Лекции.Орг


Поиск:




Абай өлеңіндегі даналық дәрістері




Даналық – адамды басыбүтін және үнемі баурайтын соңғы лебіз, соңғы дау. Даналық өне бойы өткенге көз тастап, тарихқа үңілумен болады, адамның, қоғамның, халықтың қазіргі күйіне өткен шақ және болашаққа қарап, салыстырады, сынайды. Белгілі ғалым Кант айтқан, адамға керек, адамға адам болудың, адам болып өмір сүрудің, қандай қиын жағдайда да адам болып қалудың жолдарын көрсететін философия бөлек, ол- даналық философиясы. Оны біз Конфуцийден, Сократтан, Достоевскийден, Л. Толстойдан, Ыбырай мен Абайдан таба аламыз.

Даналық үрдістің өз еңбектеріні шеңберінде ұстаған ғұламалардың бірі – А. Құнанбаев. Ол - қандай тақырыпта сөз етсе де жеріне жеткізе жырлайтын зор талант иесі Абай махаббат мәселесін де үлкен шеберлікпен жыр етті. Өмір шындығына табанын нық тірей отырып, бұл мәселені кейде даналық асқақтық дәрежесіне шейін көтерді.

Махаббатсыз - дүние бос,

Айуанға оны қосыңдар.

Қызықтан өзге қалсаң бос,

Қатының, балаң – досың бар. Бұл өлең ұлы ақынның достықты жыр еткен барлық өлеңдерінің кілті. Абай кезіндегі, не өзінен бұрынғы қазақтың әдемілікке көзқарасынтарын тамаша түрде қорыта келіп, қандай әйелді әдемі деп білуге болады деген сұраққа жауап іздейді, оның жауабы" әдептілік, арлылық, адамгершілік" болады.

" Біз надан боп өсірдік" деп Ыбырай өзін емес, халқын айтып отыр. Адам өзін бәсекеге, жарыста сынайды, көрсетеді. "Қазақтарға керегі – Ыбырайдың ойынша,- жалпы білім мен пайдалы өнер. Ыбырайдың "Өсиет " өлеңін де даналықтың, терең түсінігі нышанын айтады.

Бәріміз бір адамның баласымыз,

Жігіттер бір- біріңе қарасыңыз.

Өмір деген бес күндік кетер өтіп,

Атаң барған орынға барасыңыз

"Бір адамның баласымыз" деген сөзі бүкіл адамзаттың өкіліміз деп түсінуге болады. "Оқу – білім бар жұртта" деген өлеңінде Ыбырай білімінің күшін жүзеге асуын, білімнен туатын әр алуан даналық ойларды кеше отырып елінің өркенді болып өсуін айтады.

Даналықты философия үшін кездейсоқ, өткінші анықтама еместігі, керісінше, даналықтың болмысымен тығыз байланысты екендігі тиянақты дәлелденеді. Менің ойымша даналықтың маңызды жағы және көрінісі түсінік болып табылады. Айырмашылығы – ол табиғатты, қоғамды танумен айналыспайды; ол табиғаттану және қоғамтану ғылымдарының жетістіктерін талдап, түсінуге тырысады. Даналықтың мысалы – адам, адамның дүниеге қатынасы, адамның қарама - қайшылыққа, талас-тартысқа толы өмірі. Даналық ой кешу мен түсінікті керек ететін және олардың мүмкіндігін паш ететін мәселелер экзистенциалдық мәселелер қатарына жатқызылады. Ғылыми зерттеу жұмысында даналық түсінік мәселелер арқылы қазақ философиясына тура шығуға болатын, қазақ даналығының ерекшелігін, өзіндік сипатын даналық тарихындағы орнын, әлемдік даналықпен сабақтастығын дұрыс түсінуге болатыны жан – жақты дәлелденеді. Жұмыста даналық тарихы дәстүрден тыс, жаңаша даналық пен түсініктің қалыптасып, өрістеу тарихы ретінде қарастырылады; шығыс, батыс және қазақ даналығындағы көптеген ойшылдардың ілімдеріндегі еңбектеріндегі әдебиеттегі даналық пен түсініктің өміршең, озық үлгілері іріктеліп алынып, рефлексиялық тұрғыда талданады. Қазақ даналығын зерттеудің методологиялық дәйектері ретінде қазақ даналығына тән негізгі ерекшеліктер атап көрсетіледі: Даналық, түсінік, экзистенциалдық мәселелерді қарастыру (өмір мен өлім, жан мен тән, көңіл, ар – ұят, қарыз бен парыз, обал мен сауап, жақсылық пен жамандық, қуаныш пен реніш, өкініш, қорқыныш,әдеп пен әдет т.т.), ақындар мен шешендер айтысы; суырып салып айту, адамды жұбату; сөйтіп қазақ әдебиетіндегі даналыққа зерттеуге жол ашылады. Ғылыми зерттеу жұмысындағы қазақ даналығы, ақын- жыраулар, би – шешендер, Ыбырай, Абай шығармашылығы жөніндегі ойлар, пікірлер бұдан бұрын жарық көрген зерттеушілердің пікірін қайталамайды, жалғастырып, толықтыра түседі.

Діндегі, әдебиет пен өнердегі даналық пен түсінік мәселесі, өмірде орын алатын экзистенциалдар – сарқылмайтын тақырып бола берері сөзсіз. Сөзіміздің соңында Абайдың өлшейтұғын сөзіне құлақ түрейік.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға. Осы ойлардың сүйеніші–даналық пен түсінік.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1737 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

584 - | 549 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.