Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ндірісте техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру




1. Ғылыми зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмысты ұйымдастыру

2. Өндірістің ұйымдық-техникалық деңгейін талдау

3. Технологиялық процестерді дайындауды ұйымдастыру

 

1. Ғылыми зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмысты ұйымдастыру

Ғылыми зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмысты ұйымдастыру негізгі мақсаттары:

·Табиғат пен қоғамның дамуында жаңа ғылыми нəтежелер алу;

· Өндірісте өндірістін өнімінің бəсекелестігін жақсарту немесе жоғарлату масаттарында материялдық ресурстарды өндірісте пайдалануын теориялық тəжірибелік мүмкіншіліктерін сынау.

Инновациялық қызыметтерді нақты нəтежелерді пайдалануды жүзеге асырады. ҒЗТКЖ- қ негізгі принциптері:

1. Кез - кеген мəселелерді шешуде, дұрыс басқару шешімін қабылдауда, алдың –ала белгіленген ғылыми принциптерді, əдістерді қолдауды ж.а.

2. Адам капиталын дамытуды инновациялық қызыметтерді пайдалану.


 

ҒЗТКЖ мынадай сатыдан тұрады:

·Теориялық зерттеулер жəне ізденістер

·Қолданбалы зерттеулер

·Тəжірибелік

·Тəжірибелік-эксперименттік жұмыстар.

Теориялық зерттеулер нəтежесі – ғылыми жаңалықтарды ғылыми теорияларды қалыптастыруда жəне жаңа бір түсініктерді негіздеуде пайда болды. Ал ізденістерге өнімдер мен технологиялардың жаңа түрін қалыптстыруды зеттеу жатады.

Қолданбалы зерттеу – нақты тəжірибеде бұрынан белгілі құбылыстармен үрдістің пайдаланылуын зерттеді. Ол өзінің алдына технологиялық мəселелерді шешу қандайда бір түсіксіз теориялық сұрақтарды түсіндіру жəне ғылыми зерттеудің нақты нəтежесін алу мақсатын қояды.

Тəжірибелік конструкторлық жұмыс - ҒЗТКЖ басты сатылық бірі себебі ол лабораториялық жəне эксперементтік жағдайда нақты өндірісте ғылыми нəтеженің пайдалануын жүзеге асырады. Ғылыми жұмыстарды дайындау деп нақты зерттеулермен ғылыми нəтежелерге негізделген жүйелік жұмысты айтады. Ол негізнен жаңа өнімдермен құрылымдарды қалыптастыруға жəне оларды өндірістік үрдісті енгізуді жүзеге асырады сондықтанда тəжірибелік конструкторлық жұмысқа мыналар жатады:

1. Инженерлік конструкторлық обьектімен техникалық жүйелерді дайындау.

2.Жаңа обьектінің идеяларымен түрлерін дайындау (сызба, техникалық дайындаулар). 3.Технологиялық процестерді дайындау мұнда қандайда бір нəтеже алу мақсатында химиялық, физикалық технологиялық процестерді жүзеге асырады.

4. Тəжірибелік үлгі жасау

5. Тəжірибелік үлгіні сынау

6. Нақты өндірісте пайдалануға қажетті жобаны анықтау

Тəжірибелік эксперименттік жұмыс- ғылыми зерттеудің нəтежесін сынау ол алдын-ала дайындалған тəжірибелік үлгі формасындағы жаңа өнімдерді технологиялық тұрғыдан сынаудан өткізеді. Ал тəжірибелік жұмыс сол ғылыми нəтежеге қатысты үлгілерді, құрылымды, макеттерді дайындау, жөндеу, қалыптастыру.

ҒЗТКЖ жаңа өнімді өндіруге пайдаланумен аяқталады. Ал сол өнім нəтежелерді өндіріске енгізуінің мынадай деңгейін қарастырады:

1. Аяқталмаған ғылыми зерттеу жұмысының нəтежесін басқа ғылыми зерттеуге пайдалану,

2. ҒЗТКЖ нəтежесін эксперементалдың үлгімен лабораториялық процестерде пайдалану,

3. Тəжірибелік конструкторлық жұмысының нəтежесін игеру,

4. Дайын өнімдерді өндірісте қолдану жəне жаппай пайдалануға жіберу.

ҒЗТКЖ - тың негізгі міндетерінің бірі потентті лицензиялық қызыметті ұйымдастыру. Интелектуалдың меншікте құқтық реттеу негізнен патентік жүйе арқылы жүзеге асырады. Əлемдік деңгейде осы қызыметті реттеу Париждің конвендия арқылы жүзеге асырады (1983ж құрылған). Ол патенті, тауар белгісін қолдануды реттейді жəне заңсыз интемеинтуалдың меншікті пайдаланған үшін жазалайды. Патен деп - ашылған жаңалықты иемдене құқық беретін жəне оның авторлық меншігін мойындамайтын құжат. Яғни ашылған жаңалық патент иесінің рұқсатынсыз ешкімнің пайдалануна рұқсат берілмейді. Жалпы патент өнеркəсіптік үлгіні бекітетін жəне тауар белгісін тіркейтін ашылған жаңалыққа меншіктін құқық беретін маңызды құжат Сондықтанда ашылған жаңалықты басқада пайдаларға беру жəне жартылай беру лицензия арқылы жүзеге асырады лицензиялық техникаларды сатудың бірден – бір нормасы. Лицензия жеке жəне заңды тұлғаларға жаңалықты пайдалануға рұқсат береді жəне патентік, техникалық, технологиялық конструкториялық құпияларды сақтауға жол ашады. Лицензия


 

беру комммерциялық операциялық бір түрлі ол сату сатып алу келісімі шарті арқылы жүзеге асырады жəне ол келісім шартта лицензия берушімен лицензия алушының құқтары ашып көрсетіледі. Лицензия беру қай жақтың келісімі арқылы ашылған жаңалықты технологиялық жетістіктерді өндірістік жəне тəжірибелік құпияларды жəне интелектуалдың меншікті пайдалануды жүзеге асырады жəне болжамдайды.

 

2. Өндірістің ұйымдық-техникалық деңгейін талдау.

Өндірістік ұйым техникалық деңгейін талдау. Өндірісті ұйымның техникалық деңгейі кəсіпорынның өндірісті ұйымдастыру еңбек пен басқаруды технологияны дамытуға бағытталған инновациялық жобаларды жүзеге асыру арқылы қалыптасады сондықтанда кəсіпорында ғылыми техникалық процесске инновациялық саясат нəтежесі өндірісті ұйымдатыру техникалық деңгей арқылы сипатталады. Өндірістің ұйымдық – техникалық деңгейі мынадай үш көрсеткішпен сипатталады: шешімдік, жалпы, жеке.

Өндірістік техниакалық деңгейі өндірістің жеке өндірістік құралдарының техникаларының даму сатысымен сипатталады. Ал өндірістік ұйымның деңгейі өндірісті, еңбекті бсқаруды ұйымдастыруды дамытуды деңгейі арқылы сипатталады Сондықтанда мынадай факторларды ескеру қажет.

Өндірісті техникалық деңгейне əсер етуші факторлар:

1. Негізіг жəне көмекші жұмысшыларды негізгі құралдармен қамтамсыз ету деңгейі, соның ішінде өндірісті автаматтандыру жəне механикаландыру деңгейі.

2. Технологиялық процесінің прогрессивті деңгейі.

3. Технологиялық процесті пайдаланудың орташа жасы

4. Технологиялық құралдарды пайдаланудың орташа жылы

5. Жұмысшының қормен қорлануы

Өндірістік ұйым деңгейне əсер туші факторлар:

1. Өндірісте мамандану деңгейі

2. өндірістін лооперациялық деңгейі

3. Техникалық құралдарының жұмыс жасау сменінің коэфиценті.

4. Кəсіпорындағы негізгі жұмысшыларының барлық жұмысшылар құрамында алатын үлесі.

5. Бір жыл ішінде жұмыстан кеткен жұмысшыларының санының үлесі.

6. Дұрыс пайдыланылмаған уақыт шығының үлесі.

7. Өндіріс қуатын пайдалану көрсеткіші.

8.Кəсіпорында өндірісті ұйымдастыру принциптерінің дұрыс пайдалну коэфиценті.

Жалпы ҒТП машинаның, құралдарының механизмінің жаңа формасын ұйымдастыру себебі кəсіпорында жаңа ғылыми техникалық процесті тере отырып жаңа өнім өндіруді ж.а. Өндірісті техникалық дайындау жаңа өнім өндіру кезінде өндірістік процесті ғылыми техникалық, ұйымдық, экономикалық тұрғыдан жетілдіру. Өндірісті техникалық дайындау негізгі мақсаты халық шаруашылық барлық саласында жаңа машиналар көп техникалық, технологиялық процестер арқылы үздіксіз өндірісті қалыптастыру. Өндірісті техникаылқ дайындау мынадай сатылардан тұрады:

1.Ғылыми зерттеу

2. тəжірибелік конструкторлық

3. технологиялық 4.ұйымдастырушылық, экономикалық.

Ғылыми зерттеу кəсіпорынның өнімін тұтынуларды, бəсекелерді жəне кəсіпорын өнім сатылатын нарықты зерттеу жəне жаңа идеялармен тауарларды іздеу.

Тəжірибелік конструкторлық жұмыс жаңа өнім өндіруді қалыптастыру жəне тəжірибелік үлгідей тауарды сынау.


 

Технологиялық саты жаңа өнім өндірудің конструкторлық жəне тəжірибелік негізінде технологиялық процестерді ұйымдастыру ұйымдастырушылық экономикалық – бұл кəсіпорынды жоспарлау, мат/қ техникалық ресурстарын қамтамасыз ету, қаржыландыру, жаңа өнім түрін өндіру жəне басқа да кəсіпорынның ұйымдық экономикалық көрсеткіштерін қамту.

 

3. Тапсырыс берушінің талабы бойынша жетілдірілген жəне жаңа өнім өндірудегі бір-біріне байланысты процестердің жиынтығын айтады. Өндірісті жаңа өнімге дайындалып осы констукторлық жүйеге асады. Себебі мұнда жаңа өнімнің үлгісі дайындалады жəне ол сынақтау өтеді сонымен қатар конструкторлық дайындау жаңа өнімге конструкторлық құжат дайындайды. Конструкторлық құжаттың біртұтас жүйесі мынадай сатылардан тұрады:

1. Техникалық тапсырманы құрастыру

2. Техникалық ұсынысты есептеу

3. Эскиздік жобадағы өнім дайындау

4. Техникалық жоба дайындау

5. Метериологиялық экспертизді құжат дайындау

6. Үлгі түрінде тауарды сынау

7. Жобаны тексеру, бекіту, жəне қандайда бір өзгерістер енгізу

1. Техникалық тапсырманы құрастыру ол тасырыс берушімен өнім өндіруші кəсіпорын арасында жасалынады. Онда тапсырыс берушінің талабы тауардың барлық көрсеткіштері техникалық қауыпсіздігі санитарлық-гегиеналық нормасы, бұны сақтау өткізу жағдайы т.б. талаптарды көрсетеді.

2. Техникалық ұсыныс техникалық параметірлерін экономикалық тиімділікті анықтайтын көрсеткіштерді есептеу белгіленеді. Мұнда өндірістік жаңа өнімнің басқа өнімдермен салытырғанда артықшылығы жəне экономикалық тиімділігі көрсетіледі.

3. Эскиздік жоба ол өнім өндіруге қойылған барлық талаптарын сақтай отырып өндірлген жəне ол бір неше материалдардан жасалады, себебі эскездік жоба мамандардың талқылауна беріледі. Ол талқылаулардың нəтежесінде белгіленген өнімдердің формасы өндіруге қабылданады.

4. Техникалық жоба стандарттарға сай өндірген өнім техникалық жобада оның сызбасы негізгі параметрлері оның төзімділігі т.б. техникалық көрсеткіштері анықталады.

5. Метериялдық экспертизді құжаттарды дайындай техникалық жоба бекітілгенен кейін дайындалады, себебі онда өндірілетін өнімнің барлық параметрлері көрсетіледі жəне сол параметрлер негізінде үлгі жасалынады.

6. Үлгіні сынау жасалынған жоба негізінде негізгі технологиялық жəне конструктрлық бөлімдердің жаңа өнімді сынақтар өткізу негізінде дайындалады.

7. Конструктрлық құжат дайындауда кəсіпорында арнайы бөлім құрылады жəне ол бөлімдердің дайындаған құжаттары сақталады. Жаңа өнім өндіруге қандай да бір жіберілген қателік анықталып белгіленеді. Сондықтанда бұл бөлім өндірілетін жаңа өнімді толықтай игерген мамандардан тұрады.

Жаңа өнім өндіруде кəсіпорынның мүмкіндігін тиімді пайдалану жəне өндірістік процестерді бір қлыпты жүзеге асыру жұмыстардың жиынтығы.

Өндірісті технологиялық дайындау қызметінің негізгі мақсаты өндірілген өнімнің жоғары сапалы болуы қамтамасыз ету құралдармен өндірісі мүмкіндігіні тиімді пайдалану жəне материалдар мен ресірстарды жұмсау шығындарын төмендету технологиялық өндірісітік дайындау құжаттарын жүзеге асыру мынадай сатылардан тұрады:

1. сызба үлгілерді талдау, яғни технологиялық талдауды жүзеге асыру.

2. технологиялық процестерді прогресивті пайдалануды жүзеге асыру.

3. арнайы құралдармен технологиялық құрал жабдықтарды пайдалану жобалау.


 

4. технологиялық схемаға сəйкес өндірістік ресурстарды тиімді пайдалануды жүзеге асырады.

5. кəсіпорынның өндіріс қуатын есептеу.

 

Тақырып 5. Еңбекті техникалық мөлшерлеу

4. Кəсіпорын персоналы жəне оның құрылымы

5. Еңбек өнімділігі

6. Машина жасау кəсіпорындарындағы еңбек өнімділігінің өсу факторлары мен резервтері

 

1.Кəсіпорын персоналы жəне оның құрылымы

 

Персонал – жалдамалы жұмысшылар жəне жұмыс жасайтын жеке меншіктер мен иемденушілер қатысатын ұйымның жеке құрылымы.

Персоналдың негізгі көрсеткіштері болып мыналар табылады:

–еңбек келісім-шартымен ұйымдастырылатын жұмыс берушімен еңбектік қарым- қатынасы.Жұмыс жасайтын жеке меншіктер жəне иемденушілер персоналдар құрамына кіреді, егер олар өздеріне бөлінетін пайдадан басқа ұйымның қызметіне жеке еңбек көрсетіп жалақы алатын болса;

–Белгілі бір ерекше мінездемесі (мамандығы, профессиясы, квалификациясы) бойынша. Яғни ол жұмысшының нақты қай орында отыратынын анықтайды: басқарушы, маман, басқа да қызметшілер.

Персоналды алдына қойған мақсатына жету үшін нақты жұмыс орындарын ұйымдастыруды мақсатты бағыттау.

Нарықтық жағдайда жұмыс жасап жатырған ұйымдарға олардың персоналы болмайтын

, бірақ сол ұйымның кадрлық құрамына кіретін тұлғалар, топтар есептеледі. Оларға: акционерлер, ұйымда жұмыс жасамайтын, директорлар кеңесі, оның қызметіне толық жауапкершілік алатын жəне басқаратын шешімдерді қабылдау, басқа да топтар.

«Персонал» термині бірінші ағылшын əдебиеттерінде қолдана бастады. Ол ұйымның өз класификациясы жəне мамандығы бойынша жұмыс жасайтын барлық жұмысшыларының атауы. Ал біздің елімізде жəне басқа еуропалық елдерде оның орнына көбінесе «кадр» терминін қолданды.

Ұйымның кадрының негізгі мінездемесі мыналар: саны жəне құрылымы.

Ұйымның кадр саны оның мінезіне, масштабына, күрделілігіне, өндірістің еңбек сыйымдылығына жəне басқаратын процестеріне, мехинакаландыруына, автоматтандырылуына, компьютерлануына байланысты.

Ұйымның кадр құрылымы – белгілі бір белгі бойынша біріккен жұмысшылар тобының жиынтығы.Ол статистикалық жəне аналитикалық болып бөлінеді.

Статистикалық құрылым жұмыспен қамтылған түрлі қызметтерінің қозғалысы мен кадрлардың орналасуы көрсетіледі. Мұнда негізгі жəне көмекші, ғылыми-тексеру жəне конструкторлық құттықтауда, басқару аппаратында, өнімді өндірумен, қызмет көрсетумен жəне оны жүзеге асырумен жұмыс жасайтын тұлғалар жатады.

Аналатикалық құрылым жалпы жəне жеке болып бөлінеді. Жалпы құрылымда мынадай белгілері бойынша, мамандық, квалификация, білімі, жынысы, жасы, жұмыс стажы бойынша кадрлар қаралады. Ал жеке құрылымда бөлек жұмысшылар тобының қатынастарын көрсетеді. Мысалы «жай құралдармен немесе құралсыз ауыр еңбекпен айналысатын адамдар», «өңделетін орталықтарда жұмыспен қамтылғандар» т.б.

Жоғарыда айтылғандай, «персонал», «кадр» терминдарынан басқа ғылымда «еңбек потенциалы» деген ұғым бар. Бұл түсінік кең көлемді, жан-жақты болып келеді, яғни

«потенциал» термині – мүмкіндіктер, запастар, құралдардың қайнар көзі.


 

Жұмысшының еңбек потенциалы дегеніміз – еңбек қызметтерінің шекаралары мен мүмкіндіктерін анықтайтын адамның заңды жəне рухани жақтарының жиынтығы жəне алдына қойған жағдайларда белгіленген шешімдерге жететін қабілеттілігі, сонымен қатар еңбек процесінде дамуы.

Жұмысшының еңбек потенциалының негізгі компоненттері мыналар:

–психофизиологиялық құрамына кіретіндер: денсаулық жағдайы, жұмысқа қабілеттілігі, шыдамдылық, адамның икемділігі мен мүмкіндігі, нервтік жүйенің типтері жəне т.б.

–əлеуметтік-демографиялық құрамына кіретіндер: жасы, жынысы, жанұя жағдайы жəне т.б.

–квалификациялық құрамына кіретіндер: білімділік деңгейі, маманданған білім көлемі, еңбеккке дағдылығы, ақылы, творчествалық мүмкіндіктері, инновацияға мүмкіндігі, профессионализмі.

–Жеке құрамына кіретіндер: еңбекке қатынасы, тəртіптілігі, белсенділігі, бағалық ориентациясы, ынталандыру, адамгершіліктік.

Жұмысшының еңбек потенциалы тұрақты болмайды. Ол немесе көбейеді немесе азаяды. Еңбек процесінде жұмысшының мүмкіндіктері оның жаңа білім жəне дағдылар (навыки) алғанда үлкейеді, ал денсаулығының шамаланыу бойынша немесе жұмыс режимінің қаттылығы бойынша төмендейді.

Ұйымның еңбек потенциалын басқару келесі принциптерға жүгінуі керек:

–еңбек потенциалының орындалып жатырған жұмыстың мінезіме, көлеміне жəне күрделілігіне сəйкес келуі;

–өндірістегі материалды-заттық факторлардың еңбек потенциалы құрылымымен келісушілігі;

–еңбек потенциалын тиімді қолдануы;

–персоналға профессионалды-квалификациялы дамуды қалыптастыру.

 

2.Еңбек өнімділігі

Экономикалық теория мен практикада еңбек ресурстары мен жұмысшы күшін пайдаланудың екі бағыты əрекет етеді: өнім бірлігіне кететін шығындарды азайтуды қарастыратын интенсивті жəне ұлттық өндірісте жұмыспен қамтылмаған не қандайда бір себеппен уақытша жұмыс істемейтін тұлғаларды жұмысқа тартумен немесе жұмыс уақыты бюджетін арттырумен сипатталатын экстенсивті.

Еңбек өнімділігі материалдық құндылықтар өндірісінде адамның еңбек шығындарының тиімділігі деңгейін немесе еңбектің уақыт бірлігінде көп немесе аз өнім санын жасау қабілеттілігін білдіреді.

Еңбек өнімділігі тірі, нақты еңбектің функциясы болып табылады жəне оның өнімділігін білдіреді. Уақыт бірлігінде неғұрлым өнім көп жасалса, соғұрлым уақыт бірлігіне еңбек аз шығындалады. Еңбек өнімділігімен бірге – күрделі екі сипатты құбылыс бұл нақты жəне абстрактылы еңбектің жиынтық нəтижесі, өндіргіш күштердің бірлігі жəне еңбектің интенсивтілігі.

Еңбек өнімділігі қоғамдық өндіріс тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Оның жүйелі түрде өсуіне ел экономикасының дамуындағы табыстар, халықтың тұрмыс-жағдайының жоғарлауы байланысты болады. Еңбек өнімділігін жеке жəне қоғамдық деп бөледі.

 

3.Машина кəсіпорындарындағы еңбек өнімділігінің өсу факторлары мен резервтері Еңбек өнімділігінің өсімінің факторлары деп олардың əсер ету нəтижесінде еңбек

өнімділігінің деңгейі өзгеретін қозғалмалы күштер, көздер түсініледі. Еңбек өнімділігінің


 

факторлары əр түрлі сипатта жəне көп қырлы болып келеді. Сондықтан да еңбек өнімділігінің өсуін болжамдау жəне жоспарлау мақсаты үшін макро жəне микро деңгейде əр түрлі топтастырулар қолданылады. Еңбек өнімділігі факторларының өсімінің факторларының жіктелуі келесідей:

1. Материалды-техникалық факторлар.

2. Ұйымдық – экономикалық жəне құрылымдық факторлар.

3. Экономика-құқықтық жəне нормативтік.

4. Жұмысшыларды материалдық ынталандырушы факторлар.

5. Əлеуметтік-психологиялық факторлар.

Еңбек өнімділігін көтерудің материалды-техникалық факторлары жаңа техниканы жасау, игеру жəне енгізуді; алдыңғы қатарлы технологияны игеруді жəне қолдануды; ішкі жəне сыртқы нарықта өнімнің сапасы мен бəсеке қабілеттілігін көтеруді; өндірісті кешенді автоматтандыруды жəне өндірістік процестерді басқаруды; қолданыстағы құрал- жабдықтарды жəне өндірісті модернизациялауды; бəсеке қабілеттілікті қолдауды кірістерді.

Ұйымдық – экономикалық жəне құрылымдық факторларға нарық талаптарына сəйкес өндірісті қайта құру; өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру; еңбекті ғылыми ұйымдастыруды енгізу; алдыңғы қатарлы құрылымдар мен өндірісті жəне персоналды басқару функцияларын дамыту, өнім сапасын, оның бəсеке қабілеттілігін көтеру жатады.

Экономика-құқықтық жəне нормативтік факторлар барлық деңгейде еңбек өнімділігін жоғарылату үшін материалдық, əкімшілік жəне əдістемелік сілтемелер құрайды жəне еңбек өнімділігін көтеру бойынша жұмыстардағы экономиканың нақты секторының субъектілеріне жəрдемдесуде мемлекет пен үкіметтің роліне байланысты болады. Бұл факторларға жататындар:

· еңбек өнімділігінің өсімінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру;

· экономикалық стимулдарды күшейту жəне микро жəне макро деңгейде өзін өзі ұйымдастыруды дамыту;

· ғылыми-əдістемелік қамтамасыз ету жəне экономика субъектілері үшін ақпарат базасын құру.

Жұмысшыларды материалдық ынталандырушы факторлар тарифтік ставка деңгейін көтеруді; еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдіруді; марапаттау жүйесін жетілдіруді кірістіреді.

Əлеуметтік-психологиялық факторлар еңбек өнімділігін көтеруде үлкен ролге ие. Олар бөлімшелердегі, тұтастай кəсіпорындағы басшылық стилімен; экономиканы басқарудың мотивациясымен анықталады.

Еңбек өнімділігінің өсімінің резервтері деп тірі жəне өткен еңбек шығындарын үнемдеудің пайдаланылмаған нақты мүмкіндігі түсініледі. Резервтер қолданылады жəне əр түрлі факторлар əсерімен қайтадан пайда болады. Резервтердің сандық барын белгілі бір уақыт аралығында қол жеткендер мен еңбек өнімділігінің ең жоғары деңгейінің арасындағы айырма ретінде анықтауға болады.

Резервтер олардың пайда болу деңгейі бойынша келесідей жіктеледі:

1. Жалпы мемлекеттік

2. Аймақтық

3. Салааралық

4. Салалық

5. Ішкі өндірістік

 

1. Жалпы мемлекеттік – бұл макроэкономикалық резервтер. Оларды пайдалану ел экономикасының нақты секторындағы еңбек өнімділігінің өсіміне əсер етеді. Олар шикізаттық жəне өзге де материалдық ресурстарды, білікті жұмысшы күшін,


 

тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейін, шаруашылық жүргізудің пайдаланылмаған нарықтық əдістерін есепке ала отырып ел территориясы бойынша өндірісті тиімді орналастырумен байланысты.

2. Аймақтық резевтердің болуы сол аймақ үшін тəн өндіргіш күштерді рационалды жəне тиімді пайдалану мүмкіндігін сипаттайды.

3. Салааралық резервтер салааралық байланыстардың жақсару, өнімнің транспорттық ағымы, түрлі салалардағы кəсіпорындар арасында келісімді пəндерді нығайту қажеттілігімен анықталады.

4. Салалық резервтер экономиканың ішкі нақты салаларының кəсіпорындарын тиімді мамандандыру жəне кооперациялауды дамыту есебінен еңбек өнімділігін көтеру мүмкіндігін көрсетеді.

5. Еңбек өнімділігі өсімі резервтерінің ең үлкен тобын ішкі өндірістік резервтер құрайды. Олар кəсіпорында шикізаттар, материалдар, құрал-жабдықтар, жұмыс уақыты мен жұмысшы күшін пайдалануда жетіспеушіліктермен анықталады.

Еңбек өнімділігінің өсімінің резервтері пайдалану мерзімі бойынша ағымдағы жəне болашақтағы болып бөлінеді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 982 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2538 - | 2233 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.