Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Анемиялардың жіктемесі (Л.И.Дворецкий, П.А.Воробьев, 1994).




Дәріс тақырыбы: Қан түзу жуйесінің аурулары:Анемиялар

Дәріс жоспары:

1. Аурудың анықтамасы

2. Аурудың себептері, себепші факторлары

3. Аурудың жіктемелері, клиникалық белгілері

4. Лабораториялық тексерулер

5. Емдеу, алдын алу шаралары

6. Диспансеризация.

 

Анемия немесе қан аздық — қан гемоглобинінің жалпы мөлшерінің азаюымен сипатталатын патологиялық жағдай. Гемоглобиннің (Нв) жалпы мөлшерінің азаюы көбіне, бірақ барлық жағдайда емес, эритроциттер санының азаюымен қосарланады.

Анемияның критерийлері: әйелдерде Нв 120 г/л, эритроциттер санының 4 х 1012/л, еркектерде Нв 140 г/л, эритроциттер санының 4,5 х 1012/л аздығы.

Анемиядан гидремияны айыра білу қажет. Гидремия (гиперволемия, гемодилюция) — плазманың көбеюінен қанның сұйылуы, мәселен жүктілікте, жүрек шамасыздығында. Бұл жағдайларды гематокрит көрсеткішінен айырады. Гематокриттің қалыпты көрсеткіші — әйелдерде 37-47%, еркектерде - 40-50%.

Анемия жасты таңдамайтын, тек патологиялық емес, физиологиялық процестердің салдарынан да дамуы мүмкін патология, мәселен организмнің тез өсуінен, жүктіліктен, лактациядан.

Анемия жеке түрінде немесе көптеген ішкі аурулардың, жұқпалы кеселдердің, қатерлі ісіктердің асқынуы ретінде дамиды.

Анемиялардың жіктемесі (Л.И.Дворецкий, П.А.Воробьев, 1994).

Анемиялар даму тегіне қарай үш топқа айырылады:

І. Қан жоғалтудан дамитын.

1. Жедел постгеморрагиялық анемия.

2. Созылмалы постгеморрагиялық анемия.

ІІ. Эритроциттердің және гемоглобиннің түзілу бұзылысынан дамитын.

1. Теміртапшылықты анемия.

2. Темір таратылуының (үлестірілуінің) бұзылысынан дамитын анемия;

3. Темірге қанық (сидероахрестикалық), гем синтезінің бұзылысынан дамитын анемия.

4. Мегалобласттық, ДНК синтезінің бұзылысынан дамитын анемиялар.

 

5. В12витамин және фолий қышқылтапшылықты анемия.

5а Пуриндік және пиримидиндік негіздердің синтезіне қатысты ферменттердің туа тапшылығынан дамитын мегалобласттық анемиялар.

5 б В12 ахрестикалық анемия.

6. Гипопролиферациялық анемиялар.

7. Сүйек миының жетіспеушілігіне байланысты анемиялар.

 

7 а. Гипоплазиялық (аплазиялық) анемия.

7 б. Миелодисплазиялық синдромдағы рефрактерлік анемия.

8. Метаплазиялық анемиялар.

8а. Гемобластоздарда болатын анемия.

8б. Рактың сүйек миына метастазынан болатын анемия.

9. Дисэритропоэздіканемиялар.
ІІІ.Эритроциттердің шамадан артық ыдырауынан дамитын

(гемолиздік) анемиялар.

10. Туа пайда болған.

10.а. Эритроциттер мембранасының құрылымының бұзылысына байланысты (Миньковский Шаффардың микросфероцитарлық, анемиясы, овалоцитоз, акантоцитоз).

10 б. Эритроциттерде ферменттердің тапшылығына байланысты.

10 в.Гемоглобин синтезінің бұзылысына байланысты (орақшажасушалық гемоглобиноздар, талассемия).

11.Жүре пайда болған.

11а. Аутоиммундық.

11б. Пароксизмді түнгі мезгілдік гемоглобинурия.

 

12. Дәрмектік.

12 а Жарақаттық және микроангиопатиялық

12 б Гемолиздік улармен және бактериялық токсиндермен уланудан болатын анемия.

IV. Аралас анемиялар.

Анемияның диагностикасы ұқыпты сұрастырған анамнездің және объективті тексерудің мәліметтеріне сүйенеді, ал анемияның ауырлық дәрежесі мен морфологиялық түрі қанның анализінен анықталады. Барлық анемиялардың жалпы көрінісі ауырлық дәрежесіне, пайда болуының ұзақтығына, организмнің адаптациялық мүмкіндіктеріне тәуелді.

Анемияға шалдыққан науқастардың көбінде әлсіздік, бас ауыруы, бас айналуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі байқалады. Бұл белгілер бас миының гипоксиясы мен гипоксемиясынан болады.

Анемия болғанда тері, кілегей жамылғылардың түсі қуқылданады. Гемолиздік немесе цианкобаламинтапшылықты анемияларда терінің түсі қуқыл және сарғыш реңді.

Негізінде, терінің түсі пигменттің мөлшеріне, терінің қалыңдығына, цианоздың болу- болмауына, терінің күннің көзінде қараюына тәуелді.

Анемия болғанда жүрек-тамыр жүйесіне күш түседі. Оттегінің та-сымалдауын арттыру үшін қан ағымының жылдамдығы тездетіледі. Осыдан тахикардия, ентікпе, жүректіңқағу сезімдері пайда болады, жүрек біршама ұлғаяды. Қанның жылдам ағуынан жүректе және аортада систолалық шу естіледі. Анемияның ауыр жәнеұзаққа созылған түрінде анемиялық миокардиодистрофия дамиды

Анемияның түрін анықтау үшін қосымша лабораториялық зерттеулердің маңызы жоғары. Анемияның барлық түрлерінде қанның толық морфологиялық зерттеуі жасалынуы тиіс (ретикулоциттердің, тромбоциттердін, лейкоциттердің саны және лейкограмма).

Қанның морфологиялық анализі жеткіліксіз болса, қан түзу жүйесінің функциялық және морфологиялық жағдайын анықтау үшін сүйек миының пункциясын немесе трепанобиопсияны жасайды.

Сонымен қатар, анемияның түрін анықтау мақсатымен қан сарысуындағы бос гемоглобиннің мөлшерін, билирубиннің деңгейін, несептің құрамындағы уробилиногеннің, өт пигменттерінің концентрациясын зерттейді.

Теміртапшылықты анемияны анықтау үшін сарысудағы темірдің мөлшері және плазманың темірді байланыстыру қасиеті зерттеледі. Гемолиздік анемиядан күдіктенгенде антиэритроцитарлық антиденелердің болуын анықтайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-03; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 760 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

2213 - | 2048 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.