Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Оқу пәнінің саясаты




Әлеуметтану пәні – міндетті пән. Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредиттен тұрады, оның ішінде дәріс – 15 сағат, семинар (практикалық) сабақтар – 15 сағат, БОӨЖ – 30 сағат, БӨЖ – 30 сағат.

Пәннің талаптары: сабаққа кешікпей келу, сабақ барысында ұялы телефонды қолданбау, дыбыссыз режимге қою, аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, дәрістер мен семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, БӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларын тексеру, аралық бақылау, қорытынды бақылау).

 

 

Кафедраның әдістемелік секциясы отырысында 2014 жылғы «___» __________ № ____ хаттамасымен қарастырылды.

 

Кафедра меңгерушісі А.Т.Забирова

 

ЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІНЕН

ГЛОССАРИЙ

Адам жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдени субъект. Адам табиғаты біртұтас биоәлеуметтік жүйе болып табылады.

Аккультурация - әртүрлі мәдениеттердің өзара әсерін білдіретін ұғым.

Аксиологи я – (гректің “axia” «құндылық», “logos” ілім деген сөзінен шыққан) құндылықтар туралы ілім.Құндылықтарды жан – жақты зерттеу мәселесін социологияға Макс Вебер енгізген болатын.

Аномия – қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылуы.

Ассимиляция – сан алуан әлеуметтік топтардың әлеуметтік және мәдени негізде бірімен бірінің сіңісіп кетуі.

Ауыл – қоғамдық еңбек бөлінісінің, яғни қол өнер мен ауыл шаруашылығының бөлінуі нәтижесінде пайда болған қоғамдық өмірдің нақты әлеуметтік кеңістіктік түрі.

Агрессия — индивидтің, не топтың басқа бір индивидке, не топқа іштей жау болуы, іс-әрекеттің дұшпандық типі. Агрессия басқаларға физикалық және моральдық жағынан зиян келтіруге бағытталған формада байқалады.

Адамгершілік норма — бір әрекеттерді орындауды,
екіншілеріне тиым салуды талап ететін мінез-құлықтардың дұрыс,
дұрыс еместігі туралы түсініктер мен идеялар жүйесі.

Азаматтық қоғам – жеке тұлғаны (адамның) негізгі құқықтары заңды қамтамасыз етілген және қорғалған қоғам.

Алғашқы топ — индивидтердің алғаш рет әлеуметтенуі
жүретін, қарым-қатынастары, жеке дара, формальды емес сипат-
та болатын топ. Топ мүшелерінің негізгі мақсаты өзара араласу.

Аудитория — коммуникаторлармен (индивид не топ) өзара әрекеттестікпен біріккен адамдардың әлеуметтік қауымы.

Ауттоп — қарым-қатынаста болғанда индивид ешқандай ұқсастық не қатыстық сезімін сезінбейтін адамдардың тобы.
Мұндай топтың өкілдері индивидке «біз емеспіз» «басқалар»
түрінде көрінеді.

Ә

Әлеуметтік – (социальное– латынның «socialis» – «бірге», «жолдастық», «қауымдық» деген сөзінен шыққан) – социологияның категориясы ретінде: 1) адамның қоғамдық өмірінің мәнін; 2) адамның жануарлардан айырмашылығын; 3) адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігін; 4) қоғамдық жүйелер құрылымдарын тиімдірек пайдалану жолдарын көрсету үшін қолданылады.

Әлеуметтік ақпарат – қоғамдық, сондай-ақ, адам, қоғам және табиғат арасындағы қатынастардың өзара әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы.

Әлеуметтік арақашықтық – (социальная дистанция) әр алуан топтардың, таптардың бір – біріне деген қарым – қатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді.

Әлеуметтік байланыс – (социальная связь) жеке адамдардың немесе топтардың бір – біріне деген кез келген әлеуметтік-мәдени қатынастарын бейнелейтін түсінік. Бұл түсінікті социологияға Э.Дюркгейм енгізген болатын.

Әлеуметтік бақылау – (социальная контроль) әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан алуан салаларының қызметіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың әс - әрекетіне қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.

Әлеуметтік бейімделу – (социальная адаптация) адамның немесе топтың өз қажеттілігіне сәйкес жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрінен игеруінен және әлеуметтік жүйедегі өз орнын ауыстыруынан көрінеді.

Әлеуметтік ғадет – (социальное поведение) адамдардың субъективті мінездемелерінен және іс-қимылдарынан, әлеуметтік белсенділіктерінің нәтижесінен көрінетін әлеуметтік ортаның сипаттамасы. Әлеуметтік ғадеттің негізгі түрлері: еңбектік, өндірістік, ұйымдық, функционалдық, демографиялық, экономикалық, қоғамға жат т.б.

Әлеуметтік ереже – адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы қарым – қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан әдет.

Әлеуметтік жоспарлау - әлеуметтік процестердің дамуы мен жүзеге асырылу жолдарының ғылыми негізделген мақсаты мен міндеттері, көрсеткіштері. Әлеуметтік институттардың, саяси партиялардың немесе ұйымдардың белгілі мерзімге жоспарланған қызметінің негізгі қағидаларының мазмұны әлеуметтік бағдарламалар деп аталады.

Әлеуметтік жіктеу – (социальная стратификация) стратификация термині латынның “statum” жік, қабат және “facere”-“жасау” деген сөздердің қосындысынан алынған. Әлеуметтік жіктеудің негізін салған М.Вебер.

Әлеуметтік идеал – тарихи әлеуметтік нақтылықтың жан-жақты жетілген, жақсартылған, белгілі бір адамның немесе әлеуметтік топтың санасындағығ болашақтағы бейнесінің көрінісі.

Әлеуметтік институт – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі. Әлеуметтік ғұрыптар мен санкциялар арқылы әлеуметтік институттар қоғамда ұйымдастырушы, реттеуші, басқарушы, тәрбиелеуші қызметтерін атқарады.

Әлеуметтік қарым-қатынастар - әлеуметтік субъектілердің қоғамдағы жағдайы мен қоғамдық роліне байланысты туатын, олардың өзара қатынас, қызметін білдіретін, салыстырмалы түрде анықталатын тәуелсіз, ерекше қарым-қатынастардың бір түрі.

Әлеуметтік қауымдастық – (социальная общность) әлеуметтік ішкі байланыстардың негізі тұратын аймағы бір және бірлескен өмір сүру нәтижесінде қалыптасқан материалдық және мәдени құндылықтары ортақ адамдардың тұрақты бірлестігі. Әлеуметтік қауымдастықтың негізгі белгілері: ынтымақтастық, келісім, жоғары дәрежедегі бірлік.

Әлеуметтік құбылыс - әлеуметтік қасиеттері мен белгілері бар әлеуметтік шындықтың көрінісі. Әлеуметтік өмірде айқын байқалып, бірден аңғарылытынның бәрі әлеуметтік құбылыс болып табылады.

Әлеуметтік құрылым – қоғамдағы еңбектің күрделенуіне, оның бірлігіне, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму деңгейіне байланысты болатын өзгерістерді көрсететін, сонымен бірге нақты кезеңдегі әлеуметтік жүйенің элементтері арасындағы тұрақты қалыптасқан құрылым. Әлеуметтік құрылымның негізгі түрлері: макроқұрылым, микроқұрылым.

Әлеуметтік мәртебе – көпшілік мойындаған құндылықтар жүйесі тұрғысынан қарағандағы қоғамдағы әр түрлі объектілердің, құбылыстардың әлеуметтік маңыздылығына берілетін баға.

Әлеуметтік мобильділік – адамның, әлеуметтік топтың әлеуметтік құрылымдағы өз орнын ауыстыруы, адамның бір әлеуметтік топтан екінші бір әлеуметтік топқа өтуі немесе сол топтың ішінде орнын өзгертуі.

Әлеуметтік орта – адамдардың қалыптасуына, өмір сүруіне, дамуына және қызмет етуіне қоғамдық жағдай туғызатын адамды қоршаған нақты әлеуметтік әлем.

Әлеуметтік прогресс – қоғамдық өмірдің күрделенуі, өндірістің, мәдениеттің, әлеуметтік еркіндік, теңдік, әділеттіліктің өркениетті бағытпен дамуы.

Әлеуметтік роль – белгілі бір әлеуметтік бағытты ұстанған жеке адам ғадетінің, мінез-құлқының, тәртібінің жүйелі ресми үлгісі.

Әлеуметтік статус - әлеуметтік топтар мен оның өкілдерінің қоғамдағы, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар жүйесіндегі орнын көрсетеді. Әлеуметтік статус бедел,билік сияқты ұғымдар арқылы анықталады.

Әлеуметтік ымыра – (социальный компромисс) өзара әсер етуші әлеуметтік топтардың өзара келісі арқылы әлеуметтік қарама-қайшылықтарды, келіспеушіліктерді, дауларды шешу.

Әлеуметтік эксперимент - әлеуметтік объектіге арнайы енгізілген басқарушы және бақылаушы факторлар әсер еткенде туындайтын сандық және сапалық өзгерістер жөнінде мәлімет алу әдісі.

Әлеуметтену — индивидттің өз тобының нормаларын
игеру барысында өзіндік «менінің» қалыптасуы арқылы оның
бірегей тұлғасы көрінетін процесс.

Әлеуметтік агрегация — белгілі бір физикалық кеңістікке
жиналған өзара саналы әрекеттестікте болмайтын бірнеше адамдар.

Әлеуметтік аралық — әлеуметтік топтардың жақындасу,
ажырасу дәрежесін сипаттайтын шама.

Әлеуметтік әрекет — басқа адамдардың әрекеттеріне мағынасы сай келетін, не соларға бағытталған әрекет үстіндегі адамдардың іс-әрекеті.

Әлеуметгік байланыс — адамдардың физикалық және әлеуметтік кеңістікте араласуынан туындайтын әлеуметтік байланыстардың қысқа мерзімді, оңай үзіле беретін түрі.

Әлеуметтік бақылау — қоғам не әлеуметтік топ өз
мүшелерінің талаптар мен үміттерге қатысты конформды
тәртібіне кепілдік беретін құралдар жиынтығы.

Әлеуметтік жүйе — индивидтер, олардың өзара байланыстарын, осы жүйенің жемісті өмір сүруіне, жұмыс атқаруына қажетті жағдай туғызатын, елеусіз әрекеттер жасайтын әдет-
дағдылар мен салт-дәстүрлерді қамтитын жүйе.

Әлеуметтік заң — әлеуметгік нысандар арасындағы біршама
тұрақты және жүйелі түрде болып тұратын қарым-қатынастар.

Әлеуметтік институт — қоғамның негізгі кажеттіліктерін
қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды
біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.

Әлеуметтік категория — индивидтерді бір не бірнеше ұқсас сипаттары бойынша біріктірген әлеуметтік қауымдастық.

Әлеуметтік қатынастар — мәні жағынан бір-біріне сай
келіп, әрекеттері соған сай сипатталатын қайталанбалы өзара
әрекеттің саналы түрде сезіммен кабылданатын жиынтығы.

Әлеуметтік құрылым — қоғам не әлеуметтік топтың белгілі
бір қалыппен орналасқан ішкі құрылысы.

Әлеуметтік мәртебе — топтағы индивидтің немесе топтың басқа
да топтармен өзара қарым-қатынастарындағы рангы мен бағыты.

Әлеуметтік мобильділік — индивидтерді не әлеуметтік нысанның, не болмаса адамның қызметімен жасалып, жетілдірілген
құндылықтардың бір әлеуметтік бағыттан екіншісіне көшуі.

Әлеуметтік норм а — әлеуметтік топ мүшелері ұстанатын және бірлесіп келісілген әрекеттер жасауға қажетті тәртіптің белгілі бір үлгісін құрайтын түсініктер жүйесі.

Әлеуметтік оқшаулау — әлеуметтік байланыстар мен
өзара әрекеттестікті тоқтату, не бірден қысқарту нәтижесінде индивидтер мен әлеуметтік топты басқа индивидтер мен
әлеуметтік топтардан шеттететін әлеуметтік құбылыс.

Әлеуметтік өзгеріс — әлеуметтік құрылымдар мен әлеуметтік өзара қарым-қатынастар жүйесінде жаңа сипаттар мен
әлеуметтердің пайда болу процесі.

 

Әлеуметтік процесс — көптеген әлеуметтік әрекеттерден
бөліп алуға болатын бір бағыттағы және қайталанып отыратын
іс-әрекеттердің жиынтығы.

Әлеуметтік стереотип — топ мүшелерінің басқа топтың
немесе категория адамдарының қалпын бөлісуі.

Әлеуметтік тартыс — бағындыру, өз еркін тану, артық ақы
алуға ұмтылған қарсыласты шеттету, тіпті, жойып жіберу жолдары арқылы сый-ақы алуға жету жолындағы әрекет.

Әлеуметтік топ — топ мүшелерінің бір-бірімен қарым-
қатынастары барысында бөліну негізінде белгілі бір жағдайда
өзара әрекеттестікте болатын индивидтер жиынтығы.

Әлеуметтік шеңбер — мүшелері хабар алмасып тұру мақсатымен құрылған әлеуметтік кауымдар.

 

Б

Бақылау - әлеуметтік деректер жинаудың негізгі әдістерінің бірі. Бақылаудың көмегімен әлеуметтік құбылыстарға, процестерге жүйелі түрде үздіксіз зерттеу жүргізу өте тиімді.

Бейсаналық – субъектінің санасына бағынбайтын психикалық процестердің жиынтығы. З.Фрейдтің пікірінше бейсаналыққа адам санасынан шығарылып тасталған құмарлықтар жатады.

Билингвизм – қостілділік.

Билік – қоғамдық қатынастардың бір түрі, адамның сондай-ақ әлеуметтік топтың, әр түрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін экономика мен идеология ықпалының негізінде және қйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге асатын механизм.

Бихевиоризм және необихевиоризм – сананың дербестігін мойындамайтын, психиканы адамның өзіне қажет нәрселерге жету мақсатында жүзеге асыратын іс-әрекеттерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы деп көрсететін ғылыми бағыт.

Басқару — ұйымның барлық элементтерінің іс-әрекеттерін бағыттап отыруды қамтамасыз ететін, оның бөліктері мен
үйымның алға қойған мақсаттан ауытқушылығын мүмкін деңгейден шығармайтын ұйым органына тән қызмет.

Бәсеке — бір мақсатқа ұмтылған бәсекелестерді ығыстыру, не алдына шығу арқылы сыйлық алуға жету әрекеті.

Белгіленген мәртебе — индивидтер қабілеттері мен тырысуына қарамастан оларға қоғам мен топ алдын-ала белгілеп қойған әлеуметтік бағыт.

Бейімделу — бұрын қалыптасқан нормалар мен құндылықтар жаңа ортаның қажеттіліктерін өтеп, қолайлы тәртіп
жасай алмаған кезде индивидтер мен топтардың жаңа мәдени нормаларды, құндылықтарды, іс-әрекет үлгілерін қабылдауы.

Босқын – нәсілі, дін тұтуы, белгілі бір әлеуметтік топқа жатуы немесе саяси нанымдары бойынша қуғындаудың құрбаны болудың әбден негізді қауіптеріне қарай өзі азаматтыққа жататын елден тыс жерде жүрген және өзінің қауіптерінің салдарынан осы елдің қорғауын пайдалануды қаламайтын адам

Блокада — адамның іс-әрекеті барысында үзіліс,
кедергі арқылы туғызған кез келген іске араласушылығы.

Бюрократия — іс-әрекеттері мен жауапкершіліктері айқындалып, бір-бірінен формальды кұкықтары мен міндеттері
арқылы ажыратылып иерархия құратын ресми адамдардан, лауазымы мен қызмет орындарынан құрылатын ұйым.

В

Валидтілік – зерттеудің құралдары мен әдістерінің, ұғымдардың және эксперименттердің мақсатының негізділіг мен барабарлығы.

Д

Девиация – көпшілік мойындаған ғадеттік ережелерден ауытқу.

Дезинтеграция – жүйенің ішкі құрылымының ыдырау процесі.

Деноминация – басқа діндердің заң аясындағы қызметін қолдайтын және қоғаммен арақатынасын позитивті принциптерге негіздейтін діни ұғым.

Депривация – адамдар мен топтардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінен айыру немесе оларды шектеу процесі.

Дәстүр — адамдар бұрын пайдалы болғандықтан да қабылдап, кейінгі ұрпақтарға беріп отыратын мәдени нормалар мен
құндылықтар, әдеттер.

Девианттық ауытқу тәртібі — жалпы жұрт қабылдаған нормаларға сәйкес келмейтін, нәтижесі бір нормаларды бұзуға апарып соқтыратын индивидтің немесе топтың тәртібі.

 

Е

Екіншілік топ — мүшелерінің арасындағы әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастар жеке емес сипатта болатын топ.
Мұндай топ ортақ мақсатқа жету үшін құрылып, ондай қажеттілік
жойылғанда тарайды.

Ж

Жасырын қызмет — әлеуметтік институт қызметінің байқалуы қиын бөлігі; әдетте, елеусіз болып танылмауы да мүмкін,
танылғанның өзінде де қосымша саналады.

И

Интруппа — индивид қарым-қатынасында өзінің ұқсастығын, қатыстылығын сезінетін топ, не әлеуметтік категория.
Индивид бұл топтың мүшелерін «өзіміз» деп біледі.

Институционалдандыру — кейбір қоғамдық кажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында жұмыс істейтін әлеуметгік нормалар мен ережелерді, мәртебелер мен рөлдерді айқындау және
бекіту, оларды жүйеге келтіру процесі.

 

К

Контрмәдениет — басым мәдениетке қарама-қарсы келіп,
оған қарсылық білдіретін, белгілі бір топқа қабылданған мәдениет үлгілерінің жиынтығы.

Конформизм — топтық қысым көрсету арқылы бақыланып отыратын тәртіп. Топ өзі енгізген тәртіп нормаларының көмегімен индивидтерді топ мүшелерінің интефациясын қолдауға мәжбүрлейді.

Кооперация — бір мақсатқа жету үшін бір, не бірнеше
топ өкілдерінің бірігіп, ұйымдасып әрекет жасау процесі. Кооперацияның негізі өзара тиімділік.

Көлденең мобильділік — индивидтік не әлеуметтік нысанның сол деңгейдегі бір әлеуметтік бағыттан екіншісіне ауысуы.

Коммуникация – бір адамның екінші бір адамға мәлімет беруі. Коммуникацмя кез келген әлеуметтік өзара қатынастардың негізі.

Конвергенция ілімі – капиталистік және социалистік қоғамдардың біртіндеп, біте қайнасып, бір біріне сіңісуін уағыздайтын бағыт.

Конформизм – бұқаралық санада қалыптасқан стереотиптерді, салт-дәстүрлерді, бедел мен принциптерді қарсылықсыз қабылдау және сақтау.

 

 

Қ

Қол жететін мәртебе — индивидтермен айналысып
оларды жеке таңдауы, қажыр-қайраты және басқа да индивидтермен бәсекеде нығая түсетін әлеуметтік бағыт.

Қоғамдық пікір - әлеуметтік қауымдардың қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға, әлеуметтік құбылыстарға қарым-қатынасын білдіретін бұқаралық сананың жағдайы.

 

 

Л

Лидерлік — топ серкесі ролін атқаруға қажетті
қабілеттің, сапа мен мінездің индивидтің бойында көрінуі.

 

М

Макросоциология – күрделі әлеуметтік процестерді, әлеуметтік топтарды және қоғамдық өмірді тұтастық тұрғысынан зерттейтін бағыт.

Маргиналдық – екі мәдениеттің өзара әсері процесіне қатысушы, бірақ екеуінің біріне де толық сіңісе алмай, екі арада қалған адамдардың немесе әлеуметтік топтардың рухани жағдайы.

Микросоциология – шағын әлеуметтік жүйелерді, әлеуметтік құбылыстар мен процестерді талдайтын социологиялық зерттеулер.

Моногамия – бір күйеу мен бір әйел арасындағы неке.

Монотеизм – бір ғана құдайды мойындайтын дін.

Маргинал тұлға — екі, не одан да көп мәдениеттің арасындаболып, бір-бірімен толық емес, бірімен ғана жарым-
жартылай ассимиляцияға түскен индивид.

Миграция — басқа аймаққа, басқа географиялық ауданға, болмаса қоныс аудару арқылы индивидтердің, әлеуметтік
топтардың тұрақты тұрғын жерінің өзгеру процесі.

Моральды тұлға — қоғам мүшелерінің көпшілігі пайдаланатын мәдениет үлгілерін мойындайтын адам.

 

О

Отбасы — бала тәрбиелеуді қамтамасыз ететін және басқа да қоғамдық мәні бар қажеттіліктерді канағаттандырып отыратын адамдардың некелік және туыстық катынастары арқылы
байланысатын тобы.

Ө

Өркениет – қоғамның сапалық дамуы барысын көрсетеді.

 

 

П

Парламент – елдің жоғары өкілдікті органы, ол мемлекеттің саяси ұйымы жүйесіндегі заңнамалық билікті жүзеге асырады.

Партия – аса маңызды әлеуметтік-саяси институт, сол арқылы азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы жүзеге асырылады, ол саяси мақсаттарға жетуге бағдарланған ұйымды көрсетеді.

Р

Респондент – социологиялық зерттеу барысында сауалдарға жауап беруші.

Референтті топ – әлеуметтік топтардың ішіндегі ең артық көрінетін тобы, сол топтың қасиет, сапасы туралы біртұтас түсінік.

Рөл тартысы — индивидтің өзіне сай келмейтін жауапкершіліктері мен талаптары талас тудыратын бір немесе бірнеше рөлдерді орындауына байланысты болатын тартыс.

Рөлдік тәртіп — әдістегі мінез-құлқына сәйкес рөлін қарапайым орындаудан өзгеше белгілі бір әлеуметтік рөл ойнаушы
индивидтің шын мәндегі тәртібі.

 

С

Социеталдық – күрделі әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік қарым-қатынастар мен процестерді белгілейтін ұғым.

Социометриялық әдіс – социология ғылымы шешуге тиісті көптеген міндеттерді шағын топтарда болып жатқан процестерді зерттеу арқылы орындайтын әдіс.

Сұхбат – (интервью) респонденттен ауызша қойылған сұраққа тікелей жауап алу арқылы жүргізілетін социологиялық зерттеу әдісі.

Саясат – әлеуметтік топтар, ұлттар, таптар арасындағы қатынастармен байланысты қызмет саласы, оның өзегі мемлекеттік билікті пайдалану проблемасы болып табылады. Макс Вебердің анықтамасы бойынша, “саясат” ұғымын кең мағынада дербес басшылық жөніндегі қызметтің барлық түрлерін зерттеп-зерделеу кезінде пайдалануға болады. Билік және мемлекет проблемаларын зерттеу контексінде саясат билікке қатысуға немесе билікті бөлісуге ықпал

көрсетуге ұмтылуды білдіреді, мейлі, ол мемлекеттер арасындағы немесе мемлекет ішіндегі, адамдар топтарының арасындағы билік бола берсін. Саясат анықтамасының шешуші сөзі – “билік”.

Стратегия (грек тілінен алынған) – мемлекет қызметінің жалпы бағыттары; оның басты мақсаттары мен оларға қол жеткізудегі негізгі тәсілдердің жиынтығы. Сыртқы ортаның факторларын есепке алуды ұйғарады.

Т

Тұжырымдама – басқарушы идея, жалпы ой-пиғыл, яғни алға қойылған мақсатқа жету үшін белгіленген негізгі жол.

 

Тік мобильділік — индивидтің не әлеуметтік нысанның
өзгеруіне жағдай туғызатын өзара әрекеттердің жиынтығы.

 

Ұ

 

Ұйым — бір-бірімен байланыста болып ерекше мақсаттарға
және жоғары формалы құрылым құруға бағыт алған әлеуметтік топ.

 

Э

Этнос – (тайпа, халық дегенді білдіреді) ортақ белгілері мен тұрақты тілі, мәдени және психологиялық ерекшеліктері, салт-дәстүрлері бар белгілі аумақта тарихи қалыптасқан топ.

Элита – (өте жақсы, таңдамалы дегенді білдіреді) әлеуметтік топтардың ішіндегі ерекше жеңілдіктері бар жоғарғы топ.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 706 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2254 - | 2184 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.