Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жандандырудың тұжырымдамалық негіздері Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген.
1-басым бағыт «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту»
Қазіргі білім беру жүйесінің даму кезеңінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тиімді түрлерін әзірлеу мен ендіру, мектепалды даярлық жүйесіне жаңа талаптар қажеттілігі туындады.
Сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылға қарай функционалдық сауаттылық пен дағдыны дамытуды арттыруға аса назар аудара отырып, мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұнына көшіріледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың замануи және нәтижелі жүйесін қалыптастыру үшін жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМБС, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың және мектепалды даярлықтың үлгілік оқу бағдарламаларын, балалардың біліктері мен дағдыларын дамытудың индикаторлар жүйесін ендіру жалғастырылады.
Білім беру бағдарламалары мектепте оқуға қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға, халықтық салттар мен дәстүрлерге негізделген құндылықтар, адамгершілік бағдарлануды қалыптастыруға, сабақтастық пен үздіксіздікті ұстанымдарын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, балалардың дене дамуы, коммуникативтік, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелік, дамытушылық және оқыту мақсаттары мен міндеттерінің бірізділігін қамтамасыз етеді. Және ең бастысы ─ даму деңгейін анықтайтын индикаторларға сәйкес балалардың білім, білік және дағдыларын бағалау және инновациялық технологиялар негізінде бала дамуының әдіс-тәсілдері мен құралдарын қолдану.
Мектепке дейінгі деңгей мазмұнының сапасы әр бала жетістіктерінің қорытынды диагностика бойынша индикаторлармен бағаланады, мұнда әрекеттің негізгі нәтижесі болып баланың даму деңгейі, оның білімі, біліктері және дағдылары болып табылады.
2017 жылдан инновациялық әдістер мен технологияларды ендіру жүйелілігін қамтуға мүмкіндік беретін жаңа буындағы техникалық оқыту құралдары: компьютер, проектор, экран, сенсорлық интерактивтік тақта мен құрылғылармен жабдықталған мультимедиалық кешендер, смарт-карталар, сөйлейтін қаламдар, компьютерлік дамыту ойындары; анимациялық бейне- және фотоматериалдарды қолдануымен инновациялық әдістер мен технологияларды ендіруді көздейтін балалардың қызығушылықтарына қарай вариативтік бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және ендіру жоспарланды.
Шаралар:
- оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде білім беру қажеттіліктері ерекше балалар үшін кемістіктің 8 түрі бойынша арнайы бағдарламалар әзірлеу және енгізу;
- балалардың қызығушылығы бойынша вариативтік бағдарламаларды әзірлеу.
2-басым бағыт «Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық кадрларының сапасын жақсарту»
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагог кадрлар құрамының сапасын жақсарту мақсатында педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде жалғасын табады.
Мамандандырылған жоғары және техникалық, кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйым педагогтарының үлесін арттыру үшін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық кадрларды даярлауда мемлекеттік білім беру тапсырысы артады. Нәтижесінде 2020 жылға дейін олардың үлесі 50%-ға дейінөседі деп күтілуде (2015 ж. – 34%).
Шаралар:
- ЖОО мен колледждерде педагог кадрларды даярлауға жыл сайынғы мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыру;
- мектепке дейінгі ұйым педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, соның ішінде онлайн оқыту;
- мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызмектерлерінің электрондық база деректерін жетілдіру;
- проработка вопроса включения в классификатор вузов и колледжей специальности «воспитатель-медработник» для работы с детьми раннего возраста.
3-басым бағыт «Мектепке дейінгі ұйым желісін арттыру»
Мектепке дейінгі ұйым желісі республикалық және жергілікті бюджет есебінен демографиялық жағдайды ескере отырып, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы саны және сапасы жағынан да дамиды.
Мектепке дейінгі ұйым желісін дамытуда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту есебінен мектепке дейінгі ұйым салу мен пайдаланудың жаңа үлгілік жобалары, сондай-ақ, тұрғын үй кешендерінің 1-қабаттарында орналасқан мектепке дейінгі ұйымдарға ерекше назар аударылады.
Жаңа орын құру балаларды қамту көрсеткішін, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен аз қамтылған отбасылар ішінен арттыруға мүмкіндік береді.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жүйедегі өзекті мәселе болып отыр, сондықтан, балаларды қамтуды 72%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Шаралар:
- республикада мемлекеттік-жекешелік әріптестікті белсенді дамыту жолдарымен демографиялық жағдайларды ескере отырып мектепке дейінгі ұйымдар желісін арттыру;
- мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жаңарту мен педагогтардың сапалы құрамын арттыру мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жандандыруға мүмкіндік береді.