Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бүкіләлемдік тартылыс заңы.




Табиғатта барлық денелер бірін-бірі тартады. Осы тартылу заңын Ньютон ашқан және бүкіләлемдік тартылыс заңы деп атайды. Бұл заң бойынша: екі материалдық нүктенің тартылыс күші, осы нүктенің массаларына тура пропорционал және ара қашықтығының квадратына кері пропорционал. мұндағы γ - пропорционалдық коэффициент, гравитациялық тұрақты деп аталады, оның шамасы γ =6.672·10-11 H·м2/кг2, m1 және m2 – денелердің массалары, r – денелердің ара қашықтығы.

Космостық жылдамдықтар.

Жерді айналып ұшу үшін дененің өзіндік жылдамдығы болуы керек.

Бірінші космостық жылдамдық: υ1=7.9≈ 8 км/с

Екінші космостық жылдамдық: υ2 =11.2≈11 км/с

Үшінші космостық жылдамдық: υ3 =16.7≈17 км/с

Сұйықтардағы қысым. Паскаль заңы. Архимед күші.

Сұйықтардағы қысым

Заттың бірлік көлеміндегі массасы болып затың тығыздығы табылады. m -заттың белгілі мөлшерінің массасы да, V - оның көлемі.Тығыздық температураға және қысымға тәуелді болады. Қысым деп беттің бірлік ауданына бетке перпендикуляр бағытта түсірілген күш аталады. P = F/S, S - беттің ауданы. Мысалы, суға батырылған Δs дене бетінің әрбір элементіне сұйық тарапынан, бетке перпендикуляр бағытталған ΔF күш әсер етеді. Бірлік ауданға сұйықтың түсіретін күші сұйықтың қысымы деп аталады. Өлшем бірлігі: 1 Па =1 Н/м2 Сұйықтың бетінен h тереңдікте орналасқан нүктені қарастырайық. Сұйықтың ішіндегі h тереңдіктегі қысымды нүктенің үстіндегі сұйық бағананың салмағы тудырады. S ауданға әсер ететін күш FShg болады, мұндағы Sh – бағананың көлемі, ρ-сұйықтың тығыздығы, g- еркін түсу үдеуі. Сонда қысым P= F/S=ρgh.

Паскаль заңы

Қалыпты сұйықтар мен газдарда қысым Паскаль заңына бағынады: Тыныштықта тұрған сұйықтың барлық бағытында, кез келген жерінде қысым бірдей және қысым барлық көлемге бірдей беріледі. Сұйыққа немесе газға түсірілген атмосфералық қысым барлық көлемге бірдей беріледі. Берілген көлемдегі сұйыққа немесе газға түсірілген қысым көлемнің ішіндегі барлық нүктелерге өзгеріссіз таралады. Сұйыққа немесе газға батырылған дененің салмағы азаяды. Осы жағдайда денеге төмен қарай бағытталған ауырлық күші мен сұйықтың немесе газ тарапынан жоғары қарай бағытталған ығыстырушы күш әсер етеді.

Архимед күші

Тығыздығы ρ1 сұйыққа батырылған биіктігі h әрбір шетінін ауданы S болатын цилиндрді қарастырайық. Цилиндрдің жоғарғы шетіне орта тарапынан P11gh1 қысым түсіріледі. Төмен қарай бағытталған күш сонда F1=P1S= ρ1gh1S. Цилиндрге төменгі жағынан F2=P2S = ρ1gh2S күш әсер етеді. Осы екі күштің тең әсерлісіығыстырушы күш болып табылады: ол жоғары қарай бағытталған және мынаған тең: F=F2-F11gS(h2-h1)= ρ1gSh=ρ1gV. Мұндағы Sh=V - цилиндр көлемі. Сөйтіп цилиндрге әсер ететін ығыстырушы күш шама жағынан цилиндр ығыстырып шығарған сүйықтың салмағына тең. Бұл қорытынды батырылған дененің пішініне тәуелсіз. Архимед заңы деп аталады. Сұйыққа батырылғн денеге дененің ығыстырып шығарған сұйығының салмағына тең ығыстырушы күш әсер етеді.

Егер сұйық сығылмайтын болса, оның тығыздығы қысымнан тәуелсіз. Онда сұйық ағынының көлденең s қимасында, Һ биіктігінде және ρ тығыздығында салмағы: P=ρgsh,ал төменгі бөлігіне түсірілген қысым биіктікпен сызықты түрде өзгереді:

p=P/S=ρgsh/S=ρgh

мұндағы ρgh - гидростатикалық қысым деп аталады.

12. Сұйықтың ағын сызықтары мен ағын түтіктері. Үзіліссіздік теңдеуі (теңдеуді қорытып шығару)

Кинематикалық тұрғыдан қарастырғанда, сұйық қозғалысын оның әрбір бөлшектерінің қозғалысымен сипаттауға болады. Сұйық қозғалысын қарастырғанда ағын сызықтары және ағын түтігі деген ұғымдар пайланылады. Мүлде сығылмайтын және мүлде тұтқыр емес сұйық идеал сұйық деп аталады. Сұйықтың әрбір бөлшегі өзіне тән жылдамдықтың векторы бойымен қозғалады, яғни сұйық жылдамдық векторының өрісі болып табылады. Егер жылдамдық векторы бойымен сызықтар жүргізсек, олардың әрбір нүктесінен жүргізілген жанама сұйық бөлшегі, жылдамдықтың сол нүктедегі бағытына дэл келсе, онда мұндай сызықтарды ағын сызықтары деп атайды. Сұйықтардың ағын сызықтарымен шектелген бөлігін ағын түтігі деп атайды.

Зілісcіздік теңдеуі

Айталық, ағын түтігі бойымен үзіліссіз сұйық ағып жатсын. Мұндағы ағыс сұйық массасының сақталу заңын қанағаттандырады. Олай болса, ағын түтігінің көлденең қимасы s арқылы Δt бірлік уақытта өтетін сұйық массасы Δm мынаған тең болады: Δm=ρυsΔt егер сұйық сығылмайды деп есептесек, онда s1 қимадан ағып өтетін сұйық көлемі қандай болса, s2 қимадан ағып өтетін сұйық көлемі де дэл сондай, сондықтан

ρ1υ1sΔt = ρ2υ2sΔt бұдан мұндағы ρ1 = ρ2 екенін ескерсек, онда, υ1s1 = υ2s2 яғни, сығылмайтын тұтқыр емес сұйық ағысының жылдамдығы мен ағын түтігінің көлденең қимасының көбейтіндіcі берілген ағын түтігі үшінтұрақты шама болады. Бұл айтылған қортынды ағынның үзіліссіздігі жөніндегі теоремасы деп аталад ы.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1089 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2242 - | 2052 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.