Лекции.Орг


Поиск:




Табиғат-биосфера-адам




Адам, қоғам табиғатпен айырғысыз байланысты, өйткені олар табиғаттан тыс және оның ішінде өзін тікелей қоршаған табиғи ортадан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Адамзат-тірі табиғаттың дамуының жалғасы.

Адамның қоршаған ортамен байланысы әсіресе материалдық өндіріс саласынан айқын көрінеді. Табиғат байлықтары, әсіресе қазба байлықтар материалдық өндірістердің және жалпы алғанда қоғам өмірінің табиғи негізі болып табылады. Сондықтан адамзат тіпті «табиғаттан жоғары» тұрса да, бірақ материалдық өндірістің, өндірістік еңбектің нәтижесі болып табылатын өнімсіз өмір сүре алмайды. Табиғат адам мен жалпы қоғамныңтабиғи негізі болып табылады.

Адам табиғат пен биосфераның географиялық орта деп аталатын бөлігімен әсіресе тығыз байланысты. Географиялық орта дегеніміз табиғаттың адам бөлігі (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, су, топырақ, Жердің атмосферасы). Ол адам өмірінің алуан түрлі салаларының дамуына, оның ішінде әсіресе материалдық өндірістің дамуына әсерін тигізеді. Табиғаттың көп салалығы еңбек бөлінісінің (аң аулаудың, балық аулаудың, егіншіліктің, мал бағушылықтың, пайдалы қазбалар өндірудің) табиғи негізі болады. Адамның іс-әрекеттерінің нақты бағыттары, атап айтқанда, түрлі елдер мен аймақтарда белгілі бір өндіріс салаларының дамуы географиялық ортаның ерекшеліктеріне тәуелділікте болады.

Табиғаттың нақты географиялық ортасының түрлі халықтардың тарихи дамуына тигізетін әсері алуан түрлі, мәселен, ол ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін қолайлы жағдайлардың болу-болмауынан және басқа жағынан көрінеді. Бұл айырмашылық адамзат қоғамының алғашқы даму кезеңдерінде әсіресе көп болды, өйткені ол кездерде адамдар табиғат нәрселерін өңдеп, өзгертіп пайдаланғаннан гөрі дайын өнімді пайдалануға бейім еді, себебі еңбек құралдары әлі нашар болатын. Қолайсыз табиғат жағдайлары қоғам дамуына көп кедергі жасады. Сол себепті де алғашқы мәдени өркениет Ніл, Ефрат, Тигр, Инд өзендерінің жағалауларындағы оңтүстік елдерде дамыды, өйткені қолайлы табиғи жағдайлар, атап айтқанда, жылы климат жылы баспана мен киімді, азық-түлік өндіруді көп қажет етпеді. Еңбек бөлінісін дамытуға, қосымша өнім өндіруге т.б. оңтүстік елдерде мүмкіндік көп болды.

Алайда, қолайлы табиғат жағдайлары оңтүстіктегі елдердің дамуына тек адамзат тарихының бастапқы кездерінде ғана жағдай жасады. Бұл қолайлы жағдайлар тарихи даму ілгерілеген жағдайлар сайын өзінің қарама-қарсылығына айналды, яғни кері тартатын факторға айналды, өйткені өндірісті жетілдіруге ынталандырмады. Сол себепті де оңтүстік аймақтардағы халықтардың тарихи дамуы Орта-ғасырлық дәуірден бастап кенжелеп қалды.

Егер адам өз тіршілігі үшін қажетті нәрселерді табиғаттан дайын күйінде табатын болса, онда өндірісті дамытуға оның ынтасы болмайтыны, соның салдарынан оның адамдық қабілеттері де дамымай қалатыны түсінікті. Олай болса, өндіріс үшін қолайлы табиғат жағдайларының болуымен қатар олардың жетіспеуі де қоғам дамуына белгілі дәрежеде игі әсерін тигізеді екен. Мысалы, сондай елдердің біріне Жапонияны жатқызуға болады. Табиғат-биосфера-адам системасының құрамдас бөліктерінің өзара диалектикалық әрекеттесуінің мәні осында жатыр.

Табиғаттың адамға тигізетін әсерін, адамның табиғаттан тәуелділігін мойындай отырып, бірақ сонымен бірге оны асыры дәріптеуге де болмайтынын ескерткен жөн. Географиялық ортаның қоғам дамуындағы ролін асыра бағалау ғылымда географиялық детерминизм деп аталатын бағыттың тууына әкеп соқты. Бұл бағыттың өкілдері (Платон, Аристотель, Ш.Монтескье, Г. Т. Бокль, Л.Н. Мешников т.б) адамзат қоғамының дамуының ең шешуші күші географиялық (табиғи) факторлар деп санады. Олалдың пікірінше,халықтардың дамуын ең алдымен анықтаушы географиялық ланшафт-жер бедері, топырақ, су,климат, өсімдіктер т.б. дүниесі. Мысалы, француз ғалымы Ш.М. Монтескье (XVIII ғ.): климаты ыстық жерлердің халықтары қарттар сияқты жасқаншақ, ал суық жерлердің адамдары жастар сияқты ержүрек келеді деп есептеді. Ал ағылшын тарихшы-сотциологі Г.Т.Бокль Индияда XIX ғасырда құлдықтың болғаны ондағы ыстық климаттың градустардың психикасына әсер етуінен деп түсіндірді. Ол кезде Индия Англияның отары еді, сондықтан бұл пікірдің саясы астарын түсіну қиын емес. Географиялық детерминизмнің дұрыс емес жақтары көп болғаны мен, бірақ оның кейбір қисынды жерлері де жоқ емес. Түрлі елдер мен халқтардың даму тарихын мұқият зерттей отырып,олардың дамуы белгілі бір табиғи жағдайларға байланысты болғанын көреміз. Мәселен, алғашқы мәдені өркениет өзендерге байланысты болғанын жоғарыда айттық. Содан кейін Жерорта теңіздік өркеніет болды, теңіз жолы олардың жағалауындағы елдердің өркендеуіне жағдай жасады, ал кейінгі мұхиттық өркениет Американың ашылуынан кейін мұхиттық қатынас жолының дамуына байланысты болды (Испания, Португалия, Англия т.б). Демек, географиялық фактордың қоғам дамуына тигізетін ықпалын мүлдем жоққа шығаруға болмайды, оны ақылға сиымды деңгейге есепке алып отыру қажет.

Орыстың этнограф ғалымы Л.Н.Гумилев халықтардың өсуіне, дамуына табиғат факторларының әсерлерін зерттеген адам. Ол этногенездің географиялық ортадан тәуелділік байланысын зерттей келе, сыртқы орта Жердің биосферасының құрамдас бөлігі, ал Жер, Күн, системасына кіретінін, Күн системасы галактиканың бір бөлігі екенін дәлелдеді. Сөйтіп адам мен қоғам Әлемінің құрамдас бөлігі болғандықтан, адам микродүние ретінде космостық микродүниемен біртұтас иерархиялық системада өмір сүреді деді. Алайда, географиялық детерминизмге кіретін теориялар әртүрлі екендігін ескеру қажет. Қоғам дамуының географиялық ортадан салыстырмалы дербестігін мойындайтын теориялар бар да, ол дербестікті мойындамайтын, қоғам өмірін географиялық ортадан толық тәуелділікте санайтын теориялар бар. Бұл соңғыларды мемлекеттік саясатқа қолдану арқылы геополитиканы- басқа елдердің жерін басып алу саясатын табиғаттың заңы деп түсіндіретін саясатты- уағыздаушылар бар. Геосаясаттың негізін салушылар ХХ ғ. Басында өмір сүрген неміс-фашист идеалогы Ф.Рацель және Р.Челлен (швед)т.б. Бұлардың теориясы бойынша, барлық биологиялық организмдер сияқты түрлі елдер мен халықтар да өзінің «тіршілік кеңістігін» ұлғайту үшін күреседі-бұл тіршілік заңдылығы. Геосаясаттың осы «қағидасын» бетке ұстай отырып, екінші дүниежүзілік соғыстың отын тұтандырушы Германия, Италия фашисттері, ал қазір Израиль басқыншылары өздерінің агрессияшыл саясатын ақтауға тырысады: Батыс пен Шығыстың, дамыған Солтүстік мемлекеттер мен артта қалған Оңтүстік халықтары арасындағы ойдан шығарылған қазіргі «антогонизмнің» іс жүзіндегі саяси мәні айдан айқын көрініп отыр.

Қоғам дамуының табиғаттан географиялық ортадан салыстырмалы тәуелсіздігін, адамның табиғаттан толық тәуелді болмай, материалдық өндірісті, ғылым мен техника, технологияны дамыту арқылы географиялық ортаны мақсатқа сай өзгерте алатынын, сөйтіп өзіне қолайлы жасанды орта жасай алатынын қоғамдық практика көрсетіп отыр. Мысалы, табиғи ортасы онша қолайлы емес, табиғи кең байлығы аз жапон халқы ғылыми-техникалық прогрестің шыңына жетіп отыр. Бұдан басқа да елдерді мысалға келтіруге болар еді, бірақ әнгіме биосфераны дұрыс пайдалана білуде екенін осы бір мысалдан-ақ көруге болады. Сондықтан енді адамның табиғатқа тигізер әсеріне тоқталалық.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-01; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1623 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

756 - | 694 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.