Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||
“Уақыт” ұғымы табиғи және тарихи құбылыстардың ауысып отыратынын білдіреді. Уақыт бір орнында тұрмайды. Ол еш нәрсеге қарамастан алға жылжи береді. Аспандағы Күн мен Айдың тұрған орнына қарап, Жердегі уақытты анықтаймыз. Тәулікті 24 сағатқа, сағатты 60 минутқа, ал әр минутты 60 секундқа бөледі. Кіріспе тапсырма. Сабақты өткен тақырыптарды еске түсіруден бастаңыз. Ол үшін алдын ала 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды дайындап қойыңыз. Ортаға он екі оқушыны шақырыңыз. Оларға 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды таратып беріңіз де, шеңбер бойымен тұруын сұраңыз. Содан соң ортаға тағы бір оқушыны шақырыңыз. Оны шеңбердің ортасына тұрғызыңыз. Ортаға шыққан оқушыға сағаттың тілдерін беріңіз. Сағат тілдерін де алдын ала дайындаңыз. Басқа оқушыларға жақсы көрініп, түсінікті болу үшін сағаттың қысқа тілі қызыл түсті, ұзын тілі көк түсті болсын. Орындарында отырған оқушылардан кез келген уақытты айтуын сұраңыз. Ал шеңбердің ортасында тұрған оқушы орнында тұрып, айтылған уақытты көрсетуі тиіс. Егер қателесетін болса, онда басқа оқушы көрсетеді. Жаңа тақырыпты меңгерту үшін оқулық пен дәптердегі жаттығу тапсырмаларын орындатып, олардың білімін толықтыра түсуге жағдай жасаңыз.Кино. Тапсырманы топта орындатуыңызға бола ды. Осындай жұмыс түрін жасау арқылы оқушылар өздерінің пікірлерін айтуға, тыңдауға және достары ның пікірлерімен санасып, бірге шешім қабылдауға үйренеді. Ойын қашан басталды? Оқушыларды топтас тырыңыз. Тапсырма оқушыларды сағаттағы уақытты дұрыс анықтауға жаттықтыра түседі. Тапсырманы орындау барысында минуттық тілдің ұзын болаты-нын, оның минутты көрсететінін, ал сағаттық тілдің қысқа болатынын, оның сағатты көрсететінін ес терінде сақтап қалады. Мектептегі сабақтар. Тапсырма ойлау және санау дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Жұп пен жасалатын жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушы лардың есепті оқуы, талдауы және шешуі тиіс. Өткен сабақта дайындаған сағаттың моделін пайдалануына болады. Есептің шарты бойынша іс-әрекеттің басталу және аяқталу уақыты белгілі. Оқушылар сағат моделі бойынша тілді жылжыта отырып, әрекеттің қанша уақытқа созылғанын біле алады. Жауабы:4 сағат. | Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар бір-бірімен сұхбаттасып, шешу жолын талқылайды. Тапсырманы орындау үшін оқушыларға уақыттың өлшем бірліктері — минут пен сағаттың арақатынасы туралы білімдерін қолдану қажет болады. Оқушыларға 2 сағат пен 60 минутты салыстыру керек. Олар 2 сағаттың 60 минуттан артық екенін біледі, бірақ тапсырманы орындау барысында олар бір тұжырымға келуі тиіс. Белгіленген жерге көп уақыт кететін көлік түрімен емес, керісінше аз уақыт кететін көлік түрімен жету керектігін ұғынуы қажет. Шешімін тапқан соң олар басқа оқушыларға түсіндіріп беруі қажет. Жауабы: жеңіл мәшине. Орындап көр. Тапсырманы оқушыларға жұпта орындатыңыз. Оқушылар сағат моделімен жұмыс істейтін болады. Сағат моделіндегі тілдерді қозғалта отырып, олар циферблат шеңберін екі жарты шеңберге бөліп көрсететін жерде сағат тілдерінің орналасуын табуы тиіс. Осындай қалыпты тауып, онда минуттық және сағаттық тілдер орналасқан жағдайда уақытты анықтау керек. Біз сағат моделінде сағат тілдерін қалай, қай бағытта жылжытсақ та, шын өмірде сағаттағы тілдер тек қана бір бағытта ғана қозғалатынына оқушы назарын аудару қажет. Жауабы: 6:00. Үй тапсырмасы. Тапсырма ойлау және ауызша есептеу дағдыларын дамытады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар уақытты есептеу жолдарын атаулы сандарды қосу арқылы дамытады. Бұл сандар іс-әрекеттің басталу уақыты мен оның өту уақытының ұзақтығын көрсетеді. “Атаулы сандар”деген термин қолданылмайды.
Жауабы:
сағат 4-те.
Ойлан. Тапсырма оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Оны орындау тиянақтылықты қажет етеді. Оқушылар суреттерді тігінен және көлденеңінен сәйкестендіре отырып, сұрақ белгісінің орнына қандай сурет тұратынын табуы тиіс.
Жауабы:
11:00-ді көрсетіп тұрған сағат бейнеленуі тиіс
| |||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Осымша тапсырмалар | |||||
Өткен сабақтағы тірек сөздерді қайталатыңыз. Жаттығуға қабырға сағатын қолданыңыз. Содан соң оқушыларды екі топқа бөліңіз. Топқа бөлу үшін өтілген уақыт өлшем бірліктерінен “минут” және “сағатты” қолданыңыз. Ол үшін оқушыларды ортаға шақырып, сапқа тұрғызыңыз. Содан соң кезек-кезек “минут”, “сағат” деп айтып шығуы қажеттігін ескертіңіз. “Минут” деп айтқан оқушылар бірінші топ, “сағат” деп айтқан оқушылар екінші топ болатынын айтып түсіндіріңіз. Оларға тапсырманың шартын түсіндіріңіз. Өзіңіз уақытты айтып бастаңыз (содан соң оқушылардың бірі жалғастырады). Екі топтың оқушылары кезекпен шығып, сағаттағы тілдерді (минуттық немесе сағаттық) айтылған уақыт бойынша дұрыс қалыпқа қойып көрсетуі тиіс. | Сағат тілдерін сал. Тапсырма мәтінінде сағаттық және минуттық тілдердің орналасуы туралы айтылған. Оқушылар уақытты сағат моделінсіз (немесе суретсіз) тілдердің орналасуы бойынша анықтауы тиіс. Оқушылар бос орынға сандарды тауып қоюы қажет. Тапсырма оқушылардың уақытты сағаттың көмегінсіз анықтау дағдысын дамытады Сағат тілдерінің орналасуына қарай уақытты анықта. Жауабын жаз. Оқушылар уақытты сағаттілдерінің орналасу сипатына қарап жазуы тиіс. Жауабы: сағат 4; сағат 8; сағат 9; сағат 12; сағат 1; сағат 7; сағат 3; сағат 11; сағат 6. | |||||
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:сағатқа қарап уақытты анықтауды және оны сағат тілдерімен көрсетуді үйренеді; іс-әрекеттің минут немесе сағат жағынан ұзақ тығын анықтауды үйренеді; сағат пен минут арасындағы қатынасты біледі. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру дәреже сін тексеру мақсатында төмендегідей сұрақтарды қоюыңызға болады: — уақытты не үшін өлшейміз? — Уақытты қандай құралдардың көмегімен өлшеуге болады? Олар неден тұрады? — Сендер қалай ойлайсыңдар, сағатсыз уақытты анықтауға бола ма? Қалай? — Кейде анаң: “Бір минут күте тұр”, — деп айтады. Қалай ойлайсыңдар, анаң нені айтпақшы болды? Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын ша өзін-өзі бағалатыңыз. | |||||
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: |
Апта күндері Ай | Мектеп: | ||||||
Күні: |
| Мұғалімнің есімі: | ||||||
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Оқу мақсаты: | циферблат бойынша сағаттағы уақытты анықтайды; уақыттың өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай) ажырата алады. | |||||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: | ||||||||
Ресурстар: | апта күндерінің атаулары жазылған парақша-лар — 4 жинақ; тірек сөздер жазылған парақшалар; бір аптаға арналған сабақ кестесі; бір аптаға арналған үйірме кестесі; апта күндерінің атаулары жазылған қабырға күнтіз бесі; | |||||||
Тірек сөздер | апта; дүйсенбі; сейсенбі; сәрсенбі; бейсенбі; жұма; сенбі; жексенбі. | |||||||
Сабақтың мақсаты: | Апта — уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік қалыптастыру; практикалық тапсырмалардың көмегі мен аптаның ұзақтығын түсіндіру. | |||||||
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 234 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: 80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен |