1. Өндірісті ұйымдастыру жəне басқару түсінігі
2. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру механизмі
3. Ұйымдастыру заңдары
1. Өндірісті ұйымдастыру жəне басқару түсінігі
Ұйымдастыру түсінігіне əр - түрлі ғылыми еңбектерде əр түрлі анықтама береді. Мысалы: Богданов А.А. өзінің тикталогиясында ұйымдастыруға мынадай анықтама береді., ұйымдастыру дегеніміз – адамдарды қандайда бір мақсатқа жету үшін топтастыру, реттеу, шоғырландыру, сомен қатар Богданов ұйымдастыру, қызыметі тек адамдарды басқаруға немесе ұйымдастыруға ғана қатысты емес ол сол сияқты өндірісті, ресурстарды жəне тірі табиғи ресурстарды ұйымдастыруғада қатысты. Сондықтанда ұйымдастыру түсінігіне мынадай анықтамалар беруге болады.
1. Ұйымдастыру – ішкі құрылымдарды басқару реттеу жəне шоғырландыру.
2. Ұйымдастыру – бөлімдер арасындағы байланысты қалыптастыру жəне дамыту процестерінің қызыметтерінің жиынтығы.
3. Ұйымдастыру – бірден – бір ережелер негізінде алдына қойған мақсаттарға жету үшін адамдарды біріктіру.
Ал өндірісті ұйымдастыру дегеніміз – дайын өнімді нарыққа шығару үшін өнім өндіріу процесін ұйымдастыруды айтады жəне ол өндірістік құрылымдар мен жүйелерінің жиынтығынан тұрады.
Басқару термині – экономика саласынан басқа да көп теген ғылыми тілдерде қолданылады олар кибернетика физика биология т.б. Жалпы басқару түсінігі бірден – бір объектіге ықпал еу жəне сол əрекетке билік ету. Ал өндірісті басқару деп - ұдайы өндіріс процесін басқаруды айтады.
Сондықтан да өндірісті ұйымдастыру жəне кəсіпорын менеджменті пəнің негізгі мақсаты өндірісті ұйымдастыру жəне басқару теориясының негіздерін, өндірісті ұйымдастыру үшін шешім қабылдаудың экономиканың негіздерін, өндірістің құрылымын ұйымдастыруды басқаруды жоспарлауды, кəсіпорын инноавциялық қызыметін жобалауды, тауар сапасын бақылауды жəне сертификаттауды ұйымдастыруды, маркетингтің тактикасын жəне логиканы оқып білу.
Пəнінің объектісі болып барлық салада өнім өндіруші кəсіпорын мен фирмалардың қызыметі, яғни жеңіл жəне ауыр өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы өндірісін жəне өндірістік қызымет көрсетуші кəсіпорын қызыметі болып табылады. Өндірісті ұйымдастыру жəне кəсіпорын менеджменті пəнін оқып білуде қолданылатын негізгі əдістер:
1. Жүйелік жəне ғылыми əдістер.
2. Талдау жəне синтез
3. Стратегиялық жəне тактикалық жоспарлау əдістері т.б.
2. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру механизмдері.
Кез - келген əлеуметтік экономикалық қоғамда қалыптасқан өндірісті басқару сол қоғамда қалыптасқан өндіріргіш күштер мен өндірістік қатынастарды басқарудан тұрады. Өндірістік қатынастар: бөлу, айырбас, қайта бөлу. Өндіргіш күштер олар өндірістік құралдармен жұмыс күштері, ал өндірістік қатынастарға өндірістік процесс, өнімді өткізу, бөлу, айырбас жəне тұтыну жатады.
Өндірігіш күштермен өндірістік қатынастар бір – біріне тығыз байланып жүйе, яғни өндіргіш күштер болмаса өндірістік қатынастар болмайды. Өндірістік қатынастар болмаса өндіргіш күштер дамымайды. Сондықтанда бұл жүйе дұрыс жұмыс істеуі үшін бірден – бір механизм. Механизм деп машинаның құралдық аппаратың қызыметін іске қосатын ішкі құрылымды айтады. (Ожогов.С.И.сөздігі) Бұл техникалық тұрғыдан берілген ұғым болғанмен экономикалық маңызы бар анықтама. Яғни кез- келген өндіріс жүзеге асу үшін оны алға жетелейтін ішкі құрылым қажет сондада шаруашылық механизм экономикалық жəне ұйымдық деп қарастырамыз.
Экономикалық механизмге жосапрлау, ішкі комуналдық есеп, еңбек ақы есептеу, пайдалану бөлу жəне т.б. көрсеткіштер жатады. Ал ұйымдастыру механизмін басқару құрылымының қалыптасуы жəне қызымет етуі, басқару шешімін қабылдау, басқару жүйесінің қалыптасуымен қызымет етуі жатады.
Ұйымдастыру механизмі деп – шаруашылық механизм жүйесінде басқарумақсатын ж.а. шешім қабылдау процесін басқару жəне ұйымдастыруды жəне оны өндірістік ресурстарға əсер ету процесін айтады. Ұйымдастыру механизмі алдыңда мынадай міндеттер қолданады:
1. Өндірісті басқаруда экономикалық заңдарды қолдану механизмінің өндірістік процестермен қалыптастыру.
2. Қоғамдық қатынастарды ескере отырып басқару жүйесінде экономикалық заңдарды пайдалану жəне оның өндірісітк қызыметке сай болуын ж.а.
3. Кəсіпорын мақсатын басқару шешімін ұйымның алдына қойған мақсатымен үйлестіре білу.
4. Басқару процесінің əдістемелік жүйесін ж.а қызыметкерлерге жағдай жасау.
3. Ұйымдастыру заңдары
Жалпы заң деп табиғаттағы, қоғамдағы жəне адам ойындағы объективті жəне тұрақты байланыстар бейнесін айтады. Заңдар табиғи, жеке жəне ерекше сипатта болады, егерде байланыс сандық жəне сапалық сипатта болса, онда ол даму заңына жатады. Нақты жағдай мен оның болу себептерінің арасындағы объективті қалыптасқан тұрақты байланысты заңдылық деп айтады.
А.А. Богдановтың ұйымдастыру қызметтеріне арнаған еңбектері ұйымдастыру заңының негізін қалауға арқау болды. Ұйымдастыру заңдарын ұйымдық құрылымдар мен басқару қызметтеріне арналған деп бөліп қаруға болады. Енді ұйымдастыру заңдарына толығырақ тоқталайық..
Ұйымдастырылу құрылымына қатысты заңдар. Компазиция заңы – бұл ұйымдастырудың барлық мақсаттарының сəйкестігін сипаттайды. Яғни ұйымдастыру қызыметтінің алдына қойған барлық мақсаттары негізгі басты мақсатқа бағытталуы қажет.
Пропорцияналдық заңы құрылымдағы бөлімдердің бір – біріне сəйкес келуін, тəуекелдігін жəне олардың арақатынасын түсіндіреді.
Əлсіз бөлшектер заңы - бұл құрылымның тұрақтылығы, ондағы ең əлсіз бөлшектердің тұратылығымен анықталады.
Онтогнез заңы - бұл заң əр бір ұйымның қалыптасуы мен дамуында бірден – бір сатылардан өтетіндігімен түсіндіріледі. Мысалы. Кəсіпорын пайда болуы қалыптасуы, дамуы, жойылуы.
Басқару қызыметтерне қатысты заңдар.: Синергия заңы – бұл жүйенің яғни басқару құрылымының ұйымдық құрылымындағы қажетті элементер санына тең болуы немесе тең болмауы.
Өзін өзі сақтау заңы – Бұл кез-келген ұйымдық жүйенің тұтастығын сақтауға жəне ресурстарды үнемдеуге қатысты басқару шешімін қабылдау.
Талдау мен синтездің біртұтастық заңы. Бұл талдау процесі синтезбен толықтырылатындығымен түсіндіріледі. Себебі бірінші талдау сосын синтез жүргізіледі.