• гемоглобин концентрациясының азаюы;
түс көрсеткішінің төмендеуі (0,7-0,5);
эритроциттердің кішіреюі (микроцитоз) және эритроциттерде гемоглобиннің орта концентрациясының төмендеуі;
•қанның жағындысында кішкене гипохромдық эритроциттердің және анулоциттердің (ортасында гемоглобині жоқ, сақинаға ұқсайтын эритроциттер) саны басым болуы; эритроциттердің көлемі мен пішінінің әртүрлілігі (пойкило, анизоцитоз);
•ретикулоциттер санының өзгермеуі;
•тек қан кеткеннен кейінгі жақын арада ретикулоциттер саны көбеюі мүмкін, бұл қан кетудің белгісі болып табылады; анемияның аса ауыр түрінде бірен-саран эритробласттар анықталады;
•эритроциттердің осмостық төзімділігі өзгермейді немесе сәл биіктейді;
лейкоциттердің саны өзгерусіз немесе сәл төмендейді;
•лейкоформула айтарлықтай өзгермейді;
• тромбоциттердің саны қалыпты, ал қан кеткенде сәл көбейеді.
Сүйек миында эритробласттардың саны көбейеді, бірақ эритробласттардың жетілуі баяуланады және гемоглобинмен қанығуы төмендейді.
Темір алмасуының бұзылыстары келесі биохимиялық зерттеулермен анықталады:
Қанның сарысуындағы темірдің мөлшері қалыпты жағдайда 12,5-30,4 мкмоль; темірдің тапшылығында 1,8-5,4 мкмоль/л дейін төмендеуі мүмкін.
Плазманың темірді жалпы байланыстыру қасиеті (немесе сарысудың жалпы трансферрині). Қалыпты көрсеткіші 30,6-84,6 мкмоль/л; теміртапшылықты анемияда бұл көрсеткіш жоғарылайды;
Ферритиннің мөлшері. Қан сарысуындағы ферритиннің мөлшерінен организмдегі темірдің қорын бағалайды. Оның қалыпты көрсеткіші еркектерде 106 Ғ 21,5 мкг/л, әйелдерде 65 F18,6 мкг/л. Теміртапшылықты анемияда ферритиннің мөлшері 10 мкг/л төмен болуы мүмкін.
Десферал сынамасымен темір қорының мөлшерін бағалау. Десферал - темірмен байланысып, зәрмен бөлінетін зат. Сау адамдарда 500 мг десфералды енгізгеннен кейін, тәулігіне 0,8-1,3 мг темір бөлінеді, ал теміртапшылықты анемияда бөлінетін темірдің мөлшері 0,4 мг кем.
Анемияның себебін анықтау мақсатымен жасалатын зерттеулер:
ФЭГДС;
-нәжісті ішек құрттарына тексеру;
-нәжісті жасырын қан кетуге зерттеу;
-асқорыту жолының рентгенологиялық зерттеулері (ісіктерді, диафрагманың жарығын т.б. анықтау мақсатымен);
-тік ішекті тексеру (геморройды, ісікті, жаралы колитті анықтау үшін);
-гинекологтың көмегімен мено-метрорагияның себебін анықтау.
Дифференциалды диагностика. Теміртапшылықты анемияны гемоглобин синтезінің бұзылысынан дамитын гипохромдық анемияның өзге түрлерінен айыру қажет, мәселен қорғасынмен уланудан, порфирин синтезінің туа кемістігінен болатын анемиялардан, талассемиялардан. Аталған анемияларда темірдің қандағы мөлшері жоғары және оның организмдегі қоры жеткілікті, бірақ гемнің синтезіне пайдаланбайды (сидероахрезия), бұл ауруларда темірдің тіндік тапшылығы (сидеропения) болмайды.
Порфирин синтезінің бұзылысынан дамитын анемияларда эритроциттерде, ретикулоциттерде базофильдік түйіршіктер анықталады. Сүйек миында эритропоэз күшейеді, сидеробласттардың саны және олардың ішіндегі ферритин түйіршіктерінің мөлшері көбейеді.
Талассемияда эритроциттердің пішіні нысанаға ұқсайды, ішінде базофильдік түйіршіктер болады, ретикулоциттердің саны көбейеді, гепато-спленомегалия болады және гемолиздің белгілері анықталады.
Теміртапшылықты анемияны анықтағаннан кейін оның себебін табу қажет. Менструациясы келетін жастағы әйелдердің етеккірімен жоғалтатын қанның мөлшерін анықтап, гинекологиялық тексеруден өткізеді.
Теміртапшылықты анемияға шалдыққан науқастардың барлығында, қан жоғалту көзін табу мақсатымен, асқорыту жолын ұқыпты зерттейді (ФГДС, колоно-,ректороманоскопия, ирригоскопия, Грегерсен сынамасын).
Емі.
Барлық жағдайларда қан жоғалтудың себебін тауып, оны жою қажет. Анемияның себебі анықталмаса - патогенездік емнің нәтижесі шамалы.
Емдік дәм. Тағамдар темірге бай болуы тиіс. Темірге бай өнімдер: сиыр еті, балық, бауыр, өкпе, бүйрек, жұмыртқа, бұршақ, қарақұмық жармалары; алма, шабдалы, қара өрік, т.б.
Теміртапшылықты анемияның емінде темірмен қатар өзге микроэлементтер де қажет (мыс, марганец, кобальт, мырыш). Аталған микроэлементтер мал өнімдерінде, дәнді дақылдарда (сұлы, арпа, бидай, бұршаққа) мол.
Темір дәрмектерімен емдеу (ферротерапия кесте).
Темір дәрмектерінсіз темірдің жетіспеушілігін жою мүмкін емес. Тағаммен сіңірілетін темірдің мөлшері тек физиологиялық жоғалтылатын мөлшерін жабады. Темір дәрмектерін тандағанда темірі қос валентті, әсері ұзартылған және витаминдер, антиоксиданттар, микроэлементтер қосылған түрлерін қалау қажет.
Кесте. Кең қолданылатын темір дәрмектерінің сипаттамасы.
Дәрмектің аты | Бір таблетка- дағы Ғ++мөлшері (мг) | Тәуліктікдозасы |
І.Фенюльс (150 мг темір сульфаты + вит) | 45 мг | 1-2 капс. |
2.Ферроплекс (50 мг темір сульфаты + аскорбин қышқылы 30 мг) | 11 мг | 8-9 таб. |
З.Ферроградумет — 105 мг. | 105 мг | 1 таб. |
4.Тардиферон (темір сульфаты + мукопротеаза) | 200 мг | 1 таб. |
5.Гинко-тардиферон (256 мг темір сульфаты + 350 мг фолий қышқылы + 30 мг аскорбин қышқылы) | 80 мг | 1-2 капс. |
б.Сорбифер Дурулес (темір сульфаты +60мі аскорбин қышқылы) | 100 мг | 2 капс. |
7.Гемсинерал-ТД (темір фумараты 200 мг + цианкобаламин 15 мкг + фолий қышкылы 1,5 мг) | 100 мг | 1-2 капс. |
Ферротерапия келесі сатылардан тұрады:
темірдің тапшылығы мен анемияны жою;
темірдің қорын толықтыру;
рецидивке қарсы емді жүргізу.