Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Абайдың ғылым,білімнің мәні мен қоғамдағы орны жөніндегі толғамдарының поэзиясындағы көрінісі




Абай «Талап қыл артық білуге» деп, білімге тереңірек баруға оның ғылыми тетігін табуға үндеді. Адамның ең қымбат шағы – жастық шақты оқуға, ғылымға жұмсауды, ойын-сауыққа салынбай оны кейінге қалдыруды ғылым жолына ертерек түсуді «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде:

 

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз – дейтіні де содан. Сол алған біліміңді «Я тілмаш, я адвокат болу» («Интернатта оқып жүр») ғана емес, сол білімді өз халқыңның өнері мен мәдениетіне, тарихы мен тіліне жұмса. Қара басының қамын ғана ойлайтындарды «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың» (37-қара сөз) яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ойлайтындарға «Интернатта оқып жүр» өлең жолдарымен ескертіп:

Пайда ойлама, ар ойла

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта

Ерінбей оқып көруге, - деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырады. Заңғар жазушы М.Әуезов: «Ғылымның артынан еріп, көрсеткен жолмен жүрген жұрт бұл күнде өмірдің төрінде» - деген өсиеті өркениетті 50 елдің қатарында тұру негізін бағдарлап, нақты баға беріп отыр.

Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі-өнеге етіп, «білімдіден шыққан сөз, талаптыға болса кез», - дейді. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білім деп ұққан Абай еңбектің сипаты мен мазмұнын көрсеткенде Абай 1903 жылы жазған бір шумақ өлеңінде, баянды еңбек – егін салушылық, білім алушылық деген қорытындыға келіп:

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған мақсат емес,

Өнердің бұдан өзге бәрі жалған. - деп тұжырымдайды.

Ел болу үшін қала салып, отырықшылықта болу керек, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Еңбекпен келетін ырыс екенін түсіндіре келіп, «алдау қоспай адал еңбегін сауған қол өнері - қазақтың әулиесі сол» деп адал еңбек етіп, қол өнерімен айналысқан кісіні өте жоғары бағалаған.

Өзі өмір сүріп отырған ортасының әлеуметтік мінін қатал сынай отырып, Абай оны жөндеудің жолдарын да жазып отырды.

Абай «Ғылым таппай мақтанба...», «Интернатта оқып жүр...», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық...» деген өлеңдері мен 15,18,19,36,37,39 т.б. қара сөздерінде әлеуметтік өмірде қандай нәрседен қашық болып, қандай мінез-құлық, адамдық қасиеттерге асық болу қажеттігін ескертеді. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ,

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз, - деп, адамның адамдық қасиеттерін жинақтап «Адам болу» мақсатына топтастырады. Байлықпен озбай ақыл, әділеттілік, ғылым, ар, жақсы мінезбен озуға меңзейді. Жоғарыда айтқанымыздай өсек, өтірік, мақтаншақтық, елден-ерек шашу-төгу адамды жақсылыққа жеткізе қоймайды. Мұндай жаман әдетке, бейім адамнан жақсы адам шыға қоймайды. Терең ақыл-ой, саналы еңбек, талмас талант, талап қана адамды көрікті қылады. Біреуге қарсы өшпенділік жасаудан аулақ болуға шақырады Абай. Қайырымды, білімді адам ғана өзіне де халқына да пайда әкелмек. Пайдакүнемдікті мақсат етіп, соның жолында күресу жақсы адамның ісі емес. Өзіне де халықына да әркез адал болуға тырысу керек.

Кемеңгер Абайдың қоғамдық ойлары қазақ халқының әлеуметтік іліміне қосылған үлкен үлес деп карағанымыз дұрыс. Абайдың ғылым, білім, өнер туралы айтқан ойлары бүгінде қанатты сөзге айналып отыр. «Ғылымды, өнерді білгенге дүние арзанырақ түседі» (25-қара сөзі). «Өнер - өзі де мал, өнерді үйренбек - өзі де ихсан (жақсылық)» (38-қара сөзі). «Егерде – мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды.» (33-қара сөзі) деген Абайдың әрбір сөздері қазақтың бай, қуатты болудың ең бір баянды бағыты деп түсінуіміз керек. «Сүйтіп жүріп-ақ ақыл, мал таптық, байыдық. Сол малды сарып қылып ғылым табу керек... Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ» (10-қара сөзі) – деп қазақтың тек байлық ойлап, білім, ғылымға көңіл аудармайтынына өкінішпен қарайды.

«Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз.» деп ғылым арқылы баюға болатынын ұлы ойшылдың 38- қара сөзінен табамыз. «...барыңды салсаң да, балаңа ғылым үйрет. Балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма» (25-қара сөзі) мал табу үшін табыс көзінің тиімді тетіктерін тауып ғылымға айналдыру керек.

Абайдың асыл мұралары таусылмас асыл рухани қазынамыз екенін халық әлдеқашан мойындаған. Абай еңбектерінің құндылығы, оған жүгіну, одан өзімізді толғантқан мәселелердің жауабын іздеу үшін Абайды танып-білуіміз керек. «Адал жүріп, адал тұр» - дейді Абай. Адам баласы қашанда артық білуге ұмтылуы керек. Адам өзін-өзі батыр болуға, жұртты сүюге тәрбиелеуі қажет. Сонда ғана өзімшілдіктен, масаттанушылықтан құтылуға болады. Білім арқылы ғана қазақтың көзі ашылады, халықты, жерді заң бойынша қорғай алады, басқа өркениетті елдермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туады. Адам бірін-бірі, тұтас халықты жақсы көруі жолында күресе білуі керек. Адам мен адамның арасы бөлінсе, ол бір-біріне дұшпан болады. Өзіне ғана емес, басқаларға да жақсылық, қайрымдылық жасай білу керек, басқаларды да осылай болуға төрбиелей білген жөн. Өзіңе-өзің сын көзбен қарауды ұмытпа. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: сонан қашпақ керек. Әуелі -надандық, екінші - еріншектік, үшінші - залымдық деп білерсің» - дейді Абай. Адам анадан бірден есті, білімді болып туа салмайды ғой. Есейе келе айналаға көз жіберіп, көріп біліп, таңсық нәрсенің сырына көз жеткізгеннен кейін ғана жақсы мен жаманның парқын ажыратып, айыра алатын халге жетеді. Бұл ретте оны қоршаған адамдар қандай, есті ме, есер ме, білімді ме, білімсіз бе? Көп нәрсе соған байланысты. Абай да мұны қалт жібермеген. «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өз ісіне жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады» (19-қара сөз).

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1665 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2599 - | 2174 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.