С\ тақырыбы: Ауызша көбейту.
С\мақсаты: Білімдерін пысықтау.
С \ барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
«Иә-жоқ» математикалық диктант
|
Бірінші көбейткіш 37 мен 4 сандарының қосындысына, екінші көбейткіш 2-ге тең. Көбейтіндінің мәні 82-ге тең болады.
ІІ. Мағынаны тану.
3. Дайындалды-76 кекс
Салынды -? қорапқа – 4 кекстен
Қалды – 16 кекс -? қорап
Шешуі: 1) 76 – 16 = 60
2) 60: 4 = 15 (қорап)
3) 16: 4= 4 (қорап)
Жауабы: 15 қорап салынды, қалғаны тағы 4 қорапқа салынды.
5. 123х3=369 963:3=321 870+130=1000
423х2=846 996:3=332 12+689= 701
313х3=939 824:2=41248+607= 655
221х4=884 484:4=121 605 – 99 = 50
ІІІ. Толғаныс. «Тир»ойыны.
Мұрат- 66 Дулат - 64
- 14 ұпай - 12 ұпай
Мұрат: 14+14+14+12+12=(14х3)+(12х2)=42+24=66 ұпай
Дулат: 14+14+12+12+12= (14х2)+(12х3) = 28+36=64 ұпай
Бағалау.
Математика. 4- сынып
С/ тақырыбы: Үлестер.
С/мақсаты: Көбейту,бөлу кестесін қайталау; Үлестер туралы алған білімдерін бекіту;
Интерактивті тақтамен жұмыстануды жалғастыру:
Компьютер тәсілдерін сабақ барысына еңгізу:
Математика сабағына деген қызығушылықтарын нығайта түсу.
Тез есептеуге,жинақылыққа үйрету.
С/ барысы:
• Сабаққа дайындалу.
• Қызығушылыкты ояту.
Апельсинді біз бөлеміз:
Бірақ ол біреу, ал біз нешеуміз?!
Мына бөлігі қоянға! (Алмасқа)
Мына бөлігі маймылға! (Ризаға)
Мына бөлігі аюға! (Аймөлдірге біреуі)
Ал мынау шы түлкіге?! (Мақсатқа)
Мынаны берем суырға! (Рауанға)
Мына бөлігі барыска! (Дильназға)
Арыстанға бір бөлік! (Асанға)
Қабығы шы?
Қасқырға!
• Жануарлардың әрқайсысына неше бөліктен тиді?
• Қалай жазып шығамыз? (1/7)
• ҮЛЕС дегеніміз не?
• Әр заттың теңбе – тең бөлінген бөліндісі ҮЛЕС деп аталады.
• Мағынаны тану.
• Торт төрт адамға пісірілген.Суреттегі бөліктердің қайсысына қонақтар риза болады?
а) 1/6 ә) 1/5 б) 1/4
• Қай суретте мармелад тең алты бөлікке бөлінген?
а) ә) б)
• Жолақтың боялмаған бөлігі қалай аталады?
6. Есеп шығарамыз:
1- қатар:
а) Циркке– 56 билет ?, есе артық
Театрға - 8 билет ?, есе кем
Ш: 56: 8 = 7
Ж: циркке амфитеатрға қарағанда 7 есе артық билет сатылды.
театрға партерге қарағанда 7 есе кем билет сатылды.
2- қатар:
ә) Циркке -?, 7 есе артық
Театрға – 8 билет
Ш: 8 х 7 = 56
Ж: Циркке 56 билет сатылды.
3- қатар:
б) Циркке -56 билет ? билет
Театрға – 8 билет
Ш: 56 + 8 = 64Ж: Барлығы 64 билет сатылды.
Қонақ бөлме
Бөлме
Дәліз
Ас үй
Жуынатын бөлме
• Қонақ бөлменің Р -? м Р=4+6+4+6=20 м
• Дәліздің Р -? м Р=2+6+2+6=16 м
• Ас үйдің Р -? м Р=3+4+3+4=14 м
• Жуынатын бөлменің Р -? м Р=2+3+2+3=10 м.
• Қатармен жұмыс:
1 2 3
1-қатар: (6+10): 2+5 = 13
3 1 2
2-қатар: 50+(98-90)*2 = 66
3 1 2
3-қатар: 850-(2*6+120) = 718
Бағалау.
Дидактикалық материалдар
Математикалық сөзжұмбақтар
Сөзжұмбақ “ Еркем – ай ”
Көлденеңінен: 1. Қой өз төлін қалай еркелетеді?
2. Сиыр өз төлін қалай еркелетеді?
3. Мысық қалай еркелетеді?
4. Түйе баласын жақсы көргенде қалай атайды?
5. Жылқы қалай жақсы көреді?
6. Ешкі қалай жақсы көреді?
7. Қабан қалай жақмы көледі?
8. Ит қалай жақсы көреді?
ҚОСЫЛҒЫШ
Жауаптары: 1. Қоңырым, 2.Торпағым, 3.Соқырым, 4. Боташым, 5. Құлыным, 6. Лағым, 7. Торайым, 8. Күшігім.
Сөзжұмбақ “ Халық шығармашылығы ”
Тігінен: 1 Қазақ қаздарының бұрымына тағатын әшекейі.
2 Өнер саласы.
3 Заттарды нақыштаудағы нақты өрнек түрі.
4 Үрлеп тартылатын аспап.
5 Зергерлердің затты әсемдеу әдісі.
6 Айт мейрамында айтылатын ән.
Ш Е Ң Б Е Р
Жауаптары: 1.Шолпы, 2.Театр, 3.Таңдай, 4.Сыбызғы, 5.Бедерлеу, 6.Жарапазан.
Сөзжұмбақ “ Туыстық атаулары ”
Көлденеңінен: 1. Ағайынды адамдардың әйелдері.
2. Бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының туыстық атауы
3. Әйел адамының жасы кіші туысы.
4. Құда-құдағиларға киім ретінде берілетін сыйлық.
5. Қыз беріп, қыз алған екі елдің күйеу мен келінге қатысы.
6. Күйеу мен келіннің ата-енелері.
7. Ата-ана үшін баласының әйелі.
БӨЛІНДІ
Жауаптары: 1. Абысын, 2. Бөле, 3. Балдыз, 4. Киіт, 5. Қайын, 6. Құда, 7. Келін.
Сөзжұмбақ “ Бөлгіш ”
Көлденеңінен: 1. Бөлудің компаненті.
2. Аласаға қарсы ұғым
3. 5*10 нешеге тең болады.
4. Бөлудің компаненті.
5. Геометриялық фигура.
6. Геометриялық фигура.
БӨЛГІ Ш
Жауаптары: 1. Бөлгіш, 2. Биік, 3.Елу, 4. Бөлінгіш, 5. Тікбұрыш, 6. Шеңбер.
Сергіту сәттері
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп- кішкентай ағаштар
Үп- үлкен боп өседі.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Оң аяқ, сол аяқ
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
Орнымыздан тұрамыз
Қолымызды ұрамыз
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Оңға – солға бұрылып
Орнымызды табамыз
Біз орманда келеміз
Күн бұлттанды
Жаңбыр жауды
Жаңбыр қайта жауды
Күн басылды
Қабағымыз айдай ашылды.
Шаршаса қолымыз
Оңымыз, солымыз
Былай – былай ойнаймыз
Күш жігерді жинаймыз
Санамақтар
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақтар тереді,
Кездесті міне керекті
Екеуі – қайың астында
Біреуі – терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте
Тоқылған салса себетке?
Алты қонжық орманға,
Бара жатты қорбаңдап.
Әрі қарай бармады,
Жауабын тез айт
Қанша қонжық кетті алда?
Алдында есік күшік отыр,
Күнге төсін тосып отыр.
Тағы бірі келді шауып,
Қатарласты ебін тауып.
Енді қанша күшік болды?
Пісіп тұрған төрт алмұрт
Қызығатын көрген жұрт
Екі алмұртты бұтақтан
Алып жеді Мұратхан
Қанша қалды алмұрттан?
Зауза қоңыз болған екен,
Бұта түбін қылған мекен
Ұл мен қызы, әке, шеше,-
Сонда қоңыз нешеу екен?
Төменде үш қаз ұшады
Үшеуі бұлтты құшады
Өзеннен көрдік екеуін
Айтшы, қаз нешеу екенін?
Тиін отыр арбада
Жаңғақ сатып базарда
Түлкі бикеш пысыққа
Торғай менен қонжыққа
Ұзын құлақ көжекке
Мақтап қойып жаңғағын
Салып берді алғанын
Сонда тиін неше жаңғақ сатты?
Қасқыр қақты қақпаны
- Ашыңдар, тез! – айтқаны
Сол-ақ екен лақтар –
Титтей – титтей шұнақтар
Жан – жағына жүгірді,
Жасырынып үлгерді:
Бірі – төсек астында
Бірі – пештің қасына
Бірі – сәкі астында
Бірі – керует астына
Бірі – тапқыр керемет
Отыр бөшке түбінде
Қанша лақ бар бұл үйде?
Табақта 15 алма,
Қолымда 4 алма,
Барлығын қосқанда,
Болады неше алма?
Екеуін бердім апама,
Екеуін бердім атама,
Үшеуін алды інім,
Нешеуі қалды өзімде?
(12 алма)
6 алманың екеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?
(4 алма)
11 Түйе, 5 жылқы,
2 Сиыр,1 ешкі,
2 Қоян, 3 түлкі,
Болды сонда нешеуі?
(24)
Бір-бірімен жарысқа
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу, кім білді? (8)
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бары? (6)
Түйе, бота маң басқан.
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (15)
Дүкеннен мен кітап алдым
Оның және қабын алдым
Үш дәптер,төрт қарындаш,
Өшіргішті тағы алдым
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бары. (10)
Бақшаға жақсы аға
Көп-көп ойыншық келді алып
Бір балық,екі есек,үш үйрек
Төрт түлік,бес бүркіт
Алты арғымақ,жеті жарғанат
Болма еспке сен шорқақ
Бақшаға жақсы аға
Ойыншық әкелді қаншама? (28)
Мақал – мәтелдер
Есепсіз дүние жоқ.
Мың қосшыға бір басшы.
Бір ит көріп үреді,
Бір ит еріп үреді.
Бір жаман мың қолды ірітер,
Бір құмалақ бір қарын майды шірітер.
Бір жылға қоян терісі де шыдайды.
Ер жігіт бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.
Екі кісі бейім тұрса,
Есті кісі кейін тұрады.
Жігіт бір сырлы,
Сегіз қырлы болсын.
Бір кісі мың кісіге олжа сала.
Бір кемеге мінгеннің жаны бар.
Біректі бірлі жығар,
Білімді мыңды жығар.
Бір ел ауылға екі елі қақпақ.
Мыңның түсін танығанша,
Бірдің атын біл.
Мың асуға бір тосу.
Бір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласы,
Бір жақсы сөз бітірер,
Мың көлдің жарасын.
Қонақ бір күн қонса күт,
Екі күн қонса жұрт.
Бір адам – самал,
Екі адам – амал,
Үш адам – жамал,
Төрт адам – қамал.
Бір күн дәмін тартқанға
Қырық күн сәлем.
Бір аяқ қымыздың
Екі аяқ желі бар.
Бір күндік жолға шықсаң,
Үш күндік жол азық аз.
Бір тал кессең, он тал ек.
Шын – бір сөз,
Өтірік – мың сөз.
Екі кісі ығысса,
Бір кісілік орын бар.
Еріншектің ісі –екі.
Төртаяқтыға бота тату.
Екі аяқтыда бажа тату.
Ер кезегі үшке дейі
Ер көрмейтін деген жерін
Үш көреді.
Ат баспаймын деген жерін
Үш басады.
Досыңды үш күнге сынама,
Үш жыл сына.
Аңанды меккеге үш арқалап барсаң да,
Қарызыңнан құтыла алмайсың.
Түйеге мінген қазақ,
Төрт ауыз өлең біледі.
Ер қаруы – бес қару.
Бесік баласы бес түлейді.
Айдағаның бес ешкі,
Ысқырғаның жер жарар,
Жақсы әке жаман балаға
Қырық жылдық ризалық...
Қырықтың бірі қыдыр.
Ұлға отыз, қызға қырық үйден тию.
Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал алдынан шығар.
Жетімнің қарны жетеу.
Жеті рет өлше,
Бір рет кес.
Жігітке жеті өнер де аз,
Жетпіс өнер көп емес.
Жеті атасын білмеген,
Жетімдіктің салдары.
Жұт жеті ағайынды.
Жетіскен жеті шапан киеді.
Семіздің аяғы сегіз.
Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.
Қырық кісі бір жақ,
Қыныр кісі бір жақ.
Ел құлағы елу.
Елу жылда ел жаңа,
Жүз жылда қазан жаңа.
Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.
Алпысқа келгенде
Алты ағаң болсын,
Жетпіске келгенде,
Жеті інің болсың.
Сексенде сегіз байлық
Сегіз жарлық.
Жүзден біреу шешен,
Мыңнан біреу көсем.
Күйеу – жүз жылдық,
Құда мың жылдық.
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем түсер.
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,
Жігіттің құны жүз жылқы,
Ары – мың жылқы.
Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жерде – соқпақ.
Мың адам жүрген жерге жол қалады.
Екі жақсы қосылса,
Өлгенше дос болады.
Екі жаман қосылса,
Өлгенше өш болады.
Екі баланың ортасындағы бір шал бала болады,
Екі шалдын ортасындағы бір бала дана болады.
Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас.
Бас екеу болмай мал екеу болмас.
Екі жақсы бас қосса,
Бірін – бірі қия алмас,
Екі жаман бас қосса,
Кең орынға сия алмас.
Төрт аяқтыда бота тату,
Екі аяқтыда бажа тату.
Ер жігіт бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.
Екі кісі бейім тұрса,
Есті кісі кейін тұрады.
Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың өледі.
Жігіт бір сырлы,
Сегіз қырлы болсын.
Бір кісі мың кісіге олжа салар.
Бір мезетте мінгеннің жаны бар.
Біректі бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Бір ел ауылға екі елі қақпақ.
Мыңның түсін таығанша
Бірдің атын біл.
Мың асуға бір тосу.
Бір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын,
Бір жақсы сөз бітірер,
Мың көлдің жарасын.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Алпыстағы атаңды жыққанша,
Алтындағы атанды жық.
Он екі айда он үш той.
Қызықты әзіл -есептер
1. Келесі қандай ай?
Х – 1 = 1 | АҚПАН |
18 – 2Х = 10 | СӘУІР |
48 = 5Х+ 3 | (?) ҚЫРКҮЙЕК |
2.Логикалық сергіту.
1, 2, 4, 7, 11, 16, 22, 29, 37, 46, 56
2, 4, 8, 14, 22, 32, 44, 58, 74, 92, 112
3. Әсет пен Қанатта 9 кәмпиттен бар. Әсет 4 кәмпитін жеп қояды, Қанатта тез арада сонша кәмпит жей салады. Енді Қанатта қанша кәмпит қалады?
а) 1 в) 2 с) 5
4. Су астында сіріңке тұтатуға бола ма? (ия, болады. Егер олар суасты қайықта отырса)
5. Қандай сан жетіспейді?
80 (20) 1600 16 (4) 64
25 (?) 100 18 (?) 72
(4) (4)
6. Отбасында 4 қыз және әр қыздың бір–бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала? (5 бала).
7. Екі оқушы тоғызқұмалақ 4 сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағат ойнайды?(4)
8. 5 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 10 жұмыртқа неше минутта піседі?
9. Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 8 шақырым жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (8)
10. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)
11. Ауылға бір кемпір келе жатты, оған қарсы екі кемпір шықты. Ауылға барлығы қанша адам келе жатты? (1)
12. Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден отырса, бір бұтақ жетпейді. Ал, екі-екіден отырса, бір бұтақ артылып қалады. Неше бұтақ, неше торғай бар? (3 бұтақ, 4 торғай).
13. Сызғыштың 4 бұрышы бар, оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
14. Қолымызда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ? (50)
15. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (10 және 100).
16. Қайында 10 бұтақ бар. Әр бұтақта 4 алмадан. Барлығы қанша алма? (0)
17.Артық санды табыңыз: 30,28,24,21,18,15.
(28 саны артық, себебі ол 3 – ке бөлінбейді)
18.Мамасы қызынан 12 см – ге ұзын, ал ұлынан 8 см – ге қысқа. Сонда кімнің бойы қысқа, ағасының ба, әлде қарындасының ба және аралары қанша сантиметр?
(ағасы 20см ұзын)
19. Айдың, аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен кім атап шығады?
(алдыңғы күн, кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні)
20. 1-ден 10-ға дейінгі натурал сандар кестенің 16 тор көзіне жазылған. Қалам мен қарандаштың көмегінсіз, жеткіліксіз сандарды табыңдар.
2 | 11 | 3 | 8 |
20 | 6 | 14 | 16 |
18 | 17 | 7 | 5 |
10 | 4 | 15 | 13 |
1,9,12,19.
1 | 16 | 8 | 13 |
12 | 9 | 19 | 2 |
20 | 4 | 14 | 18 |
7 | 15 | 10 | 5 |
3,6,11,17.
14 | 9 | 19 | 3 |
2 | 13 | 20 | 11 |
18 | 5 | 1 | 15 |
7 | 12 | 17 | 6 |
4,8,10,1
1. В.П. Слепнёва, Математика (бастауыш сынып оқушыларына арнайы қысқаша анықтамалык 1- 4 сыныптар) - Көкшетау каласы, «Келешек-2030»
2. Развивающие тесты для школьников – Школа «Алеф», 2001
3. Л.Г. Петерсон, Математика – 2 класс – «С – инфо», «Баласс», 2001
4. Л.Л. Глазырина, Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалары жинағы (2,3,4 сыныптар) - Көкшетау каласы, «Келешек-2030» 2008
5. Ерешева Күләнда,Ыдырысова Шолпан,Әденова Гүлбаршын, Логика әлемі – 2 – сынып, Алматы «Өлке» баспасы, 2014
6. Ерешева Күләнда,Әденова Гүлбағда,Сәлімқанова Гүлнәр, Логика әлемі – 3 – сынып, Алматы «Өлке» баспасы, 2014
7. Н.Ә.Жаманғараева, Ф.А.Асылбекова, Математикадан 105 сабақ 2014
8. Ж.Дәуренбеков, Қызықты сабақтар 2014
9. Ш. Күмісбайұлы, Жұмбақ әңгімелер 2001
10. Бейсеков Ж., Қамбарова Ж.,Исаева А. Математикадан бақылау жұмыстары
(1-4 сыныптар)– Шымкент, 2008