Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ық терминдерінің қалыптасу және даму жолдары 2 страница




Қазіргі "заң" сөзінің білдіретін ұғымы да, о баста осылай аталмаған. Қазақта "атадан қалған жол" деген тәрізді тіркестер бар. Осында "жол" сөзі қазіргі "заң" сөзінің кейбір мәнін білдіргені байқалады. Болмаса қазақтың таптық жікке бөлінген қоғамдық құрылысының өзінде сол XYIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басына дейін дәл заң ұғымын беретін термині болмаған. Әдет-ғұрып ережелерінде дәстүрге айналған ата-бабадан мирас болып келе жатқан норма деген ұғымды "жол" сөзі атқарған : "жол-жорағат", "аға жолы", "іні жолы", сенің жолың дегендердегі "Заң" сөзі "қазақ тілінде біраздан бері бар. Бірақ ол кейінге дейін әдет. Жол сөздерімен мәндес айтылып, көпке дейін солардың синонимі ретінде қлһолданылып келді; құқықтық мәнде жұмсалғанда, "обычное право" ұғымының дәрежесінен алыстап кетпейді. Бұл сөз " закон" атауының баламасы ретінде қолданылуы Қазақстанның россияға қосылуымен байланысты қалыптаса бастайды. Бұл сөз қытай тілінен келген, бастапқы мағынасы да "әдет", "жол" сөздерімен астарлас: "Қытай тілінде Ян деген екі элементті йероглиф – ереже, үлгі, түр, қалып, сорт, стиль,тәсіл деген мағынасында қалыптасып кейбір тұлғалық өзгешеліктерге ұшыраған" /21.99/ сонымен, "жол", "әдет", "заң" сөздері XYII-XIX ғасырларда қазақ тілінде "обычное право" мәнінде қатар айтылып келіп заң термині ретінде қолданып, осылардың ішінен "заң" сөзі ғана қалыптасқан.

"Айып" сөзі – қазір абстракт ұғым атауы. "Айыбы жоқ", "айыбын мойнына алу", "айып шам", "айыбын бетіне басу", "айыбын жүды" т.б осы тектес тіркестерде келеді. Қазір осы сөзден өрбіген "айпкер" атауы болмаса, өздігінен түбір күйінде заң ғылымына байланысты терминдік мәнді білдіре алмайды. Ал, Тәукенің "Жеті жарғысында", "айып" – қылмыскер адамның тартатын жазасының, яғни айқын ұғымның атауы. Сондықтан "ат-тон айып төлеу" т.б тіркестерде құқықтық ұғымды білдірген. "Айып" қазіргі "штраф" терминінің мәнін білдіргенімен, ол кезде оның мағынасы "штрафтан" кеңдеу болса керек; ал "штрафта" тек "төлеу" мәні бар (жазаның бір түрі ғана). Шығу төркіні араб тілінде жатыр: позор, порок, изъян: если человек знает язык, он знает содержания, (если он говорит, что знает то, чего не знает, - (это) позор. Бұдан байқайтынымыз, бастапқы мәні "сорақылық", "кемшілік" тектес ұғыммен байланысты болған да, кейін әдет-ғұрып нормаларын бұзғандығы үшін "тартатын жаза", оның түрі деген қосымша мәнге ие болған. Соңғы мағынасы хандық дәуірде құқықтық ұғымды білдіретін атау қызметінде жұмсалған. Ол кезде бұл сөздің екі қызметі – жалпыхалықтық лексикада өзінің бастапқы мағынасында жұмсалуы, ал билер кеңесінде арнайы құқықтық атау қызметінде атқаруы қатар көрінген. Ал кейін тілімізде "жаза", "штраф" сөздерінің қолдана бастауына байланысты бұл сөздің терминдік қызметі солғындап, кейін өшіп кеткен де бастапқы мағынасы қалып қойған. Жалпылама лексикада оның мағынасы бүгінгі күнде де қолданылмай келеді: "айыбын мойындау", қазір "қылмысты мойындау" емес, "кемшілігін, қатесін мойындау", "ұялу" сияқты мағыналарды білдіреді.

"Айып" әдет-ғұрып заңының атауы ретінде қолданылған да, жазаны негізгі түрде заттай, малдай өтеуді білдірген. Сондықтан да оның әр түрлі атаулары бар: бас тоғыз, орта тоғыз, аяқ тоғыз, ат-шапан айып, тоқал тоғыз, түйе бастаған бас тоғыз, жылқы бастаған орта тоғыз, бұқа бастаған аяқ тоғыз, жасауыл ақы, жаушыға жіп кесер, билік ақы т.б. толып жатқан түрлері болған. Бұл туралы Т.М.Күлтелеев "Часть айып в пользу хана и султана, кроме того взыскивался "билік", вознаграждение судьям за разбирательство судебных дель", /21.57/-деп көрсетеді.

"Дау" сөзі де халқымыздың әдет-ғұрып құқығы жүйесінде термин ретінде атам заманнан мәлім. "Дау– шар", "дау төрт бұрышты", "қамыты екі ұшты", "дау сабасты" (дауға түсті), "дау-жанжал","дау айтты" т.б тіркестердің болуы осыны дәлелдейді. "Даукес", "даукер" атаулары мәндес терминдер акт ретінде ). "Бітім" сөзінен өрбіген "бітімші" термині де болған, бірақ ол бұл күнде көнерген (екі жақты келістіруші адамды (биді) "бітімші" деп те атаған). Бітімнің түрлерін белгілейтін " береке бітімі", "салауат бітім "  сияқты терминдік ұғымды білдіретін тіркестер де болған.

Қазіргі әдеби тілімізде жиі ұшырасатын қоғамдық-саяси ұғымдарды білдіретін " бостандық ", " азаттық " сөзімен мәндес " теңдік" сөзі де о баста терминдік ұғымда қолданылған (Заңға қатысты), бірақ мүлде басқаша жұмсалса керек. Айып, құн төлейтін (соған ұйғарылған) айыпкер кейде жәбірленушіге төлемей кететін жағдайлары кездесіп отырған. Ондайды "теңдік бермеу " десе, төлегенде "теңдік алу" деп атаған. Бұдан біз " теңдік" сөзінің қазіргі мағынасының кеңейгендігін көреміз.

Айтып отырған кезеңдегі заң термині ретіндегі жиі қолданылған сөздердің тағы бірі – " билік" сөзі. Ол – " би" сөзіне –лік жұрнағы жалғану арқылы жасалған, сондықтан да оның түп төркіні көне түркі тіліне барады: бегілік > билік (бег\ би; г\\й); Бегілік елімте қылынтым. Осы сөздің бұрын екі түрлі мағынада жұмсалғандығын проф. Р.Сыздықова еңбектерінен кездестіреміз. Біріншісі – қазақтың әдет-ғұрып құқығы бойынша жүргізілетін заң ісінің атауы, екіншісі – бидің шығарған үкімі. Билік сөзінің өктемдік, билеп-төстеушілік деген ұғымдарды білдіретін мағынасының болғанын да ескертеді. Бұл мағына – үй ішінің биігі, қара басының билігі тәріздес тар көлемдегі қожалыққа, иелікке байланысты айтылған. "Би" сөзінің қазақ тілінде о бастағы да осы тар көлемдегі үстемдік ету мәнінен шығып, бірте-бірте юристік термин қызметінде қолданылған деп ьтабамыз"-деп жазады автор./22.198/

Үкім бойынша айыпкерден өндірілетінт мал-мүліктің бір бөлігі мен ханңға тиісті болғандығын айтқанбыз. Осыған байланысты да терминдер болған: биге берілгені "билік " деп, ханға тиесісі " хандық" деп аталған.

Абай тілінде билік сөзінің көп пайдаланғандығы мына жолдардан көруге болады.Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай берген болыстық пен билік елде жоқ. Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Билік сөзінің осы ұғымына қарай Абай тұсында билікке сайлану, билікке таласу деген жаңа тіркестер пайда болған.

Терминдік мәнде ертеден тұрақталған тіркестің бірі – жан беру. Осы кездерде әдет-ғұрып құқығында терминдік мәнде жиі жұмсалған тіркестердің бірі – " жан беру". Қазақтың ескі әдеті бойынша би шағымшылардың екі жағында тыңдап болғаннан кейін өз бетінше шешім қабылдай алмаған жағдайда, жауапкердің жақын туыстарының бірі оның күнәсіздігіне ант беруіне болады. Бұл процесті " жан беру"  деп атайды. Егер туысы күнәсіздігіне ант бере алмаса, онда жауапкер жан қылмысты деп табылып жазаланады. Ақылды, парасатты билер істі көбінесе өздері шешеді – жан беруге сала бермейді. " Жаман би жанға салар" деген мақал осыдан қалғн. " Жан беру"   сөзін кейін "ант беру "  термині алмастырды, қазір ол актив сөзге айналған. Көбінесе әскери термин ретінде қолданылып жүр.Абай тұсында билік-сот ісінде жан беру тәрізді іс жүргізу әдісі жойылмаған болатын, бірақ бұрынғыдай емес, жакапкердің ақ-қарасына көзі жетпей-ақ жан бере салу бұл кезде әдетке айналып кеткенін Абайдың өзі-ақ айтып береді: Жанын берсе табылмас сөздің шыны, " Ант беру", "жан беру" тіркесі ретінде XIXғасырдың екінші жартысынан бастап қолданыла бастағаны байқалады. Бұл күнде фразиологизимге айналып кеткен " ант атқан", "ант бұзылды", "ант имандай көрді", "ант мезгілі",  (өлімге еріксіз бой ұсынар шақ), " ант суын ішті", "ант сүйек", (соғымға сойылған мал етінің сақталған соңғы кәделі мүшесі) " ант ұрсын" /22. 18/ тектес тіркестер көне дуірдің көзіндей. Күә, айғақ, ұрлық, жаза, зақым, төлем, жер дауы, жесір дауы, қалың мал, барымта дүре, шарға түсу, әмеңгерлік, өлім жазасы т.б. сөздер де қазақтың осы әдет-ғұрып құқығы жүйесіндегі ұғымдарды білдіріп, терминдік қызметте жұмсалған.

Қазақтың әдет-ғұрып заңы қылмыстың екі түрін көрсеткен: қастық, абайсыздық. Бұл екеуі де Тәуке хан "жарғысында " көрсетілген және осы сөздер ол кезде де бұл күнгі терминдік мәні қалай болса, сол күйінде қолданылған.

"Жесір дауы" термині арқылы әйелге ерінің, түскен елінің меншігіндегі зат ретінде қараушылық, парриархалдық көзқарас байқалады. " Жесір дауы" әйелге деген ерлер меншігін қорғаудың құқықтық көрінісін білдіреді. " Жесір"  сөзі ері өлген әйелді немесе қалың малы төленген, бірақ болашақ күйеуі бұл ұзатылмай тұрып қайтыс болып кеткен қыздарды білдіреді. Олар әдет-ғұрып ережесі бойынша күйеуінің туысына не ұзатылып баруға тиісті елінің бір жігітіне қосылуы керек. /22.118/ Ол бұзылған жағдайда дау басталады да әдетте бұзған кісі (көбінесе әйел) айыпкер ретінде жазаға тартылатын болған. Бұл да – қазір архаизмденген атау.

"Жаза" – Тәуке хан жарғысында көрсетілген құқықтықтермин. Ол кейін де әдет-ғұрып құқығында, хандар билігінде қолданылып келді. Айыпкердің істеген қылмысының салм ағына қарай жаза берілген. Жазаның түрі көп, барымта да – жазаның бір түрі. " Қанды кек" деп аталатын жазаның түрі тым ауыр болған.

Жазаның түрін білдіретін терминдік ұғымда көп қолданылған сөздің бірі " барымта " дедік. Ол да бүл күнде историзмге айналған. Бұл сөздің шығу төркіні туралы әр түрлі пікір бар. Академик Ә.Марғұлан "бар", "мата" деген екі сөздің бірігуінен жасалған қазақтың төл сөзі десе", "қысқаша этимологиялық сөздікте" оны былай түсіндіреді: "Тіліміздегі барымта  зат есімнің шығу төркіні " себеп, негіз, дәлел, есеп"  мағыналарына келіп ұштасады, өйткені барымта себепсіз, негізсіз, дәлелсіз болмайды. Біздіңше, түркі тілдеріндегі барымта сөзі манғолдың " негіз, факт, себеп, дәлел " мағыналарындағы бармит сөзінен шыққан бролуы керек. Бармит түркі тілдерінің артикуляциялық базасына сай барымта болып өзгерген және оның мағынасында абстрактылану пайда болған тәрізді. Барымта сөзінен барымталау, барымталасу, сияқты туынды етістіктер жасалған. /58.56/ Бұл термин арқылы төленбеген қарызы, құн не қалыңмал үшін, жесір не жер дауының бітіспей, қайтпай жүрген жайлары негізінде біреудің малын (көбінесежылқысын) жасырынып келіп алып кету ұғымы аталады. Тәуке хан әдет-ғұрып құқығын жинақтаған кезде, барымта актісі шешімін күшпен орындаудың бір тәсілі болса керек. Ол кезде барыита сөзінде ұрлық деген мән болмаған. Ал, XIX ғасырдан бастап барымта үстем тап өкілдерінің зорлық көрсету, қиянатшылық құралына айналған.

Ендігі бір терминдік мәнде жұмсалған сөз – ұрлық. Алғашында ұрлық негізінен малға байланысты болған. Бұл атау да қылмыстың түрін білдіреді. Сондықтан да жиіркенішті атау: "ұрының үйі күйіс", "ұрының арты қуыс", "ұрлық түбі - қорлық"  сықылды қанатты сөздер осыған айғақ. Тәуке хан тұсындағы ұрлық ұғымына тонау да кірген. Бұл күнде мағынасы тарылып заң терминіне айналған.

Зақым   сөзі де әдет-ғұрып заңында құқықтық атау қызметінде жұмсалған (жеңіл зақым, ауыр зақым). Тәуке хан жарлығында зақыммен (жарақат түсірумен) кек қайтару немесе құн төлеу қабылданған.

Қазақстанның Россияға қосылуына дейінгі кезеңнің бір ерекшелігі – сот ісі халықтың әдет-ғұрып заңдарының негізінде жүргізілді дедік. Бұл кезде жүз аралық, ру мен тайпалар аралығындағы даулы мәселелерді шешу үшін әр түрлі азаматтық, қылмыстық істерді қарайтын билер соты жұмыс істейді. Оған хандар мен сұлтандар, білікті билер мен батырлар қатысып отырды. Билер соты әкімшілік ету органының қызметін де атқарған. Бұл туралы Шоқан Уәлиханов былай деп жазды: "Ру тұрмысының заңы бойынша бір рудан шыққан адамдар бір семья сияқты болып саналады. Сондықтан бір рудан шыққан би өз руласы мен басқа бір рудан шыққан адамның таласына билік бере алмайды. Билер соты сөз жүзінде халық алдында ашық түрде және қашан да қорғаушының қатысуымен жүргізіледі./23.134-140/. Бұдан жазылмаса да, билер сотының іс жүргізу жолдары жайында қабылданған ережелердің болғандығы байқалады.

Ал XIX ғасырдан бастап болысаралық, руаралық істерді қарайтын "билер съезі" құрылды. Осыған байланысты "билер съезі", "шербышный съезі" (чрезвычайный) сияқты құқықтық ұғымдарды білдіретін тіркестер пайда болды.

Хан мен сұлтандардың жанында төлеңгіт деп аталатын феодалдық тәуелді әлеуметтік топтың болғаны тарихтан белгілі. Олар сұлтандарды не ханды паналап, соларға қызметші міндетін атқарған. Оларға біразы сұлтан арасында тұрып,зекет пен соғым жинаған, би шешімдерін орындаған (қазіргі сот орындаушысының – судебный исполнительдің – қызметін),   жаушы, күтуші болған. Қалған тобы малын бағып, үйін күткен. Ал осылардың бірінші тобын билерден кейінгі құқықтық әкімгершіліктің өкілі демеске болмайды. Олай болса " төлеңгіт" сөзі де бір кезде заң терминінің қызметін атқарған болып шығады. "Төлеңгіт" сөзінің де төркіні көне түркі тілінде жатса керек. Түбірі – төле, төл зат есімнің негізінде жасалған туынды етістік (төл-е). Көне түркі тілдеріндегі "қоздау"(қой), алған заты үшін, не басқа бір өткізгені үшін "төлеу" (заттай, еңбегімен т.б) мағыналарын білдірген. /23.574/ Осы соңғы мағынасының негізінде –гі (-ғы, -қы//-кі) жұрнағының жалғануымен төлеуші, төлегіш ұғымын беретін зат есім жасалған да, ол төрелер қарамағында солардан алған сауын, қалжасы үшін еңбегімен төлем төлеп жүрген басы байлы шаруа ұғымын білдіретін болып қалыптсса керек. Ал сөз соңындағы "т" қосымшасы көптік жалғауының көне түрі екені белгілі (тархан – тархат, тігін –тігіт, оймауыт – торғауыт т.б. Төлеңгіттер табиғатында қанаушы тап өкілі болғанымен, олардың ішінен сұлтандарға жақыны, тұрмыстық жағынан әл-ауқаттылары болған. Осылардың төлеңгіт аристократиясы пайда болған. Бұл топтағы сұлтандар мен хандар әртүрлі әкімшілік шешімдерді орындауға жұмсап отырған. "Төлеңгіт" сөзін заң термині ретінде қарастырғанда, оның осы кейінгі мәнін ескеру керек.

Әдет-ғұрып заңдары күшіндегі кезеңдерде алым-салық түрлері де көп болды, сол ұғымды білдіретін арнайы атаулар да баршылық еді.

Қазақ хандығының мал өсіретін аудандары мен егіншілікпен айналысытын жерлердегі алым-салық бірдей емес еді. Қатардағы көшпелі малшылар хандыққа зекет   төлеген (малының жиырмадан бір бөлігі мөлшерде), феодалдардың малын бағып, үй-шаруасын ұстаған, оған қоса соғымнан сыбаға беріп отырған. Әсіресе, соғым-сыбаға жайлауға, күзеугк көшкен кездерде берілген. Көшпелі малшылардың байларға еткен еңбегі үшін алатыны тек сауын ғана болған.

Егіншілікпен айналысатын жерлердегі алым-салықтың жүйесі әрсалалы еді. Отырықшы егіншілер ханға бағыс салығын және жер үшін алым төлеген. Оны "мал –у – жихат " деген терминмен атаған. Әртүрлі тарихи деректемелерде " жалпы салық", "тұтас алғандығы салық", дегенді білдіретін алық уа салық" (қазіргі "алым-салық "сөзі осы атаудың негізінде пайда болуы ғажап емес) деген атау да кездеседі. Қараж деп аталатын салық егін мөлшерінің оннан бірінен бестен біріне дейінгі мөлшерде жиналатын болғаны белгілі.

Әскерлерді азық-түлікпен жабдықтау мақсатымен шаруалар мен қала тұрғындарынан заттай жиналатын салық "тағар" деп атаған. Осы салық бойынша азық-түлік қана емес сарбаздар мінетін ат, оның жемі де жиналатын. Тәукенің "Жеті жарғысынан" В.Левшин мынандай бір үзінді келтіреді: "Сұлтандардан басқа қару асына алатынәрбір адам ханға, халық билеушілеріне жыл сайын өзінің мал-мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлеп отыратын болсын". /24.178/

Тәуке хан жасап қалдырған "Жеті жарғыда" қазақтың бұған дейінгі заң, әдет-ғұрып нормалары қорытындыланды, жинақталды және бұл құжат кейінгі де әдетғұрып ережеклерінің толығып дамуына, жүйеленуіне, соның нәтижесінде қазақтың құқықтық терминдердің қалыптасуына игілікті әсерін тигізді. Бірақ бұдан елімізде жүйелі түрде қалыптсақан, жан-жақты дамыған құқықтық институттар сол хандар билеген дәуірдің өзінде бар едідеген пікір тумаса керек. Қазақ халқында бұл кезеңде құқықтық көзқарастар өте баяу дамыды. Сондықтан да құқықтық ұғымдарды білдіретін азын-аулақ атаулар ол уақытта лексикалық қордан терминдер жүйесіне қойылатын талап деңгейінде көріне алған жоқ.

Қазақстан тарихында 1731 жыл ерекше аталады. Бұл жылы императрица Анна Ионовна қазақтарды орыс патшалығының қарамағына қабылдағаны туралы грамотаға қол қойып, оны елшісі Тевкелов арқылы кіші жүздің ханы!Әбілқайырға табыс еткен болатын. Содан бір ғасыр өтпей алдымен орта жүз, соған ілесе ұлы жүз қазақтары Россия құрамына бодан боп енеді. Мұндай әлеуметтік оқиға елдің шаруашылығына, тұрмысына, қарым-қатынасына т.б жағдайларына бірқатар өзгерістер әкелді. Патша өкіметі қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы заңдарына да өзгерістер енгізгісі келді. Оған XYIII ғасырдың аяғында жасалған Игельстром реформасы дәлел бола алады. Бірақ, ол реформа іске аспай қалды. Әдет-ғұрып заңдары бұрынғы қалпында әлі де көпке дейін сақталып қалды. Осы туралы Г.Гавердовский: "Олар (жүздер) ешбір сырттың көмегінсіз өздерінің қалыптасқан заңдарымен елді басқарды", - дейді. Сөйтіп, алғашында қанша әрекеттенгенімен қазақ топырағына империялық саясат іске аспай қалды. Сондықтан ол жүйені асықпай, біртіндеп іс жүзіне асыру керектігін түсінген отаршылдық үкімет сот ісін, қылмыстық істерді, әкімгершілік, тұрмыстық, азаматтық дау-жанжалдарды шешуді бұрынғыша елдің бюилер соты кеңесінің қарамағына беріп, өзі сырттан бақылап отырды. Дегенмен, Қазақстанның Ресейге қосылуы бұрын әдет-ғұрып заңы арқылы шешіліп келген жүйеге осы кездің өзінде-ақ өз әсерін, өз ісін қалдыра бастаған еді. Оны мынадан көруге болады: дәл осы кезде "хан зеңбірегі", "хан жарлығы" деген тектес орыс тілінен дәлме-дәл аударылған тіркестер мен "указ" тәріздес кірме сөздер пайда болды. Ресейге бодан болғандық туралы құжаттың аты - "грамота" сөзі, оны іске асыру үшін келген кісінің лауазымы, мемлекеттік істі жүзеге асыратын, ел арасындағы қатынастарды орнататын адамды қалай атайтыны ұғымдар қазақ лексикасын жаңа сөздермен байытып қана қана қойған жоқ, сонымен бірге, ол атаудың әлеуметтік, әкімгершілік, құқықтық мәнге ие болуына да негіз болды. Әңгіме "посол", "елші" т.б. сөздердің осы кезде қазақ тілі лексикасының кіруі туралы болып отыр.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 449 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

2181 - | 2101 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.