Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырыбы: Қазіргі заманғы экологиялық концепциялар




Жоспары:

1. Экология деген не және оның атқаратын қызметі.

2.Табиғат – биосфера – адам системасындағы қайшылықтар.

3.Экологиялық проблемаларды шешу жолдары.

4. Тұрғын халықтың экологиялық санасын қалыптастыру

1. Экология деген не және оның атқаратын қызметі. Табиғат пен қоғам, адам арасындағы қарым-қатынастар қайшылықсыз, әрдайым үйлесімді деп қарауға болмайды. Олардың арасында барған сайын ішкі қайшылықтар көбейіп отырады. Бұл қайшылықтардың қайнар көзі қоғам мен табиғат дамуларының бір-біріне қарама-қарсы екі тенденциясында (бағытында) жатыр.

Оны алдын ала байқау, болжау өте қиын. Мәселен, адам жер жыртып, егіс егіп, өзіне қажетті өнімді молайтуға әрекет жасағанда қате жіберсе, топырақтың үстіңгі құнарлы бөлігін жойып алуы мүмкін. XX ғасырдың 50-жылдарынын екінші жартысында, мәселен,- Қазақстанның солтүстік облыстарындағы тың жерлерді жаппай жыртып тастап, тыц игеру науқанын іске асырғанда, ол жерлерде көктемде, күзде болатын қатты желді ескермей, шаң боранға жол берді, сөйтіп топырақтың үстіңгі құнарлы бөлігін жел ұшырап кетті. Алдымен егістікті желден қорғайтын орман алқабын жасау кджет деген ғалымдардың ғылыми пікірімен партия басшылары санаспады. Немесе оңтүстік Қазақстанда мақта егістіктерін суғару агротехникасын бұзудың салдарынан топырақтың түзы кобейіп, "сорланып" кетуі, сойтіп егістікке жарамай қалуы, Өзбекстан, Қырғызстан және Туркменстан республикаларында жаппай жаңа егістік жерлерді игеру саясаты Амудария мен Сырдария өзендерінін суының құрт азаюына әкелді, ал соның салдарынан Арал теңізінің құрғауы, сөйтіп оның айналасындағы неше жүз мыңдаган гектар жердің адам тұруга жарамайтык құм далаға айналуына алып келгендігі т.б. кептеген мысалдар адам әрекетінің түбіне ортаға тигізген зиянды нәтижесі болып табылады.

Табиғаттың біртұтас диалектикалық сипатын адамның ескермеуі қоғам үшін де, табиғат үшін де орасан зор зиян келтіретінін XIX ғасырдың екінші жартысында Ф.Энгельс атап көрсеткен болатын. Дегенмен, деді ол, табиғатгы жендік деп онша алданбай-ақ коялық. Әрбір мұндай жеңісіміз үшін ол бізден өш алады. Ия, бұл жеңістердің әрқайсысы алғашында біз көздеген нәтижеге жеткізетіні рас, ал бірақ одан кейінгі екінші, үшінші кезекте мүлдем басқа, біз күтген, көбінесе алңашқы табыстарымызды жойып жіберетін теріс нәтиже береді.

XVIII ғасырға дейін адамзат табиғатпен, жалпы алғанда, үйлесімді қарым-қатынаста болып келген еді. Ал XIX ғасырдың аяғына қарай адам мен қоршаған сыртқы орта арасында үйлесімсіздік пайда болды. Ол үйлесімсіздік үлғая келе XX ғасырда табиғат пен адамзат қоғамы арасындағы қайшылыққа айналды.

Ал бұл жағдай қоршаған сыртқы ортаны зиянды қалдықтардан тазартып, табиғаттың перзенті болып табылатын адамның "табиғи мекенін" жақсарту қажеттігін тудырды. Сөйтіп, XIX ғасырдың аяғында "экология" деген қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын зерттейтін жаңа ғылым дүниеге келді.

Экологияның зерттейтін пәні және атқаратын міндеті неде?

"Экология" деген терминді алғаш 1879 жылы неміс биологы Эрнст Геккель қолданып, онымен тірі организмдердің сыртқы ортамен қарым-қатынасын білдіретін ғылымды атады. Ол Бұл жаңа ғылым жануарлар меи өсімдіктердің олар омір сүретін сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттеумен ғана айналысатын таза биологиялық ғылым болады деп ойлады. Алайда, қазір экологая Геккель белгілеп берген тар шеңберден шығып, биосфера мен қоғамның өзара әрекетгесу құбылысын зерттейтін шын мәніндегі ғылымаралық пәнге айналды. Бұл мәселелермен айналысатын мамандардың пікірінше, қазіргі экология физикалык. құбылыстар мен биологиялық ғылымдары мен қоғамдық ғылымдар арасында өткел болып табылатын жаңа интеграциялық ғылымға айналды.

Экологияның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысын оның әлеуметтік, медициналық, тарихи, этикалык экология деген тарауларының пайда болуы айқын көрсетеді. Біздің оқитын пәніміз қоғамның сырткы ортамен өзара әрекеттесу проблемаларын зерттейтін әлеуметтік экологияньщ биосферамен байланысты бөлігі ғана. Әлеуметгік экология пәнін және оның қызметін дұрысырақ түсіну үшін түрліше экологиялық системалардың құрылымы (структурасы) мен ішкі байланысын, сондай-ақ ұйымдасу деңгейлерін білген жөн. Енді соларды қысқаща ғана қарастырайық.

Экологиялық системаларға әдетте барлық тірі системаларды, оларды қоршаған ортасымен бірге жеке популяциялардан бастап, бүкіл бисофераны жатқызады.

Оның құрылысы мынадай тізбектен тұратынын атап көрсетеді: жеке организм — популяция — түр — биоценоз — биогеоценоз — биосфера. Экология үшін ең кіші болік белгіні бір түрге жататын, сол түрдің ішінде өзара әрекеттесетін организмдер жиыны, ал түр біртұтас система ретінде сыртқы ортамен өзара әрекеттесте болады. Демек, тірі молекула, клетка және организм де сыртқы ортамен озара әрекетгесу арқылы өмір сүргенімен, бірақ молекулалық деңгей де, клеткалық деңгей де, организмдік деңгей де экологияда жеке-дара қарастырылмайды. Тіпті жеке популяцияларды да таза күйінде қарастыру қиын, өйткені табиғи жаратылыста олар тірі системалардың әлдеқайда кеңірек тобына бірігеді де сыртқы ортаның әлі факторларымен өзара әрекеттеседі.

Популяциялық деңгейде биоценоз және биогеоценоз деп аталатын экологиялық системаларға бірігетіні жоғарыда айтылған. Бұл системаларда тірі организмдер бірлестігі олардың өмір сүруінің тірі емес жағдайларымен, мысалы, топырақпен, микроклиматпен, сол жердің гидролоциясымен және т.б. тығыз бірлікте зерттеледі. Бұлардан да ірі экологиялық система биом деп аталады - оның құрамына тірі системалар мен тірі емес факторлардың әлдеқайда кең территориясы, мысалы, Іле алатауында өсетін қарағай ағаштары жатады. Ақыр сонында, Вернадскийдің ілімі бойынша, пәрменді әсер ететін біртұтас системасын қамтиды екен. Бұл биосфера тек. Күн энергиясы есебінен өмір сүріп дамиды, сондықтан ол экосистема деп аталатын ашық система болып табылады. Демек, биосфера дегеніміз Жердің сыртқы бетін, суды және ауаны, яғни Жердің, шамамен алғанда, 10 км терендігін және Жердің үстіндегі 30 км биіктікті қамтитын тіршілік сферасы екен.

Экосистеманың сыртқы ортадан энергия алып, оны өзгерту процесіне үңіле қараса, немістің жаратылыс зерттеушісі Р.Майердің тірілік дегеніміз күн сәулесін өндіру деген сөзімен келіспеске болмайды. Шынында да, Күн сәулесінің энергиясы фотосинтездеу процесінің нәтижесінде алғашында өсімдіктердің жасыл түсті органикалық қоспасына айналады. одан шопқөректі жануарлардың азығына айналады, ал бұл соңғы жыртқыш андардың қорегіне және т.б. айналады. Бұл табиғи экологиялық процесс.

Ал енді энергияның қоғам дамуындағы рөлі мен маңызын талдап көрсек, энергия козін пайдалануы тұрғысынан экосистемаларды төрт негізгі топқа болуге болалы екен:

1. Мұндай табиғат системалары Жер бетінде орасан үлкен территорияны алып жатыр. Мәселен, тек мұхиттар ғана Жер бетінің 70%-ын алып жатыр.

2.Күннің күшімен қозғалатын, бірақ баска да энергия көздерінен күш алатын табиғи системалар. Ондайларға мұхиттар мен теңіздердің жағаға жақын жерлері, үлкен көлдер, тропикалық ормандар және т.б. жатады.

3.Күннің күшімен қозғалатын және қазба отындардан (мұнайдан, көмірден, ағаштан т.б.) күш алатын табиғи системалар.

4.Негізінен қазба отындардан, көбінесе мұнай, таз, комір энергияларын және сондай-ак атом энергиясын алу үшін радиоактивтік заттарды пайдаланатын қазіргі заманғы индустриялық қалалар системасы. Бұл соңғы системалар елдің негізгі байлығын (түрліше өнеркәсіп товарларын және азық-түлік өндіру үшін ауылшаруашылык өңімдерін өңдеу т.б.) білдіреді. Өнеркәсіп орталықтарының Күн энергиясынан тәуелдігі шамалы, өйткені энергия күшін олар өнеркәсіптік өндірістен алады, ал азық-түлікті ауыл шаруашалығынан алады.

Дамыған капиталистік елдерде өнеркәсіптің еселеп өсуі энергияны барған сайын коп пайдаланып, сонымен бірге өндіріс қалдықтарының барған сайын көп шығуына алып келеді. Атмосферадағы ауаны ластау, су қоймаларының улануы, радиоактивтік калдықтардың жинақталуы - мұның бәрі ірі индустриялық орталықтардың өмір серігі десе де болады. Қазба отындардың барған сайын азайып бара жатқан қорын жыртқыштыкпен пайдалану, қайткенде де мол пайда табуға ұмтылу, сөйтіп сыртқы ортамен экологиялық тепе-тендікті бұзу — мұның бәрі адамзат қоғамының алдына аса шиеленіскен экологиялық проблемаларды қойып отыр

2. Табиғат — биосфера — адам системасындағы қайшылықтар. Адамның табиғатган, табиғи тіршілік ортасынан тәуелділігі адамзат тарихының барлық кезендерінде болып келеді. Бірақ ол тәуелділіктің сипаты әр кезеңдерде әртүрлі болды, диалектикалық қайшылықтар түрінде өзгеріп келді. Адамзаттың табиғаттан тәуелділігі алғашқы қауым кезендерінде негізінен өндірістік еңбек құралдарының өте нашарлығынан болған болса, ал қоғам дамуы алға басқан сайын. өндіргіігл күштер жетілген сайын жағдай өзгерген мүмкшілік арта түсті, яғни тәуелділігі әлсірете түсті. Киімін жетілдіру, жылытуға болатын баспана саду, су тасқындарынан қорғайтын бөгеттер салу, жер сілкінісіне төтеп бере ататын құрылыстар салу және т.т. бәрі тек жемісті еңбек етіп тұрмысты жетілдіру үшін қолайлы жағдайлар жасады.

Бірақ, сонымен қатар, өндірістік күштердің дамуының. ғылыми-техникалық профестің теріс нәтижесі де бар: темір өндірісін дамыта отырып, адам өзінің табиғат құбылыстарына "үстемдігін" арттырады да Жер шарындағы темір рудасынык қорын біртіндеп азайтады, сөйтіп өзінің табиғаттан тәуелділігін күшейтеді. Мұнай мен көмірді үзақ уақыт бойы өлшеусіз пайдалана отырып, ақыр соңында бұл әрекет ол кен байлықтарының тапшылығын тудыруы әбден мүмкін. Бұған мысал ретінде, мәселен, қазіргі мұнай-химия өндірісі бұл кенбайлығынан 8 мың түрлі бұйымдар шығатынын айтса да болады (оны жаппай отын, жанармай ретінде пайдаланып жатқанды айтпай-ақ қоялық).

Мындап келтіруге болатын мұндай мысалдар адамның біртіндеп табиғаттан тәуелділігін қайтадан арттырып келе жатқанын көрсетсе керек. Өнеркәсіп өндірісінің бүкіл дүние жүзінде қауыпты осуі, оның ішінде коп қалдықты технологияға негізделген өндірістің өсуі шегіне жете кобейгені сонша, бүгін танда экологиялык дағдарыс шегіне жетті, адамзатың өмірі үшіи қауіпті жағдай туды деуге болады. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынаста орын алган осы қайшылыктар — казіргі экологиялық дағдарыс міне осында.

XVIII ғасырда адамзат пен табиғат арасындагы қарым-қатынас жалпы алганда үйлесімдік (тепе-тендік) сипатта еді деуге болатын болса, ал XIX ғасырдың аяғына карай ол үйлесімділік (тепе-тендік) бұзылды деуге болады. XIX ғасырдың аяқ кезінен бастап, әсіресе XX ғасырда, ғылыми-техникалық революцияның жүзеге асуына байланысты, табиғатқа, биосфераға орны толмас зиян келтірілді. Бұған дәлел ретінде мынадай мәліметтерді келтірсе де болады: соңғы 100 жыл ішінде адамзат энергияның қорын мың есе арттырыпты.

Дамыған өндірісі мен қызмет көрсету әрбір 15 жылда екі есе артады екен. Бірақ сонымен бірге атмосфераны, су қоймалары мен топырақты улаңдыратын шаруашылық жұмыс қалдықтарының көлемі де екі еке өседі екен. Қазіргі заманғы өндірістер табиғаттан алған 100 кг шикізаттың 3-4 кг ғана пайдаланып, 96 кг табиғаты уландырғыш немесе ластаушы зат ретінде қайырады екен. Осылардың нәтижесінде Жер шарының айналасында топтасқан көмірқышқыл газының қабаты жер бетінің климатын өзгертіп жіберу қаупін тудырады. Оттегінің тепе-тендік балансының бұзылу қаупі, дыбыстан жылдам ұшақтардың ұшуы кезінде және сондай-ақ өндіріс пен тұрмыста фреон деп аталатын химиялық заттың қолданылуы салдарынан стратосфераның төменгі жағында озондық экранның бұзылу қаупі бар. Дүние жүзі мұхиттарының ластануы күшейді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 1972 жылы қоршаған сыртқы орта жөнінде болған Бірінші Конференциясында Жерде бүкіл биосфера дүниежүзілік дағдарысқа ұшырап отырғаны ресми түрде хабарланған еді, ал бүгінгі танда жергілікті (локальды) емес, дуниежузілік (глобальды) экологиялық проблемалар барлық елдердін алдында түр: өсімдіктер мен жануарлардың мыңдаған түрлері құрып бітті және құруда; ормандар алқабы айтарлықтай азаюла; пайдалы қазбалардың бар қоры құрт азаюда; атмосфераның көптеген жерлерде шегіне жете ластанғаны сонша, таза ауа жетіспеуге айналды; жер бетінде адам өз қолымен енгізген химиялык элементтер кездеспейтін бір де бір квадрат метр аудан қалмады.

Бұрын естілмеген тағы бір проблема шықты — ол адам денсаулыгының экологиясы. Ауаның, судың және топырақтың ластануы адам ауруының есуіне және түрлерінің өзгеруіне әкеп соқты: аллергия, сәуле және улану ауруларының жаңа түрлері шықты. Организмде генетикалық ауытқулар пайда болды. Ірі өнеркәсіп орталықтарыііда тыныс алу мүшелерінің ауруы көбейді. Жүрек-қан тамыры аурулары мен жүйке-психикалық және онкологиялық аурулар да жиілеп кетті.

Аурулардың шамамен 85% судан болады дейді дәрігерлер. Ауруларды тудыратын, ең алдымен, құрамында ауыр металдардың түрліше улы қоспалары бар және зиянды органикалық қоспалар мен бактериялар бар, сапасы төмен ауыз сулар. Суда неғүрлым тұздар көп болса, соғұрлым ол атеросклероз, инсульт, инфаркт деген және басқа ауруларды көп тудырады екен. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда, Адамның денсаулығы үшін ластанған топырақ та аса қауіпті екен. Топырақты ластайтын қалдықтардың ішінде өнеркәсіп пен шаруашылықтан шығатын уландырғыш ауыр металл қалдықтарын, радиоактивтік заттарды, гербицидтерді және басқа ауыл шаруашылық уландырғыштарының қалдықтарын атап көрсету қажет. Қалдықтардан туатын экологиялық проблемалардың зиянды нәтижесінің көлемін мынадан да көруге болады: бұрынғы совет елінде 90-жылдардың басына қарай жинақталған тек қатты қалдықтардың өзі ғана 80 млрд тонна болған екен. Бұл басқа елдердегіден 1,5-2 есе көп.

Радиация процесінің жоғары деңгейінің адам үшін, денсаулық үшін қаншалықты қауіпті екені елдің бәріне белгілі. Оның ең басты қауіптілігі радиациялық сәуле алған адамның өз басының ауруында емес, ол аурудың болашақ ұрпақтарына берілуінде, онкологиялық ауруға тап болған балалардың тууында. Ресейдің Чернобылге, Қазақстанның Семейге жақын облыстарында және т.б. жерлерінде онкологиялык сәулеленудің зардабын көруіні адамдар бүгінгі таңда да аз емес.

Қорыта айтқаңда, адам өмірінің табиғатган, табиғи тіршілік ортасынан тәуелділігін, ол тәуелділіктің барған сайын күшейе түсіп отырғанын көрсететін мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Алайда, ол мысалдар тек адам ғана табиғаттан тәуелді емес екенін, керісінше, табиғат та қоршаған сыртқы орта да адамнан, адамның іс-әрекетінен тікелей тәуелді екенін айқын көрсетеді. Және Бұл тәуелділік тек бүгінгісін ғана ойлап, табиғат байлықтарын өлшеусіз пайдалана беруде ғана емес, сонымен бірге сыртқы ортаға келетін зиянды зардап адамның өзін, бүкіл адамзаттың болашақ тіршілігін қандай зор қауіпке тіреуінде, сайып келгенде, адамның ақыл-парасатты тірі жан ретінде құрып кетуі мүмкіндігіне тірелуінде болып отыр.

3. Экологиялық проблемаларды шешу жолдары. Қазіргі заманғы адамзат қоғамының алдында, топтастыра айтқанда, екі негізгі қауіп түр. Оның бірі — адамның өз ақыл-ойы ойлап шығарған ядролық соғыс отында күйіп өлу, ал екіншісі — өз өміріне қажетті табиғи негізді жойып жіберу қаупі. Бірінші қауіпті қазіргі күнде іс жүзінде дүниежүзі халықтарының бәрі дерлік мойындап отыр ядролық соғыста жеңуші жақ болмайтыныңа олардың ешқайсысы таласа атпайды. Сондықтан да АҚШ-тың Иракқа қарсы ядролық соғыс ашуына көпшілік халықтар наразылык білдіруде.

Ал қауіптің екіншісіне келсек, оның қатерлігін көпшілік әлі ошпа ұғынбай жатқан сияқты. Сол себепті ле көптегеп адамдар өзінің табигатпен практикалық қарым-қатынасын көбінесе пайдакүнемдік тұрғыдан қүрады — табиғат түрліше ұлттар, таптар, әлеуметтік топтар үшін мол пайда табу жолындағы бәсеке объектісіне айналып отыр. Мысалы, Каспий теңізінің мұнайын бес жағынан бес мемлекет талап жатыр, ал ол әрекет түбінде қандай зардапқа алып келетіні белгісіз. Іс жүзінде экологиялық қатердің кауіптілігі сонша, оны болдырмау үшін адамзат өзінің табиға пен қарым-қатынасын үйлестіру үшін бірлесе, бірлікте әрекет етуі қажет. Бұл үшін ең алдымен табиғатқа пайдакүнемдік, технократиялық тұрғыда қараудан бас тартып, онымен үйлесімді қатынас жасауға, оны бағалауға, онымен тіл табысуға көшу қажет.

Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологизациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Олар: табиғатты қорғайтын технологиялар мен өндірістерді қолдану, жаңа өндіріс жобаларын экологиялык тұрғыдан міндетті экспертизадан өткізу (сараптау), ал түбінде — табиғат үшін де, адам үшін де зиянсыз, жабық циклды калдықсыз технологиялар жасау, азык-түлік өндірісіне катаң бақылау орнату және т.б. шараларды іске асыру.

Оның үстіне, табиғат пен адам арасындағы алыс-беріс қарым-катынасын әрдайым динамикалық тепе-тендікте ұстауға қамқорлык жасау керек, яғни адам табиғаттан алуды ғана білмей, сондай-ақ оган беруді де білуі кажет — орман отырғызу, балық уылдырығын өсіру, ұлттық парктер, табиғат қорықтарын ұйымдастыру сияқты шараларды іске асыру қажет.

Алайда, табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш-қуатын біріктіргенде ғана жоғарыда аталған жөне басқа шаралар тиісті нәтиже бере алады. Халықаралық күш-қуатты біріктіру бағытында алғашқы әрекет өткен ғасырдың басында жасалған болатын — 1913 жылы ноябрьде Швейцарияда табиғатты қорғау мәселелері жайында бірінші халықаралық кеңес болып, оған дүниенің ең ірі 18 мемлекетінің өкілдері қатысқан елі. Қазір мемлекетаралық ынтымақтасудың формалары жаңа сапалық деңгейге көтерілді: қоршаған сыртқы ортаны қорғау жөнінде халықаралық концепциялар жасалады, түрліше бірлескен зерттеулер мен программалар

іске асырылады.

Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған тағы бір шаратабиғат байлықтарын түұтынуды ақылга сиымды мөлшерде өзіне өзі шек қою. Бұл әсіресе адамзатгың өмірі үшін аса маңызды энергия қорын үнемдеуге қатысты. Халықаралық сарапшылардың есептеулеріне қарағанда, егер табиғат байлықтарын қазіргі заманғы қарқынмен тұтына берсек, онда көмірдің қоры 450 жылға, табиғи газдың қоры 50 жылға, ал мұнайдың қоры 35 жылға ғана жетеді екен. Осыған байланысты дүниежүзілік энергия балаңсын (арақатынасын) ақылға сиымды деңгейде структуралық өзгеріскс ұшырату керек, атап айтқанда, атом энергиясын пайдалануды кеңейту жөне сондай-ақ табиғат үшін мүмкіндігінше зиянсыз әрі тиімді жаңа эиергия көздерін іздеу қажет.

Экологиялық проблемаларды шешудің тағы бір аса маңызды бағыты бар, ол — мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың экологиялық саясат пен практикадағы жауапкершілігін арттырумен қатар тұрғын халықтың, әрбір адамның экологиялық санасын қалыпастыру мәселесі.

4. Тұрғын халықтың экологиялық санасын қалыптастыру. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндеті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар — экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялык психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру міндеттері.

Экологиялық ғылыми сананы қалыптасыру ең алдымен қазіргі заманғы ғылым жетістіктерінің негізінде адамдардың дүние жайлы ғылыми түсініктерін қалыптастыру деген сез. Атап айтқанда, дүниені өзара әрекеттес, өзара байланысты біртұтас дүние ретінде қарастыратын системалық әдісті, глобальды эволюционизм принципін тәрбиелеу, сондай-ақ синергетикалық теорияны, биосфера мен неосфера теорияларын қалыптастыру қажет. Экологиялық ғылыми сананы мемлекеттер мен түрлі елдердің экологиялык саясаты мен практикасын іске асырудың негізіне айналады. Қысқасы бұл айтылғандардың бәрі қалың бұқарасының жасампаздық іс-әрекетіне айналуы тиіс.

Халықтың экологиялық санасын қалыптастыруда адамдардың экологиялық этикасын тәрбиелеудің маңызы зор. Оның негізгі бір принципін кезінде орыс жазушысы Л.Н.Толстой былай тұжырымдаған еді: "өзіңе, басқа адамға істеуге болмайтын нәрсені хайуандарға да істеуге болмайды" деген болатын ол. Бұл терең мазмұнды сөздерге: адамға, хайуанға істеуге болмайтын нәрсені табиғатқа да істеуге болмайды деген сөздерді қоссақ, оның экологиялық мазмұны бұрынғыдан да тереңдей түспек.

Экологаялық сананың тағы бір құрамдас бөлігі экологиялық психологияны қалыптастыру деп саналады. Оның мәнін, қысқарта айтқанда, мынадай сөздермен тұжырымдауға болады: табиғатқа деген, бүкіл тіріге деген сүйіспендік адамның кіші інісіне деген сүйіспендік сезімінен кем емес мінез-құлык, нормасына айналуы тиіс. Американдық неміс психологы-социологы Э.Фромның терминологиясын қолдансақ, экологиялық психологияның мәнін биофилия деген сөзбен білдіруге болады. Бұл сөзбен ол адам ба, өсімдік де немесе әлеуметтік топ да, бәрібір, барлық тірінің өсуі мен дамуын қолдауға талпыну әрекетін білдірді. Осыған сәйкес биофилия этикасы, Фромның пікірінше, тіршілікке қызмет ететін іс-әрекеттің бәрін игілік деп мойындауды талап етеді.

Ақыр соңында, экологиялық санаға міндетті түрде экологиялық құқықтық сананы да жатқызған жөн, өйткені ол барлық азаматтардың табиғатқа зиян келтіргені үшін заң жүзінде жауапты екенін, олай болса табиғатты қорғау зандылығын мойындау тиіс екенін талап етеді. Мұны, әрине, занды шаралармен әрдайым дәлелдеп отыру қажет.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-01; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1210 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

2394 - | 2151 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.034 с.