Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Мәдениеттанудың дамуыжәне қалыптасуыныңнегізгі кезеңдері




Бірінші кезең. Жалпы XVIII ғ. жартысында мәдениетті белгілі бір бүтіндік тұрғысынан қарастыра бастағанда, қоғамдық жүйені сипаттауды руханилықпен байланыстырғанда іске асты. Мәдениет туралы мәселені осы тұрғыда алғаш рет қойған, мәдениеттану теориясын алғаш рет жасаған Готфрид Гердер болды. Ол мәдениеттің анықтамасын беріп қана қоймай, сонымен қатар мәдениеттің шығу тегі, оның дамуын, қозғалыс механизмдерін, әртүрлі мәдениеттердің түрлерінің өзара байланысы туралы, тіл мен мәдениет жүйесіндегі діннің ролі туралы, мәдениеттің әралуандығын туындатудағы географиялық факторлардың маңыздылығы туралы бірқатар идеялар берді.

Нақтырақ айтқанда Виндельбанд, Риккерт, Кассирер жұмыстарының көрінуі мәдениет теориясының дамуындағы екінші кезең болды. Бұл кезең ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының ақырына дейін созылды.

Мәдениет теориясының дамуының үшінші кезеңінде американдық және Ұлыбритания, Франция мәдениеттанушылары, әлеуметтік антропологтары, өздерінің ғылыми ізденістерінің ең басты мәселесі ретінде сол уақытқа дейін көп жылдар бойғы жинақталған эмпирикалық деректерді жүйелеп ұғуға мүмкіндік беретін мәдениет теориясын жасауды мақсат етті.

Төртінші кезеңде, мәдениет теориясының мәселелер кеңістігі аздыкөпті айқындыққа ие бола бастаған және философтар, тарихшылар, социологтар, антропологтар шеше алмайтын бірақ ғылыми тану әдістерін пайдалану арқылы мәдениет феноменін қарастыра алса ғана шешілетін бір топ мәселелердің бар екендігі анықталды.

Алайда, мәдениет теориясы мәселелерінің жазықтықтары туралы түсініктер, әртүрлі авторларда өте әрқилы. Мысалы, Л. Уайттың еңбектерінде бұл ғылымның зерттейтін мәселелерінің төңірегіне қазіргі заман мәдениеттану білімінің тәжірибедегі барлық мәселелері енеді.

Ал, A.Кребердің еңбектерінде, мәдениет теориясының бейнесі басқаша көрінеді. Оның көзқарасынша, мәдениет теориясының негізгі мақсатына, мәдениеттің өзінен-өзі дамитын заңдарын айқындап және ол заңдардың қоғам дамуы заңдарымен өзара байланыстарын табу жатады.

Джеймс Фейблман 1968 ж. жарыққа шығарған «Адам мәдениетінің теориясы» кіта-бында, мәдениеттану теориясы адамдар қажеттіліктерінен бастап әлеуметтік институт-тардың қызметіне дейінгі ауқымы кең мәселелерді қамтитындығын көруге болады.

Питирим Сорокиннің мәдениет теориясы тіптен өзгеше. Оның ойынша осы ғылымның деңгейінде мәдениет типологиясы және әлеуметтік мәдениеттің динамикасы зерттелінеді.

Э. С. Маркарянның еңбектерінде мәдениет теориясы: мәдениет генезисін, функцияларын, мәдениет типологиясын зерттеп қана қоймай, мәдениет және азаматтың арасындағы өзара байланыс, мәдениет және қоғам, мәдениеттер және қарекет, дәстүрлер мен новациялардың арақатысы, белгілі бір мәдениеттің «кодтарының» өзгеру мәселелері, ғылыми техникалық революцияның нәтижелері, соған байланысты туындайтын жаһандық мәселелер, мәдениет «құрылыстарының» мәселелері және оларды толық жетілдіру жолдары сияқты мәселелерді қамтиды.

В. В. Силъвестровтың еңбектерінде мәдениет теориясының мақсаты мәдениеттің бел-гілі бір артефактыларын анықтау емес, негізінен адам қарекетін бағдарлайтын идеалдары-ның, құндылықтарының пайда болу құпияcын айқындау.

Сонымен, жоғарыда атап өткендей‚ мәдениеттану ең алдымен ерекше бiрегей фено-менге айналған мәдениет туралы бiлiмдердiң жиынтығы. Нақты айтсақ‚ біріншіден, мәде-ниеттану гуманитарлық ғылымдардың жинақталған ерекше түрi.

Екiншiден, мәдениеттану мәдениет және оның мәнi туралы бiлiмдер жүйесi‚ даму, өмiр сүру заңдылықтары‚ мәдениетегі мәнді түсiну тәсiлдерi. Мәндер көптеген адам-дарды бiрiктiрiп‚ олардың сезiм-ойларының негiзiн құрайды‚ iс-қарекеттерiнiң түрлерiн туындатып‚ жалпы мәдениеттi жасайды. Мән кез келген құбылыстар мен заттық объектi-лердi адамдармен байланыстырушы қызметiн атқарып‚ адам болмысының мазмұнын құрайды. Мәдениеттану соған ғылыми түрде қол жеткiзудiң обьектiсi.

Yшiншiден, мәдениеттану - гуманитарлық пәндердiң iшiндегi метатеория және мәдениет туралы бiртұтас жүйе құрайтын себепкер шарты‚ оның әдiстемелiк негiзi.

 

Әдебиеттер:

1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)

2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.

3. Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.

Қосымша әдебиеттер:

1. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жетіжарғы, 1998.

2. А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.

3. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. -М., 1993.

4.. Гуревич В.В. Памятники средневековой культуры. М., 1982.

5.Нурланова К.Ш. Человеки мир. Казахская национальная идея. -Алматы, 1994.

 

 

Лекция №2. Мәдениет ұғымы және оның құрылымы, функциясы.

1. Мәдениет туралы дағдылы түсініктер мен түрлі ғылыми көзқарастар.

2. Мәдениет ұғымының даму логикасы және тарихы.

3. Мәдениет құрлымы: материалдық және рухани мәдениет.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1353 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2281 - | 2210 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.