Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Стратегиялық бағыт. Орта білім беру және балалардың құқықтарын қорғау




Тегін орта білім алу құқығын еліміздің Конституциясы кепіл береді.

1-басым бағыт «Орта білім берудің мазмұнын жаңарту»

Ұлт жоспарының 76 қадамы шеңберінде елдің жалпы білім беру мектептерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірбесін ескере отырып 12-жылдық білім беруге көшу бойынша міндет қойылған.

Оқушылардың оқу нәтижелері өз алдына ізденіс және ақпаратты терең талдау, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын меңгеру болуы тиіс.

Сонымен қатар Қазқстанның барлық мектептерінде орта мерзімді аралықта Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тиімді тәжірбиесі енгізілетін болады.

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу кестесіне сәйкес оқушылардың білім деңгейін теңестіру мақсатында бірыңғай оқулық базасы енгізілетін болады.

Жаңартылған мазмұн сапалы жаңа оқулықтар және СББР-мен сүйемелденетін болады.

Оқу бағдарламалары жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді (ғылым) қамтитын болады.

Білім беру «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы принципінің негізіндеқалыптасатын болады. Бұл патриоттық, саяси, құқықтық және моральдық білім беру кешені, академиялқ пәндер, элективті курстар, әлеуметтік жобалар, сыныптан тыс және қосымша жұмыс арқылы іске асатын болады.

2018 жылдан бастап Дүниежүзілік банк қарызы шеңберінде мектептегі білім берудің сапасын арттыруды және теңсіздікті азайтуды қолдау бойынша «Қазақстан Республикасында орта білімді жаңғырту» жобасы іске асырыла бастайды. Жоба 12 жылдық білім беруге көшуді қолдауды, оның ішінде мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуды, базалық оқулыққа, оқулықтар сапасын көп деңгейлі сараптауға қойылатын талаптарды әзірлеуді, оқулықтар сапасын бағалау саласындағы сарапшылар біліктілігін арттыруды, орта білім берудің жаңа мазмұнының әлемдік озық білім беру жүйелері деңгейіне сәйкестігін мониторингтеуді және бағалауды енгізуді көздейді.

ШЖМ мәселесін шешу үшін тірек мектептерін (ресурстық орталықтар) ашу жұмысы жалғасатын болады, сонымен қатар балаларды мектепке және мектептен үйге тасмалдауды ұйымдастыру.

Қала мен ауыл арасындағы білім беруді теңдестіру шалғайдағы мектептер мен ШЖМ қашықтықтан оқыту тетіктерін енгізу жолымен жүзеге асырылатын болады.

Осал топ оқушылары ретінде білім беруде арнайы қажеттіліктері бар балаларды оқу процесіне барынша тартуға ерекше көңіл бөлінген.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуға бейімделіп өңделеді, сонымен бірге көзі көрмейтін балаларға арналған рельефті-нүктелік қаріпті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен (Брайль шрифтісі) және нашар көретін балалар үшін шрифтісі ірілендірілген оқулықтар әзірленеді.

Сатылап, жергілікті арнайы білім беру ұйымдары мен жалпы мектептердегі арнайы сыныптардың материалдық базасын көзі көрмейтін балаларға арналған рельефті-нүктелік қаріпті оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешенімен (Брайль шрифтісі) және нашар көретін балалар үшін шрифтісі ірілендірілген оқулықтармен толықтыру жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаға инклюзивті ортада қолдау көрсететін педагогтар мен педагог қызметкерлердің қызметтік лауазымы және оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының типтік штаттық үлгісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралады (типтік штаттық үлгіге педагог-ассисент бірлігін қосу).

Орта білімді жаңғырту жобасы шеңберінде бағалау жүйесін жетілдіру мақсатында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, 2020 жылға қарай:

1) білім алушылардың ұлттық емтихандары мен оқу жетістіктерін мониторингтік зерттеулердің рәсімдері жетілдіріледі;

2) оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жетілдіріледі;

3) тест стандарттары әзірленеді;

4) білім алушылардың дағдылары мен білігін, құзыреттілігінің кең спектрін тексеру үшін тест тапсырмаларының базасы құрылады.

Қазақстан TIMSS, PIRLS, РІSА халықаралық зерттеулеріне қатысуды жалғастырады.

ҰБТ форматын жетілдіру қарастырылуда, ҰБТ рәсімін мектепте қорытынды аттестаттауға және жоғары оқу орнында түсу емтихандарына бөлу, одан әрі оқуға деген қабілетін, логикалық ойлау деңгейін, ағылшын тілін меңгергендігін, сондай-ақ базалық құзыреттілігін (функционалдық сауаттылық) айқындауға бағытталған тестерді пайдалануды кеңейту көзделеді.

Апробация нәтижесі бойынша жан басына қаржыландыру енгізілетін болады.

Шаралар:

- НЗМ тәжірбиесі бойынша 12-жылдық оқыту үлгісіне ауысу;

- білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуге әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

- апробация нәтижесі орта білім беру жүйесінде жан басына қаржыландыруды енгізу;

- робототехниканы дамыту және білім берудің электронды мазмұнын енгізу.

 

2-басым бағыт «Үш тілде білім беруді енгізу»

Мемлекет басшысының 2008-2014 жылдардағы Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде, Қазақстан халық Ассамблеясы сессияларында берген тапсырмаларына сәйкес үш тілде білім беруге кезең-кезеңімен көшу басталатын болады.

Республикада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бірыңғай оқытуға жоспарлы түрде ауысу «100 қадам» Ұлт жоспарыны 79 қадамында және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.

2019-2020 оқу жылынан жоғары сыныптарда (11-12) мектептердің таңдау мүмкіндігі бойынша 4 пәннен (информатика, биология, физика, химия) ағылшын тілінде 2 пәнді таңдау бойынша оқыту жоспарлануда.

Сонымен қатар 2019-2020 жылдардан бастап үш тілде білім беруге көшу шеңберінде оқыту тіліне қарамастан барлық мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту қазақ тілінде, «Дүниежүзілік тарих» пәнін орыс тілінде (7 сыныптан бастап) оқыту жоспарлануда.

Шаралар:

- үш тілде білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік кешенің жыл сайынғы негізде әзірлеу;

- үш тілде білім беруді енгізу бойынша конференциялар, семинарлар және тренингтер өткізу;

- педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу.

 

3-басым бағыт «Педагогикалық әлеует денгейін көтеру және басқаруды жетілдіру»

Жаңартылған мазмұнды енгізудің сәттілігі мұғалімнің педагогикалық шеберлігі денгейінің жоғарлығына байланысты.

Педагог кадрлардың сапалық құрамын жақсарту мақсатында:

1) тек мектеп педагогтарын ауқымды оқытуды өткізу емес, сонымен қоса ЖОО-лардың профессорлық-оқыту құрамын, педагогикалық мамандықтар бойынша колледждердің оқытушыларын, білім беру ұйымдарының жетекшілері мен мамандарын жаңа мазмұн бойынша тәсілдер мен әдістерге оқыту;

2) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өз пәндерін оқыту үшін мұғалімдерді тілдерге оқыту;

3) ЖОО-дың педагогикалық мамандықтағы студентер үшін жаңартылған және енгізілген бағдарламалар.

Басқару орта білім беру жүйесін жаңғырту бағытында аса үлкен рөл атқарады. Білім беру сапасының артуына дұрыс әрі жүелі ұйымдастырылған басқару әсер ететін болады, бұл қоғаммен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Мектеп басшылары басқару мәселесі бойынша біліктілік курсынан өтеді.

Мектептің дамуына ықпал жасайтын қамқорлық кеңестер әр мектепте ашылатын болады. Қамқорлық кеңестері жұмысының шеңберінде жыл қорытындысы бойынша мектеп басшыларының жыл сайынғы есебі қарастырылатын болады, бұл мектеп сайтында жарияланатын болады.

Білім беру ұйымдары мен мектептердің деңгейінде олардың жетістіктерін жариалайтын ауқымды PR-кампаниялар өтетін болады.

Мектеп директорларының Кеңесі жұмыс істейтін болады, онда өзекті мәселелер талқыланып, оларға белгілі бір шешім қабылданатын болады.

Әрбір мектеп басқа мектептермен тиімді тәжірбиелерімен алмаса отырып және өздерінде басқа мектептердің тиімді тәжірбиесін енгізе отырып серіктестік ретінде әрекеттесетін боладыү

Сонымен қатар нақты ақпаратты алу және уақытында басқарушылық шешім қабылдау үшін ҰБББД жүйесі жетілдірілетін болады.

Жан басына қаржыландыру енгізілетін болады.

Шаралар:

- жаңартылған мазмұн талаптарында мектептерді білікті мамандармен қамтамасыз ету;

- TALIS оқыту мен оқу халықаралық зерттеуге қатысу;

- жыл сайын «Үздік педагог» республикалық конкурсын өткізу;

- басқару саласындағы курстарда мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізу;

- метептерде қамқорлық кеңестерін ашу.

4-басым бағыт «Орта білім беруде инфрақұрылымды дамуды қамтамасыз ету»

Оқу-тәрбие процесін тиімді іске асыруна мектеп инфрақұрылымының дамуы, оның ішінде нысандардың техникалық және функционалдық сипаттамалары тікелей немесе қосымша әсер етеді.

Апатты мектептердің орнына, сонымен қатар үш ауысымды мектептерді жою үшін құрылыс республикалық және жергіліті бюджеттен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік-жеке-кәсіпкерлік әріптестік арқылы да жүзеге асырылатын болады. Бұл 2020 жылға апатты және үш ауысымды мектептерді толық жояды.

Жергілікті бюджет есебінен мектептерді пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету жалғасатын болады.

Мектептік білім беруде аұпараттандыру оқуға ақпараттық технологияларды одан әрі енгізу шеңберінде іске асатын болады.

Білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаға инклюзивті ортада қолдау көрсету қамтамасыз етіледі.

Психолого-педагогикалық коррекция кабинеттерінің саны 2019 жылы 137 бірліктен 220-ға дейін, психолого-медико-педагогикалық консультациялар саны – 2019 жылы 57 бірліктен 85-ке артады.

Жалпы орта білім беру ұйымдарында психолого-педагогикалық консилиумдар жұмыс жасайтын болады.

Шаралар:

- орта білім берудің инфрақұрылымын одан әрі дамыту және мектептердің материалдық-техникалық жабдықтарын жақсарту, соның ішінде МЖМӘ арқылы;

- апатты мектептерді зерттеу және табу;

- апатты мектептерге, потенциалды апатты мектептерге және үш ауысымды мектептерге мониторинг жүргізу;

- КЖҚЖ қосылған мектептер үлесінің артуы.

 

5-басым бағыт «Мектеп оқушыларында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру және балалар құқығын қорғау»

Балаларға қосымша білім беру бірыңғай білім беру процесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады.

Жалпы білім беретін мектептерде үйірмелер мен секциялар санының өсуі есебінен балаларға шығармашылық және танымдық белсенділігін, жеке тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік беріледі. Осылай балаларды қосымша біліммен қамтуды 2020 жылы 70 %-ға жеткізу жоспарланып отыр.

5 күндік оқу аптасына көшуде сенбі күнгі қосымша білім беру оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болады.

Сондай-ақ, жергілікті бюджеттің есебінен спорт залдарын және қосымша білім беру ұйымдарын заманауи құрал-саймандармен жабдықтау бойынша жұмыс жалғасын табады.

Елімізде балалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, балалы отбасылардың, балалар үшін білім беру және медициналық көмек ке қол жетімділікті арттыру жүйесінде оң үрдістер байқалады.

Баланы отбасында тәрбиелеу, балаларды тәрбиелеудің құқықтық және экономикалық тетіктерінің мынадай нысандарын: бала асырап алу, қамқоршылық және қорғаншылық, патронаттық тәрбиелеуді жетілдіру; мемлекеттік басқару мен ақпараттық жүйелерді баланың құқығын қорғау саласында механизмдерді жетілдіру үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалуда.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік шеттетілуін еңсеруге ықпал ететін, оңалту және қоғамға толыққанды шоғырландыруға мүмкіндік беретін балалармен жұмыс түрлерін енгізу, әрбір баламен және оның отбасымен жұмыс кезінде кәсібилігін және жоғары біліктілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау қажет.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасы және балаларға кәсіби психологиялық көмек жүйесі құрылатын, және отбасылық қолайсыздықты ерте кезеңінде ескертуге мүмкіндік беретін тетік анықталатын болады

 

Балаларды қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру үнемі және сапалы даярлау үшін жағдайлар жасалатын болады.

Шаралар:

- мектептер арасында спорттық сайыстар өткізу;

- қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасы және балаларға кәсіби психологиялық көмек жүйелерін, және отбасылық қолайсыздықты ерте кезеңінде ескертуге мүмкіндік беретін тетік құру

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды, девианті мінез-құлықты балаларға арналған арнайы ұйымдарды және арнайы ұстау режиміндегі ұйымдарды қайта ұйымдастыру, оңтайландыру, қазіргі балаларды интернаттық тәрбиелеу жүйесін отбасылыққа қайта бағдарлау.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 762 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2282 - | 2081 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.