Кез келген басқарушы басшылық стилін таңдай отырып, өзінің мінез-құлқын жасайды. Осымен байланысты американдық менеджмент теорияшылы, басқарудың мінез-құлық астарлары саласындағы маман Дуглас Мак Грегордың жұмыстары пайдалы. Оның «Мак Грегор дихоматиясы» ретінде белгілі басқарушылық теориясы бағыныштылардың әр түрлі мінез-құлық үлгілеріне, олардың қажеттіктеріне негізделген «X» және «У» рәміздерімен шартты белгіленген басшының мінез-құлқының 2 үлгісін өзіне алады.
«X» бірінші теориясы әлеуметтік басқару мәселелеріне дәстүрлі көзқарасқа сәйкес, екінші «У» жаңа түрдегі басқару негізі ретінде қарастырылатын басқару үрдісіндегі жеке және үйымдастырушылық кірігу алғышарттарын зерттеді.
«X» теориясының басты ережелері авторитарлық стильдің алғышарты болып табылады:
1. Іштей еңбек мазасыздығын бастан кешкен кәдімгі адамға және ол одан кез-келген жолмен қашады;
2. Адамдарда әділетгік жоқ, олар жауапкершіліктен қашады;
3. Амбициясы аз кәдімгі адамға;
4. Адамдарды еңбек етуге мәжбүрлеуге.
«У» теориясы демократиялық басқару стиліне алғышарт болып табылады.
1. Еңбекте, ойында немесе демалыста дене және жеке дара мүмкіншіліктер күш шығару. Егер қолайлы жағдай болса, адамдар жауапкершіліктен қашпайды, оған тырысады.
2. Сыртқы бақылау немесе жазалау қауіпті ұйымдастырушылық мақсатқа жетудің дара құралы емес.
3. Егер адамдар ұйымдастырушылық мақсатқа тартылса, олар тапсырмаларды орындау кезінде өзін-өзі басқару мен өзін-өзі бақылауды пайдаланады.
4. Сыйақы беру міндетке жету үшін қажет
5. Кәдімгі адам тиісті жағдайда өзіне жауапкершілік аркалап қала қоймай, оны өзі іздейді.
6. Мәселелерді негізінен, шығармашылықпен шешу қабілетті адамдар арасында көп кездеседі.
7. Қажет болған жағдайда орташа адамның жеке дара мүмкіншіліктер карымы ішінара пайдаланылады.
«X» теориясының осін құрайтын орталық ұстаным, яғни басқаруға дәстүрлі жақындау басқару мен бақылауда билікті тікелей қолданудан тұрады, ал адам - билік әсерінің тұтқыр нысаны ғана.
Керісінше, «У» теориясының шеткі бұрыштық тасы кірігу, яғни жағдай жасау кәсіпорынның коммерциялық табысына әсер етуді қолдау арқылы өзінің жеке мақсаттарына жету болып табылады.
Бүгінгі таңда өндірісті ұйымдастыру саласындағы американдық зерттеуші, «Z теориясы» кітабының авторы У. Оучи болып табылатын теория таралған. У. Оучидің айтуынша, жүмысшылардың көпшілігі еңбекқор, жауапты, оларды қолдау керек. Ол өнім сапасы, еңбек өнімділігі және еңбек әрекетінің сапасы арасындағы белгіленген байланыс бар екендігін анықтады. Сондықтан кез-келген компаниядағы басқару ісін жақсы қою үшін «адамдарға тексіз анық бағдарлау» қажет. IBM, «Efstman Kodak», «Procter and Gamble», «Hewiett Packard» тәрізді әйгілі американдық компаниялар басқару мәселелеріне жақындау негізіне төмендегідей ережелерді қосқан 2 теориясын орнықтырды:
1. Жұмыстан босату саясатынан бас тарту.
2. Жұмысқа қатысты шешім қабылдауға басшылықты да, қызметкерлерді де қатыстыру.
3. Компанияның әр түрлі қызмет салалары бойынша қызметкерлердің ротациясын қарастыратын қызмет мансабы
бағдарламасы.
4. Барлық қызметкерлердің әл-ауқатын қамтамасыз етуге
анық көңіл аудару және мақсаткерлік.
Мемлекеттік басқарудың негізі болып адамның рөлі, орны және қоғамның басқарудың объектісі ретінде болуы есептеледі.
Демократиялық басқарудың негізі – адам үшін күнделікті қызметі, жұмысы кәдімгі жағдай болып, оның өзін-өзі ұстауға қабілетті болуы және жауапкершілікті мойындауы болып табылады. Сондықтан, сыртқы қадағалау мақсатқа жетудің бірден-бір жолы болып есептелмейді. Басқарудың мұндай стильі өкілеттікті дегалиттеуді қарастырады. Демократиялық басқару мынадай сызба бойынша жүзеге асырылады: адам – қоғам – мемлекет. Ұлттың прерогативасы мемлекеттен кең және азаматтық, қоғамның өзін-өзі басқарудың институтын енгізеді. Демократиялық басқару қандай да мемлекеттік құрылымда болуы мүмкін. Мысалы, Англияның монархиялық жүйесі демократиялық институттардың болуына кедергі жасамайды. Ал Жапонияда монархия демократия мен коллективизм үйлестірілген. Демократия заңдарды қабылдаумен, Конституция жазылуымен бекітілмейді. Мемлекетпен демократиялығын молшылық деңгейімен, биліктің басынушылықпен күресуінен, шенеуніктер коррупциясы мен қылмысты көруге болады.
Авторитарлық басқару негізі – адам еңбек еткісі келмей, жауапкершіліктен қашып, атаққұмар,
басқаға өзін басқаруға мүмкіндік береді. Сондықтан, еңбек нәтижелілігін көтеру үшін оны зорлап бақылау қажет. Авторитарлық басқаруда жауапкершілік пен бақылау биліктің жоғарғы деңгейіне шоғырландырылған, көшбасшы жеке билікті имеденеді. Ал қызметкерлер оның жарлықтарын орындаумен айналысады.
Басқарудың демократиялық стилі анархизмге, ал авторитарлық – тоталиторизмге негізделген.
Анархиялық басқаруда әртүрлі жағдайларға, заң мен факторларға ешкім араласпайды. Ал тоталитаризм кезінде қоғамның барлық салаларын мемлекет толық қадағалайды.
Халық керекті және орынды мемлекеттік құрылымды таңдайды. Ол адамдарға молшылық әкеліп, экономиканың нәтижелілігін және әділетті бөлуді қамтамасыз еткенге дейін белгілі мерзімге таңдалады. Мемлекеттік жүйеге ең алдымен, халық кедейшілігі, әлеуметтік және т.б. Құлдыраулар қауіп төндіреді.
Орталық биліктің мемлекет құрамына кіретін әкімшілік, ұлттық бірліктермен қарым-қатынас сипатына қарай мемлекеттік басқару жүйесі координациялық және субординациялық болуы мүмкін.
Координациялық басқару федерация және конфедерация түрінде жүзеге асырылады. Федерацияда мемлекеттік биліктің бірыңғай органы бар, ал конфедерацияда жоқ. Федерация мүшелерінің өздерінің конституциялары, заң шығарушылық, орындаушылық және сот органдары болуы мүмкін. Сонымен қатар мемлекеттік биліктің бірыңғай федеративті органдары құрылады. Жалпы азаматтық, ақша бірлігі орнатылады.
Конфедерация құрған мемлекеттер толық тәуелсіздікті сақтап, өзінің мемлекеттік билік пен басқару органдарының иеленеді. Белгілі мақсаттағы әрекеттерді сәйкестендіру үшін (жоғарғы саяси, әскери және т.б.) мемлекеттер бірлескен органдар құрады.
Субординациялық басқару қатал әкімшілік бағынуға бұйрықтарды орындауға мәжбүрлеуге негізделген. Субординациялық биліктің мысалы ретінде КСРО-ның мемлекеттік жүйесі бола алады, онда билік республикалардың облыстардың партиялық комитеттеріне бағынады және орталық комитеттің бұйрықтарымен жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болып саналады.
Орытынды
Басшының стилі - бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі. Басшының дербес және жалпы стилі болады. Дербес стиль нақты құбылыс – оны түгелдей, егжей-тегжейлі қабылдауға болмайды.
Дебиеттер
1. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.
2.Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.
3. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.
4.Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.
5.Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997
6. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995
7. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995
8. Опалев А.В Умение общаться с людьми. Этикет делового человека. М: Культура и спорт, Юнити 1996
9.Казанцев А.К., Крупанин А.А. Менеджмент в предпринимательстве: Уч.пос. – М.: ИНФРА-М, 2003 г.
10.Каренов Р.С. Менеджменттің теориясы мен практикасы. – Алматы: Ғылым, 1999 ж.
11.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента: Учебник. – Минск: «Экономпресс», 2005 г