумен айналысады. Олардың әрқайсысын 3 доллардан және 2 доллардан сатып алады. Доптарды сатып алу үшін фирма 90 доллар шығын жұмсайды. Фирманың өндірістік мүмкіндіктер қисығын сызыңыз.

 

9. Белгілі бір адам белгілі бір үйді жалдап тұрады, ол жыл сайын үйге 10000 доллар көлемінде жал ақысын төлейді. Ал қалған ақшасын ол жылына 9 % пайда әкелетін банкте сақтайды. Үйдің бағасы – 140000 доллар. Сол адам үшін үйді сатып алған дұрыс па? Неге?

 

10. Робинзон мен Пятница тіршілігі жоқ аралда тұрады. Олардың негізгі міндеттері – кокос жаңғақтарын жинау және балық аулау. Робинзон 1 сағатта 10 жаңғақ немесе 2 балық аулай алады, ал Пятница 1 сағатта 10 балық аулайды немесе 30 жаңғақ жинай алады. Балық аулау мен жаңғақ жинау жұмыстары тиімді болу үшін бұл міндеттерді Робинзон мен Пятница арасында қалай бөлген дұрыс? Егер Робинзон мен Пятница күніне 3 сағаттан жұмыс істейтін болса, онда қанша балық ауланып, қанша жаңғақ жиналады?

 

11. Қазақстанда 1 жұмысшы жылына 1 тонна ет немесе 20 центнер бидай өндіре алады, ал Қырғыстанда 1 жұмысшы жылына 2 тонна ет немесе 10 центнер бидай өндіре алады. Қазақстанда бидай мен ет өндіруде барлығы 400 мың адам маманданады, ал Қырғыстанда – 100 мың адам. Екі елдің басшылары нан мен ет өндірудің тиімділігін есепке ала отырып экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасайды. Екі елдің ет пен бидай өндіру бойынша өндірістік мүмкіндіктер қисықтары қандай сипатта болады?

 

12. Белгілі бір ресурс немесе тауар белгілі бір уақытта немесе белгілі бір жерде «шектеулі» және сол ресурс немесе тауар басқа бір уақытта немесе басқа бір жерде «шектеусіз» бола ала ма? Өз жауабыңызды дәлелдеу үшін бірнеше мысалдар келтіріңіз.

 

13. Белгілі бір әйел үй шаруашылығымен айналысады. Ол көйлек жууға 15 минут және терезе жууға 45 минут уақыт жұмсайды. Ол әйелдің жұмыс күнін 9 сағат алсақ деп алсақ, онда оның өндірістік мүмкіндіктер қисығы қандай?

14. Дискуссиялық сұрақ:

Адамның өміріне қауіпті немесе денсаулығына зиянды алкогольдік өнімдерді немесе есірткілік заттарды экономикалық игіліктер ретінде қарастыруға бола ма?

 

15. Белгілі бір шеберхана орындықтар мен үстелдер шығарады. Ресурстардың өзгермейтін көлемі кезінде 1 жылдағы жалпы өнім көлемінің (дана) келесідей үйлесімдері көрсетілген:

 

нұсқалар үстелдер орындықтар
А    
Б    

Үстел жасауды 25 данадан 30 данаға дейін көбейткендегі оның альтернативтік шығындары (орындықпен есептегенде) қандай?

 

16. Мына төмендегі берілген тұжырымдамалар дұрыс па? Дұрыс болса «+» белгісін, дұрыс емес болса «-» белгісін қойыңыз:

1) Альтернативтік құндылық мәселесі неоклассикалық бағыттың аса маңызды негізін құрайды.

2) Неоклассикалық теориядағы ұтымдылық принципі адам тек өз қажеттіліктерін қанағаттандыруды ғана ойлайды деген қағидаға негізделеді.

3) Шаруашылықты ұтымды жүргізу принципі шығындарды төмендету немесе пайдалылықты жоғарылату мәселелеріне негізделеді.

4) Дәстүрлі экономикалық жүйедегі субъектілердің экономикалық іс-әрекеттері нарықтық экономикалық жүйедегі субъектілердің экономикалық іс-әрекеттерінен едәуір ерекшеленеді.

5) Индустриалдық қоғамнан постиндустриалдық қоғамға көшу мәселесі өндірістегі ресурстар рөлінің өзгеруімен байланысты болып табылады.

6) Экономикалық өсу нақты экономикалық жүйе шеңберінде өндірілетін игіліктер жиынтығын кеңейтуді сипаттайды.

7) Ұтымдылық принципі адам жауапты шешімдер қабылдау кезінде өз ақшалай табысын максималдауға ұмтылады деген тұжырымды сипаттайды.

8) Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нақты экономикалық жүйеде нақты қолда бар ресурстармен өндіруге болатын игіліктердің максималды көлемін көрсетеді.

9) Индустиалдық қоғамда басты өндіріс факторы ақпарат болып табылады.

10) Азық – түлік өнімдері ресурс болып табылмайды.

 

6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1. Шеңберлі айналым үлгісіне нарықтың қандай типтері жатқызылады?

А) нақты және ақша нарығы В) капитал және еңбек нарығы С) тауарлар мен қызметтер нарығы D) игіліктер мен факторлар нарығы Е) тек өндіріс факторлары нарығы ғана

2. Жаңа кітапхананың альтернативті шығындары – бұл:

А) оның қызметкерлеріне ақы төлеу В) болашақта тағы бір кітапхана салудың бағасы

С) тұрғындардың интеллектуалдық деңгейін арттыру D) басқа өндіріске жұмсалуға тиіс игіліктердің бағасы, бірақ ол шығындардың кітапхана құрылысына жұмсалуы

Е) тұрғындарға тегін қызмет көрсету шығындары

3. Микроэкономиканың зерттеу пәні:

А) экономикалық субьектілердің экономикалық игіліктер туралы шешім қабылдауы

В) ұлттық экономиканың даму деңгейі С) жеке кәсiпорындардың жинаған байлығы

D) үкiметтiң тауарлар мен қызметтерге белгiлеген бағасы Е) инфляция деңгейі

4. Экономикада айырбас қарқыны жоғары болса, онда трансакциондық шығындар деңгейі:

А) жоғары болады В) төмен болады С) бұл шығындар айырбас қарқынына әсер етпейді

D) институционалдық факторларға байланысты оның жоғары да немесе төмен де болуы мүмкін Е) мұндай шығындардың деңгейі ешқашан өзгермейді

5. Өндірістік мүмкіндіктер қисығында барлық ресурстардың толық пайдаланылуын:

А) өндірістік мүмкіндіктер қисығының сыртында жатқан кез-келген нүкте көрсетеді

В) өндірістік мүмкіндіктер қисығының ішінде жатқан кез-келген нүкте көрсетеді

С) өндірістік мүмкіндіктер қисығының бойында жатқан кез-келген нүкте көрсетеді

D) өндірістік мүмкіндіктер қисығының бойында жатқан кез-келген нүкте көрсетеді, бұл нүктеде қоғам мүшелерінің қажеттіліктері толық қанағаттандырылады

Е) ресурстардың толық пайдаланылуын өндірістік мүмкіндіктер қисығы көрсетпейді

6. Білім алудың баламалық шығындарына төмендегілердің қайсысы кірмейді:

А) егер сіз мектепке бармай, жұмыс істегендегі жалақыңыз В) кітапқа жұмсаған ақша

С) тамаққа жұмсаған ақша D) оқуға төленетін ақша Е) киім алуға жұмсалған ақша

7. Экономикада трансакциондық шығындардың өсуіне мүмкіндік беретін себептерді атаңыз:

А) еңбек бөлінісінің тереңдеуі В) фирмалар санының мөлшері С) мемлекеттің экономикаға араласуының күшеюі D) осы аталғандардың барлығы дұрыс

Е) ешқандай дұрыс жауабы жоқ

8. Трансакциондық шығындар категориясын:

А) маржиналистер қарастырады В) марксистер қарастырады С) меншік құқығын жақтаушылар қарастырады D) қоғамдық таңдау теориясын жақтаушылар қарастырады

Е) кейнсшілдер қарастырады

9. Трансакциондық шығындар дегеніміз – бұл:

А) меншік құқығымен алмасу кезінде айырбас саласында пайда болатын шығындар

В) басқаша сөзбен айтқанда шекті шығындар деп аталады

С) өндіріс көлемі өзгергенде өзгеретін шығындар

D) өндіріс көлеміне әсер етпейтін тұрақты шығындардың бір түрі

Е) аяқ астынан болатын жоспарланбаған шығындардың бір түрі

10. Төмендегілердің қайсысы микроэкономикалық үлгі (модель) болмайды:

А) фирманың моделі В) инфляцияның үлгісі С) тұтынушылардың үлгісі D) нарықтық тепе-теңдік үлгісі Е) сала үлгісі

11. Микроэкономикалық теорияның оқу құралы – ол:

А) адамдардың тауарлар мен қызметтер бойынша айырбас қызметі

В) экономикалық жағдайға әсер ететін айнымалы өлшемдер

С) өндіріс барысында шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты адамдардың, фирмалардың өзара қатынасы, мінез – құлықтары

D) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің қарқыны

Е) жекелеген экономикалық субъектілердің осы уақытқа дейін жинақтаған байлықтарын

12. Мына тұжырымдардың қайсысын дұрыс деп ойлайсыз:

А) меншік құқығының пайда болуы нарықтағы айырбас арқылы келісімдер жасауға мүмкіндік береді В) меншік құқығы оңай қалыптасатын, жүзеге асатын және біреуге берілетін тауарлар үшін ғана нарықтар болады С) меншік құқығы болмаған кезде ресурстарды бөлу тек күш жұмсау негізінде жүзеге асады D) аталғандардың барлығы дұрыс Е) ешқандай тұжырым дұрыс берілмеген

13. Микроэкономика ғылымы мына төмендегілердің қайсысын оқымайды?

А) жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтың әрекет ету ерекшеліктерін

В) ақшаның табиғаты мен ерекшеліктерін

С) әртүрлі нарықтық құрылымдардағы пайданың табиғатын

D) әртүрлі нарықтық құрылымдардағы өндіріс көлемдерін

Е) әртүрлі нарықтық құрылымдардағы бағалардың деңгейін

14. Мына төмендегілердің қайсысы экономикалық агент болып табылады:

А) түрме В) президент С) жанұя D) фирма Е) аталғандардың барлығы

15. Мыналардың қайсысы экономикалық игілікке жатпайды?

А) сүңгуір қайық В) демалыс және көңіл көтеру орындары С) жел энергиясы

D) білім алу Е) ұялы телефондар

16. Жекелеген экономикалық агенттердің (индивидтердің, үй шаруашылықтарының, фирмалардың және басқаларының)

іс-әрекеттерін және олардың нарықтағы тәртібін зерттейтін экономикалық ғылымның саласын біз не деп атаймыз?

А) макроэкономика В) микроэкономика С) ұйымдық тәртіп D) экономикалық ілімдер тарихы Е) экономикалық теория негіздері

17. Шеңберлі айналым үлгісінде:

А) кәсіпкерлер әрдайым тауарды ақшаға айырбастайды В) үй шаруашылықтары әрдайым тауарды ақшаға айырбастайды С) үй шаруашылықтары ресурстар нарығында сатушы болады, ал тауарлар нарығында сатып алушы болады

D) кәсіпкерлер тауар нарығында сатып алушы және ресурстар нарығында сатушы болады

Е) кәсіпкерлер тауар нарығында да, ресурстар нарығында да сатушы болады

18. Микрореттеуге не жатады?

А) фирманың қаржы жүйесін басқару В) мемлекеттің экономикалық саясаты

С) тұтынушылардың іс-әрекеті D) жиынтық ұсынысты ұлғайту немесе ЖҰӨ-ді өсіру

Е) екі мемлекет арасындағы қатынастарды

19. Микроэкономиканың зерттеу пәні:

А) инфляция деңгейі В) үкiметтiң тауарлар мен қызметтерге белгiлеген бағасы

С) жеке кәсiпорындардың жинаған байлығы D) ұлттық экономиканың даму деңгейі

Е) экономикалық субьектілердің экономикалық игіліктер туралы шешім қабылдауы

20. Микроэкономика нені оқытады?

А) экономикадағы барлық өндіріс масштабын В) шаруашылықтағы жұмысшылардың санын С) бағаның жалпы деңгейін D) жекелеген экономикалық агенттердің дербес шешім қабылдауларын Е) экономикалық сұрақтарды

21. Микроэкономикалық теорияның оқу құралы – ол:

А) адамдардың тауарлар мен қызметтер бойынша айырбас қызметі

В) экономикалық жағдайға әсер ететін айнымалы өлшемдер

С) өндіріс барысында шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты адамдардың, фирмалардың өзара қатынасы, мінез – құлықтары

D) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің қарқыны

Е) нарықтық экономикадағы қарым - қатынастар

22. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нені көрсетеді:

А) шаруашылықтың өндіруі тиіс екі тауарының нақты мөлшерін

В) екі тауардың мүмкін комбинацияларының ең жақсысын

С) қолда бар ресурстардың нақты мөлшеріне сәйкес тауарлардың балама комбинацияларын

D) өндіріс факторлары өнімділігінің төмендеу заңы жүзеге асқан уақытты

Е) бір фактордың өндірістегі әкелетін шекті өнімділігін

23. Қазіргі уақыттағы экономикалық ой-пікірлердің негізгі бағыттары микроэкономиканы ғылым ретінде қалай сипаттайды:

А) игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үрдісінде қалыптасатын адамдардың арасындағы объективтік экономикалық қатынастар жүйесі туралы ғылым ретінде

В) қоғамдық шаруашылықты ұйымдастырудың тиімді формаларын іздеу ғылымы ретінде, байлық туралы ғылым ретінде

С) әлеуметтік агенттердің экономикалық тәртіптерін зерттейтін ғылым ретінде

D) шектеулі ресурстар шеңберінде игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үрдісіндегі экономикалық агенттердің ұтымды шешімдері мен тәртіптері туралы ғылым ретінде

Е) экономикалық агенттердің осы уақытқа дейін жинаған байлықтары мен құндылықтарын зерттейтін ғылым ретінде

24. Сиректілік категориясы нені зерттейді:

А) қажеттіліктердің шектеулілігін В) ресурстардың шектеулілік мәселесін С) тауар қасиеттерінің объективтілігін D) еңбек факторының қасиеттерін Е) игіліктердің ең сирек қасиеттерін

25. Төмендегi шарттардың қайсысы микроэкономика пәнiнiң анықтамасына кірмейді:

А) ресурстарды тиімді қолдану В) материалдық және рухани қажеттiлiктер С) шексiз өндiрiстiк мүмкiндiктер D) қолдағы ресурстарды ұтымды пайдалану

Е) тиімді шешім қабылдау

26. Мыналардың қайсысы экономикалық игілікке жатпайды?

А) баптап өсірілген раушан гүлдері В) тұрмыста қолданылатын жиһаздың түрлері

С) көлде жүзіп жүрген балықтар D) өндірісте қолданылатын станоктар

Е) медицинада қолданылатын құралдар

27. «90-шы жылдардың басында кадрлардың жаппай кетуіне байланысты ҚР-ң ғылыми потенциалы төмендеді, ғылым саласында жас мамандардың жетіспеушілігі байқалып отыр». Бұл мақалада айтылып отырған факт өндірістік мүмкіндіктер қисығында қандай көрініс табады:

А) өндірістік мүмкіндіктер қисығы оңға жылжиды

В) өндірістік мүмкіндіктер қисығы солға жылжиды

С) бұл қисық өзгермейді, яғни ешқандай көрініс таппайды

D) өндірістік мүмкіндіктер қисығының бойында өзгерістер байқалады

Е) мұндай жағдай бұл қисыққа мүлдем әсер етпейді

28. Экономикалық игіліктің негізгі сипаттамалары:

А) қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті В) сиректілігі С) құндылығы

D) басқа заттарға айырбасталу қасиеті Е) аталғандардың барлығы дұрыс

29. Мыналардың қайсысы ресурстарға жатпайды:

А) азық-түлік өнімдері В) пайдалы қазбалар С) мамандандырылған жұмыс күші

D) лабороториялық құрал-жабдықтар Е) станоктар, шикізаттар, машиналар

30. Мына үлгілердің қайсысы микроэкономикада қарастырылмайды?

А) Бертран үлгісі В) Кейнс кресі үлгісі С) Өрмекші торы тәріздес үлгі D) Суизи үлгісі

Е) Штакельберг үлгісі

 

ЕКІНШІ ТАҚЫРЫП.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2188 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

2196 - | 2142 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.022 с.