Мақсаты: ықпал ету үшін биліктің негізі болуы керектігін анықтау. Белгілі бір билікке ие болу үшін бағыныстыға немесе бір адамнан екінші бір адамға аса қажетті нәрсе арқылы өзіңізге бағынуға мәжбүр етеді. Осыған байланысты биліктің немесе ықпал етудің 5 формасын табу.
Жоспары:
1. Лидерлік, билік және ықпал етудің мәні
2. Билік және ықпал ету формалары
Менеджмент функциясын тиімді орындау үшін, тиімді жетекшілік қажет ал тиімді жетекшілік басшының лидерлік ықпалымен, бағыныстыларымен тиімді әсер етумен байланыстырылады. Лидердің тиімділігін Басқаларға қаншалықты әсер ете алуымен бағаланады. Басқарушы мен лидердің арасында айырмашылық бар.
Басқару – бұл басшының өз бағыныстыларына белгілі бір тапсырмаларды бере отырып, оның орындалуын жүзеге асыратын ақыл-ой еңбегі. Ал лидер – бір адамның топ мүшелеріне ықпал етуі. Басшы өкілеттіліктерді делигирлеу арқылы ұйымның басшылық қызметін атқартын болса, ал лидерлікке өкілеттілік керек емес.
Ұжым жетекшісі дегеніміз – бір уақытта әрі лидер әрі бағыныстыларын тиімді басаратын басшы. Оның мақсаты басқаларға ұйым жұмысын тиімді орындауына ықпал ете білу.
Ықпал ету – бір адамның екінші бір адамның мінез құлқына, қарым-қатынасына т.б. өзгеріс енгізуі. Ол өтініш арқылы, қорқыту т.б. жүзеге асырылады.
Билік дегеніміз – басқалардың міне-ұлқына ықпал ете білу мүмкіндігі. Басқаруда биліктің қажеттігі зор. Ресми өкілеттіліктерге қосымша билік қажет. Себебі, басшы қол астындағы бағыныстыларға, одан да тыс адамдарға байланысты болады. Билікпен ықпал ету лидерліктің құралдары болып табылады. Егер жетекшілер басқаларға әсер ету үшін қажетті билік болмаса, онда ол өзіне қажетті ресурстарды басқа адам арқылы ала алмайды, сөйтіп ұйым жұмысының тиімділігі нашарлаайды.
1. Жетекшілік ету үшін ықпал ету қажет. Ал ықпал ету үшін биліктің негізі болуы керек. Белгілі бір билікке ие болу үшін бағыныстыға немесе бір адамнан екінші бір адамға аса қажетті нәрсе арқылы өзіңізге бағынуға мәжбүр етеді. Осыған байланысты биліктің немесе ықпал етудің 5 формасы бар:
a. Мәжбүр етуге негізделген билік. Мұнда орындаушы ықпал етудің әрекетінен жасқанады, аса үлкен қажеттіліктерді қанағаттандырмай тастайды деп қорқады. Яғни үрейлендіру арқылы ықпал ету.
b. Марапаттауға негізделген билік. Мұнда орындаушы ықпал етушіге өз еңбегінің жемісі үшін жақсы сыйлық аламын деп күтеді, оның айтқанын оындайды. Бұл билік етудің тиімді формасы және күту теориясымен байланысты.
c. Сараптау билігі. Орындаушы ықпал етушінің білімі бар деп сенеді. Осыған байланысты оның айтқанын орындайды. Бұл әдіске дәрігер мен емдеуші адамның арасындағы қарым-қатынасты айтамыз.
d. Эталондық(үлгі) билігі. Орындаушы ықпал етушінің қасиеттеріне, сыртқы сипаттамасына ұқсағысы келеді. Билік етудің бұл формасы хорезм арқылы арқылы әсер етуді білдіреді.
Хорезм – лидердің жеке қасиеттері мен қабілеттеріне байланысты құрылған билік. Хорезматикалық ықпал – орындаушының өз басшысына деген құрметіне, силастығына негіздеоген. Хорезматиканың белглері:
- сыртқы түрінің ықпалдылығы (сыртқы түрі тартымды болады)
- мінез құлқының тәуелсіздігі.
- Басқамен қарым-қатынас дұрыс орнатып, сөйлесе және тіл табыса алады.
- Кез-келген жаңдайда өзін жоғалтпайды, сенімді адам, ойы өте жинақы, ситуацияларды меңгере алады.
- Заңды билік- орындаушы ықпал етушінің билік беруге құқығы бар, ал оны орындау өзінің міндеті деп сенеді.
Бағынышты басшының бұйрығын ұйымның иерархиялық төменгі сатысында тұрғандардың орындауы қажет деп ойлайды.
Дәстүр- ұйым үшн де, асшы үшін де өте тартымды құрал. Ол адамға емес лауазымға ықпал етуге үйретеді. Бұл жағдайда тұрақтылық көтеріледі. Себебі ұйым бір адамның қабілетіне тәуелді емес. Дәстүрге бағынуға ұйымдар ықпалдың бірер тиімділігі жоғары болады.
3.Бағыныштылардың қабілеті басшылардың қабілетіне жақындаған сайын басшы бағыныштыға ықпал ету үшін, онымен бірігіп қызмет атқаруға тырысады. Бағыныштыға белсенді байланысқа шақыратын ықпал етудің 2 формасы бар:
- Көз жеткізу
- Қатынасу.
Көз жеткізу арқылы ықпал ету – басқа адамға ықпал ету үшн марапаттауға немесе жазалауға қабілетті болуын хорезматикалық қасиет иесі болудың немесе білімді болудың қажеті жоқ. Тек өз көзқарасыңды ұтымды түрде жеткізе алсаң жетіп жатыр. Шынайы сенім сияқты көз жеткізу үлгілі билікпен сараптау билігіне негізделген. Көріп жеткізу арқылы ықпалын жеткізетін басшы бағыныстысына ешқашан не істеу керектігін айтпайды. Керісінше ол бағыныстысының қандай да бір қасиеттеріне сене отырып билікті өз қолына береді. Көз жеткізу арқылы ықпал ете алады. Көзжеткізу арқылы ықпал етуді мыналар арқылы тиімді етуге болады. Ол үшін 1)- тыңдаушының қажеттіліктерін дәл анықтау қажет, 2)- сенімділік таныту, 3)- тыңдаушының мүддесі тұрғысынан мәселені қарастыруға болады.
Ықпал етуді тәжірибеде қолдану.
Үрейлендіру, марапаттау, дәстүрлеу, хорезм, шынайы сенім, көз жеткізу, бұлар басшы өз жұмысында ықпал ететін құрал болып табылады. Осы құралдарды тиімді пайдалану үшін мыналарды пайдалану керек:
- Ықпал етуге тиісті адам ықпалды белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру көзі ретінде қарастыру қажет;
- Ықпал етілетін адам өзіне жіктелген міндетті орындаған жағдайда өз қажеттіліктерінің қанағаттандырылатындығына сенімді болу керек;
- Ықпал ететін адам өз күш жігерін мақсаттарды орындауға жұмсай отырып басшының сенімінен шығатындай болу керек.