· Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;
· Қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;
... Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады...
Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “... осы күнде мемл. ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін... ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс...” (“Сарыарқа”. 1918, 25 қаңтар, 29). Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды: “... желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. (“Сары арқа”, 1918, 22 қаңтар).
Алаш автономиясы аталуы негізі болған алаш сөзінің мағынасы — дәлме-дәл қазақ, Қазақстан. Тағы да «Алты алаш заманы» деп Қазақ хандығына нақ үш жүзден тыс қырғыз, қарақалпақ, құрама елдері кіргенін көрсетеді.
Алаш автономиясының құрылуы[өңдеу]
1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатұлы, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған
Алаш Орда (1917—1920) — Ақпан мен Қазан төңкерістері соң 1917 ж. желтоқсанның 13 құрылған қазақ-қырғыз Алаш автономиясының үкіметі.
Алаш Орда құрылтайы[өңдеу]
1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда Екінші жалпықазақ съезі өткізілді.
Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.[2]
Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейхан, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді.
Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейхан (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Үкімет төрағалығына үш қайраткер — Бөкейхан, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейхан төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды.
Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейхан бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді.
Сыртқы істері[өңдеу]
Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды. Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч), ОмбыдағыУақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды.
41. Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды. Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч), ОмбыдағыУақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды.
Уақытша Сібір үкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі беделін өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға мәселен, қажет кездерде әскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына арту т.б. жағдайларға пайдалануды көздеді. Бұл үкімет Алашорданың белгілі бір үкімет органы ретінде дербес, белсенді әрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір үкіметінің мүддесін жүзеге асырушы эмиссарларға Алашорданың батыл қарсылық білдіріп отырғанын көрсетеді. Мұның соңы қазақ автономиясының өзін ресми тану туралы мәлімдемесін, Сібір үкіметінің «нағыз сепаратизмнің белгісі» деп айыптауымен аяқталды.
Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір үкімет — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комучпен) қарым-қатынаста болды. 1918 жылы 8 маусымда өмірге келген негізінен эсерлер басқарған бұл үкімет, демократиялық принциптерге беріктігін бірден-ақ байқатты. Бұл олардың Алашордаға көзқарасынан-ақ байқалады. Тамыз айында Комуч құрылып жатқан басқа үкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына — Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді. Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады.
Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комуч ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңеске жоғарыда аталған қайраткерлер қатынасты. Бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейхан өздерінің сепаратизмнен аулақ екендігін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екендігін айтты.
Кеңес жүріп жатқан кезде 11-қыркүйекте Ә. Бөкейханның төрағалығымен Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев, У. Танашев, Ә. Ермеков, А. Бірімжанов қатысқан Алашорданың төтенше мәжілісі өтеді. Онда қазақ автономиясын Алашорданың бір өзі басқаратыны, ал бұрынырақта (18-мамырда) батыс Қазақстандағы саяси жағдайға байланысты уақытша құрылған Ойыл уәлаяты таратылатыны шешілді. Оның онына жол қатынасы нашарлығымен соғыс жағдайы себебінен Алашорданың батыс бөлімшесі құрылды. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы қарсаңында, бірауыздан құрылған автономия бар екенін Кеңеске қатысушыларға көрсету болатын.
23-қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет — Директория жарияланды. Бірақ бұл Директория өзі жойылардан аз ғана бұрын 4-қарашада шыққан бұйрығымен, бөлінбейтін Ресейді қалпына келтіру үшін барлық облыстық үкіметтермен бірге Алашорданың орталық үкіметін таратып, оның облыстық, уездік ұйымдарын ғана қалдырды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді.
Бас Уәкілдік мәселесі 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак кезінде қаралды. «Николайдың заманы мен тәртібі келген уақытта да» қазақ зиялылары көздеген мақсатынан таймады.
Колчак үкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, оған керекті материал жинау үшін қазақ даласына өз өкілдерін жіберді. 2-мамырда Семейге келген Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Г. Малахов, аталған мекеменің Алашорда тағдыры туралы жоспарын бір топ қазақ интеллигенттеріне таныстырады.
1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі Істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4-қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды.
Одан әрі хатта, бұл мәселені шешуді жолсапарға өз өкілдерін жіберу арқылы емес, Омбыдағы үкіметпен келіссөз жүргізіп жатқан Алашорда өкілдері пікіріне жүгіну жолымен шешу дұрыс болатыны ескертілді. Сондай-ақ, хат иелері қазақ халқын басқару туралы Малахов әкелген жоспар-жобаға байланысты өздерінің мынадай ұсыныстарын да көрсетті:
42. Владимир Ильич Ленин (нағыз тегі Ульянов; 1870 ж. сәуірдің 22 — 1924 ж. қаңтардың 21) — көрнекті ресейлік төңкерісшілі, сөзші, пәлсапашы, ленинизмнің негізін қалаушы, большевиктерпартиясы көкейтесті құрылтайшылардың бірі, Ресей КФСР мен КСРО орнатушысы, Кеңестік Үкіметін басқарушысы (1917 ж. қарашаның 8 бастап РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесініңтөрағасы, 1922 желтоқсанның 30 бастап КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы).
Владимир Ильич Ленин Карл Маркс ілімін жалғастырушы. Педагог И.Н. Ульяновтың отбасында туған. Қазан университетінде оқыған (1887), 20 ғ. басында эмиграцияда болған. 1903 ж. Ресейбольшевиктерінің коммунистік партиясының басшыларының бірі болған. 1917 ж. Петроградтағы Қазан төңкерісін басқарған. Кеңестердің Бүкілресейлік 2-сьезінде РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болып сайланған. Көзқарасы бойынша кап. құрылымды ауыстыратын, әділетті экон-қоғамды құрылым деп санаған социология теориясының жақтаушысы. Ленин жұмысшыларды ағарту партияның маңызды міндеті деп санаған. Оның басты мақсаттарының ішінде бұрынғы жүйенің (сословиялық және кластық) орнына, мемлекет тарапынан қаржыландырылатын жергілікті сайланбалы органдар басқаратын, біркелкі еңбек мектептері қағидасына негізделген, оқу өндірістік еңбекпен біріктірілген халық ағартудың демократиялық жүйесін құруды дұрыс деп атаған. «Жаттау мектебі» мен «үркіту мектебінен» бас тарту мектептің, соның ішінде шетелде жинақталған педагогика теориясы мен практика жиналған жағымды тәжірибеге сүйеніп іске асырылады деген.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек1937, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
ғалым, Ә.Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз.
Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев
Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан, 1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы — 27желтоқсан, 1941 жыл, Берлин) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістанавтономиясының жетекшісі. 1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Ыстамбұлга аттанады.
Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады.
43. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлтазаттық көтерілістің түрлі өңірлеріндегі ошақтарына қатысты түрлі мазмұндағы айтылған тарих материалдары дерек ретінде әлі күнге дейін кең түрде ғылыми айналымға тартылған жоқ. Ал көтеріліске қатысқан, оны көзімен көріп куә болған адамдардың айтқан естелікәңгімелері мәселеге жаңа көзқарас тұрғысынан қарауға қажет тың мәліметтер береді. Бұл деректерді талдай отырып, көтерілістің шығу себептері, басталуы, барысы, оның басшылары, отарлық жүйенің көтерілісті басуға қатысты жүргізген жазалау шаралары, көтерілістің жеңілу себептері, нәтижесі мен салдары жөнінде басқа дерек көздерінде жоқ мәліметтерді алуға болады. 1916 жылғы көтеріліс туралы айтылған тарих деректері көтеріліске тікелей қатысқан және оны көзімен көрген куәгерлердің естелікәңгімелерінде берілген. Көтеріліс туралы естелікәңгімелер мен өлеңжырларды жинақтау барысында оны жазып алған зиялылар қазіргі кездегі айтылған тарих бағытында ғылыми ұйымдастырылған сұхбаттарға қойылатын талаптарға ұқсас ақпарат беруші туралы мүмкін болғанша толық мағлұматтар береді. Сонымен қатар олар жинақталған материалдарды мұрағаттандыру ісін де ұмытпаған. Өйткені ол жиналған материалдардың біршамасы еліміздің мұрағаттарында жақсы сақталған. Мысалы, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекттік мұрағатының № 427 коллекциялық қорында, № 639 «Қазақстанды зерттеу қоғамы» деп аталатын қорында, Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының № 811 коллекциялық қорларында ел арасындағы заман куәгерлерінен жазып алған естелікдеректер молынан кездеседі.
Сондайақ еліміздің түрлі кітапханалары мен мұрағаттарының, академиялық институттардың қозжазба қорларында халқымыздың ресми емес тарихынан сыр шертетін бірталай деректер қатталған. Ал ол деректерді ғылыми тұрғыдан талдау арқылы жазба деректерде кездесе бермейтін тың ақпараттар алып көтеріліс тарихын жаңа мазмұн мен сипатта баяндауға болады. Көтерілістің алғышарттарын, басталуы мен барысын, салдарын түсіндіру жеке адамдардың естелікәңгімелерінде, сондайақ сол тұста айтылған қанатты сөздер мен өлеңжырларға, дастандарға негізделген үлгілерінде кездеседі. Аталған дерек түрлерінің маңыздылығы өте зор. Мұндай деректік топтамалар қалыптасқан тарихи жағдайларды баяндауға бағытталған. Сонымен қатар көтеріліске қатысты айтылған тарих материалдарында көтерілістің басшылары, олардың бітім болмысы, сол кезеңдегі халықтың тұрмыстіршілігі, орыс өкіметінің өлкеде жүргізген саясаты жөнінде де құнды деректерден хабардар етеді. Сондықтан, 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліс тарихын айтылған тарих материалдары негізінде зерттеу – бұл мәселені бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарау ісін жеңілдетеді. Көтерілістің шығуына негіз болған алғышартарына байланысты да айтылған тарих материалдары жақсы мәліметтер береді. 1916 жылғы көтерілістің негізгі шығу себептерінің бірі жер мәселесі болатын. Көтеріліс қарсаңында патша үкіметі ұзақ жылдар бойы жүзеге асырған отарлық саясатының барысында орыс шаруалары мен казак орыстар үшін қазақ жерлерін зорлықпен тартып алып, құнарлы егіндігінен, шұрайлы шабындығынан айырып мал шаруашылығымен айнылысатын көшпелі халықты таутасты және шөлейтті жерлерге ығыстырды. Тек 19061914 жылдар аралығында Жетісудағы қазақтар мен қырғыздардан өңдеуге пайдалы, ең құнарлы 2 миллион 703 мың десятина, ал 1914 жылы басталған Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы үш жылында Жетісу өңіріндегі қазақтардан 1800 мың десятина жер тартып алынған.
1916 жылғы көтерілістің шығуына себеп болған мәселелердің қатарында алымсалықтың көбеюі, соғысқа қажет халықтан алынған түрлі соғыс салықтары еді. 1914 жылы Ресейдің қатысуымен басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс ішкі Ресей халқының да, шет аймақтардағы «бұратана» халықтың да жағдайына қатты әсер еткен. Шаруашылық күйзеліп, егіс көлемі азайып, оның өнімі күрт төмендеді, мал саны кеміді. Соғыс қисапсыз көп шикізатты, азық түлікті, малды, тағы сол сияқты материалдық игілікті қажет етті. Өлкеде жергілікті өнімдер арзан бағада қала отырып, сырттан тасымалданатын өнім қымбаттап халықтың шаруашылығы күйзеліп, әлауқаты нашарлай түсті. Соғыстың алғашқы үш жылында Түркістан өлкесінен өте көп мөлшерде мақта мен мақта майы, 474 мың балық, 299 мың пұт сабын, 70 мың жылқы, 13 мыңға жуық түйе, 38 пұт мың шаршы кез киіз, 441 киіз үй соғыс қажетіне жинап алынған. Соғысқа қажетті деп саналған мұндай материалдық игіліктер халықтың еркінен тыс, күштеп алынған болатын. Халықтың мойнына ауыртпалық түсіріп жиналған бұл жағдайлар көтеріліске байланысты айтылған тарих естеліктерінде де кездеседі. Ол жайында 1885 жылы туылған, Кеген ауданы Қызылту колхозының мүшесі Алдаберген Қойшыбеков өзінің 1916 жылғы көтеріліс туралы айтқан естелігінде: «Мен болсам Жәйшібек Бектеновтың атын, су жұмысын істейтін малайы, інім Батырхан қойын жайған малайы. Сонда «31 жас, 19 жастағы балаларды солдатқа алады» дегенді естідім. Алдабергеннің жасы 31 де, Батырхан жасы 19да болып шықтық.