Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ағылшын тіліндегі заң мәтіндерін талдау




 

Білімнің қай саласы болмасын қазіргі таңда өз мамандығыңыздың шыңына жету үшін ең алдымен ағылшын тілін білуіміз қажет. Оның ішінде құқықтық білім беруде де ағылшын мәтіндері мен түсініктерін, терминдерін, ағылшын-американ үлгілеріндегі заң терминдерінің айырмашылықтарын зерттеу қазіргі таңда өте көкейтесті мәселе болып табылады. Сондай-ақ ағылшын-американ құқықтық жүйесі көптеген ғасырлық тәжірибеге ие болып, өзіндік ерекшеліктерге бай. [13-26б]

Атақты пікір: «A word is the skin of a living thought-барлық уақыттарда да заң мәтіндері мен сот шешімдері сол уақыттың құқықтық пікірлеріне сәйкес келеді деген мағ,ынаны білдерітіндігін есте сақтау қажет.  

Ағылшын тіліндегі құқықтық (заң) түсініктерді зерттеуде алдымыздан екі аспект туындайды: құқықтық құбылыстарды терминологиялық бейнелеу және заң мәтіндерінің тілдік талдамасына қарай жіктеу.

Заңнамалық сөздік бұл-заңтану саласында қолданылатын терминдер туралы мағлұмат беретін сөздікті айтамыз. Ағылшын тіліндегі сөздің лексикалық мағынасын ашу әдісіне қарай заңнамалық сөздіктер бірнеше түрге ажыратылады. Монотілдік заңнамалық сөздік бір тілді қамтыса, екітілдік- екі тілді, көптілк-бірнеше тілді қамтиды. Сондай-ақ заңнамалық сөздік көлеміне қарай да ажыратылады. Құқықтың барлық саласын қамтыған заңнамалық сөздіктерді салалық сөздік деп атаса, құқықтың тек бір саласын қамтитындарын –субсалалық деп атайды, мысалы келісім шарттық құқық. Егер заңнамалық барлдық терминологияны қамтуды көздесе, онда оны максималды деп (maximizing dictionary), ал терминдер саны шектеулі болса онда минималды (minimizing dictionary) деп атаймыз. [14-79б]

Ағылшын тіліндегі заң терминдері мен түсініктерін зерттеудің маңыздылығы өте зор. Өйткені басқа терможүйелерге қарағанда көптеген сұраныстарға ие. Заңнамалық мәтіндерді жанрлау Комиссиясының мәліметі бойынша (Ұлыбритания) ағылшын тіліндегі профессионалды саладағы қолданатын мәтіндердің саны жетпіске жуық екен.

Заңнамалық терминдер мен түсініктердің ағылшын тілі мен қазақ тілдерінде сәйкес келуі өте қиын процесс, өйткені әрбір елдің өзіндік ерекше құқықтық жүйесі болғандықтан түсініктер мен терминдер бір-біріне сәйкес келе бермейді. Сөздікте сәйкес келгенімен көбінесе олар дұрыс лексикалық түсінікте болмайды. Мысалы, «prosecutor» -«прокурор» болып аударылады, бірақ американдық және рейсейлік құқықтық жүйеде бұл сөздер әр-түрлі түсінікке ие.

Ағылшын тіліндегі заң мәтіндері мен терминдеріне, терминологиясының қалыптасуында латын тілінің маңыздылығы зор болған. Бірақ Ұлыбритания құқықтық институттарының қалыптасуы және дамуы барысында заңдық терминдер ерекшеленіп, латын тілінен алынған сөздердің саны біртіндеп қысқара бастады (зерттеушілердің пікірінде қазіргі ағылшын тіліндегі заң мәтіндеріндегі латын тілінен алынған сөздердің 1 пайызы ғана сақталған екен). Ағылшын тіліндегі заң терминдерінде бірегей лексикалық бірліктердің қалыптасып жатқандығын ескергеніміз жөн.

Біріншіден, құқықтық лексиканы талдауда ыңғайлылық үшін түсініктерді номинациялау әдістерін түрге ажыртуымыз қажет (терминдер, терминионимдер, мамандандырылған сөздер).

Екіншіден, белгілі бір сөздің құқықтың қай саласына жататындығын, айқындап алуымыз қажет, нәтижесінде лексикалық мағынадағы сөзді жалпы құқықтық немесе салалық лексика екендігі анықталады. [15-101б]

Үшіншіден, арнайы лексикаларды жіктеуде топонимдер, антропонимдер және фразологизмдердің маңыздылығын ескерген жөн; мысалы, 

-Old Baily – Олд-Бейли, Орталықтанған қылмыстық сот, Лондондағы көшенің атымен аталған топоним; 

-Miranda warning–күдіктіге өз құқықтарын арнайы жариялануы, әйгілі «Миранда Аризона штатына қарсы» (1966) атты сот ісінің атымен аталған антропоним; 

pocket veto - «қалталық вето», АҚШ президентінің қосымша ветосы (зат есім).

Сондай-ақ американдық және британдық үлгідегі ағылшын тіліндегі заңнамалық мәтіндер мен терминдерді қолдануда өзара ерекшеліктер байқалады.

Бірнеше мысалдар келтірейік:  

- сыртқы істер министрлігі: State Department (USA)

                                          Foreign and Commonwealth Office (UK)

-қаржы минстрлігі: Treasury Department (USA)

                              Treasury (UK)

-әділет  минстрлігі: Department of Justice (USA)

                              Department for Constitutional Affairs

- білім беру минстрлігі: Department of Education (USA)

                                     Department for Educational Skills (UK) 

- Attorney General: әділет минстрлігі (США), бас прокурор (Ұлыбритания).

Жоғарыдағыларды ескере отырып көптеген зерттеушілер мен аудармашылар аудару барысындағы тап болатын қиындықтарды көрсетеді. Екі үлгідегі (британдық және американдық) ағылшын тіліндеріндегі заң мәтіндерінің ішіндегі күрделі мәселе тудырғаны ол қылмысты жіктеуге байланысты лексикалық сөздер. [15-121б]

Құқықтық терминдер мен мәтіндерді жіктеу жүйесі алғашында бір-біріне сәйкес келетін. Барлық қылмыстар felonies, misdemeanours және treasons болып ажыратылып, яғни crime түбірлік терминінен алынған болатын. Ескі жүйелеу бойынша felony: felony at common law, capital felony, statutory felony болып жіктелсе, Misdemeanour екі кластан: misdemeanor at common law, high misdemeanor құралған.

Ескі жіктеуге сәйкес микрополде felony терминімен туыстас ретінде treason и sedition номинаттары көрсетілген. Мұндай жіктеулер ағылшын және американ құқықтық терминологиясы ХІХ ғасырдың соңында өмір сүрген. Бірақ 1967 жылы ағылшын құқықтық терминологиясында жаңа жіктеу пайда болды, ол бойынша барлық терминдер қылмыс объектісіне негізделген болатын. Ағылшын құқықтық терминологиясында crime термині алдыңғы қарастырылған түсінік беретін терминдер felony и misdemenour сәйкестендірілді. Felony, misdemenour және treason терминдерімен бірге crime терминінің базасында қалыптасқан құрамдас терминдер де бар, олар-crime – crime against the state, crime against justice, crime against religion, crime against reputation, crime against security, crime against morality. [16-94б]

Құқықтық мәдениеттің жаңа үлгісіне сәйкес терминдер микрополяға келісідей тарала басталды. Осылайша, crime against reputation мынадай мағына берді: libel (a method of defamation expressed by print, writing, pictures, or sign), defamation (an intentional false communication, either published or publicly spoken, that injures another’s reputation or good name), slander (speaking of defamatory words tending to prejudice another in his reputation, community standing, office, trade, business or means of livehood) (см. Black’s Law Dictionary).

Қазіргі американ құқықтық терминологиясында ескі ағылшын құқықтық жіктеуден сақталып қалған felony және misdemeanour терминдері сақталған және қазірге дейін қолданылады.

Ағылшын терминімен салыстырғанда американдық тума термин offence термині емес, crime термині. Сriminal offences термині өзіне мыналарды қамтыған offences against persons (мысалы, murder, manslaughter), offences against habitation and occupation (например, burglary, arson), offences against property (мысалы, larceny), offences against morality and decency (мысалы, adultery), offences against public order and government (мысалы, treason).

Сонымен қатыра американ құқықтық жүйесінде қылмыстың ауырлығына қарай жіктелу түсінігі қалыптасқан, ол бойынша crime термині түрлік номинанттарға ие болады және әріптік таңбалар арқылы белгіленеді. Мысалы, A, B, C, - A felony, B felony, C felony және A misdemeanour, B misdemeanour, C misdemeanour. Бұлай жіктелу тәсілі ағылшын қылмыстық құқығында кездеспеген және қазір де жоқ. Ағылшын мәтіндерінде көп кездесетін заң терминдеріне тоқталайық: [17-132б]

-халықаралық құқық-International Law;

-келісімді құқық -Law of Contracts;

-жеке меншік құқығы-Law of Property;

-салықтық құқығы -Tax Law;

-азаматтық процесс-Civil Procedure;

- жаулап алу құқығы-Law of Conflict of Laws;

-қылмыстық құқық-Criminal Law;

-административті құқық-Administrative Law;

-отбасы құқығы-Family Law;

Ағылшын және британ үлгілеріндегі ағылшын тілдеріндегі осы қиындықтар аударма барысында көптеген кедергілер келтіреде, ал Қазақстан құқықтық жүйесінде қызмыстың өзіндік жіктелу жүйесі бар.

Құрылықтағы құқықтың жүйенің өзі ағылшын-американ жүйесінен ерекшеленеді. Мысал келтірейік, жеке-statute law және жалпы құқық сөздерін алайық. Жеке құқық заңнамаға негізделсе, жалпы құқық көптеген сот істеріне (тәжірибесіне) және айқындалған құқықтық принциптерге (ratio juris) негізделеді.

Құқық-қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиынды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Сонымен бірге, құқық азаматтардың бостандығын, қоғам алдындағы міндеттерін жариялап және оларды жүзеге асыруда заң жүзінде кепілдікті қамтамасыз етеді.

Адамдар жаратылысында тең жаратылған, белгілі, бұлжымас құқықты иеленген, олар: өмір суру құқығы, бостаңдық және батылдылыққа ұмтылу.  Құжат деп, ең алдымен, заңдардан бастап әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерді, сонымен бірге нормативтік емес құқықтық актілерді де түсінуіміз керек. [18-174б]

Терминология бүгінгі күні ең күрделі және проблемасы көп сала. Қазір жарыса шығып жатқан жаңа сөздер көп. Сөздіктердің өзі ала-құла. Кәсіби, салалық, ғылыми терминдердің әр жерде әр түрлі жазылуы бәрімізді де жаңылдырады. Заң, медицина, техника, экономика, әлеуметтану, саясаттану, тағы басқа салалардың өзіне тән терминдері мен атау сөздерін бір ізге түсіру де әлі басталмаған жұмыс.

Көптеген тарихи және мәдени себептерге байланысты ағылшын тіліндегі заң мәтіндерінің өзіндік ерекшелктері бар. Бұл ерекшеліктер англосаксон құқықтық жүйесінің айырмашылықтары мен құқықтық мәдениетке байланысты айқындалған. Жалпы құқықтың қалыптасу кезеңінде жазылған және құрастырылған заңдар мен нормативті актілер қазірге дейін өзгермеген, қазіргі тілге тікелей аударылып, архаикалық стильде сақталған. Заңгер, ертедегі сот істерінің шешімдерін пайдаланып, ескі құжаттар мен есептерді қолданып, білдіріліп отырған ойдың дәстүрлі архаикалық стилистикасын сақтайды. Көптеген сыншылдардың ойынша заң мәтіндері көпсөздігімен сипатталады. Заң мәтіндерінің архаикалық стилі қазіргі оқырмандар үшін өте күрделі, тез мағлұмат алуға мүмкіндік бермейді және оқырман өз ойын білдіру үшін көп көңіл мен уақытты қажет етеді. Мәтінді аудару барысында стилистикалық ерекшеліктер қиыншылықтарды жеңуге, мағлұматты түсінуге жәрдемдеседі. Ағылшын тіліндегі заң мәтіндеріндегі көп кезедесетін PDF created сөзінің екеуленген синонимі кездеседі: alter and change, free and clear, true and correct. Зерттеушілердің пікірінде қолданылған екеуленген синонимдердің тарихы тереңге тартылған. Ағылшын заңгерлері түрлі тарихи кезеңдерде тілде бірдей қызмет атқаратын екі паралельді сөздерді де қолданды: ағылшын-латын, кейінгі ағылшын-француз. Мысалы, free and clear екеуленген синонимі ескі ағылшын «freo» және ескі француз «cler» сөздерінен құралған. Заңгерлер бірегей мағына қалыптастыру мақсатында әрбір тілден сөздер алып жұптастырды. Мұндай көбейту немесе екеулендіру мағына беру үшін және мәнін ашу үшін қолданылды. [14-116б]

Бірте-бірте екеулендіру заң тілінің салтына айнала бастады. Қазіргі ағылшын тілінің оқырманы осы ерекшелікте білмесе көптеген қиындықтарға тап болуы мүкін. Мысалы, This being the case, the exclusionary clause can have no further force and effect, and the defendant argues that in such an instance full and complete relief can be given without the issuance of an injunction. Заң мәтіндерімен жұмыс барысында бір мағыналы синоноимдердің екеуленуі салтымен студенттерді таныстырамыз.

Заң мәтіндерінің келесі ерекшелігі –құрамдас сөзқұрауды қолдану болып табылады. Мұндай сөзқұрауда бір, екі сөздің орнына үш, төрт сөздерден құралады. Мысалы: notwithstanding of the fact that, at that point of time, with reference to, in accordance with. Бұл сөзқұраулар сөйлемді біртексіз ұлғайтып, сөздің мәнін анық ашпайды. Бұл сөйлемде құрамдас сөзқұрауларды алып тастап, оөып көруді ұсынамыз. Notwithstanding of the fact that – although, at that point of time then, with reference to – about, in accordance with – by or under.

Мысалы: The parties were in complete agreement with respect to the amount of rent due and also as regards the due date.

Қайта оқысақ былай дыбысталуы мүмкін: The parties were in complete agreement about the amount of rent due and about the due date. [14-133б]

Заң контекстіндегі ағылшын сөйлемдері бірлік форматының көптігімен ерекшеленеді (200 сөзге дейін), олар бірнеше блоктан құралып, қосымша және негізгі мағлұматтарды өзіне сақтайды. Заңгер жазу барысында бір ұзақ сөйлемнің ішіне барлық ойды, қосымшаларды, қорытындыларды және пікірлерді біріктіреді. Нәтижесінде бұл сөйлемдер анық мәнінен айырылып, түсіну қиынға соғады. Мысалы, In a__ trial by jury, the court may, when the convenience of witnesses or the ends of justice would be promoted thereby, on motion of the party, after notice and hearing, make an order, no later than the close of the pre trial conference in cases in which such pretrial conference is to be held, or in other cases, no later than 10 days before the trial date, that the trial of the issue of liability shall precede the trial of any other issue in the case. [14-85б]

Бұл сөйлем 86 сөзден және 5 блоктан құралған, бір оқығаннан кейін бірден бұл сөйлемді түсіну мүмкін емес, өйткені мағлұмат берудің логикалық тәртібі жойылған. Оқырман не туралы айтылып жатқанын түсіну үшін көптеген сөздермен қосымша ойлардан ысырыла өтіп, сөйлемнің негізгі мәнін ашатын соңғы 20 сөзге жетеді: the trial of the issue of liability shall precede the trial of any other issue of the case, осыдан кейін сөйлемнің бастамасы естен де шығып кетеді. Оқырмандарды осындай контексттермен таныстыра отырып, бұл сөйлемдегі керек емес артықша сөйлемдерді сегменттеуді ұсынамыз, онда бір блок мағлұмат қалады. Жоғарыда мысал келітірлген сөйлемді қысқаша 5 бөлікке бөлуімізге болады, бірақ мазмұны бір ойды білдіріп тұрады. 1. In а jury case, the liability issue may be tried before any other issue. 2. The court may order the liability issue to be tried first if that serve the convenience of witness or the end of justice. 3. The judge may make the order on a party’s motion, after notice and hearing. 4. In a case with a pretrial conference, the judge may make the order no later than the end of the conference. 5. In a case with no pretrial conference, the judge may make the order no later than ten days before the trial date. [18-149б]

Шет тілдегі заң мәтіндерінің стилистикалық ерекшеліктерін білу –тілдік компентацияны шыңдаудың көзі болып табылады, ал ол өз кезегінде әлеуметтік –мәдени білім мен ілімді өзіне толықтырады. Осындай ілім мен білімді білген заң факультетінің студенттері шет тіліндегі мағлұматттың мәнін қиналмай өз тілінде аша алады және отандық, шетел мамандандырылған терминологияны қарым-қатынаста шебер қолдана алады.

Қорыта айтқанда, кейбір терминдер мағынасы, қолданысы, ұғымы тұрғысынан еш қисынға келмегенімен, айтыла айтыла құлаққа сіңісті болып, күнделікті пайдаланысқа еніп кетуі ғажап емес. Ал оның шығу тегін зерттеген келер ұрпақ кейін күліп жүрсе қайтеміз. Әрине, терминдерді жасауға барша халық қатыстырылуы керек. Бірақ, олар салалық мамандардың, тілшілердің сүзгісінен өтсе ғана қазіргідей алаңдаушылық тумас еді дегіміз келеді. 

 






Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 582 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

2163 - | 2100 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.