1. Өндірісті ұйымдастыру түрлері, белгілері мен түсінігі
2. Өндірісті ұйымдастырудың ағымдық формалары
3. Автоматты ағымдық жүйенің экономикалық тиімділігі
1. Өндірісті ұйымдастыру түрлері, белгілері мен түсінігі. Жалпы өндірісті ұйымдастыру өнім өндіру əдісін анықтаумен байланысты. Себебі өндіріс көлемі өндірістің қандай əдіспен, қандай технологиямен өнім өндіруіне байланысты əртүрлі болады. Сондықтан да өнім өндірудің мынадай 2 əдісін қарастырамыз:
1. Ағымдағы өнім өндіру əдісі
2. Автоматты (белгілі бір партиямен өнім өндіру) өнім өндіру əдісі өнім өндіру əдісі
3. Жеке тапсырыс бойынша өнім өндіру
Өндірісте негізгі жəне көмекші қызыметтерінін жүйелі жəне əрбір уақыт сиымдылығына келетін ұйымдастыру əдісін айтады. Бұл əдістің мынадай ерекшеліктері бар:
1. Өнім өндіру асартеминтінің барынша қысқартылған.
2. Жұмысшылар өнім өндіруді өзіндік мамандану бағыты бар.
3. Өнім өндіру барлық жұмыс орындарында паралелді жүргізіледі.
4. Өнім өндіру үздіксіз процестер арқылы ж.а.
5. Өнім өдіруді ұйымдастыру арнайы автаматтандырылған жүйелер арқылы ж.а.
Мұндай өнім өндіру əдісі жеңіл жəне ауыр өнеркəсіптерде, машина құрлыстарында, металдарды өндеу жəне басқада салаларда қолданылады. Бұл өнім өндіру əдісіснің мынадай түрін қарастырамыз:
1.Өнім өндіру номенклатурасына байланысты
- тұрақты
- ағымды
- бір өнім өндіруге маманданған
- бірнеше өнім өндіруге маманданған
2. Үздіксіз өнім өндіру процесінін дəрежесіне байланысты.
- үздіксіз
- регламентпен
- еркін
- үзіліспен
3. Автаматтандыру денгейне байланысты.
- автаматтандырылған
- кешенді
- механикаландырылған
4. Өндірісті қамту дəрежесіне байланысты
- учаскелік
- цехтық
2. Өндірісті ұйымдастырудың ағындық формалары.
Ағымдағы өнім өндіру əдісі негізгі жəне көмекші қызметтерді жүйелі қолданатын үлкен өнім өндіру процесі. Оның ерекшелігі мынада:
I. Өнім өндіру үздіксіз процестен тұрады.
II. Өнім өндіру арнайы автоматтандырылған жүйелерге негізделген.
III. Жұмысшылар өнім өндіруге барынша мамандандырылған.
IV. Тауар ассортименті əртүрлі.
V. Өнім өндіру барлық жұмыс орындарында паралельді жүгізіледі.
Мұндай өнім өндіру əдісі негізінен жеңіл жəне ауыр өнеркəсіпте металдарды өңдеу салаларында қолданылады.
Ағымдағы əдісті жоспарлау үшін мынадай көрсеткіштерге тоқталамыз:
Ағымдық əдістің тактикасы. Бұл өндірістің қалыпты процесі кезінде тауар немесе өнімнің келіп түсуі арасындағы уақыт интервалы. Оны мынадай формуламен анықтаймыз:
Z – такт.
Tcm – смена немесе жұмыс ұзақтығы.
Tcm - t Z = ---------
n
t – жоспарланған уақыт шығыны немесе үзіліс уақыты. n - өндірілген өнім көлемі.
Мысалы: 1 сменада 115 дана өнім өндірілді, смена ұзақтығы 8 сағ. Əрқайсысы 10 минуттен 2 үзіліс берілген. Осындағы тактты анықтандар.
480 - 20
Z = --------- = 4 мин.
Өндірістің ритмі. Бұл тактке қатысты уақыт өлшемі. Яғни өндірілген өнімнің арасындағы уақыт интервалы. Ол мынадай формуламен анықталады:
1 1 сағ 60
R = ----- = ------- = ------ = 15 дана
Z 4 мин 4
Қадам (шаг). Бұл жұмыс орындарының арасындағы ара қашықтықты білдіреді. Ол мынадай формуламен анықталады:
L = l * q
L – жалпы жұмыс орны бойынша ара қашықтық l – нақты жұмыс орны бойынша ара қашықтық
q – жұмысшылардың жұмыс орындарының саны
Ағымдағы өнім өндіру əдісінің мынадай кемшіліктері болады:
1) Өнім өндіру көлемі өте үлкен. Ал бұл нарық талабына көп жағдайларға сай келмейді.
2) Ағымды өндіріс əдісі, транспорттық конвейерлерді қолдануды талап етеді. Сондықтан да аяқталмаған өндіріс көлемі өседі.
3) Еңбекті ұйымдастыру күнделікті монотондық қайталану болғандықтан жұмысшылардың еңбек өнімділігі мен оған деген көзқарасы төмендейді.
Ағымдық əдісті қолдануды жетілдіру жолдары:
1. Жұмысшылардың 1 смена ішіндегі жұмыс орындарын жиі ауыстырып тұру
2. Ағымдық əдісті қолдануда өндіріс тактсінің жылдамдығын ауыстырып тұру
3. Материалдық ынталандыру шараларын қолдану.
3.Автоматты ағымдық жүйенің экономикалық тиімділігі.
Партиялық өнім өндіру əдісі – бұл өнім өндірудің көлемі партиямен анықталады. Оның ағымдық əдістен айырмашылығы:
1. Өнім өндіруде əртүрлі өнім түрлерін өндіру қолданылады.
2. Əрбір жұмысшының əртүрлі өнім өндіру операциясын атқаруы мүмкін.
3. Өнім өндіруде мамандандырылған құрал-жабдықтар мен қатар əртүрлі құрал- жабдықтар да қолданылады.
Партиялық өнім өндіру əдісі 1 сериялық немесе əртүрлі ұсақ сериялы өнім өндіруі мүмкін. Бұл əдіс негізінен жеңіл өнеркəсіпке арналған.
Партиялық əдісті жоспарлағанда негізінен мынадай көрсеткіштерге тоқталамыз:
1. Партия көлемі. (Бұл көрсеткіш құрал-жабдықтардың белгілі бір уақыт ішінде қаншалықты өнім өндіретіндігін анықтайды). Ол мынадай формуламен анықталады:
Tnз
П = ------ * КnО
Tшт
Tnз – жалпы өнім өндіруге жұмсалатын уақыт көлемі Tшт – 1 өнімді өндіруге жұмсалатын уақыт көлемі
Кn – істен шыққан құрал-жабдықты қайтадан өндірістік процеске қосу кезінде кеткен уақыт шығындарының коэффициенті.
2. Өнімді автоматты өндірудің периодтық уақыты. Бұл 1 партия өндірілген өнім мен α- ші өндірітің партия өндірісінің арасындағы уақыт.
П Пзв = ------
С
Пзв - өнім өндірудің периодтық уақыты П – партия көлемі
С – 1 күндік өнім өндіру көлемі.
3.Аяқталмаған өндіріс көлемі – бұл өнімнің толықтай өндіруден өтпеген өнімдер санын білдіреді. Оның мынадай 3 түрін қарастырамыз.
1. Жүйелік немесе циклдық
2. Сақтандыру
3. Айналмалы аяқталмаған өнімдер көлемі.
Жүйелік аяқталмаған өндірісі мынадай формуламен анықталады:
Зш = С * Тц
Зш – жүйелік аяқталмаған өндіріс көлемі С – 1 күндік өнім өндіру көлемі
Тц - өнім өндірудің өндіріс уақыты.
Сақтандыру аяқталмаған өндіріс көлемі алдын ала өндірісте болатын өндірістік жағдайға байланысты белгіленетін өндіріс көлемін білдіреді.
Зстр = C * t
Зстр - сақтандыру
t - өнім өндіруді жедел өндірістерге арналған уақыт көлемі. Айналмалы аяқталмаған өндіріс бұл қойиадағы өнімдер көлемі.
4.Өндірістің сериялық коэффициенті N
Кстр = ------
Pоб
N - əрбір жұмыс орнына бекітілген операция көлемі, саны. Р – жұмыс орныныңсаны.
Партиялық өнім өндіру əдісін жоспарлауда өнім өндірудің жаңа бір əдістерін енгізуді жəне икемді автоматтандырылған жүйені енгізу тиімді болады.
Жалпы өнім өндіруді ұйымдастыруда жоғарыда сипатталған əдістерден басқа жекелеген өнім өндіру əдісі қолданылады. Бұның жоғарыдағы 2 əдістен айырмашылығы өнім өндіру көлемі аз партияға негізделген немесе шектелген.