Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып: Гормондар биохимиясы.




2. Мақсаты: Физиологиялық функциялар координациясы, алмасу процестерінің жағдайы біріншіден ағзаның реттеуші жүйесінің функциясына байланысты.Бұл байланыстың реттелу механизмдерін оқып білу, гормондар мәні тек тірі жүйелер ұйымдастығының жалпы биологиялық заңдылығын түсіну үшін ғана емес, бірқатар аурулардың патогенезінің механизімін ашу үшін және емдеу тактикасын жетілдіру үшін керек.

3. Оқудың және оқытудың мақсаттары: Зат алмасудың жасушалық және тұтас ағза деңгейінде өзін-өзі реттеу механизімін оқып білу. Гормондар жіктелуінің оқып білу. Гормондардың құрылысын,түзілуін, биологиялық мәнін және әсер ету механизімінің ерекшелігін оқып білу. Студенттерге қаннан йодтирониндер және стероидты гормондарды анықтауды үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

 

 1. Жоғары ағзаларындағы реттеуші жүйелердің иерархиясы. Жасуша деңгейінде

заттар алмасуының өз-өзін реттеунің негізгі механизмдері.

2. Гормондардың жалпы қасиеттері, жасуша - нысаналар, гоормондардың рецепторлары 

туралы түсінік.

1. Гормондар әсерінің механизмі туралы қазіргі мәліметтер (3'5'-ГМФ, 3'5'-АМФ, инозитолфосфат, кальций және т.б.)

2. Синтез орны, химиялық табиғатты, әсерінің механизмі бойынша гормондардың жіктелуі. Бас мийдің рилизинг-факторлары. Ішкі секрецияның реттелуінің механизмдері.

3.  Негізгі гормондардың құрылысы, заттар алмасуға әсері және әсерінің механизмі. Қалқанша бездің иодтирониндері: (тироксин және трииодтиронин), құрылысы, синтезі және заттар алмасуына, жасушаның биоэнергетикасына әсері.

4. Гипер- және гипотиреозде заттар алмасуының өзгеруі. Катехоламиндер - бүйрек үсті бездерінің мийлы заттының гормондары, химиялық табиғатты, биосинтезі, заттар алмасуына, биоэнергетикалық процесте әсері.

 

 

Тәжирібелік жұмыстар:

 

  1.Қалқанша безде йодті анықтау. Алейникова Т.Л. Практиикум 1988. 97.

 2.Адреналинге сапалық реакциялар. Алейникова Т.Л. Практиикум 1988. 98

5. Оқытудың тәсілдері: ауызша сұрау.

6. Әдебиет:

Негізгі әдебиет:

139. Медициналық биохимия. Тапбергенов С.О., 2011г.

140. Медицинская клиническая биохимия. Тапбергенов С.О. Тапбергенов Т.С. 2009 г.

141. Медицинская и клиническая биохимия. Тапбергенов С.О. Тапбергенов Т.С. 2012 г.

142. Интерпретация клинико-биохимических анализов. Тапбергенов С.О. Тапбергенов Т.С. 2008 г.

143. Медициналық биохимия. Тапбергенов С.О. 2007 г.

144. Биологическая химия с упражнениями и задачами Под ред. С.Е.Северина. 2011 г.

Қосымша әдебиет:

93. Руководство к практическим занятиям по биологической химии. Под ред. Тапбергенова С.О. 2012 г.

94.  Биохимия. Под ред. Е.С.Северина. 2009 г.  

95. Сеитов З.С. Биохимия: Өзгертіліп, толықтырылып үшінші рет басылып шығуы / З. С. Сеитов. - Алматы: "ЭВЕРО", 2012. - 570 с.: ил.

96. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. Биохимия в вопросах и ответах: учебное пособие / Т. С. Сейтембетов, Б. И. Төлеуов. - Алматы: ТОО"ЭВЕРО", 2010 г.

 

 

7. Бақылау тест түрінде.

Тесттік бақылау тақырыбы: «Гормондар биохимиясы»

1.Жасушалық деңгейде зат алмасудың өздігінен реттелуінің механизмі қалай жүзеге   

асады?

    1-физико-химиялық заңдармен, мембрана функциялары,  

        Ферменттердің белсенділігі және саны арқылы

   2- ферменттердің көлемі және белсенділігімен, нейромедиаторлармен

   3- мембрана функцияларымен және нейромедиаторлармен

   4- трансмембранды тасмалдау жылдамдығымен, заттар және гормондармен

   5-гормондар қатысуымен және физикохимиялық заңдармен

2.Гормондар қалай жіктеледі?

  1- эндокринді безге тиесілі болуына және де анаболитикалық немесе катоболитикалық 

      әсеріне байланысты.

  2- экзокринді безге тиесілі болуына және де анаболитикалық немесе катоболитикалық

      әсеріне байланысты.

  3-эндокринді безге тиесілі болуына,химиялық табиғатына және әсер ету механизміне

     байланысты.

  4- эффекторлы жасуша тәрізді және де эндокринді безге тиесілі болуына байланысты. 

  5-эфекторлы жасуша тәрізді   анаболитикалық немесе катаболитикалық  әсер етуіне

      байланысты.

3.Ағзаның репродукциялық функциясын қай топ гормондары реттейді?

1-вазопрессин, окситоцин,АКТГ, ФСГ,эстрон, эстрадиол

2-ТТГ,СТГ,МСГ. ФСГ, эстрон, эстрадиол

3-пролактин, ЛГ ФСГ, эстрон, эстрадиол

4-ФСГ,эстрон, эстрадиол, вазопрессин, окситоцин,АКТГ

    5-тестостерон, фолликулин, ФСГ,эстрон, эстрадиол

 

4.Қай гормондар глюкокортикоиттарға жатады?

  1- кортизол, кортизон, кортикостерон, 11-дезоксикортизол и 11-дегидрокортикостерон

  2- 11-дезоксикортизол, 11-дегидрокортикостерон, прогестерон и эстрадиол

  3- 11-дезоксикортикостерон, альдостерон, прогестерон и эстрадиол

  4- прогестерон, эстрадиол, 11-дезоксикортизол и 11-дегидрокортикостерон

  5- кортизол, альдостерон и гидрокортизон 11-дезоксикортизол и 11-

      дегидрокортикостерон

5.Аденогипофизде қай гормондар түзіледі?

  1- СТГ, АКТГ, ТТГ, окситоцин, пролактин

  2- ЛГ, пролактин,ТТГ, вазопрессин, окситоцин

  3- вазопрессин, окситоцин ЛГ, пролактин,ТТГ

  4- мелатонин, паратиреокрин, ЛГ, пролактин,

  5- АКТГ,СТГ, ГТГ, ЛГ, пролактин,ТТГ

6.Эстрогендерге жататың гормондарды атаңыз?

  1- метилтестостерон,эстрадиол, фолликулин, эстрадиол

  2- эстриол, прогестерон, андростерон

  3- андростерон, синестрол, фолликулин, эстрадиол

  4- фолликулин, эстрадиол, эстрон, эстриол

  5- эстрон,этриол, прогестерон, альдостерон

7.Адреналин және норадреналин гормон – медиатор қызметін атқарады. Олардың биологиялық функциясын атаңыз:

  1 майлар, көмірсулар және амин қышқылдар катоболизімін жылдамдатады.

  2 майлар, көмірсулар және амин қышқылдар анаболизмін жылдамдатады.

  3 кальцидің және энергия өндірілудің қорға (депонированияны) жиналуын

     жылдамдатады

  4 миофибрилла қысқаруын әлсіретеді

  5  цАМФ түзілуін әлсіретеді

8. Қандай гормон бүйрек үсті безінің қыртысты затының функциясын реттейді?

  1- СТГ

  2- ТТГ

  3- АКТГ

  4- ФСГ

  5- ЛГ

9.Қалқанша безіне операция жасағанда тетания белгілері дамуы мүмкін, бұл немен байланысты?

  1- тиреоидты гормондар деңгейінің төмендеуі

  2-паратгармон жетіспеушілігінен пайда болған гипокальцемия салдарынан

  3- тиреокальцитонин деңгейінің төмендеуінен пайда болған гиперкальциемия

      салдарынан

  4- паратгормон жетіспеушілігінен және гиперкальциемия салдарынан  

5- холекальциферрол түзілуінің бұзылуы және гиперкальциемия салдарынан.

10.Қантсыз диабетке тән метоболитикалық белгілерді атаңыз:

  1 полиурия и полидипсия

  2 гиперглюкоземия және глюкозурия

  3 полидипсия және кетонурия

  4 ацидоз және гиперкетонурия

  5 алкалоз және гипогликемия

11.Клиникада анаболикалық стероидтарды жиі қолданады, оларға қандай топ гормондарын жатқызуға болады?

  1 альдостерон, 11-дезоксикортикостерон и және кортизол

  2 кортизол, кортикостерон және эстрадиол

  3 тестостерон, метилтестостерон және адростерон

  4 андростерон, тестостерон және альдостерон

  5 прогестерон, фолликулин және кортикостерон

12.Қалқанша безінің функциясын қандай гормон реттейді?

  1- СТГ

  2- ТТГ

  3- АКТГ

  4- ФСГ

  5- ЛГ

13.Қандай гормон тирозин амин қышқылының туындысы?

1- паратгормон және тиреокальцитонин

2- адреналин және норадреналин

        3- инсулин және глюкогон                  

        4- вазопрессин және окситоцин

       5- андрогены және эстрагены

14.Қай гормон Д витаминінің активаторы болып табылады, және де бұл реакция қандай мүшелерде жүреді: холекальциферол ----> 25-оксихолекальциферол ----> 1,25-диоксихолекальциферол?

  1- паратгормон:бүйрек пен бауырда

  2- альдостерон: бауырда

  3- паратгормон:бүйрек және ішекте

  4- тиреокальцитонин: бауыр және бүйректерде

  5- альдостерон: бүйректерде

15.Гормондардың биологиялық эффектісі қандай процестерге тәуелді?

1-гормондардың түзілуінің және бөлінуінің жылдамдығына

2-гормондардың зат алмасуының жылдамдығына және белсенді түрлерінің санына

3-жасушалық рецепторладың бүтіндігі және сезгіштігіне

4-гормон аралық әсерлесудің ерекшелігіне

5-бәрі дұрыс

16.Қандағы кальцидің деңгейін реттеуге қандай гормондар қатысады?

  1- СТГ, АКТГ, ТТГ, паратгормон       

  2- ЛГ, пролактин,ТТГ                 

  3- вазопрессин, окситоцин            

  4- ТТГ, паратиреокрин                

  5- тиреокальцитонин, парагормон      

17.Жасушаның биоэнергетикасын реттейтін гормондарды атаңыз.

  1- трииодтиронин, альдостерон         

  2- эстриол, прогестерон           

  3- андростерон, адренолютин       

  4- норадреналин, адреналин, тироксин       

  5- паратиреокрин, мелатонин       

18.Бұл зат N-ацетил туындысы 5-метокситриптамина.

Бұл қалай аталады және қайда синтезделеді?

  1- серотонин, төмпек(шишка) тәрізді без

  2- соматотропин, эпифиз

  3- мелатонин, пиненальды без

  4- меланотропин, гипофиз

  5- рилизинг-фактор, гипоталамус

19.Бұл гормонның түзілуі жарықта төмендейді,қараңғыда артады. Ол өзі гипофиздің ГТГ-ін төмендетеді.Ол қалай аталады?

1- СТГ                             

2- тироксин                        

3- мелатонин

4- ЛТГ

5- меланостатин

20.Кретинизм – бұл ненің жетіспеушілігі:

  1- ацетилхолиннің

  2- тетраиодтирониннің

  3- аминоэтанолпирокатехиннің

  4- эндорфиндердің

  5- соматомединдердің

 

Тест жауаптары:

1. 1             2. 3

3. 5             4. 1   

5. 5             6. 4

7. 1             8. 3

9. 2             10. 1

11. 3             12. 2

13. 2             14. 1

15. 5             16. 5

17. 3             18. 3

19. 3             20. 2

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1246 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2268 - | 1978 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.