Лекции.Орг
 

Категории:


Универсальный восьмиосный полувагона: Передний упор отлит в одно целое с ударной розеткой. Концевая балка 2 сварная, коробчатого сечения. Она состоит из...


Перевал Алакель Северный 1А 3700: Огибая скальный прижим у озера, тропа поднимается сначала по травянистому склону, затем...


Построение спирали Архимеда: Спираль Архимеда- плоская кривая линия, которую описывает точка, движущаяся равномерно вращающемуся радиусу...

Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны



Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны оқушылардың жан жақты тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытуға арнайы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл тәрбие жұмысынын келесідей бағыттарын камтиды: адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесі.

Адамгершілік тәрбиесі.

Арнайы мектеп өзінің тәрбиеленушілерін қоғамдағы өзіндік өміріне дайындау оның адамгершілікке тәрбиелеу маңызды орын алады. Оқушылардың тәрбиесі имандылыққа үйрету негізінде жүзеге асады.

Имандылық бұл қоғамдық сана формаларынын бірі, яғни берілген қоғамда, онда әрекет ететін түрлі қатынастар негізінде қалыптасқан. Өзімен белгілі. Нақты көзқарастар жүйесін және адам мінез құлқына қатысты наным сенімдерді ұсынады.

Имандылық мазмұнын құрайтын норма, ереже және бағалаулар адамның мінез құлқын бақылаушы, мінез құлық және қоғамда қалыптасқан, мейірімділік және зұлымдық , ар намыс және арсыздык, жақсы және жаман туралы көріністері есебінен іс әрекеттерді бағалау аймағында маңызды рөлге ие.

Осы қоғамда қабылданған норма және мінез құлық ережелеріне сәйкес қылықтар мен іс әрекеттер адамгершілік сияқты бағаланады және қоғамдық пікір, әлеуметтік салт дәстүр, тәрбиемен жан жақты байланысты болады. Оның ішінде, осы талаптарға жауап бермейтіндер адамгершіліксіз, имандылыққа қарсы сияқты қарастырылады, талқыланады.

Имандылық әлеуметтік қанау және адами қарама қайшылықтармен күресте мыңжылдық кезінде жаппай өнделген негізгі жалпы адамдық нормаларды қосады.

Мектеп оқушыларды отанын сүюге, қоғамға пайдалы, еңбек етуге, коғамдык күндылыктарды қорғауға, ұжымға және жолдастык езара көмек беруге, адамдар арасындағы өзара сыйластыққа жэне адамгершілік қатынасына, адами тазапық, өмірде қарапайымдылыкка, арамдык, әділетсіздікке карсы болуға, достықта оларды рухани өсуге, ұлттық және нәсілдік қайшылықтаға қарсы болуға тәрбиелейді.

Имандылык кодексі әрбір жас адамның, соның ішінде арнайы мектеп окушылары үшін ереже болып табылады. Мұнда ақыл ой жетіспеушілігіне ешқандай жеңілдік болмайды, себебі тәжірибе көрсеткендей , ол имандылық кодексінде жазылған ережелерді сақтап, меңгеруге кедергі болмайды.

Арнайы педагогика кемтар тұлғаларды оқшалаудың барлық көріністеріне қарсылық білдіріп, олардың рухани, адамгершілік дамуын үдемелі бағытта жүретін үздіксіз процесс ретінде қарастырады.

Кемтар балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі маңызды мағына, ол кандай жүйеде жүзеге асатыны.

Тәжірибе, ойлаудың үзіиді болуымен және жекеше, бірлік, бір жағынан және жалпы, тұтас, басқа арасындағы байланыстың болуымен, бүл балапардың тэрбиесіндегі жүйе, сананың бір бөлігімен екіншісіне өтетін, бір талаптан торбиеленушінің жасына байланысты екіншісіне өту кезеңін ұсынуға болатынын керсетеді. Адамгершілік тэрбиесін барлық салада, адамгершілік талаптар толық жииағымен ерте жастан бастап жүргізу қажет. Кез келген жаста адалдық, эділеттілік, тәртіптік, ұжымдык, еңбексүйгіштік жэне т.с.с. қажет.

Жеке және жас ерешеліктер айырмашылыктарын әр түрлі тереңдігімен, деңгейлерін ескеру арқылы камтамасыз етуге болады. Мысалы, ерте жаста, балапарға күрделі түсініктер (борыш, ар намыс, қоғам, әділдік және т.б.) белгісіз кезде, олар саналық ұстанымдарды шынайылық факторларын нақты үлгілік қабылдау негізінде, оларға жакын адамдардың мінез құлкы үлгісінде, карапайым, колжетерлі сөздерді қолдану жолымен менгереді: «мейірімді», «жауыз», «жақсы», «әділ», «әдемі», «әдемі емес» және т.б. Бірак, «мейірімді» және басқа түсініктер кең жалпылаумен бекітіледі, ол бала санасында әр түрлі карама карсы, жағымды және кері факторларды тудыруы мүмкін. Бұған бала ойлауының нақтылығы және тура бағыттылығы, факторларды және құбылыстарды олардың кұндылықтары бойынша ажыратуынын әлсіздігі себеп болады.

ҚКұндылыкты бағдарлай алмаған, үйренбеген кезінде бала өзіне жақсы және мейірімді қатынас барлық адамдарға және барлық іс әрекеттерімен қалыптарына бағытталған деген пікір түйіндеуі мүмкін.

Кемтар балаларды имандылыққа тәрбиелеудің келесі маңызды талабы қолайлы нақтылықты сақтау. Ерекше назарды окушы мысапы, мейірімділік адал, шыншыл, өзінің еңбегімен өмір сүретін, өзінің міндеттеріне адал қарайтын адамдарға қатысты кажет болады.

Нормалар мен ережелер мазмұнын тереңдетудің әдістерін таңдау кезектілігі окушылардың жасына тәуелді қатал сакталады.

Сонымен, мысалы, қоғамдық парыз сезіміне тәрбиелеу бірінші сыныптан басталады. Алғашында балаларда оқу, өзіне өзі кызмет ету, кезекші міндетін орындау түсініктері қалыптасады, бүлар олардың коғамдық парызы болып табылады. Кейіннен бұл норманың мазмұны терендейді, онда мәнді қоғамдық түсініктер қосылады (еңбексүйгіштік, басқаларға қамқорлық, мейірімдік).

Адамгершілік тәрбиесі өте сезімтал және күрделі процесс. Ол мұғалімдерден пайымдаушылық, бақылаушылык, шығармашылык пен этикалық зандылыктар білімін және мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму ерекшеліктерін білуді талап етеді.

Еңбекке тәрбиелеудің мәні - болашақта қажет болатын еңбек әрекетіне қатысты барлық жұмысты қамтамасыз ету, яғни еңбек етудің жалпы және арнайы (кәсіби) білім, икемділік пен дағдыларын қалыптастыру, енбеке ету үшін дене, зият, инабаттылык пен ерік-сезім қаситтерін дамыту. Сонымен қатар арнайы мектепте енбек тәрбиесі өзгеше әлеуметтік - тұрмыстық бейімдеу мен оңалту міндеттерін атқарады. Арнайы мектепте еңбек сабақтарына ерекше көніл бөлінетін болғандықган енбек тэрбиесі нэтижелі болады. Еңбек сүйгіштік, еңбекті сыйлау, ұқыпты болу, енбек ету кажеттілігін түсіну сапалары енбек тәрбиесінде қалыптасады. Сонымен катар, еңбек тәрбиесі сабактан тыс уақытында шаруашылық- тұрмыстық еңбек әрекетінде және еңбек үйірмелеріде, кәсіби бағдар беру жұмысында да үздіксіз жүреді.

Эстетикалық тәрбие - оқушылардың бойында қоршаған орта, табиғаттын әдемілігі мен әсемділігін толық қабылдауын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әрекеттер жүйесі. Эстетикалық тәрбие арнайы мектеп окушылары үшін орны ерекше. Эстетикалық даму зият дамуына әсер етеді, сондықтан сезім, қарым-қатынас пен дене дамуына жағымды. Бұл себепте эстетикалық тәрбиенің адамгершілік, енбек, дене тәрбиесімен тығыз байланыста екені анық. Эстетикалық тәрбиенің таным қызметі мүмкіндіктері шектеулі балаға дамуындағы кемістікті түзету мен орнын толыктыруға, жоғары психикалық процестерді дамытуға жол ашады. Әдебиет пен керкем енер өнімдері аркылы окушылар баска ел, түрмыс, табиғат, уақыт пен түрмыс қүбылыстарымен танысуға мүмкіндік алады.

Зиятында ауыткушылығы бар балаларды эстетикалык тэрбиелеуде ерекшеліктер байкалады, олар әдемі мен көріксізді ажырата алмайды. Әсем заттарды көргенде қуаныш сезімі туындамады, өйткені бүл балаларда эмоциялық дамуында көптеген ауыткушылықтар бар. Ал көрмейтін жэне нашар көретіндердің танымдық ерекшеліктері шындыктың өзгеше эстетикалық меңгеруін білдіреді. Эстетикалық сезімдері әр түрлі ойын, еңбек, көркем, таным әрекеттер негізінде қалыптасады.

Арнайы мектептегі эстетикалық тэрбиенің негізгі тәсілдері:

- еңбек, тұрмыс пен әлеуметтік қарым-қатынастарды эстетикалық тұрғыдан ұйымдастыру (күнделікті әдімілік пен үқыптылыкты тәрбиелеу);

- табиғаттың әсемділігіне сүйену (бақылау арқылы үйрету, саяхаттарга

бару);

- өнер құралдарын пайдалану (ән-күй, сүрет, еңбек, ана тілі сабақтарында, мұражай мен көрмелерге бару, үйірмелер арқылы жүзеге асады).

Дене тәрбиесі - арнайы мектептегі сауықтыру жұмысымен бірге маңызды бағыттардың бірі. Арнайы мектеп оқушыларында дене дамуы мен денсауылығы темен көрсеткіштерге ие. Балалардың кемістік туріне қарамастан көбінде кан-тамыр, демалу жүйелерінде аурулар кездеседі, Салмақтары мен бойы қалыпты балаларға карағанда төмен, тірек-қимыл қозғалысында жетіспеушіліктер байқалады (бұлшық еттерінің әлсіздігі, журісіндегі кемістіктер, усақ және жалпы моторикасындағы ақаулар т.б.). Дене шынықтыру оқу бағдарламалары окушылардың денсаулықтарын дамыту мен кемістіктерін түзету мақсатында түрлі шараларды (гимнастика, спорт ойындары т.б.) камтиды.

Дене тәрбие мақсаттарын жузеге асыру негізгі шара - дене шыныктыру сабақтары. Бұл сабақгар жалпы мектептегі талаптарға сәйкес өтеді, бірак оқушылар дамуындагы кемістіктерді ескеруді талап етеді. Сондықган арнайы мектептегі дене шынықтыру сабақтары өзгеше ұйымдастыралады.

Арнайы мектепте дене тәрбиесі дене шынықтыру сабақтарынан тыс емдік дене шынықтуры мен сабақтан тыс жұмыс арқылы жузеге асады. Күнделікті оқушылар азанда гимнастика жаттығулар жасайды, басқа сабақтарда дене шыныктыру кезендері еткізіледі. Оқушылардың денсаулығын дамыту үшін дене шынықтыру үйірмелер ұйымдастыралады (орта және жоғары сынып оқушылары үшін).

Арнайы мектептерде өтетін "Денсаулық күні" мен спорт жарыстары да балаларды салауатты өмір сүруге қызықтырады, жалпы дене дамуындағы кемістіктерді түзетуге көмектеседі.

 





Дата добавления: 2015-11-05; просмотров: 5808 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.