Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ресейдегі ақпан төңкерісіжәне оның Қ-станның демократияландыруына әсері 6 страница




44. Өлеңмен өрілген тарихи мәтіндер арасында қара сөз сақталса да, оны мүмкіндігінше қарапайым сөз үлгісіне немесе белгілі нұсқадағы айтылған факті түріне айналдырады. Мәселен, көтеріліс тарихы өлең ретінде берілген айтылған тарих материалдарындағы мына бір ерекшеліктерге назар аударайық. «Елге хат» деген өлеңде: «Бақтыбайға жазып берген Нұғман хаты. Екеуі де Қапал уезі, Сарытау болысынан майданға алынған жігіттер»делінген. Бұл өлең тіркелген жинақтың мазмұнында «Нұғман Сартайға жазып берген хаты (1916 жыл туралы)» деп көрсетілген. Сол кезде тылдың қара жұмысына аттанған жігіттердің көңілкүйі хатта былайша сипатталған: Ағамыз сәлем айттым Зәкірбайға, Бұрынғы Жетісуың бізге қайда? Алысқа сапар тартып біздер кеттік, Құлдилап түскендей боп терең сайға. Тағы да сәлем жаздым Есембайға, Кез болдым заманымда мұндай жайға. Осы кеткен боз баланы ойлап тұрсам, Бағасы жетпей кетті жалғыз тайға, – деп, одан әрі қара жұмыстан алып қала алмағаны үшін туыстарына өкпесін білдіре баяндағаны байқалады. Сондайақ, «1916 жылы окопке алынған жігіт жыры» деген өлеңінде: Күшті ағайын алалап, Шығарып бердің бір бізді, Сыртымнан тіркеп өштікпен, Іспескіге кіргізді. Аталасым ағайын Туғандығын ұмытып, Сары солдатқа ұрғызды. Мойынға бұғау салдырып, Туған елді шулатып, Туған елді қалдырды…, – деп қара жұмысқа алынатындардың тізімін жасауда жол берілген әділетсіздіктерді, ауқатты топ өкілдерінің өз жақындарын қара жұмысқа жібермей алып қалып, қарапайым адамдардың, кедейкепшіктің балаларын тізімге кіргізіп жібергеніне өкінішін білдіріп былай дейді: Есебін тапқан ауқатты, Бай баласы мырзалар Күлгендей болды табалап, Момынның жасыкәрісі Тізімге түскен алалап Арұятын ұмытып Ауылнай, болыс, билердің Бұзылған діні қарасы, Қыршын жасты қолынан Қосақтап ұстап бергенде, Кеңейді ме жеріңіз? Алдыартыңа қарашы?… Қазақстандағы 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліске қатысты айтылған тарих материалдары арасында осы мазмұндас өлеңдер көптеп кездеседі.

Барлығында патша жарлығын жүзеге асыру барысында қазақ ауылдарында орын алған әділетсіздіктер, малы бар ауқатты адамдар балаларын, ағаінісін пара беріп алып қалып, ондай мүмкіндігі жоқ адамдар тізімге ілініп, соғыс тылындағы қара жұмысқа жіберілгені баяндалған. 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліс туралы айтқан естелік әңгімелерді жазып алып жинауға қатысқан зиялыларымыз туралы да құнды тарихи деректерді кездестіреміз. Мысалы, Мұхтар Әуезовтың 1916 жылғы көтеріліс мәселелеріне арналған «Қилы заман» повесінің жазылуы жөнінде қоғам қайраткері Ыдырыс Көшкіновтің інісі Әуезхан Көшкінов көтерілістің 10 жылдығына орай 1926 жылы болған жағдайларды өз көзімен көрген куәгер ретінде былай суреттейді: «Сол жылы ел Қарқара жазығына жиналды. Жиынға Ыдырыспен бірге Ораз Жандосов келді. Ереуілтөбені үйгенде мен он төрттемін. Төбеге үйілетін тастарды көпшілікпен бірге Ораз бен Ыдырыстың өздері де тасыған еді… Ораз бен Ыдырыс біздің ауылда, Шырғанақтың бойындағы ақбоз үйде жатты. Ыдырысқа жеке үй тігілген еді. Мен сол үйге қымыз тасып беріп жүрдім. Әртістер, өнерлі адамдар қатарында Әміре Қашаубаев, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Құрманбек Жандарбеков, Иса Байзақов жүрді. Ал Ілияс Жансүгіров пен Мұхтар Әуезов бұлардан кейінірек келді. Жергілікті азамат Сәрсенбай Бейсембетов келген қонақтармен бірге жүрді. Сол кезде Әубәкір Солтанбекұлы 1916 жылғы көтеріліс жөнінде Мұхаңа бірталай әңгіме айтып берген болатын. Ал, сол әңгімелер заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» повесінің жазылуына арқау болды» – деп көрсетеді. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліске қатысты айтылған тарих материалдарын пәнаралық тұрғыдан кешенді түрде қарастыру әдебиеттану, мәдениеттану, психология салаларының мамандары үшін де маңызды болып табылады. Қорыта айтқанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліске қатысты айтылған тарих материалдарын дәйекті түрде зерттеу ісі сол кездегі қазақ халқының әлеуметтікмәдени өміріндегі күнделікті экономикалық, діни, саяси әрекеттерді, әлеуметтік тұрмыстық, т.б. жағдайларды дұрыс түсініп, ғылыми объективті баға беруге қызмет етеді.

45.ЖЭС кезіндегі Қазақстан 1921-1922 жж, жер-су реформалары

 

1.Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, экономикалық және әлеуметтік саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің барысында шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген эконмикалық және мәдени арта қалушылықпен байланыста еді.

1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары 50,3, орыстары 31,1, украиндары 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауылшаруашылығында еңбек етті. Ал, ауылшаруашылығы мешеу жете дамыған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, малшаруашылығында көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп, астықтың жалпы көлемімен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914ж. 3,6 млн десятина болса, 1922ж. 1,6 млн десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығыда ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млнға, жылқы 2 млнға, қой-ешкі 6,5 млндай, түйе 0,3 млнға азайды. Жалпы алғанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн басқа кеміді.

Жеті жылға созылған (бірінші дүние жүзілік және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқада аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскермен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік не ғұрлым көп және қайрымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың кеңес өкіметіне қарсы шығуына әкелді.

Мұндай наразылықтың күшейуі кеңес өкіметін салғырттан, яғни “әскери коммунизм” саясатынан /салғырт кейде солай аталатын/ бас тартуға,жаңа экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр етті.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты /НЭП-ті/ іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару коммитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария обылыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 млн. пұттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатан ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селоларын қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар баса артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

2.Жаңа экономикалық саясат

Шетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері - 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады, Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты, ауыр жағдай қалыптасты, 1921 жылғы наурызда жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды, ЖЭС-тің белгілері - Азық-түлік салығы, Сауда еркіндігі, Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру және алу, Ауылшаруашылығы несиесі, тұтыну кооперациясын дамыту, Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру, Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану

ЖЭС-тің мәні - салғыртты салықпен ауыстыру, 1921 жылы наурыз-сәуірде өлкеде салғырт салықпен ауыстырылды, Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда за болды, 1921 жылы маусымда Орынбордағы өткізілген облыстық 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС-ке көшу туралы айтылды, 1921 жылы шілдеде Орынборда Қазақстан комсомолының 1 сьезі өтті, Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді, 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80 пайызы қырылды, Елде аштық басталды, Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды, 1921 жылғы қарашада 1 млн 508 мың адам, 1922 жылғы наурызда 2 млн 303200 адам, Мамыр, маусым айларында бұл мөлшер кеми бастады, Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары - аштық жайлаған аудандар, Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар саны 82 пайызға жетті, Кеңес үкіметі аштыққа ұшырағандарға көмекке кеш келді, 1921 жылғы 14 маусымда Нақты ет салығы туралы декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды, 1922 жылы егістіктің 60 пайызына Кеңес үкіметі берген дән себілді, Кеңес өкіметі органдарынан өлкенін 2 млн-нан астам ашыққан халқына көмек көрсету жөніндегі төтенше шаралар қолданды

Жер-суреформасы Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды - 1921 жылғы сәуірде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды, Нәтижесінде - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды, Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді, 1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізілді, Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды, 1 млн десятинадан астам жер қоры құрылды, Ауылдарды Кеңес өкіметінің нығаюы мен қазақ еңбекшілердің мемлекеттік және шаруашылық құрылысын тарту кезінде ерекше роль атқарған - 1921 жылы Қосшы одағы құрылды, 1930 жылдан Кедей одағы болып өзгертілді, 1921-1922 жылдардағы жүргізілген жер реформасының маңызы - Отаршылдық аграрлық саясатқа қарсы соққы берді, Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті, Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

 

 

Жер-суреформасы.
Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдықсаясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.
• 1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды.Нәтижесінде:
- Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.
- Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.
• 1921 жыл –Жетісуда жер реформасы жүргізілді.
- Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.
- 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.
1921-1922 ж.ж аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асырудағы қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушылар кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады.
• 1921 жыл – «Қосшы одағы» құрылды (1930ж- «Кедей одағы»
атанды).
Жетекшілері: А.Асылбеков, Ә.Жангельдин, С.Меңдешев, С.Сейфулин,А.Розыбақиев т.б.1921 жылғы наурызда «Қосшы одағы ны» 17 мыңнан астам мүшесі болды.
Міндеттері:
-Еңбек артельдерін құру.
- Кедейлерге жер беру.
- Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.
1921-1922 жылғы дүргізілген жер реформасының маңызы:
• Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рол
атқарады.
• Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
• Қазақ аулындағы патриархаттық феодалдық негізді әлсіретті.
• Ұлттық келісімінің орнығуына жағдай жасады.

46 Кирревкомның құрылуы және құрамы. Кирревкомның мақсаты мен жоспары.

Азақ революциялық комитеті,Қазревком – Кеңес өкіметініңазамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға),А.Байтұрсынов,В.Лукашев,Ә.Жангелдин,М.Тұнғашин,С.Меңдешев,Б.Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болыпӘ.Әйтиев,С.Арғыншиев,А.Авдеев,Ғ.Әлібеков,Б.Қаралдин еңбек етті.Қазревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтап, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке КеңестерініңҚұрылтай съезін шақыруға жағдай жасады. Шын мәнінде ревком өкіметтің Қазақстандағы осынау төтенше органының әр түрлі саладағы орасан көп жұмысты атқаруына, Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайшы съезін әзірлеп, өткізуіне тура келді. Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етті. Қазревком қызметінің әскери-азаматтық сипатын осы соғыс анықтап берді. Қазревкомның басқа бір маңызды міндеті – қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Қазревком армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу яғни “соғыс коммунизмі” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Қазревком1919 жылы шілдеден бастап 15 ай бойы жұмыс істеді. Сол уақыт ішінде Қазревком қазақ елінің кеңестік автономиясын жария етуге байланысты қыруар әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды.1920жылғы 17 тамызда РКФСР ХККҚазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 жылғы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік ОАК мен ХКК төрағаларыМ.И.Калинин менВладимир Ильич Ленин қол қойған “Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. Көп ұзамай Қазақ (Қырғыз) АКСР-і құрылды да, Қазақ революциялық комитеті таратылды (Қазақ АКСР-і). Жергілікті жерлерде Қазақ революциялық комитеті органдарын құруғаҚызыл Армия бөлімдері мен қызыл партизандар жасақтарының саяси қызметкерлері, партия-кеңес органдары басшылық етті. Ревком төрағалары болып қолынан іс келетінқазақ кедейлерінен жарлықпен тағайындалды. Қазақ революциялық комитеті ҚызылГвардия жасақтарын құру үшін әскери органдарға көмек көрсетті, азық-түлік жинау аппаратын жолға қойып, халық арасында саяси-үгіт, насихат жұмыстарын жүргізді. Қолайлы жағдайлар туғаннан кейін өкімет билігі бірте-бірте ревкомдардан жергілікті Кеңестердің аткомдарына берілді.

 

 

47 ҚазАКСРнің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАКСРнің құрамына біріктірілуі.

 

Азақ мемлекетінің қайта құрылуы. Қазақ АССР-І. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті.

Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:

1.Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралыуездерінен түратын Семей облысы.

2.Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері менОмбы уөзінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.

3.Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінентұратын Торғай облысы.

4.Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратынОрал облысы.

5.Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстыңКрасноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші женебесінші облыстар.

6.Астрахань губерниясының құрамында болып келгенБөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екіншіПриморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.

"Известие ВЦИК" газетінің 1920жылғы 22 қазанындағы санында жарияланған 26 тамыздағы декреттің бірінші тарауына енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің құрамына Орынбор қаласы мен оның маңындағы Покровский, Краснохолм, Илец, Шарлық, Исаев және Петровск аудандары қосылатындығы айтылды. Міне осы территориялар жаңадан құрылған ҚазАКСР-нің құрамына кірді. Сырдария және Жетісу облыстары Түркістан АКСР-нің құрамында қала берді. Декретте бұл жерлер ҚазАКСР-дің құрамына оның халқының қалауы бойынша өте алады деген тармақ болды.Қазақ автономиясының құрылуы сөзсіз аса маңызды тарихи және саяси оқиға болды. Қазақ халқының автономия түрінде болса да, мемлекеттілігі қалпына келтірілді, оның территориясы белгіленді. Тіпті Сырдария, Жетісу облыстарындағы қазақтарды бірыңғай республикаға біріктірудің құқықтық негізі қаланды. Сондай-ақ В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған декретте ҚАКСР-дің орталық органдары Қазақ Орталық Атқару комитеті (ҚазОАҚ) пен Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі екендігі анықталды, 12 халық комиссариаттарын және Завольже әскери округіне бағынышты қазақ әскери комитетін құру белгіленді. ҚАКСР-нің РКФСР орталық органдарымен, Сибревком және Түркістан АКСР-мен қарым-қатынасы анықталды. Сибревком мен ТүркАКСР ОАК-ның Президиумы құрамына Казревком өкілдері ендірілді. 1920 жылы Орынборда Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Съезд ҚАКСР-нің орталық мемлекеттік органдарын С.Мендешевті бекітті. Қазақ Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Р.Радусь-Зенкович бекітілді. Қазақстанның астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды. Құрылтай съезі «ҚАКСР-дің еңбекшілері құқығының декларациясын» қабылдады. Бұл конституциялық мәні бар ҚАКСР-дің мемлекеттік құрылымын, территориясын, сайлау жүйесін т.б. жақтарын анықтаған құжат болды. Декларация 1926 жылы қабылданған ҚАКСР-дің бірінші конституциясының жобасына кірді.Құрылтай съезі «Қазақ АКСР-нде Кеңес өкіметін ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. Қазақстандағы жоғары өкімет билігі Кеңестердің бүкіл қазақтық съезі болып табылды. Бұл съезд Қазақ Орталық Атқару комитетін сайлайды. ҚазОАК 75-ке дейін мүшеден және 25 мүшелікке кандидаттан тұрды. Бүкілқазақтық съезді ҚазОАК жылына бір рет шақырады. ҚазОАК бүкілқазақтық съездер аралығында жоғары билік органы болып есептелді. Төтенше немесе кезектен тыс бүкілқазақтық съездерді ҚазОАК өз қалауы бойынша немесе республиканың 3/1-н білдретін жергілікті кеңестердің талабымен шақыра алды. Бүкілқазақтық съезд мемлекеттегі бүкіл билікке басшылық жүргізді. ҚазОАК-ты сайлады, үкіметтің есебін тыңдады, заңдар қабылдады. Автономды халық комиссариаттары РКФСР-дың осындай халық комиссариаттарына тәуелді болды. Халық комиссариаттары автономды және біріккен болып бөлінді. Біріккен халық комиссариаттарға РКФСР-дың халық комиссариаттарына тікелей бағынышты халық комиссариаттары жатты. Бұл халық комиссариаттыры сондай-ақ ҚазОАК пен Қазхалкомкеңесіне де бағынды. Бірақ РКФСР басшылығымен келісіп отырды. Біріккен халық комиссариаттарына БОАК пен Халкомкеңестің 1920 жылғы 26 тамыздағы декреті бойынша мыналар жатты: азық-түлік, қаржы, жұмысшы шаруа инспекциясы, қатынас жолдары, сонымен қатар халық шаруашылығы кеңесі, почта және телеграф басқармасы, қазақ статбюросы, төтенше комиссия.Олардың басшыларын ҚазОАК пен Қазхалкомкеңес өздері тағайындап, орнына алды. Жоғарыдай айтылған деректер бойынша автономды халық комиссариаттарына: ішкі істер (почта және телеграф басқармасынсыз), әділет, халық ағарту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жер шаруашылығы жатты. ҚазАКСР-і құрылған кезде барлығы 13 халық комиссариаты болды..

Бірақ олардың саны мен бағыныштылығы кеңінен өзгерістерге ұшырап тұрды. 1924 жылы Орта Азия мен Қазақстанда үлкен тарихи-саяси маңызы бар оқиға болды. Түркістан АКСР-і Бұқар және Хорезм кеңестік республикалары тарады. Олардың орнына одақтас республика мәртебесінде өзбек КСР-і мен Түркімен КСР құрылды. Тәжік АКСР-і өзбек КСР-нің құрамына кіріп, 1929 жылдан одақтас республика болды. Қырғызтан алдында РКФСР құрамындағы автономиялы облыс болып, 1926 жылдың баснынан авономиялы республика мәртебесін алды. Осының алдында 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылған еді. Түркістан республика құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстарының қазақ жерлері ҚазАКСР-нің құрамына өтті. Бұл орталықтың күштеп жүргізген шаралары Орта Азия мен Қазақтандағы әкімшілік-территориялық межелеу деп аталды. Орынбор қаласы мен губерниясының бір бөлігі Ресейдің қарамағына өтті. Жаңа астана Қызылорда қаласына көшірілді.Қарақалпақ автономиялы облысы құрылып, Қазақстан құрамында Мәскеудің бір жақты шешімімен 1932 жылы өзбек КСР-нің құрамына көшті. Осылай Қазақ жерлері біртұтас ҚазақАКСР-і құрамына топтасты. Бұл аса ірі тарихи-саяси мәні бар оқиға болды. Ежелгі Қазақ жерлері бір мемлекеттіліктің аумағына қайтарылып, шекаралары белгіленді. Осы кезеңде Қазақстанның жер көлемі 2.927.614 кв. км, халқы шамамен 6,5 млн. адам болды, олардың 55,5 %-і қазақтар, 25,3 %-і орыстар, 9 %-і украиндар, 3,7%-і өзбектер, қалғандар басқа халықтар болды. 924 жылы өзбек, Түркімен республикалары, 1929 жылы Тәжік республикасы одақтас республика мәртебесін алғанымен, Қазақстан 1936 жылға дейін автономиялы республика болып қала берді. Орталық осылай шешті. Бірақ Қазақстанның одақтас республика болатындай қажеттіліктің бәрі бар еді. Осы жағдайды пайдаланып, 1924 жылы Киробкомның (қазақ обкомның) басшылары В.Нанейшвили, С.Қожанов, ҚазОАК-тың уақытша төрағасы Ә.Жанкельдиндер Мәскеудегі орталықтың алдына Қазақстанды одақтас республика етіп қайта құруды негіздеп ұсыныс қойды. Бірақ бұл ұсыныс қолдау таппады. Осыдан кейін 1926 жылы Мәскеуде Т.Рысқұлов өткізген ұлт өкілдерінің Жеке кеңесі атынан сол кездегі БОАК-тың ұлттар бөлімінің меңгерушісі С.Асфендияров дайындаған Қазақстанды автономиялы республикадан одақтас республикаға айналдыру туралы ұсынысы да қаралмай қалды. Қазаөстанның одақтас республика болуына әлі де 12 жыл қажет болды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 979 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

2196 - | 2141 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.