Уәждеменің екі теориясы бар: мазмұндық және процессуалдық.
Уәждеменің мазмұндық теориясы қажеттіліктерге негізделген, яғни басшы қызметшінің қажеттіліктерін анықтап алып, оны қанағаттандыру арқылы ұйымның мақсатқа жетуіне жағдай жасайды. Бұл тұжырымдаманың негізін қалаушылар Абрахам Маслоу, Дэвид МакКлелланд пен Фредерик Герцберг болып табылады.
Адам қажеттілігінің күрделілігі мен оның уәждемеге әсерін алғаш рет талдаған Маслоу болды. Өзінің уәждеме теориясын 40-шы жылдары жасай отырып, ол адамдардың қажеттіліктері әр түрлі екендігiн танып, сондай-ақ осы қажеттіліктерді бес негізгі санатқа бөлуге болады деп ұйғарды:
1.
|
2. Қауiпсiздiкке деген қажеттiлiктер.
3. Әлеуметтiк қажеттiлiктер (әлеуметтiк әрекеттестiк, сүйемелдеу).
4.
|
5. Өзiн-өзi көрсетуге деген қажеттiлiктер (өзiнiң потенциалды мүмкiндiктерiн жүзеге асыруға деген).
Маслоудың теориясы бойынша барлық осы қажеттiлiктердi қатаң иерархиялық құрылым түрiнде көрсетуге болады. Адам алдымен төменгi деңгейдегi қажеттiлiктердi қанағаттандыруға тырысады, демек олар адамның iс-әрекетiне де жоғары деңгейдегiлерге қарағанда ертерек ықпал етедi.
Сурет 22.1. Маслоу теориясы бойынша қажеттіліктер иерархиясы
Маслоу теориясының кемшіліктері де бар:
Ø ол келесі деңгейдегі қажеттілік оның алдындағы қажеттілікті қанағаттандырғаннан кейін ғана туындайды деп ұйғарды;
Ø әрбір адамның жеке ерекшеліктерін ескермеді.
Жоғары деңгейдегі қажеттіліктерге негізгі сенім артқан уәждеменің өзге үлгісі МакКлелланд теориясы болып табылады. Ол адамдарға үш қажеттілік тән деп есептеді:
1) билік - өзге адамдарға ықпал ету тілегінен көрінеді;
2) жетістік - жұмысты аяғына шейін сәтті жеткізу процесімен қанағаттандырылады;
3) қатыстылық - қарым-қатынас жасауға, өзгелерге көмек көрсетуге мүдделі.
Герцбергтің екі факторлық теориясы. 50-ші жылдардың екінші жартысында Герцберг қажеттілікке негізделген уәждеменің тағы да бір үлгісін әзірледі. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді ол 2 санатқа бөлді:
1) гигиеналық факторлар (жұмысқа қанағаттанбау факторлары) - олар жұмыс істелетін қоршаған ортаға байланысты: фирма саясаты; жұмыс жағдайлары; жалақы; басшылармен, әріптестермен және бағыныштылармен өзіндік қатынастар; жұмысқа тікелей бақылау жасау дәрежесі;
2) уәждеме факторлары (жұмысқа қанағаттану факторлары) - жұмыстың сипаты мен мәніне байланысты: жетістік; қызмет бойынша алға жылжу; жұмыс нәтижелерін тану мен мақұлдау; жоғары дәрежелі жауапкершілік; іскерлік және шығармашылық өсу мүмкіндігі.
Маслоу, МакКлелланд және Герцберг теорияларын салыстыру.
1. Маслоу теориясы:
- қажеттіліктер бастапқы және қосалқы болып бөлінеді әрі олар басымдылыққа сай орналасқан бес деңгейлі иерархиялық құрылым болып табылады;
- адамның мінез-құлқын иерархиялық құрылымның ең төменгі қанағаттандырылмаған қажеттілігі анықтайды;
- қажеттілік қанағаттандырылғаннан соң оның уәждемелік ықпалы тыйылады.
2. МакКлелланд теориясы:
- адамды уәждемелейтiн үш фактор - бұл билік, жетістік және қатыстылық қажеттіліктері;
- төменгі деңгейдегі қажеттіліктер әдетте қанағаттандырылғандықтан жоғары деңгейдегі осы қажеттіліктер барынша маңызды.
3. Герцберг теориясы:
- қажеттіліктер гигиеналық және уәждеме факторлары болып бөлінеді;
- гигиеналық факторлардың болуы тек жұмыспен қанағаттанбаудың дамуына мүмкіндік бермейді;
- уәждеме факторлары адамның мінез-құлқына белсендi түрде ықпал етеді;
- бағыныштынарды тиімді түрде уәждемелеу үшін басшы жұмыстың мәнін өзі ұғынуы тиіс.