Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сөйлеу және оның түрлерінің өзарақатынасына мысал келтіріңіз




Сөйлеу тілі — күнделікті қарым-қатынаста пайдаланатын әдеби тілдің бір түрі.

Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады.

Сыртқы сөйлеу ауызша (бүл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болын, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог.

Ауызша сойлеу — сойлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне құрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі әріптер ауызша создің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі — диалогтық сөйлеу. Диологтық, сойлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдееуі. Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшсліктері төмендегідей:

Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайын жатуды тілейді;

Үнемі кезектесіп айтылатындыктан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, «келе жатқан тогызыншы» деген сөйлемді осындай номірлі авгобусты кутіп тұрған адамдар ғана түсіне алады;

Диалогтық логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелділігі т. б.) кемдеу болады;

4. Диалог сөз ым-ишаралармеи, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың қозғалысы т. б.) толықтырылады.

Монологтық сойлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:

Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес ққрылады, бұл алдын-ала даярлықты тілейді;

Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі);

3. Монолог сөз мәнерлі, адамга әсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.

Диалог және монолог сөздер кобінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады.

Сойлеудің ерекше бір түрі — жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түсиейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.

Жазбаша сойлсудің кейбір ерекшеліктері:

1) Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды.

2) Жазбаша сөйлсудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауга тырысады, кеп ойланып, толғанады. Өйтпейінше бұдан нәтиже шығару қиын.

3) Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.

4) Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам озінің туысқандарына, таныстарына хаг арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен стильдері әр алуан. Олардың бастылары ғылыми, публицистика, көркем әдебиет, іс-кағаздық т.б. создер. Сөйлеудің жеке бір түрі — ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осығадай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған. Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге болады. Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді еленбейді. Тек тиісті аспаптармен зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де және стезиялық тітіркендіргіштерге орай туьш отыратындығы анықталған. Ішкі сөйлеумен жөнінде И. М. Сеченов былай дейді: «Бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жыбырлауымен айтылады. Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті озімді де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозгалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғниауыз қуысында тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен, қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардын алдымда бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын». Ішкі сойлеу өте кысқа, икемді болып келеді. Өйткені адам әркез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады, сондықтан ішкі сойлеуге ұзақ тұжырым жасап жатудың кажеті де болмайды.


 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 783 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

2174 - | 2122 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.