Қазіргі уақытта мәдениетпен өзара байланыс салаларын зерттеу өзекті мәселе болып отыр. Лингвомәдени бағыттың дамуы негізінен мәдениет феноменін адам мен әлем қоғамының арнайы формасы ретінде тануға бағытталады. Әр-түрлі мәдениет түсінігін түсінуде және байланыстар арасындағы қарым-қатынасты орнатуда «аударма» үлкен роль ойнайды.
Қандай да бір мәтіннің аудармасын қарастыру үшін тілдік мәдениеттің ерекшеліктері, өз тіліміз (қазақ) және шет (ағылшын) тілдерінің әлеуметтік механизмінің негізі ескеріледі. Мұндай қатынас көптеген практикалық (тәжірибелік) мәселелерді шешуде (аудармағы, мысалы, заң мәтіндеріне байланысты) жаңа көзқарастарды анықтауға көмектеседі. Бұл орайда құқықтық нормалардағы әлеуметтік, заң терминологиясы, сот-процессуалды жүйелі білімді игеру басты рол ойнамайды, сондай-ақ аудармашының жеке қасиеттері де ескеріледі, өйткені қандай да бір мәтіннің аудармасы түрлі жеке тілдердің байланысына сүйенеді (мәдени концептілер). Бірқалыпты аудармаға қол жеткізу үшін образ және оған байланысты мәдениет түрлері іс-әрекеттерін иелену қажет. [27-205б]
Зерттеулер бойынша шындықтың кейбір үзінділері, байланыстар мен қатынастар қоғамдық құбылыс ретінде тілде бейнеленеді. Бұған мысал ретінде «соттағы сөзді» айтуымызға болады, «Соттағы сөз» ұлттық мәдениеттер арасындағы ажыратушы факторы болып табылады. Осылайша АҚШ-та да сот-заң тақырыптары бұл елдің жаппай мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі саналады.
Американдық азаматтар өздерінің құқық қорғау жүйесінің «шыншылдығына және тұрақтылығына» сенеді. Біз басқа елдің лингвомәдени қатынасына максимальды жақындап, адекватты түсіну үшін құқықтық тақырыпқа сәйкес келетін мәтін-аударманың байланыстырушысы-коммуникативті процесстің қатысушысы болуымыз тиіс. Аударманың дәл өзі де мәдени байланыстардың бір формасы, ол басқа мәдениетті көз алдамызға елестетеді.
Чех лингвситтері В. Матезиус пен В. Прохазкидің пікірлері бойынша аударма-бұл тек қана тілдік алмасу ғана емес, мәдениет элементтерінің қызметтік алмасуын да жатқызуымызға болады. Мұндай алмасу толық болуы мүкін емес, өйткені, «аударма түпнұсқа ретінде оқылуы керек» талабы соншалықты мүмкін емес, себебі мәтіннің толық алмасуы басқа мәдениеттің нормаларына бейімділеуі дегенді білдіреді.
Мәдениеттің қарым-қатынасы түсінігінің өзі лингво-мәдени қатынастарды басқалардан ажырататын жалпы/ жеке және сәйкескелетін/сәйкескелмейтін элементтердің болуына байланысты. Заң мәтіндерімен жұмыс істейтін әрбір аудармашы аударылатын тілдің әдеттерін ескере отырып, құқықтық құжаттың қабылдау ғұрпын бұзбауы тиіс. [28-167б]
Түрлітілдік коммуниканттар арасындағы толық қатынастар аударылып жатқан мәтіннің түп-нұсқаға толық сәйкес аударма жолымен жүзеге асырылады.
Мәтіннің «Коммуникативті теңдік» түсінігі шетелдік материалды аудару механизмін түсіндіру үшін маңызды. Коммуникант үшін екі мәтіннің де тең функцоналды, құрылыс-семантикалық мәні бар. Заң мәтінін аудару кезінде жетістіктерге жету үшін аудармашы шет тілде ғана емес, сондай-ақ өз тілінде де «заң саласында сауатты» болуы тиіс. Негізгі заңнаманы және сәйкес құқықтық терминологияны білуде on the tip of his tongue. [29-122б]
Айтылғандарды заң дискусіне сәйкес елдің сот-процессуалды жүйесінің көптүрлілігін ескере отырып құрастырылып көрейік. Түрлі елде түрлі заң жүйесі арналған әр ұлттық тілі өзіндік заң терминіне ие. Мысалы, ағылшын тілі АҚШ, Ұлыбритания заң жүйесіне, неміс тілі-ФРГ, Швейцария, Австрияға қызмет етеді. Заң түсініктерінің лингвистикалық эквиваленттілігіне көбіне қол жеткіземіз.
Қазіргі таңда европалықтар үшін «Адам құқықтары туралы Хартия» қызмет атқарса, Еуропа қауымдастығындағы мүше елдер үшін-құжаттар, халықаралық ұйымдардың шешімдері мен келісімдері бар. Нәтижесінде тілде бірнеше жақын эквиваленттер кездесуде. Мысалы,
Article 3
Everyone has the right to life, liberty and security of person.
Әрбір адам өмір сүруге, тәуелсіздікке құқықлы.
Article 17
Everyone has the right to own property alone as well as in association with other.
No one shall be arbitrarily deprived of his property.
Әрбір адам жеке меншік иеленуге құқылы, компанияда да басқалармен.
Ешкім рұқсатсыз оның меншігін айыруға құқығы жоқ.
Article 24
Everyone has the right to rest and leisure, including reasonable limitation of working hours and periodic holidays with pay.
Әркім дем алуға және тынығуға құқылы, жұмыс уақытымен төленетін кезеңдік демалыстарды қосқанда заң тілі-«мемлекеттік тіл» деумізге де болады.
Аталған ереже өте маңызды, оны бұзуға болмайды, бұл жағдайдағы ең үлкен мәселе-кейбір кездегің бір тілден екіншісіне анық, дәл аудару. Осы мәселе аудармашының жұмысын қиындатады да, шеттіліндегі заң құжаттарын қолдануда шектеулер туғызады. [30-122б]
Жұп аудармашылық әрекеттің көптеген түрлері аудармаға жақындығын сақтайды, сәйкесінше түп-нұсқаны үлкен және кішігірім түрде аударады. Идеалды аудармаға қол жеткізу соншалықты мүмкін емес, ол үшін аудармашы әр-түрлі қулықтарға баруы керек.
«Екі тілді коммуникация біртілді аударылған коммуникацияға аудару аудармашының шеберлігіне және бірқатар объективті жағдайларға байланысты. Мұндай жағдайларға аударылып жатқан мәтіннің қасиеттері мен аударманы жүзегне асырудың әдістері жатады». Мысалы, заң құжаттары-тіл қоғамдық және құқықтық жүйеге сәйкес келуі тиіс ерекше аударма болып табылады.
Заң мәтіндерін аудара отырып аудармашы құрылымдық және мәндік сәйкес келуден арнайы бас тартады, ықпал ету дәрежесіне қарай бірқалыпты ұстайды.
Сөйтіп, заң мәтіндері-құқықты бейнелейтін маңыз өмірлік форма. Заң құжаттары-заң мағлұматтарын хаттай жеткізетін мәтіндік ерекшеліктерге ие өзіндік тілдік мағына. Ғалым–лингвисттер мен заңгерлердің көзқарастарының әрқилылығына қарамастан олар барлық мәтіннің лексикалық, логикалық және мағлұмат беру мақсатымен анықталып ұйымдастырылғанына сенімді. Шет тілінен аударылып жатқан заң мәтіндері қызметіне және прогматикалық проліне қарамастан жоғарыда аталғандай негізге екендігіне де күмән жоқ.
Осы арада еске түсіретініміз–құқық дегеніміз индивидтер мен топтарының қоғамдағы тәртіп ережесі. Сондықтан заң құжаттарының аударма тілі негізінен үш жағдайға жауап беруі тиім: дәлділік, анық және шыншыл болу. Заң мәтіндерінің лексикалық құрамын зерттеуде терминология мәселесімен шектеледі.
Терминдер мен сөзқұрауды аударудың аса бір қиыншылығы жоқ. Сөзқұраудың басты сөзге немесе анықтайтын компоненті барлық терминге қатысты басты түсінік ролін атқарады. анықтаушы компонент негізінен басты мәнді, басты терминнің мағыналарын ашады. [31-149б]
«Сөзқұрау-терминдерін аударуда-зат есімнен басталады, ол негізгі компонент болып табылады, сондықтан әрбір мағыналық топты көбіне оңынан солға қарай аударылады».
Қазақ тілінде аударылып жатқан бірліктердің сәйкестігі жоқтығына сүйене отырып, Рецкер келесі түсініктерді енгізді: аналог, эквивалент. Эквивалент түсінігі бойынша аударылып жатқан тілге бірлік жағына дейін толық сәйкес келуін айтса, аналог түсінігінде-бірнеше лексикалық бірлік, кейбір жағдайларда аударылатын бірлікке белгілі бір мөлшерде сәйкестенуі мүмкін. Сонымен Рецкер теориясы бойынша терминдерді аударудың үш негізгі түрін ажыратуымызға болады: эквивалент көмегімен аудару, аналогтарды іздестіру және сипаттаушы аударма.
Әрбір терминнің де аударма барысында жалғыз үлгісі болмайтынды белгілі жәйт, яғни ол эквивалент. Сонымен қатар эквивалент-бұл тек қана сөз емес, сондай-ақ сөзқұрау. Терминдердің аудару барысында көбінесе бейнелеуіш аударма қолданылғандықтан, бұл жағдайдайларда көзсөзді терминлерді құрастырудан бас тарту қажет (терминді аударуда қысқа сөздерді қолдану үлгісі терминнің мағынасын бұзбаған жағдайда ғана). [32-109б]
Ең бастысы терминдерді аудару барысында ол терминнің негізгі компонентін категорияны бейнелеу керектігін, сонымен қатар терминнің шығу түсінігін, басқалардан ажырататын құбылыстарын ұмытпағанымыз жөн.
Қазақ тілімен ағылшын тілдеріндегі тілдік жүйенің әр-түрлі болуына байланысты аударма барысында анықталудағы және анықталып жатқан сөздерді орын ауыстыруға тура келеді.
Р. Ф. Пронина көпкомпонентті терминдерді аударуда бес негізгі тәсілді қолдануды ұсынады:
1. ағылшын тіліндегі сөздермен терминдерді қазақ тіліндегі сөздер мен айтылымдарды қолдана отырып сөзбе-сөз аудару (калькиляциялау деп аталады).
2. ілік септігін пайдалану арқылы аудару.
3. көптеген жұрнақтарды пайдалана отырып аудару.
4. сөзқұрауыштардың біреуін көптеген анықтауыш сөздер тобы арқылы аудару.
5. атрибутты топтың бірқатар бөлшектерін өзгерту арқылы аудару.
Барлық көрсетілген мағлұматтарды жаппай талдай отырып, бірнеше қорытындылар жасай аламыз.
Біздің жұмысымыздың бірінші тарауында «аударма» түсінігіне анықтама беруге тырыстық. Көптеген лингвисттерді аталған мәселе қызығушылықтар тудырып, ол зерттеушілердің әрқайсысы бұл түсінікке өзіндік мән бергісі келеді. Сондықтан да терминдердің анықтамалары мен түсініктері көптегеп кездеседі. Негізінен олардың барлығы бір-біріне ұқсас, бірақ аударманың сапасы әр-түрлі. Қазіргі таңда лингвистер аударманың әдіс-тәсілдері мен эквиваленттілік дәрежесі туралы ортақ шешімге келмеген. [29-16б]
Екінші тарауда біз қарастырған «термин» түсінігі де бірізділікпен ерекшеленбейді және әрбір терминнің мазмұны мәтінге байланысты өзгереді. Біздің жұмысымыздың мақсаты көпкомпонентті терминдерді аударудың әдістерін зерттеу болып табылғандықтан, терминологиялық бірліктерді аударудың барлық мүкін әдістерін талдаймыз.
Термин-сөзқұрауыштарды аудару басты компоненттерінен басталады, осыдан сөздің және терминнің мән-мағынасын дұрыс аударылуы тәуелді болады.
Дипломдық жұмыстың осы бөлімінде терминдерді аударуда көп қолданылатын әдістер мен тәсілдерді қарастырамыз.
Көпкомпонентті заң терминдерін аударуды тәжірибелік зерттеу. Осы тарауда заң мәтіндеріндегі кездесетін ең жарқын терминдерді аударудың әдіс-тәсілдерін қарастырамыз. Тарауды бастамас бұрын бұл тақырыптың өзектілігіне, көкейтестілігене тоқталуды жөн көрдік. [29-18б]
Лингвисттердің назарын аударма мәселесіне аударуда аударма ісінің сапалық өзгеруі әсер еткен сияқты. Көркем әдебиетпен қатар көркем әдебиетке тән емес мәтіндер де аударыла бастады, олар: ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық және сондай-ақ заң мәтіндері. Сонымен қатар аталған мәтіндердің аударылуы көлемі мен маңыздылығы жағынан бірінші орынды иелене бастады. Әдеби аудармалардағы басты көкейтесті мәселе- түпнұсқаның әдеби-эстетикалық, жеке-тұлғалық-авторлық мәнін ашу болса, ал мағлұматтық аудармалардағы басты қиындық – лингвистикалық мінезіңн ашу. Осы мәселелер екі тілдегі де бірліктердің түрлілігі мен қызметтерімен айқындалады.
Менің ойымша бұл мәселелер аудармашы мен лингвист үшін шешілетін мәселе. Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың дамуы жаңа түсініктердің пайда болуына алып келуде, сондай-ақ адамдардың өзіде, дүниеге деген көзқарастарда өзгеруде. Аталған процессте анық заңдардың аудармалары, біздің жағдайымызда заң терминологияларын аударудың анық әдістерін табу (ажырату) мүмкін емес, өйткені тіл жүйе іспеттес уақыт өтісімен өзгерістерге душар болады.
Жоғарыда аталғандарды қарастыра келе, біздің мақсатымыз заң терминдерін қазіргі жағдайдағы тіл мен ғылымда аудару болып табылатынын ескерейік
Төменде табылған терминдердің тәртіптік талдамаларына талдау жасаймыз. [34-109б]
Терминологияық бірліктерді аударуға кіріспеден бұрын біз оның құрамдас бөліктерін талдап көрейік
Схеманы төрт пунктке ажыратайық:
Термин кеомпоненттерінің қандай сөз табына жататындығын анықтайық;
Қандай сөздікке жататындығын белгілейік: жалпы қолданыстағы лексикаға немесе арнайы (терминологиялық);
Басты компоненттер мен анықтайтын сөздерді ерекшелейміз;
Көпкомпонентті термин түрін анықтаймыз;
Осыдан кейін ғана аудармағы көшеміз. Компонентті термин-сөзқұрауышты аударуды бастауыштан бастаймыз. Бастауыш көбіне анықтайтын компонент болып, кейіннен басқа мәндік топтар аударылады (көбіне оңнан солға қарай).
1. The Home Office, Home-сын есім; Office – зат есім. Home – үйдікі; Office – министрлік. Жалпы қолданбалы лексикалық сөз. Office –басты компонент; Home – анықтауыш компонент.
Екі құрамдас термин, жалпыға қолданбалы сын еміс мен зат есімнен құралғанда жаңа мән береді және термин қалыптастырады.
«Home» сөзін аударғанда басқаша мән береді, өсткені ол басты компонент «Office» сөзқұрауышына тәуелді. Нәтижесінде «Office», «Home» мәніне сәйкесінше аударылады. [36-79б]
The Home Office-ішкі істер (ненің?) ←министрлігі
«Home» сөзін біз көптеген анықтауыш сөздермен аударамыз. Осыдан сөзқұрау компоненттерінің арасындағы байланыспен (грамматикалық байланыс, үстеу) тіл жүйесіне сәйкес тәртібі өзгереді. Барлық сөзқұрауышты аударуда біз ілік септігін қолдану әдісін пайдаланамыз.
2. Trial of Offences (стр.33) Trial – зат есім, Offences – зат есім.
Trial – сот ісі, Offences – қылмыс. Екі сөзде термин болып табылады.
Trial – анықтауыш компонент, Offences – анықтауыш сөз.
Екі құрамды термин, оның компоненттері бір-бірімен жұрнақтың көмегімен байланысқан.
«Trial» сөзі «сот» немесе анығырақ айтсақ «сот ісі» деп аударылады дәне соңғы үлгі біздің терминологиялық бірлігімізге тура келеді.
Trial of Offences - соттың қылмысты іс қарауы.
Бұл терминді ілік септігінің көмегімен аударып түпнұсқадағы сөз тәртібін сақтады. Аударма барысында сөзқұрау жұрнағынан айырылғанын ескерейік, яғни грамматикалық байланыс өзгереді. [37-209б]
Trial of Offences-қылмысты (құқық бұзушылықты) соттың іс қарауы.
3. Grand of Bail, Grand-зат есім, Bail-зат есім.
Grand-өтініш, Bail- кепілдеме. Екі сөз де термин болып табылады. Grand-анықтауыш компонент, Bail-анықтайтын сөз.
Термин-өзара шылау арқылы байланысқан екі бөліктен құралған сөзжасам.
Аудармада «Bail» сөзінің мағынасы бірнеше анықтама сөздер арқылы былайша ашылуы мүмкін:
Grand of Bail-өтініш (не туралы?)→ кепілге алу жайлы өтініш
Біз шылау арқылы аударып, түпнұсқаның бірқатар компоненттерін сақтадық.
4. Suspended sentence (стр.124) Suspended – үстеу, Sentence – зат есім. Suspended – шартты, Sentence – үкім.
Екі сөз де жаппай колданбалы лексикалық сөздікке жатады. Sentence-басты компонент, Suspended-тәуелді компонент.
Екі құрамды термин-екі компоненті де жаппай қолданбалы лексикада термин арқылы бейнеленіп тұр. [38-139б]
Аталған терминологиялық бірлікті аудару үшін біз калькиляциялау әдісін қолдандық. Бір ерекшелігі «sentence» сөзі біздің заңтану терминология саламыздың шеңберінде ғана «үкім» мағынасы бідіреді.
Suspended sentence-шартты үкім.
5. Supervising officer (стр.132) Supervising – сын есім, Officer – зат есім. Supervising – бақылаушы (күзетуші), – офицер.
Көпқолдыналытын (жаппай) лексика сөздері. Officer-анықталған сөз, Supervising-анықтауыш сөз.
Көпкомпоненттері сөзқұрауышқа арнайы терминологиялық мән беретін екі компонентті сөз. «Supervising» сөзін аударуда бірқатар анықтауыш сөздер қолданылып, supervising officer-сөзі «бақылау жүргізетін офицер» болып аударылады. Бұлай аударылуы сөз мінері мен аударманың сипаттамасымен анықталады.
Supervising officer -бақылау жүргізетін офицер.
6. Public Order Act-1. Public -сын есім, Order-зат есім, Act-зат есім, Public -қоғамдық, Order -тәртіп, Act -жарлық. Барлық жоғарыда аталған сөздер жаппай қолданбалық лексика сөздеріне жататын, бірлесе келе терминологиялық бірлікті құрайтын үшкомпонентті термин, Act -сөзі мен Public және Order топ сөздерінің арасындағы мәндік грамматикалық байланыстар тұр.
Аталған күрделі терминнің аудармасын екі кезеңге бөлу қажет. Алғашында Public Order сөзқұрауышын аударамыз.
Public Order -қоғамдық тәртіп (ненің?) ←жарлық
Ілік септігі қолданылған келесі айдармаларда ПЯ жүйесіне байланысты бірнеше компоненттері алмастырлады.
Public Order Act -қоғамдық тәртіптің жарлығы [39-269б]
7. Criminal Justice Act
1. Criminal -сын есім, Justice -зат есім.
2. Criminal -қылмыстық-өзіндік мәні бар сын есім; Justice-сот өндірісі-термин; Act -жарлық-жаппай қолданбалы сөздіктің сөзді.
3. Act-басты компонент, Criminal және Justice -анықтауыш сөздер.
4. Бір компоненті ғана терминологиялық бірлік болып табылатын үшқұрамды термин.
Бірнеше мәндік топ Criminal Justice аудармасында бірнеше қатар сөзді сақтай отырып, калькалау әдісі қолданылған.
Criminal Justice -қылмыстық (қандай?) ←сот ісі
Толық терминді аудару барысында ілік септігін қолдандық.
Criminal Justice Act –сот ісінің (ненің?)-жарлығы.
Нәтижесінде түрпұсқа компоненттерінің орналасу тәртібі өзгереді.
Criminal Justice Act -қылмыстық сот ісінің жарлығы
8. Independent Public Prosecutor (стр.45) Independent -сын есім,
Public -сын есім, Prosecutor -зат есім. Independent-тәуелсіз, Public -халықтық.
Жаппай қолданыстық лексикадағы сөз. Prosecutor -прокурор-термин. Prosecutor -басты сөз, Independent, Public -анықтауыш компонент.
Үш сөзден құралып, олардың біреуі ғана термин болған көпкомпонентті термин.
Аталған терминде екі анықтайтын сөз де басты клмпонентке жатады. Бірнеше зат есімнен құралған көп құрамды терминдерді аударғандағыдай мұнда «екінші дәжелі мәндік топ» деп ажыратуға болмайды.
Аталған терминологиялық ірлікке ең ыңғайлы аудару әдісі-калькалау әдісі, түпнұсқадағы сөз тәртібі сақталған.
Independent Public Prosecutor -тәуелсіз халықаралық тергеуші. 40-187б]
9. Crime prevention strategy (стр.29) Crime -зат есім, Prevention - зат есім, Strategy- зат есім. Crime-қылмыс, Prevention-ескеру, Strategy-стратегия. Барлық сөздер жаппай қолданбалы лексика сөздеріне жатады. Strategy -анықтауыш компонент, Crime, prevention -анықтауыш сөздер.
Құрамдас сөздері жаппай қолданбалы лексикаға жатса да, бірігуі терминологиялық сипатқа ие үш компонентті термин.
Аударма екі кезеңмен жүзеге асырылады (екі мәндік топтың болуына қарай).
а. crime prevention -қылмыс (ненің?)←ескерту.
Аталған сөзқұрауыш ілік септігінің көмегімен, сөз тәртібінің бұзылуымен аударылған.
Аударманың ендігі басқа үлгісі ретінде «құқықбұзу профилактикасы» болуы мүмкін.
б. Crime prevention strategy
Келесі сөздерді аударуда жұрнақты пайдаланамыз.
Crime prevention strategy -құқық бұзуды ескерту стратегиясы немесе құқық бұзу профилактикасының стратегиясы.
10. Police discipline code 1. Police-зат есім, discipline зат есім, code- зат есім, 2.Police -полицей, Discipline -тәртіпті. Жаппай қолданбалы лексика сөздері. Discipline, police - кодекс-термин. 3. Code -басты компонент, Code - тәуелді сөздер, сол анықтауыш болып табылады. 4. Көпкомпонентті термин, үш сөзден құралып, олардың екеуі басты компонентпен тікелей байланыста.
Аталған терминді аударуда қолданған әдісіміз калькиляциялау, түпнұсқа сөздің тәртібі бұзылмаған, нәтижесінде Police discipline code-полициялық тәртіп кодексі.
11. Criminal Record Office (стр.61) Criminal-сын есім, Record -зат есім, Office-зат есім.
Criminal-қылмыстық, Record-баспа, Office-бөлім. Барлық сөздер жаппай қолданбалы лексикаға тән. office -анықтауыш компонент, criminal, record -анықтаушы сөз.
Бір-біріне грамматикалық байланысқан үшкомпонентті термин. Барлық сөздер жаппай қолданбалы лексикада, бірақ жаңа терминалогиялық мәнге ие.
Аталған термин екі мәндік топқа ие, яғни екі кезеңде аударылады.
criminal record
criminal record -сөзі-қылмыстық баспа болып аударылады.
б. criminal record office-қылмыстық (жазба) баспа (ненің?)←бөлімшесі. Біз ілік септігін пайдалану арқылы аудардық. Сондай-ақ сөз тәртібі өзгертілді.
Criminal Record Office -қылмыстық басылым бөлімшесі. [41-75б]
12. Drug Trafficking Offences Act -барлық бөліктері зат есім. Drug-наша, Trafficking-сауда, Act -жарлық.
Жаппай қолданыстағы лексика сөзі: Offence-қылмыс-терминологиялық бірлік, Act -басты компонент, Drug, Trafficking и Offences -анықтауыш сөздер.
Бұл көпқұрамды термин, төрт компоненттен құралған. Drug и Trafficking сөздері, Offences сөзімен Drug Trafficking сөзқұрауышының және Act сөзімен –мәндік топ Drug Trafficking Offences арасындағы грамматикалық байланыстар бар.
Бұл термин төрт сөзден құралғандықтан, үш мәндік топтан құралған, яғни аударма үш кезеңнен тұрады.
а. Drug Trafficking
Бұл сөзқұрауыштағы анықтауыш сөз Trafficking, анықтауыш сөз- Drug.
DrugTrafficking -нашалармен (немен?) ←сауда
Аударма әдісі калькалау, бірақ компонентттердің орналасу тәртібін өзгерттік.
б. Drug Trafficking Offences
басты компонент Trafficking, Drug - сөзі, Offences - анықтауыш сөздер, бірақ түпнұсқадағы бұл сөз анықтауыш клмпонент еді.
Offences. Түпнұсқадағы компоненттер орналасуын өзгерте отырып, Drug Trafficking Offences-қылмыстық наша саудасы болып өзгертіледі.
Drug Trafficking Offences Act
Мұнда сөздің басты компоненті ауыстырылған, бұл Act сөзі, ал қалғандары тәуелді компоненттер. Жұрнақ арқылы аударылып, орналасу тәртібін өзгерткеннен соң Drug Trafficking Offences Act сөзінің аудармасы-қылмыстық наша саудасы туралы жарлық. Ең қызығы, Offences Act сөзі нәтижесінден сын есім ретінде аударылады, ол шет тілінде зат есім болатын.
Offences -қылмыстық наша саудасы туралы жарлық.
13. Criminal Injuries Compensation Scheme, Criminal-сын есім, Injuries -зат есім, Compensation -зат есім, Scheme -зат есім.
Injuries -зардап (залал), Compensation-компенсация, Scheme -схема. Жаппай қолданбалы сөздіктің сөздері. Scheme басты анықтауыш компонет, Criminal, Injuries, Compensation -анықтауыш сөздер.
Төрт компоненттен құралған, компоненттері жаппай қолданбалы сөздер болғанымен, біріккенде терминологиялық бірлікті құрайтын көпкомпонентті термин.
Аталған көпқұрамды терминнің аудармасы үш кезеңнен өтеді.
а. Criminal Injuries -қылмыспен көрсеткен←залал
бұл жағдайда калькалау әдісі арқылы аудару дұрыс емес екенін көріп тұрмыз, сондықтан «Criminal Injuries» сөзін бірнеше анықтауыш сөздер арқылы аударамыз.
Бірнеше сөз орындарын ауыстырып: қылмыс төндірген залал мағынасын аламыз.
б. Criminal Injuries Compensation Scheme
Бұл мәндік топта анықтауыш компонент «Compensation» сөзі болып табылады.
Басты сөзден сөзқұрауыш Criminal Injuries-сұрақ қойсақ: өтемақы не үшін?→көрсеткен залалы үшін.
Аталған мәндік топты жұрнақ арқылы және сөз орындарын ауыстыру арқылы аудардық. [26-147б]
Аударманың тағы басқа бір түрі ілік септігін пайдалану арқылы аудару түрі бар; көрсеткен заралы үшін өтемақы. Бірақ біз бірнеше үлгіні пайдаландық.
с) Criminal Injuries Compensation Scheme -көрсеткен залалы үшін (неге?)-схема.
Аталған термин ілік септігінің көмегімен аударылады. Қазақ тілінің жүйесіне сәйкестендіре отырып, бірнеше сөз орындарын алмастырып, мынаны аламыз:
Criminal Injuries Compensation Scheme - көрсеткен (тигізген) залалы үшін өтемақының сызбасы.
14. National Drugs Intelligence Unit, National-сын есім, Drugs -зат есім, Intelligence -зат есім, * Unit -зат есім.
National -ұлттық, Drugs-нашалық, Intelligence-барлаушылық, Unit -ұйым.
Барлық сөздер жаппай қолданбалы лексикаға жатады. unit -анықтаушы клмпонент, national, drugs, intelligence-анықтауыш компонент. Төрт сөзден құралған, national және drugs intelligence -сипатты сын есім ретінде сипатталған және атрибутты сөзқұрауыштан басты компонентке сәйкес келетін көпкомпонентті термин.
Аталған терминдегі ең қызықтысы екі мәндік топтың басты компоненттері мән жағынан біреулігінде, ал қалғандары құрамдас термин «Unit» анықталады.
а. National unit -калькалауды пайдаланып National unit -ұлттық ұйым сөзін ала аламыз. Анықтауышты зат есімнің қасына орналастырып құрылысын бұздық, бірақ терминде олар сөз топтарымен ажыратылған. [24-211б]
б. Drug Intelligence Unit. бұл топтың аудармасында көптеген қиындықтарға тап боламыз, drugs және intelligence сөздерінің мәніне сүйене отырып, бейнелі аударманы пайдалануымыз қажет. drugs және intelligence. Drug intelligence unit-нашамен күрес жөніндегі ұйым. Екі бөлімнің де аудармасын біріктіріп, алатынымыз- National Drugs Intelligence Unit-нашамен күрес жөніндегі ұлттық ұйым.
15. Preliminary inquiry on the authenticity of the grievance
1. Preliminary-сын есім, Inquiry-зат есім, Authenticity-зат есім, Grievance -зат есім.
2. Preliminary-тұжырымдама, Inquiry-зерттеу, Authenticity-шыншылдық, Grievance -арыз. Жаппай қолданыстағы лексика сөздігіне жатады.
3. Терминнің басты компоненті «inquiry» сөзі болып табылады, бірақ әрбір мәндік топтың өзіндік анықтауыш компоненттері бар.
Preliminary, authenticity и grievance -терминнің анықтауыш компоненттері.
Төрт сөзден құралған, көпкомпонентті термин.
Барлығы жаппай қолданбалы лексикаға жатса да, бірге терминді қалыптасрады.
Аталған термин үш мәндік топтан құралғандықтан, аударма үш кезеңнен тұрады.
а. preliminary inquiry- алдын-ала (қандай?) ←зерттеу.
Сөздің орналастыру тәртібін бұзбаған күйде, калькалау әдісі арқылы аудардық.
б. authenticity of the grievance –арыз-шағымның (ненің →түпнұсқасы
бұл жағдайдағы анықтауыш компонент «authenticity» сөзі болып табылады.
Ілік сепітігін пайдалану арқылы аудардық. Нәтижесінде түпнұсқадағы сөз тәртібі өзгерген жоқ.
с) preliminary inquiry on the authenticity of the grievance.
Ілік септігінің көмегімен аударылған соң, алдыңғы жағдайдағыдай терминдерді байланыстырып тұратын терминдерді байланыстырып тұратын жұрнақтар түсіп қалады. [28-85б]
Preliminary inquiry on the authenticity of the grievance-арыздың тұпнұсқасын адын-ала зерттеу.
Қорытындылай келе төмендегідей түйіндер шығаруға болады:
Зерттелініп жатқан заң терминдерінің көпшілігі екі немесе одан да көп сөзден құралғанын анықтадық.
Заң терминдерінің ерекшелігі сонда, олардың көпшілігі термин болмайтын сөздерден құралған. Терминдердегі көп сөздер сөздікте берлмейтін мағынаны білдіреді.






