Сабақтың мақсаты:
білімділік:
ü Оқу материалдары бойынша оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру;
ü үшбұрыш, үшбұрыш элементтерін білу, бұрыштар, үшбұрыш периметрі, тең кесінділер мен тең бұрыштар ұғымы, параллель түзулер және параллельдік аксиомасын білу;
дамытушылық: оқушылардың коммуникативті қатынасын құру, бағалау біліктілігін арттыру;
тәрбиелілік: ұжымшылдыққа тәрбиелеу және жауапкершілікке баулу.
Сабақтың түрі, әдісі: жаңа білім беру, «Қарлы кесек» оқыта-үйрету ойын сабағы, топтық жұмыс, фронтальды, миға шабуыл.
Көрнекіліктер:
1. Топтарға арналған белгі-көрсеткіштер.
2. Шартты белгісі бар үшбұрыштардың суреттері.
3. Ауызша жұмыстарға арналған үлестірме-карточкалар.
4. Жеке тапсырмалар: практикалық тапсырмалар, сызуға, құрастыруға арналған тапсырмалар.
5. Жазық фигуралар модельдері: үшбұрыш, алтыбұрыш.
6. Үшбұрыштар көмегімен құрылған фигуралар: пирамида түрлері.
7. Хеопс пирамидасы бейнеленген плакат.
Сабақ тиімділігінің өлшемдері:
· Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмысы;
· математикалық тілде сөйлеуге дағдыландыру;
· пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ барысы:
Сабақ бөлімдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
І. Ұйымдастыру кезеңі. | 1.Өтілетін жаңа тақырыпты хабарлау. 2.Оқушылармен бңрге сабақтың міндетін құру. 3.Өтілетін материалдың тұрмыста қолданысын көрсету. 4.Оқушыларды сабаққа деген құлшынысқа бағамдау. | Сынып алдын−ала топтарға бөлінген. Стол үстіне бағыттауыштар парақтары (А, В, С, Д, Е) қойылады. А әрпі бар бағыттаушы парағын және жетонын (пиджактың өңіріне не кеудесіне қадалады) алған оқушылар «А үстелінің» басына отырады, Б әрпін алғандар – «Б үстелінің» басына және т.с.с. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді. Әр сұрақты әр топ мүшелерінен сұраса да болады. |
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. Жаңа білімге дайындық: | Топ жетекшілері алдын-ала үй тапсырмаларының орындалысын тексеріп, мұғалімге мәлімет береді.
Пысықтау сұрақтары:
| |
Жаңа сабақ: 1. Білу Мақсаты: Қажетті тірек білімдерін еске түсіріп, жаңа фактілерді, терминдерді, ұғымдарды, қасиеттерді және т.б. қабылдау 2. Түсіну Мақсаты: Қабылдаған жаңа мәліметті пысықтап өз сөзімен естігенін айтып беру. 3.Қолдану Мақсаты: Қабылдаған білімді пайдалану. 3.Біліктену. Мақсаты: Синтез | 3. Жаңа білімді меңгерту. Жаңа сабақтың тақырыбы өткен сабақта хабарланып, оқушыларға оқып келу тапсырылады. Топтарға теориялық материалдар бойынша алғашқы тапсырмалар беріледі. Яғни ойынның 1−туры жарияланады. Бұл тапсырмалар оларға таныс болса, уақыт шегін мұғалім оңай, қиындығына қарай өзі белгілейді. ІІ тур. 1−топ тапсырмасы. Үшбұрыш анықтамасы, элементтері, белгіленуі. 2−топ тапсырмасы. Үшбұрыштарға тең үшбұрыштардың бар болуы. 3−топ тапсырмасы. Тең кесінділер, белгіленуі, сызбасы. 4−топ тапсырмасы. Тең бұрыштар, белгіленуі, тең бұрыштарды салудағы қасиеттер. 5−топ тапсырмасы. Параллель түзулер, олардың қасиеттері, белгіленуі. Мұғалім уақытты бақылап ескертіп отырады. 2−тур аяқталды. Оқушылыр өз орындарына барып отырады. 3−тур жарияланады. Оқушылардың қолдарына тапсырмалар беріледі. 1−топ тапсырмасы. Берілген үшбұрышқа тең үшбұрыш салыңдар. 2−топ тапсырмасы. Транспортирдің көмегімен ВА сәулесіне 45° болатындай бұрыш салып, одан кейін оған тең бұрыш салыңдар. 3−топ тапсырмасы. Бұрышты өлшеп, осыған тең бұрыш салыңдар. 4−топ тапсырмасы. Қандай да бір үшбұрыш сызыңдар. Оның төбелерін К, Р, Т деп белгілеңдер. Оның қабырғалары мен бұрыштарын атаңдар. 5−топ тапсырмасы. Үшбұрыштың екі қабырғасының өлшемдері 3 дм және 8дм. Үшбұрыштың периметрі 15 дм болуы мүмкін бе? 22 дм болуы ше? Оқушылар өздерінің орнына қайта оралады, ал мұғалім тағы да үстел сілтемелерін ауыстырады. (1, 2, 3, 4, 5-тің орнына А, Б, В, Г, Д-ны қояды). 5-нөмерлі ойыншылар (А-5, Б-5, В-5, Г-5, Д-5) ойыншылар тақтада бірінен соң бірі өздерінің сызба конспектілерін қорғайды. | Әр топ өз тапсырмаларын – оқу материалының қандай-да бір бөлігін оқып үйренуді алады да, 5-7 минут дайындалады топ жетекшісі өз тобының мүшелеріне қалай түсіндіру қажет екенін көрсетеді. Бұл уақытта әр оқушы жауапкершілікті сезіну қажет. Тапсырманы дайындап болған соң оқушылар келесі тәртіппен орын алмасады: бір үстелдің басына А-1, Б-1, В-1, Г-1, Д-1 жетоны барлары, келесі үстел басына – А-2, Б-2, В-2, Г-2, Д-2 жетоны барлары, т.с.с. Мұғалім үстелдерінің сілтемесін өзгертіп, А, Б, В, Г, Д әріптерінің орнына 1, 2, 3, 4, 5 сандары жазылған сілтемелер қояды. Ойынның І туры жарияланады (10 минут). Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы жаңа топта әріптерінің кезегі бойынша әңгімелейді. (А,Б,В,Г,Д). Олардың тапсырма материалын тыңдаушылар сызба, конспект түрінде жазып алады. Оқушылар арасынан да уақытты белгілеп отыратын оқушы белгіленген. Берілген тапсырманы орындағанда әр оқушы алдымен өз бетінше орындайды, егер түсініксіз болса, қасындағы оқушыдан көмек сұрау арқылы түсініп алғаннан кейін ғана тапсырмасын орындап көрсетеді. Әр топ жетекшісінің міндеті өз топ мүшелерінің сабаққа қатысуын ескере отырып, үй жұмысына, сынып жұмысына топ мүшелерімен ақылдаса отырып баға қою. Себебі, әрбір тапсырманы қалай орындағаны оған және оны тыңдап отырған оқушыларға анық байқалады, сондықтан да әділ бағалау қалыптасады. Бұл уақытта 5-нөмерлі ойыншылар (А-5, Б-5, В-5, Г-5, Д-5) тақтада жұмыс істеп, пысықталған материалдың сызба-конспектісін жазады. Тақтаның орнына кодопленканы, ватманды, т.б. пайдалануға болады. |
бағалау | Мұғалім және басқа оқушылар оқу материалының қаншалықты меңгерілгендігін, сұрақтың мәні қаншалықты жинақы, нақты, сауатты баяндалғанын бақылап отырады. | |
рефлексия | Оқушы пікірі мен талдау жұмыстарын бағалау. | Жауапкершілікті сезіну, қосымша материалдармен жұмыс, шығарма-шылық рекеттерін дамыту |
ҮІ.Үй тапсырмасы | Үй тапсырмасына бағыт беру.Сыныпта жасаған тапсырмалар төңірегінде өзіндік жұмыс даярлау. |