Лекции.Орг


Поиск:




Ақынның табиғатты жырлаудағы жаңашылдығы




Қазақ халқының тарихында Абайдың алар орны ерекше. Абай – жаны нәзік, сүйкімді жан. Ол жан нәзіктігін, табиғат сұлулығын ұштастыра білген. Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған тағы бір үлгісі – табиғат лирикасы. Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Оны әлемнің классик ақындарының бәрі де жырлаған. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты, өз көңіл – күйін суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі, жан дүниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты, күзді, көктем мен жазды қайталанбас, соны бояулармен бейнелеп берді. Туған ел табиғатын сипаттауда оның суреткерлік шеберлігі айқын аңғарылады. Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретіңде ала отырып, әлеуметтік өмірмен, қазақ халқының көшпелі тұрмысымен тығыз байланыстыра көрсетеді.

Табиғат лирикасының ішінде өзгелерден тақырыбы жағынан оқшаулау тұрған өлең-саятшылық өнерді өте көркем, келісті бейнелейтін «Қансонарда бүркітші шығады аңға» Бұл өлеңңнде Абай аңшының құс салып түлкі алуын түрлі түсті бояумен бейнеленген суреттегідей көзге айқын елестете сипаттаған. Бірақ қылқалам шеберінің қолынан шыққан суретті дайын, тұтас қалпында тамашалап, ал өлеңді оқығанда осы баяндалған, қимыл-әрекетке толы оқиға белгілі уақыт мөлшерінде көз алдымыздан үздіксіз өтіп жатқандай әсер аламыз.

Кейде қазақ аулының тұрмыс жағдайын сипаттауға көбірек мән беріліп, табиғат тек халық өмір сүретін орта болып екінші қатарда ғана көрінеді. Мысалы, «Күз» (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан), «Қараша желтоқсанмен сол бір-екі ай», «Қыс» (Ақ киімді, денелі, ақ сақалды) атты өлеңдерінде ақын көшпелі тұрмыстың ауыртпалықты жағын көбірек айтады, ал «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңінде әлеуметтік теңсіздікті де ашып көрсетеді. Ал «Жаз» (Жаздыгүн шілде болғанда), «Жазғытұры» (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы) өлеңінде елдің кең далада, табиғат аясында бой жазып, жаны жадырап отырған кезін бейнелейді. Бұларда жарқын бояулар, ауыл өмірінің жақсы жағын айту, көтеріңкі леппен суреттеу басым келеді. Ақын көшпелі елдің өмір-тұрмыстың ауырлығын, көлеңкелі жағын да, сонымен қатар ауыз толтырып айтарлық күнгей жағын да көре білген. Бірақ бір өлеңде айтқанын басқа өлеңінде қайталай бермейді. Олай болса, бір кездегі осы өлеңдердің кейбіреуін (мысалы, «Жаз» өлеңін) бөлек алып, қоғам өміріндегі қайшылықты, кедейдің ауыр халін көрсету жағы әлсіз деп сын айтушылық, әрине, орынды болған деуге келмейді. Абайдың табиғатты бейнелейтін өлеңдерінен мол өмір шындығын, теңдесі жоқ суреткерлікті көреміз. «Желсіз түнде жарық ай» дейтін өлеңінде ақын жазда өзен жағасына көшіп келіп қонып отырған мал баққан ауылдың өмір-тұрмысын шебер сипаттайды. Қазақтың даласы, түні айы, тауы, өзен суы, жапырағы жайқалған ағашы, жазғы жердің көк майса жасыл шөбі, көшпелі елдің қонған қоныс жайлауы, баққан малы, түн күзететін сақ малшылары, жастардың пәк, таза сүйіспеншілік сезімі, махаббаты, жастығын, алғашқы махаббатын сағынып еске алған қазақтың осындай айлы түнде ауыл сыртында, аулақта жолығатын шағын армандауы-осының бәрі бар болғаны 20-ақ жол өлеңнен көңілге нәзік лирикалық сезім ұялатқандай айқын елес береді.

Оның жылдың төрт мезгілі жайлы өлеңдері 1886-1890 жылдар аралығында, ақынның әлем поэзиясын тереңдеп оқып, үлгі тұтқан кезінде жазылған. Абайдың бұл тақырыптағы тұңғыш өлеңі – «Жаз»(1886) Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше алуан қызықты құбылыс асқан шеберлікпен суреттеледі. «Жаз», «Жаздыгүн шілде болғанда» өлеңінде де жаңа қонысқа, жайлауға көшіп келген ауылдың тұрмыс-тіршілігінің тұтас бір көрінісі бар. Бірақ мұнда тынымсыз әрекет, қимыл-қозғалысты сипаттау шеберлігі таң қалдырады. Жыр өлшемімен жазылған жеңіл, ойнақы ырғақты өлеңде ақынның құлын-тайлардың шапқанын бұлтылдап деп, үйрек-қаздың жоғары-төмен ұшып жүргенін сымпылдап деп, үй тігіп жатқан қыз-келіншектердің жүрісін былқылдап, күлгенін сыңқылдап деп, ондаған осындай сипаттама сөздерді бірыңғай ұйқастыра тізбектеп келтіруі абыр-сабыры көп өмір көрінісі көз алдымыздан өтіп жатқандай әсер етеді.

«Қыс» табиғатын Абай бұдан өзгешелеу стильде суреттеген. Бұл-нағыз классикалық поэзия үлгісінен туған өлең. Мұнда да табиғат қозғалыс-әрекеттегі күйде алынады. Бірақ бұл әрекет табиғаттан гөрі. Адамның-жанды тіршіліктің әрекетіне ұқсайды.

Абайдың табиғатты суреттеудегі жаңаша ізденісін, өсу-өрлеуін танытатын туындылары-бұдан кейінгі кезекте жазылған күзге арналған екі өлеңі «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай».(1889) Бұл өлеңдерде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық-көркемдік тұрғыда берілген.

«Жазғытұры» (1980) өлеңінде де Абай бұл мезгілдің өзіне тән суреттерін жасайды. Мұнда табиғат әлеміне кірген жаңалықтың иесі-«ата-анадай елжіреген күннің көзі» көбірек айтылады. Ақын сезімі қыстан қысылып шыққан ел қуанышына ортақтасады.

Абай қай өлеңде болмасын табиғат пен қазақ халқының өмірін байланыстыра жырлаған. Кемеңгер ақын мәңгі қайталанбас бейнелі сөз өрнегін жасады.(Абайдың өмір жолы

слайдтан көрсетіледі)

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1179 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1338 - | 943 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.