4. Еңбек ақы түсінігі жəне мəні
5. Еңбек ақы формалары мен жүйелері
6. Əлеуметтік əріптестік
1.Еңбек ақы түсінігі жəне мəні
Еңбек ақы төлеу проблемалары тек қана экономикалық емес, сонымен қатар экономикалық теория мен тəжірибенің өзекті мəселелерінің арасынан маңызды орын алатын əлеуметтік болып табылады.
Шаруашылық жүргізудің əкімшілік əдістерінен нарықтық экономикаға өту өндірістің субьектілері арасында өндірістік қатынастарда кардиналды реформалардың жүргізілуін қажеттілігін, жекелей алғанда еңбекке ақы төлеуде ұсынады. Сонымен қатар еңбек ақы республика экономикадағы дағдарыс құбылыстарын құраушылардың бірі болды. Еңбекке ақы төлеу жүйесіндегі өзгерістер еңбек қатынастарын ынталандыруды қамтамасыз етпейді.
Еңбек ақының түсінігі тар жəне кең мағынада қолданылады.
Еңбек ақы – бұл орындалған жұмыстың белгілі бір санына жəне сапасына берілетін сыйақының бір формасы, жұмыс күшінің бағасы.
Жұмыс күшінің бағасы – жұмыс күші нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасында қалыптасатын ара – қатынасты есепке ала отырып жұмыс күшін өндіруге қажетті шығындардың дифференциялық деңгейін білдіретін оның құнының ақшалай көрінісі.
Жұмыс күшінің нарығы – адам қызметінің түрлерін таңдауда өз еркін, азаматтардың еңбек мүдделерін заңды қорғалу жағдайына кəсіпкерлердің жұмысшыларды жалдау еркіндігін қарастытарын оларға ұсыныс пен сұраныс əсерінен пайда болатын жұмыс күшін ұсынушылар мен оны сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Кең мағынада бұл термин түрлі жұмысшылардың еңбегіне ақыны білдіреді: түрлі профессиядағы жұмысшылар; еңбегі оқу шығындар талап ететін жоғары білікті мамандар; дəрігерлерді; оқытушыларды; заңгерлерді жəне т.б. арнайы оқыту; тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсететін ұсақ кəсіпорындардың иелері (тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша шебер, шаштараз жəне т.б.). Еңбек ақыны бұл анықтамасына гонорар, сыйақы жəне оның өзге де түрлері түріндегі табыстар қосылады.
Еңбек ақының тар мағынасында еңбек ақының ставкасы, яғни белгілі бір уақыт (сағат, күн т.б.) аралығында пайдаланылған еңбек бірлігіне төленетін баға қарастырылады.
Жұмысшы үшін еңбек ақы – бұл жеке табыстың басты жəне негізгі көзі, жанұяның тұрмыс деңгейін көтерудің құралы болып табылады.
2. Еңбек ақы формалары мен жүйелері
Еңбек ақы төлеудің екі формасы бар: мерзімді жəне кесімді.
Еңбек ақы төлеудің кесімді формасы жұмысшының еңбекақысы көлемін орындалған жұмыс көлеміне байланысты белгілеуге мүмкіндік береді.
Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде еңбек шарасы болып жұмысшының өндірген өнімі (орындалған жұмыс көлемі) табылады жəне еңбек ақы бекітілген кесімді есептеулер бойынша өндірілген өнімнің саны мен сапасына байланысты төленеді.
Еңбек ақы төлеуде тікелей кесімді жүйені дұрыс қолданудың негізгі жағдайлары болып келесілер табылады:
1) жұмысшылардың өндірісте жұмсаған еңбегінің сапасы мен санының неғұрлым дəл есебін қамтамасыз ететін уақыттың, өндірудің техникалық негізделген нормасының болуы жəне дұрыс қолданылуы;
2) қолданыстағы тарифтік–біліктілік анықтамалыққа сəйкес жұмысты дұрыс тарифтеу;
3) нақты орындалған жұмыс көлемін қоспағанда өндірудің дəл есебі;
4) ақаулы өнімге ақы төлеуге жол бермейтін орындалған жұмыстың сапасына қатаң бақылау;
5) өндірістің тұрып қалу жəне жұмысшылардың өндірістік емес шығындарын мүмкіндігінше болдырмау; барлық жұмыс ауысымы аралығында толық жұмыс істеуді қамтамасыз ету.
Еңбек ақының кесімді формасы кезінде жұмысшының табысы келесі формуламен есептеледі: Ек = Ке х ЖӨ, мұнда Ке – өнім бірлігіне кесімді есептеу, ЖӨ – шығарылған өнім саны
Еңбек ақының кесімді – сыйлықты жүйесі келесідей есептеледі: Еа = Е х ЖӨ (1(с + К х п): 100), мұнда
Е – өнім түрінің есептеуі;
ЖӨ – өндірілген өнім көлемі, натуралды бірлігі;
К – артық орындалған көрсеткіштің əр процентіне сыйақы көлемі жəне марапаттау жағдайы,
с – тарифтік ставкаға % есебіндегі сыйақы көлемі;
п – сыйақы берудің көрсеткіштерін артық орындау, %
Еңбек ақының бұл жүйесінде жұмысшының табысы негізгі кесімді есептеу бойынша нақты орындалған жұмысқа төленген жалақыдан жəне өндірістік тапсырмаларды орындағаны жəне артық орындағаны үшін, сондай ақ сапа көрсеткіштері үшін аударылатын сыйақыдан тұрады. Өндірістің ерекшелігіне жəне орындалатын тапсырманың сипатына байланысты сыйақы берудің өзіндік көрсеткіштері мен көлемі бекітіледі.
Еңбек ақы төлеудің кесімді – прогрессивті жүйесі кезінде берілген база шегінде жұмысшының өндіргені тікелей кесімді есептеумен төленеді, ал одан жоғары өндірілген өнімге (жұмысқа) көтеріңкі кесімді есептеумен төленеді.
Прогрессивті төлеу үшін ай ішіндегі кезекті жəне қосымша демалыстар (еңбек ақы сақталмайтын демалысты қоса алғанда), ауырғаны, іссапар, мемлекеттік жəне қоғамдық жұмыстарды орындағаны, өндірістің жұмысшының кінəсінсіз тұрып қалуы, мейрам күндері алдында қысқартылған жұмыс күндері немесе демалыс алуды алып тастағандағы толық жұмыс күні есепке алынады.
Еңбек ақы төлеудің жанама кесімді жүйесі өнім шығарумен тікелей байланысты емес, бірақта көрсеткен қызметі негізгі жұмысшылардың қызметінің нəтижесіне əсер ететін жұмысшылардың еңбек өнімділігін ынталандыру үшін пайдаланылады.
Кесімді форманың ерекше түрлерінің бірі болып аккордты жүйемен еңбек төлеу табылады. Оның мəні жұмысшыға немесе олардың тобына негізделген жұмыс көлеміне еңбек ақының жалпы сомасы алдын ала есептеледі. Аккордты төлеудің көлемі нақты жұмысқа кəсіпорындағы қолданыстағы нормалар мен бағаларға байланысты болады.
Мерзімді форма – еңбек ақының жұмысшыға уақыттың табельдік есебі жəне бекітілген тарифтік ставка немесе окладқа сəйкес істелген санына байланысты аударылуын сипаттайды.
Мерзімді еңбек ақы төлеу кезінде келесілер маңызды болып саналады:
1) нақты орындалған жұмыстың біліктілік деңгейінің есебімен жұмысшыларға тарифтік разрядтарды дұрыс беру, яғни олардың еңбегін дұрыс бағалау осыған байланысты;
2) əр жұмысшының нақты істеген жұмыс уақытының нақты есебі.
Мерзімді форманың өзі қарапайым мерзімді жəне мерзімді сыйлықты болып бөлінеді.
Еңбек ақы аудару тəсілі бойынша еңбек ақы төлеудің қарапайым мерзімді жүйесі сағаттық, күндік, айлық болып бөлінеді.
Мерзімді сыйлықты еңбек ақы кезінде жұмысшыға нақты істелген уақытқа тарифтік ставка немесе оклад бойынша табысына жұмыста нақты көрсеткіштерді орындағаны жəне артық орындағаны үшін қосымша сыйақы төленеді.
Өндіріс пен жұмыс сипатының спецификалық ерекшеліктеріне байланысты уақыт бойынша жекелеген жұмысшылар мен орындалатын жұмыстарға сыйақы берудің түрлі көрсеткіштері қолданылады.
Еңбек ақы төлеудің мерзімді сыйлықты жүйесі еңбек ақы төлеудің кесімді жəне мерзімді формасының элементтерін біріктіреді.
Бұл жүйені қолдану келесілермен байланысты:
– тұтастай алғанда жұмыс орындары жəне бөлімшелері бойынша мөлшерленген тапсырманы орындауды қамтамасыз ету қажеттілігі;
– материалдық ресурстарды үнемдеу туралы тапсырма беру;
– еңбек ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында мамандықтар мен көп сатылы қызмет көрсетуді біріктіру.
Еңбек ақы төлеудің мерзімді формасы мен жүйелері жұмысшылар біліктілігін көтеруді, себепсіз жұмыс жібермеуге ынталандырады, жоғары сапалы жұмысқа қызығушылықты арттырады.
3.Əлеуметтік əріптестік
Өзекті жəне экономикалық проблемаларды шешуге жəрдемдесу, əлеуметтік тұрарақтылықты сақтау, əріптестік қатысушыларының барлығымен келісімге қол жеткізу əлеуметтік əріптестіктің негізгі мақсаты болып табылады.
Əлеуметтік əріптестік жүйесінің обьектісі болып əлеуметтік – еңбек қатынастары табылады.
Əлеуметтік əріптестік субьектілері: жұмысшы, жұмыс беруші, мемлекет Үш жақты өкілдік жүйесі трипартизм деп аталады.
Жеке еңбек шартымен негізделген жұмысшы мен жұмыс берушінің міндеттемесі еңбек міндеттемесі деп аталады.
Жеке еңбек шарты жəне ұжымдық келісім шарттар негізінде жақтардың белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыру барысы бойынша жұмыс беруші мен жұмысшы арасында пайда болатын қатынас еңбек қатынастары деп аталады.
Əлеуметтік əріптестік жүйесінің келесідей деңгейлерін бөліп қарастыруға болады:
1.Жалпы ұлттық - Үкімет, кəсіподақтар жəне жұмыс берушілер бірлестіктер арасындағы Бас келісім;
2.Аймақтық – еңбектенушілердің кəсіподақтар, жұмыс берушілер бірлестіктер жəне жегілікті билік өкілдері арасындағы облыстық, территориалдық келісімдер;
3.Салалық – үш жақтық негізінде тарифтік келісімдер;
4.Локалды – кəсіподақтар жəне жұмыс берушілер арасындағы ұжымдық келісім; 5.Жеке – жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы келісім шарт немесе еңбек келісім. Əлеуметтік əріптестіктің басты принциптері:
Заң нормаларын сақтау; тараптар өкілдерінің өкілеттілігі; нақтылық;
бақылау жəне жауакершілік.
Əлеуметтік əріптестік – қатысушы жақтардың барлық қарама - қарсылықтарында өзара мүдделерін ескеруге жəне осының негізінде келісімдер мен келісімшарттарда қарастырылған əлеуметтік - экономикалық сұрақтар бойынша келісімге жетуге мүмкіндік беретін жұмысшылар (олардың өкілдері), мемлекет жəне жұмыс берушілердің арасындағы өзара қарым- қатынастар жүйесі.
Еңбек ақы төлеуді басқаруды жетілдірудің жолдарының бірі болып оны тарифтік реттеу механизімінің дамуы көрінеді. Мемлекеттік реттеуде директивті əдістен экономикалық əдіске көшуі əріптестікке алып келеді.
Əлеуметтік əріптестік – белгілі бір шешімдер шығару жəне жақтардың келісім нəтижелеріне жеру жəне келісу мақсатында сол қатынасқа қатысушылардың достастығы негізінде қоғамдық қарым – қатынастарды ұйымдастыру жəне реттеу тəсілі ретінде көрінеді. Əлеуметтік əріптестіктің пəні болып мемлекеттің əлеуметтік – еңбек саясаты табылады.
Əлеуметтік əріптестіктің негізгі ұстамдары болып: Заң нормаларын сақтау, тараптардың өкілдерінің өкілеттіліктері, келісімдер жəне келісімшарттарды талқылау кезіндегі жақтардың тең құқылығы, жақтардың міндеттемесі, бақылау жəне жауапкершілігі бойынша шешімдерді қабылдаудағы дербестік табылады.