Мақсаты:
Сабақтың мақсаттарының бағыттары | Сабақ мақсаты |
Білім беру | Оқушының үшбұрыш тақырыбын оқып үйренудің жобасын өмір тәжірибесімен байланыстыра отырып, қажетті деңгейде жазықтықтағы фигураны біртұтас қабылдауына және меңгеруіне мүмкіндік тудыру. |
Тәрбиелеу | Тапсырмаларды орындау барысында оқушының жан дүниесіне ықпал ететін адамгершілік тұлғалық қасиеттері мен ұлттық дүниетаным мәселелеріне қатысты танымдық-тағлымдық ой-пікір туындату, жартылай ізденіске ықпал ету. |
Дамыту | Оқушының жан дүниесінің ерекшеліктерін ескере отырып, әр оқушының практикалық білігі мен сызба дағды машықтарын дамытуға және тапқырлығы мен ой ұшқырлығын ұштауға жағдай жасау. |
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жалпылау
III. Бақылау тапсырмасы.
Бақылау жұмысы 3А+2В+1С шарты бойынша құрылды.
І нұсқа
А деңгейі
1. Екі кесінді сызыңдар. Біріншісі 42 мм, екіншісі 7 мм ұзын болсын
2. А,В, және С нүктелері бір түзудің бойында жатыр; АВ= 3см, ВС= 5см. С нүктесі АВ кесіндісіне тиісті ме?
3. АОВ бұрышын тең етіп 3 бөлікке бөліп, шыққан бұрыштардың шамасын есептеңдер. ÐАОВ=1800
В деңгейі
1. ΔАВС= ΔMNP; МР= 7см, ÐР =700 болғанда АВС үшбұрышынан берілгенге сәйкес қабырғаның ұзындығы және бұрыштың градустық өлшеуіші қандай болады?
2. Сыбайлас бұрыштардың біреуі екіншісінен 3 есе үлкен. Осы бұрыштардың шамасын есептеңдер.
С деңгейі
3. Жазыңқы (аа1) бұрышының төбесінен бір жарты жазықтыққа қарай b және с сәулелері жүргізілген. Егер Ð(аb)=800 , Ð(ас)=1300 болса, онда
(bс) бұрышы неге тең?
2 нұсқа
А деңгейі
1. Түзу бойындағы С және D нүктелерінің арасында К нүктесі орналасқан. СD және КD кесінділерінің ұзындықтарын салыстырыңдар.
2. M, N, K үш нүкте белгілеңдер, Осы нүктелердің әрбір екеуі арқылы түзулер жүргізіңдер.
3. 5 буыннан тұратын сынақ сызық сызыңдар. Оның төбелеріндегі бұрыштардың мәндерін есептеп, шыққан мәндерді жазыңдар.
В деңгейі
1. Егер: 1) Ð(ас)=600 , Ð(аb)=450 болса, с сәулесі (аb) бұрышы қабырғаларының арасынан өте ала ма?
2. ΔАВС= ΔMNP; АС= 10см, ÐВ=600 болғанда MNP үшбұрышынан берілгенге сәйкес қабырғаның ұзындығы және бұрыштың градустық өлшеуіші қандай болады?
С деңгейі
1. Жазыңқы (аа1) бұрышының төбесінен бір жарты жазықтыққа қарай b және с сәулелері жүргізілген. Ð(а1b)=1400 , Ð(а1 с)=600 болса, онда
(bс) бұрышы неге тең?
IV. Үй тапсырмасы: Геометрия туралы ертегі жазу. Нүкте, түзу, бұрыш туралы
V. Рефлексия
VI. Сабақ қорытындысы
10 – сабақ:
Геометрия әлеміне саяхат» математикалық жарысы
(Дәстүрлі емес сабақ)
І. Сабақтың тақырыбы: өткен тақырыптарды пысықтау сабағы.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерін, анықтамаларын білу.
ә) дамытушылық: оқушылар шығармашылығын дамыту, ой өрісін арттыру.
б) тәрбиелік: ұжымдылыққа, білімдерін бағалай білуге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың көрнекілігі:
Слайд, интерактивті тақта, үшбұрыштар, мақал-мәтел, жұмбақтар.
ІV. Сабақтың түрі: жарыс сабағы.
V.Сабақтың ұйымдастырылуы: Оқушылар 3-топқа бөлінеді, топ басшысы тағайындалады.
VI.Сабақтың өту барысы:
1.Күй ойналып тұрады.
Мұғалім: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлайды. Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтіледі.
Мұғалім: Балалар «жарыс» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Оқушы: спорт түрлерінен, ат жарыс, білім жарысы т.б.
Мұғалім: Спорттық, халықаралық, аудандық, қалалық, мектепішілік жарыстар болып жатады. Олай болса, сонымен қатар Қазақстанымыздың тәуелсіздігіне 20 жылдық мерекесі болып жатыр, осыған орай бүгінгі сабағымыз осы мерекелерге арналады.
Мұғалім: Бүгінгі сабақ 5 бөлімнен құралады:
1.Топтық таныстыру.
2. «Атадан қалған асыл сөз»
3.Тапқырлық сайысы, сөз жұмбақ құрастыру.
4.Полиглот
5.Сиқырлы үшбұрыштар
Топтық таныстыру.
Сіздер 3 топқа бөлініп отырсыңдар.
1) Қаныш ата тобы деп атауыңыздың себебі не?
2) Абай ата деп атауыңыздың себебі не?
3) Қасым ата деп атауыңыздың себебі не?
Оқушылар жауап береді:
2. «Атадан қалған асыл сөз»
Олай болса, ақылың болса ақылға ер, ақылың болмаса нақылға ер демекші «Атадан қалған асыл сөз» кезеңін бастаймыз.
Шарты: Әр топ кезектесіп нақыл сөз айтады, келесі топ мағынасын түсіндіреді.
Қаныш ата Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
Абай ата: Ақылдассаң шешерсің,
Ақылдаспасаң кем кесерсің!
Қасым ата: Мектеп кеме,
Білім теңіз.