Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ан сарысуында бос май қышқылдарының анықтау.




       Қанда бос май қышқылдарының мөлшер 640 – 880 мкмоль/л.

       Әдістің принципі. Май қышқылдарының мыс тұздары натрии диэтилдитиокарбаматымен боялған кешенді қосылыстар түзуге қабілетті, боялудың қарқындылығы бос май қышқылдарының концентрациясына пропорцияналды.

       Жұмысты орындау тәртібі. Тәжірибелік пробиркаға 0,5 мл қан сарысуын құйып, 5 мл хлороформ және 2,5 мл мыс реактивін қосу керек. Бақылау сынаманы параллельді дайндайды: 5мл хлороформға 2,5мл мыс реактивін қосады. Пробиркаларды тығындармен жауып, 3 мин шайқайды. Қоспаларды центрифугапробиркаларына құяды және 3000айн/мин-та 15мин центрифугалайды. Пробиркалардағы қоспалар үш қабатқа бөлінеді: хлороформ, ақуыз және су. Құрамында мыс реактиві бар жоғарғы сулы фазаны төгіп тастау керек, ақуызды қабатты (пленка) пробиркалар қабырғасына жылжыту қажет, ал хлорроформды қабатты басқа пробиркаларға құйып алу керек. Май қышқылдары экстрагирленген хлороформды қабатқа 0,5 мл 0,1% бутанолдағы натрий диэтилдитиокарбонаты қосып, араластырамыз. Тәжірибелік сынаманы ФЭК-те бақылау сынамағы қарсы 5мл кюветаларда көк жарықфильтрімен колориметрлейміз Бос май қышқылдарының мөлшерін калибровка графигімен есептейді.

        Клинико-диагностикалық маңызы. Бос экстракцияланбаған май қышқылдарының қан сарысуындағы концентрациясы қант диабеті кезінде, адреналин енгізгеннен кейін, ашығу кезінде ұлғаяды, өйткені майдың май қорынан мобилизациясы жүреді, және бос май қышқылдары альбуминдермен кешенге тасымалданады. Қан сарысуындағы бос май қышқылдарының мөлшері инсулин және глюкоза енгізген төмедейді.

 

5. Оқытудың тәсілдері: Ауызша сұрау, аз топтар, тестілер.

 

6. Әдебиет:

Негізгі әдебиет:

73. Медициналық биохимия. Тапбергенов С.О., 2011г.

74. Медицинская клиническая биохимия. Тапбергенов С.О. Тапбергенов Т.С. 2009 г.

75. Медицинская и клиническая биохимия. Тапбергенов С.О. Тапбергенов Т.С. 2012 г.

76. Интерпретация клинико-биохимических анализов. Тапбергенов С.О. Тапбергенов Т.С. 2008 г.

77. Медициналық биохимия. Тапбергенов С.О. 2007 г.

78. Биологическая химия с упражнениями и задачами Под ред. С.Е.Северина. 2011 г.

Қосымша әдебиет:

49. Руководство к практическим занятиям по биологической химии. Под ред. Тапбергенова С.О. 2012 г.

50.  Биохимия. Под ред. Е.С.Северина. 2009 г.  

51. Сеитов З.С. Биохимия: Өзгертіліп, толықтырылып үшінші рет басылып шығуы / З. С. Сеитов. - Алматы: "ЭВЕРО", 2012. - 570 с.: ил.

52. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. Биохимия в вопросах и ответах: учебное пособие / Т. С. Сейтембетов, Б. И. Төлеуов. - Алматы: ТОО"ЭВЕРО", 2010 г.

7.Бақылау: Ағымды бақылау. Тапсырмалардың орындауын және нәтижелерін тексеру, өз-өзін бағалау және сабақта жұмыс ітсеуде топты бағалау (қосылған).

 

Тесті бақылау

1.  Көрсетілген байланыстардың қайсысы үшацилглицеридтердің құрылымының негізінде жатыр?

1. R – O – R

2. R – CO – R

3. R – CO – O –R

4. R – O – PO3H – R

5. R – CO - NH –R

2. Бейтарап майлар қандай қосылыстарға жатады?

1. жай эфирлерге

2. фосфо эфирлерге

3. сульфо эфирлерге

4. күрделі эфирлерге

5. глюкозидтерге

3. Мына қосылыс қалай аталады: CH3 – CH2 –– CH2 CO – S – KoA?

1. пальмитоил КоА

2. бутирил КоА

3. ацетил КоА

4. ацетоацетил КоА

5. сукцинил КоА

 

4. Үшацилглицеридтердің биологиялық мәнін атаңыз:

1. энергетикалық және құрылымдық материал болып табылады

2. май қышқылдарының қайнар көзі және энергетикалық заттар болып табылады

3. өт қышқылдары синтезінің қайнар көзі және жылу алмасуын реттеуші болып табылады

4. заттар алмасуын реттеуші және витаминдердің қайнар көзі болып табылады

   5. биомембраналардың құрылымдық компоненті болып табылады

5. Мына қосылыс липидтердің қай тобына жатады және қалай аталады?

 

        C15H31 – OC –O –CH2

                                      |                                    CH3

        C17H33 – OC – O –CH                                |

                                       |      O – CH2 – CH2 – N+ - - CH3

                                       |       |                       |

                                2 HC – O – P =O               CH3

                                                    |

                                                   OH

1. үшацилглицеридтерге: серинфосфатид

2. фосфолипидтер глицеридтерге: кефалин

3. фосфолипидтер глицеридтерге: лецитин

4. сфинголипидтерге: плазмоген

5. гликолипидтерге: ганглиозид

 

6. Гликолипидтер қандай міндеттер атқарады:

1. липоидтердің синтезіне пайдаланылады

2. энергетикалық материал болып табылады

3. тканьдік гормондар міндеттерін атқарады

4. хромосомалардың компоненттері болып табылады

5. клеткалық рецепторлардың құрылымын анықтайды

 

7. Аталған қосылыстардың қайсысы гликолипидтердің құрамына кіреді?

1. глицерин, холин және май қышқылдары

2. май қышқылдары, сфингозин және галактоза

3. холестерин, май қышқылдары және сиал қышқылы

4. сфингозин, галактоза және фосфор қышқылы

5. май қышқылдары, сфингозин және фосфор қышқылы

 

8. Аталған заттардың қайсысы лецитиннің құрамына кіреді?

1. глицерин, май қышқылдары және фосфохолин

2. глицерин, май қышқылдары және коламинфосфат

3. фосфатидті қышқыл және май қышқылдары

4. фосфатидті қышқыл және цитидинфосфохолин

5. сфингозин және май қышқылдары

 

9. Май қышқылдарының бета – тотығуының мына реакциясы немен илескен:

   май қышқылы - - - - - - > ацил КоА?

1. су және КоА қосылуымен

2. субстратты фосфорлану реакциясымен

3. АТФ және КоА пайдаланылуымен

4. тиолиз реакциясымен

5. тыныс алу тізбегінде 3 АТФ синтезімен

 

10. Линоль қышқылының толық бета – тотығуының соңғы өнімі қандай?

1. бутирил КоА

2. ацетил КоА

3. ацетил КоА және бутирил КоА

4. су және ацетоацетил КоА

5. СО2 және Н2О

 

11. Бета – гидроксиацил КоА –ның бета –кетоацил КоА –ға айналу реакциясында не жүреді?

1. судың қосылуы және 2 АТФ синтезі

2. тотығу және 2 АТФ синтезі

3. тотығу және 3 АТФ синтезі

4. тиолиз және 3 АТФ синтезі

5. гидротация және 2 АТФ пайдалану

 

12. Май қышқылдарының бета – тотығуының мына реакциясы немен илескен:

бета – кетоацил КоА - - - - - - - - > ацил КоА + ацетил КоА?

1. судың қосылуымен

2. 3 АТФ синтезімен

3. тотығу реакциясымен

4. тиолиз реакциясымен

5. АТФ –ты пайдаланумен

 

13. Май қышқылдарының бета – тотығуының соңғы өнімдерін атаңыз:

1. СО2

2. Н2О

3. ацетил- КоА

4. пируват

5. кетон денелері

 

14. Адам организмінде қандай май қышқылдарының пайдалану жолдары мүмкін емес?

1. май қышқылды ашу

2. холестеридтердің түзілуі

3. гликолипидтердің тотығуы және синтезі

4. СО 2 және Н2О –ға дейін ыдырауы

5. үшацилглицеридтердің құрамына қосылуы

 

15. Ацил –КоА –ның трансмембранды митохондриальды тасымалдануы қалай іске асырылады?

1. жай диффузиямен

2. малатты шөлмекпен

3. цитратты шөлмекпен

4. карнитинді шөлмекпен

5. глицерофосфатты шөлмекпен

16. Көмірсуларға бай тағамды пайдаланғаннан кейін май қышқылдарының бета-тотығуының жылдамдығы қалай өзгереді?

1. процесс жылдамдығы жоғарылайды және кетон денелерінің синтезі жоғарылайды

2. процесс жылдамдығы төмендейді және холестерин синтезі төмендейді

3. кетон денелерінің синтезі жоғарылайды және процесс жылдамдығы төмендейді

4. холестерин синтезі төмендейді және процесс жылдамдығы төмендейді

5. кетон денелерінің синтезі төмендейді және процесс жылдамдығы төмендейді

 

17. Қандай процеске холь қышқылы қатыспайды?

1. майлардың эмульгенденуіне

2. май қышқылдарының сіңірілуіне

3. липазаның активтенуіне

4. организмнен артық холестериннің шығарылуына

5. холиннің синтезіне

 

18. Жыландардың уында гемолизді тудыратын қандай фермент болады?

1. үшацилглицеридлипаза

2. фосфолипаза Д

3. фосфолипаза А

4. лецитиназа

5.   холестераза

19.  Липидтер дегеніміз – мыналардан тұратын:

1. спирттен және жоғарғы май қышқылдарынан

2. глицериннен және неорганикалық қышқылдардан

3. жай эфирлерден

4. циклды спирттерден және қысқа тізбекті май қышқылдарынан

5. глицериннен және қысқа тізбекті май қышқылдарынан

20.  Қос өт қышқылдары мына процестерге қатысады:

1. хиломикрондардың түзілуіне

2. липопротеидтердің түзілуіне

3. майлардың эмульгельденуіне, панкреатикалық липазаның активтенуіне, гидролиз өнімдерінің сіңірілуіне

4. панкреатикалық липазаның ингибирленуіне

  1. асқазан липазасының активтенуін

 

 

Ключи к тестам.

1.  3

2. 4

3. 2

4. 2

5. 3

6. 5

7. 2

8 1

9. 3

10. 2

11. 2

12 4

13. 3

14. 1

15 4

16 5

17 5

18.  3

19. 1

20. 3

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 721 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

3308 - | 2964 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.