|
|
|
3-кезең
|
|
| |||
1-кезең
Психология басќа ғылымдар сияќты белгілі даму жолдарынан өткен. Әлемдік психологияның даму тарихы екі кезеңге бөлінеді:Оның біріншісі- шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді.
XIX ғ аяғы XX ғ басында атақты психолог Г.Эббингауз психология тарихына қысқаша және нақты анықтама берген.Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму процесстерін қарастырды. Осы көз қарас бойынша психология тарихын шартты түрде 4 кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде психология жан туралы ғылым,екінші кезеңде сана туралы ғылым,үшінші кезеңде мінез құлық туралы ғылым,төртінші кезеңде психика туралы ғылым болып қалыптасады. Олардың әрқайсысын нақтырақ қарастырып көрейік. Бірінші кезеңдепсихология жан туралы ғылым болғандықтан,ежелгі замандардан бері,біріншіден психика бейнесі рух пен материяның өзара жалпы мәселесін щащу барысында да қалыптасты.Екінші кезеңдепсихологияның зерттеу обектісі сана деп қарастырылып,мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес,жалғыз психологиялық әдіс болды.Ол 2 негізгі бағытпен тұжырымдалды;біріншіден,сана процесі сыртқы бақылау үшін жабық,ал екіншіден сана процесі субъектінің өзінде ашылады.Дж Локк осы интроспекция әдісінің негізін қалаған.Үшінші кезеңдепсихологияның зерртеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып,сонымен біргеамерикандық психолог Джон Уотсон негізін салған бихевиоризм бағыт еді. Олар Психология бихевиористің көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі психология тіліндегі сана,ерік,эмоция,қабылдау,бейнелеу т.с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді.Оның орнына бихевиоур-ағылшын сөзі қазаұша мінез-құлық деген мағынаны білдіреді.Бихевиористер психиканың мінез-құлықтың әртүрлі көріністері,организмнің сыртқы әсергі(S) стимул қайраттан жауап (R)реакцияларының жиынтығы деп түсіндіреді.Бихеоверистер мынадай арнайы тұжырымға келді;мінез-құлықта белгілі бір стимулдар жинағына қатан белгіленген реакциялар сәйкес келеді,түптеп келегнде стимул мен реакциялардың арасындағы өзара байланысты дәл сипаттауға болады,Сол арқылы адамның мінез-құлқын зерттеу мәселесі шешіледі.Төртінші кезеңдепсихикалық құбылыстардың механизмдері мен заңдылықтары зерттеледі қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар С.Л.Рубинштейн,Л.С.Выготский,А.Р. Лурия зерттеулері айырықша айтылса және ХХ ғасырдың 30-60жылдардағы психологтар Б.Г. Ананев,А.Н. Леоньтев,П.Я. Гальперин,А.В. Запорожец,Д.Б. Эльконин,т.б. еңбектерімен байланысты қаралады.
5.Индивид, субъект, тұлға ұғымдарын түсіндіріңіз «Индивид» түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды. Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады. Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды. Субъект - болмысты өзгертетін және танымның қайнар көзі болатын индивид немесе топ. Субъект (лат. subjectum — бастауыш) — 1) Болмысты тану мен өзгертудің қайнары ретіндегі индивид немесе топ; белсенділікті жеткізуші. Субъект индивид немесе топ іс-әрекетті танудың және өңдеудің негізі ретінде; іс-әрекеттік белсенділіктің тасымалдаушысы. Барлық көріністерімен бірге идеализм субъектінің белсенділігінің қайнарын оның өзінде деп біледі. Ғылыми психологияның негізі делінген диалектикалық материализм субъектіні тарихи дамудың өнімі деп қарайды және оның белсенділігін адамдар қарекетінің ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы қарекет процесінде объектінің нақты, іс жүзіндегі өзгеруі субъектінің қарекеті соған негізделіп реттелетін субъектідегі бейнелерге барабарлығының, болмысқа сәйкестігінің критерийі болып табылады; 2) сараптауға қатысатын (өз еркімен немесе күйттеп) организм. Кей кезде бұл терминнің орнына басқа терминді қолдануға болады. Оның тарихи дәстүрлі себептері бар. Мысалы, бақылағыш термині психофизиологиялық зерттеулерде немесе интроспекциялық сараптауда субъектіні белгілеу үшін қолданылады. Сауалнама арқылы жүргізілетін зерттеулерде қолданылатын респондент медицинада — емделуші, психиатрияда және клиникалық психологияда емделуші клиент деген терминдер субъектіні білдіреді. Жалпы айтқанда, "Субъект" терминін кез келген зерттеуге қатысушыларды белгілеуге қолдануға болады. Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. Психологиялық түсінік бойынша: Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.