4.1) Реттелетін саланы немесе қызмет өрісін дамытудың негізгі параметрлері
Республикада 130 жоо жұмыс істейді (10 ұлттық, 32 мемлекеттік, 14 азаматтық емес, 1 ААҚ, 1 халықаралық, 18 акционерлік, 54 жеке) (2013-2014 оқу жылында – 132, 2014-2015 оқу жылында – 127).
ЖОО-да білім алушылардың контингенті 2015-2016 оқу жылында 455 101 адам құрады (2013-2014 оқу жылында – 606,1 мың адам, 2014-2015 оқу жылында – 506,4 мың адам), оның ішінде, бакалавриатта – 425 700 адам, магистратурада – 27 400 адам, докторантурада – 2 001 адам.
ОПҚ саны 40 844 адамды құрайды (2013-2014– 41 635, 2014 жылы - 40 320). ОПҚ ғылыми дәрежелілік деңгейі 50,4%-ды құрайды (2013-2014 оқу жылында – 49,7%, 2014-2015 - 49,1%).
Мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі 2016-2017 оқу жылында құрады: бакалавриат – 31 702 грант, магистратура – 7 429 орын, PhD докторантура – 628 орын (2013-2014 оқу жылында: бакалавриат – 35 053 грант, магистратура – 6 959, докторантура – 520, 2015-2016 оқу жылында: бакалавриат – 32 168 грант, магистратура – 7 241 орын, докторантура 623 орын). Осылайша, жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасына мемлекеттік тапсырыстың жоғары білімінің мемлекеттік тапсырысына жалпы ара қатынасы 2016 жылы 25,4%, 2015 жылы – 24,4%, 2014 жылы – 22,5%.
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы жүзеге асырылуда. 2015-2016 оқу жылында еңбек қолы көп аймақтардан еңбек қолы тапшы облыстар үшін жастарды оқыту мақсатында мамандықтар мен жоо тізбесі кеңейтілді.
Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының кәсіпорындары үшін 4 400 адамды 11 базалық жоо-да даярлау жүргізілуде. Шетелдік әріптес-жоо сарапшылары мен жұмыс берушілердің қатысуымен
24 инновациялық білім бағдарламасы әзірленді. Оларды әзірлеу процесінде базалық жоо-ң 283 оқытушысы Назарбаев Университетінде, сондай-ақ әріптес-жоо мен кәсіпорындарда біліктілік жоғарылатудан өтті.
Нақты өңірдің еңбек рыногының тиісті мамандарға деген сұраныс ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін жоо-ның академиялық еркіндігін арттыру мақсатында жоо-ның білім бағдарламаларының мазмұнын айқындау құқығы бакалавриатта 65%-ға дейін, магистратурада 75%-ға дейін, докторантурада 90%-ға дейін кеңейтілді.
Еуропалық жүйемен салыстырмалы Ұлттық біліктілік жүйесінің негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлайтын 70 кәсіптік стандарт әзірленді.
Болон процесінің параметрлерін орындау отандық және шетелдік білім беру бағдарламаларының үйлесуіне, салыстырмалы білім беру бағдарламалары үлесінің ұлғайуына және жоғары білім беруді интернационалдандырумен қамтамасыз етіледі. ЕСTS типі бойынша кредиттерді қайта тапсыру қазақстандық үлгісі енгізілді.
Студенттер мен оқытушылардың академиялық момилділігі дамуда. Соңғы үш жылда 3 000 жуық студенттер мен магистранттар шетелдік жоо білім алды: 2013 жылы – 746 студент, 2014 жылы – 805 студент, 2015 жылы – 909 студент.
Бірлескен білім беру және зерттеу бағдарламаларын іске асыруға шетелдік ғалымдар тартылуда. Соңғы 3 жылда Еуропадан, АҚШ-тан, РессеуФедерациясынан, Оңтүстік Шығыс Азиядан және т.б. 3 599 шетелдік ғалымдар мен оқытушылар шақырылды (2013 жылы – 1326, 2014 жылы – 1726, 2015 жылы - 547).
Қазіргі кезде жоғары білім мен ғылым саласында жоо-лармен 400-ден астам жоо-лар арасында келісімдер (шарттар), Қазақстандық жоо-лар мен шетелдік ҒЗИ арасында 104 келісімдер мен меморандумдар іске асуда.
42 жоо-да педагогикалық, техникалық және ғылыми-жаратылыстану мамандықтарында оқыту ағылшын тілінде жүзеге асырылуда. Соның ішінде педагогикалық мамандықтар бойынша 15 жоо-да шамамен 3,5 мың адам білім алуда. Бұл ретте, 2015 жылы аталған бағдарлама бойынша 531 адам бітірді, олардың 500 Назарбаев Зияткерлік мектептерге, әртүрлі пәндерді терендетіп оқытатын дарынды балалар үшін арнайы мектеп-интернаттарға, дарынды балалар үшін мектеп гимназияларға және т.б. жұмысқа тұрғызылды.
Жоғары білім берудің сапасын бағалаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету үшін жоо-ды аккредиттеудің ұлттық үлгізі енгізілді. Аккредиттеу бәсекелестік ортаға берілді. Ұлттық аккредиттеу органы тізіміне 10 аккредиттеу агенттігі кіреді, оның ішінде 2 Қазақстандық және 8 шетелдік (Германия - 3, Австрии - 1, США - 3, Великобритании - 1).
2015 жылы институционалдық аккредиттеуден қазақстандық аккредиттеу агентіктерінен 72 жоо өтті, ұлттық арнайы – 55 жоо.
Назарбаев Университеті тәжірбиесі бойынша корпаративтік басқару енгізілуде. Бақылау кеңестері 10 жоо-да жұмыс істесе, 19 жоо-ларда ашылуда. Қамқоршылық кеңестердің жұмыс істеу принциптері қайта қарастырылуда, ол 64 жоо-ларда бар.
Білім, ғылым және бизнестің интеграциясы нығаюда. Жоо-лардың жанынан 16 коммерциандыру офистері, 3 технопарк, 4 бизнес-инкубатор, 500-ден астам ғылыми-зерттеу бөлісшелері мен құрылымдар жымыс істеуде.
Соңғы 5 жылда қазақстандық жоо-дың әлемдік рейтингтерге енуі байқалуда, QS World University Rankings, Webometrics, University Ranking by Academic Performance (URAP) және басқалары..
QS WUR рейтингісінде 2016 жылы 8 қазақстандық жоо-лар белгіленді.
«Топ – 300» үздік жоо-дар рейтингісіне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енді 236 орын, 2015 жылғы көрсеткішімен салыстырғанда 39 позицияға көтерілді, «Топ – 400-ге» Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ енді – 345 орын26 позицияға көтерілді. «Топ 411-420-ға» Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ енді, 74% көрсеткіштерін жақсартты. «Топ – 501-650-ге» М. Әуезов атындағы ОҚМУ, «Топ 651-700-ге» ҚБТУ, «Топ 701+» Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Абылайхан атындағы ҚазХҚУжХТ енді.
Бұған білім, ғылым және бизнестің интеграциясы, ғалымдардың жарияланымдық белсенділігінің артуы, интернационализация деңгейінің өсуі, шетелдік студенттер санының ұлғаюы, қос дипломды білімнің дамуы ықпал етті.
Мұның бәрі қазақстандық жоо-ң беделіне оң әсерін тигізеді, Қазақстан Республикасы жоғары білімінің жетістіктері халықаралық деңгейде танылғандығын дәлелдейді.
4.2) Негізгі проблемаларды талдау
1. Мамандарды даярлау барлық уақытта бердей жұмыс берушілердің ойларынан шыға бермейді.
Жоо-ның білім бағдарламалары білім алушыларға еңбек рыногы талап ететін қажетті құзыреттіліктерді бермейді, бұл белгілі бір дәрежеде көптеген қызмет салалары бойынша кәсіби стандарттардың болмауымен шартталады. Білім жүйесінің еңбек рыногымен өзара іс-әрекет жасауының әлсіздігі жұмыс берушілердің мамандарды бірлесіп дайындауға, өндірістік іс-тәжірибелерді ұйымдастырып, соңынан еңбекке орналастыру мүмкіндігін қарастыруға мүдделілігі төмендігінен де көрініс табады.
2. Білім алушыларды үш тілді оқыту бағдарламаларымен қамтудың төмендігі.
Күндізгі оқу нысанындағы 358 мыңнан астам студенттердің ішінен бар болғаны 5% студенттер ғана үш тілде білім алады. Жоо-ң 38 мың оқытушысынан үш тілді еркін меңгеріп, сабақ беретіндері - 10%.
3. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерциаландырудың төмендігі.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізу үшін ақпараттық хабарламалардың жеткіліксіздігі.
4. Материалдық-техникалық, оқу-зертханалық және ғылыми базаның деңгейінің төмендігі.
Жоо-ның мемлекеттік қаржыландырудың негізгі көзі білім гранты болып табылады, оның 70%-ға дейін шығыстары білім процесін қамтамасыз етуге қатысты ағымды шығындарға жіберіледі. Сәйкесінше материалдық-техникалық базаны дамытып, нығайтуға байланысты жоо шығындары түгел қаржыландырылмайды. Жоғары білімге арналған мемлекеттік шығыстардың 94%-ы мемлекеттік тапсырыс құрайды. 6% – басқа шығыстар, оның ішінде материалдық-техникалық базаны ұстап тұру да бар. Бұл мақсаттарды бюджеттен тыс қаражаттан қаржыландыру мардымсыз.
4.3) Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа жетуде әсер етуі мүмкін тәуекелдер атаулары | Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар |
Жұмыс орындарының тапшылығы | Жоо өз алдына басқаруын кеңейту, жұмыс берушілерді кадырларды даярлауға тарту. Жоғары біліммен қамтуды ұлғайту. Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу арқылы нарықтың талабына сәйкес кадрларды даярлау. Жоо академиялық бостандығын ұлғайту және білім беру нәтижесіне бағытталған бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын әзірлеу. |
Білім миграциясы, жастардың шетелдік жоо-ға кетуі | Талапкерлерді жоо-ға қабылдау ережелерін жетілдіру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша үш тілде оқыту. |