Ү. Сұбханбердинаның «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттері туралы библиографиялық түсіндірме көрсеткішінің (1993), Ө. Әбдімановтың «Қазақ газеті»кітабының (Алматы, 1993) жарық көруі аталған проблеманың деректемелік негізінін кеңеюіне қосылған елеулі үлес болды.
«Алаш» партиясы мен қозғалысы тарихының проблемаларын, сондай-ақ оған қазақ ұлттық интеллигенциясының қатысуын талдап түсіндіруде М. Құл-Мұхаммедтің зерттеулері ерекше манызға ие. Қазақстан тарихындағы «ақтандақтарға» жататын 1929-1931 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың проблемалары алғаш рет Т. Омарбековтің зерттеуінде. жоғары ғылыми баға алды. Оның «20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті: көмекші оқу құралы» ғылыми еңбегінде күштеп ұжымдастыру мен байларды тәркілеу саясатының ауыр салдарлары алғаш рет жан- жақты ашып көрсетілді. М. Қойгелдиевтің Т. Омарбековпен бірлесіп жазған «Тарих тағылымы не дейді?» деген еңбегі шаруалар көтерілісіне, қазақтардың қоныс аударуына және 30-жылдардағы аштық оқиғаларына арналды.
Монографиялық зерттеулердің пайда болуы аталған проблеманың тарихнамасында сапалық жана кезеңнің туғанын айғақтайды. Д.А. Аманжолованың «Қазахский автономизм и Россия: История движения Алаш» (М., 1994), К.Н. Нүрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда» (А., 1995), М. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» (А., 1995), «Движение Алаш» құжаттар мен материалдар жинағы (А., 2004, 2005) және басқалар ұлт-азаттық қозғалысының тарихына, қоғам дамуының бетбұрысты кезеңдеріндегі қазақ зиялыларының рөлі мен орнын анықтауға қатысты жаңа көзқарастың қалыптасқанын аңғартты.
36. Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін ұлттық, ең алдымен ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелері өткір сипат алып, талқылана бастады. Кеңес өкіметінің ұлттық саясатының негізгі принциптері маңызды екі құжатта - 1917 ж. 2 қарашада қабылданған “Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында” және 1917 ж. 20 қарашада жарияланған Кеңес өкіметінің “Барлық Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне” үндеуінде көрініс тапты. 1918 ж. қаңтарда кеңестердің Бүкілресейлік 3-съезінде В.И.Лениннің дайындаған “Еңбекшілер мен қаналған халықтардың құқықтары Декларациясы” қабылданды. Бұл құжатта Коммунистік партияның кеңес республикасының мемлекеттік құрылымы түріндегі кеңестік федерацияны ымырасыз жақтайтыны айқын көрсетілді. Декларацияда “Кеңестік Ресей Республикасы еркін ұлттар одағының негізіндегі кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы түрінде құрылады” делінген.
КСРО кезінде Алматыда қазіргі Орталық мешіт тұрған орында тауықтың күркесіндей бір ғана мешіт болғаны мәлім. Бірде КСРО басшысы Леонид Брежнев Дінмұхамед Қонаевқа телефон соғып, Алматыны көргісі келген атақты боксшы Мұхамед Әлиді қабылдауын өтінеді. Мұхамед Әлидің намазхан екенін білетін Қонаев Брежневке: «Құрметті, Леонид Ильич! Мұхамед Әлидің намаз оқитынын білемін, ал Алматыдағы мешітіміз тауықтың күркесіндей ғана шап-шағын әрі өте жұпыны, құрметті қонаққа көрсетуге өте ұят. Сондықтан Мұхамед Әлидің Ташкентке барғаны дұрыс» депті. Осылайша, атақты боксшы Ташкентке барып, намаз оқыған.
Бұл – Қазақстандағы Исламның сол кезде қаншалықты құлдырағанына бір ғана мысал.
Қожа-молдаларды қамшымен қойдай қуған кешегі қызыл өкімет алғаш құрылған кезінде, момақандық танытып, қой терісін жамылған қасқырдың кейпінде болыпты. Оған 1917 жылы қарашада Кеңес билігінің «Шығыс пен Ресейдің барлық еңбекші мұсылмандарына» жолдаған төмендегі жолдауы дәлел болады:
«Жолдастар! Бауырлар! Ресейде ұлы өзгерістер орын алуда! Осы ұлы өзгерістер қарсаңында біз Ресей мен Шығыстың барлық жұмысшылары мен күйсіз, кәріп мұсылмандарына үндеуімізді жолдаймыз.
Ресейдің мұсылмандары, Қырым мен Еділ бойындағы татарлар, Сібір мен Түркістанның қырғыздары мен сарттары, Кавказдың шешендері мен тау халықтары, барлық мешіттері мен ғибадатханалары бұзылғандар, Ресейдің қанаушылары мен патшалары тарапынан діни наным-сенімдері мен дәстүрлері қорлауға ұшырағандар! Бұдан былай сіздердің діни наным-сенімдеріңіз бен дәстүрлеріңіз, ұлттық және мәдени ошақтарыңыз еркін және оған қол сұғылмайды деп жарияланады». Осылайша, кеңес билігі осы жолдау арқылы мұсылмандар тарапынан үлкен қолдау тапқан. Сол кезде «күн көсем» Ленин КСРО үшін ислам факторының маңыздылығын жоғары атап көрсетіп, «Бұл – әлемдік мәселе, мұнымен қалжыңдауға болмайды, бұл істе мың мәрте мұқият болуымыз керек» деген екен.
37. Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.
Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.
Елдегі бұл бей-берекетсіздікті ретке келтіруге және билік жүргізу ауқымын шектеуге күш салған Омбы облыстық қазақ комитеті атынан Абылайханов пен Сәдуақасов 1918 жылы 29 маусымда қол қойып, облыстық комиссариатқа (Сібір үкіметінің органы. — авт.) жіберген хатында былай деп атап көрсетеді: «Кейбір станидалық және поселкелік басқармалар, сондай-ақ шаруалардың болыс селолық комитеттері қырғыздардың (қазақтардың) жекелеген шағымдары бойынша уездік және облыстық қазақ комитеттерінің келісімінсіз ауылдарға қарулы отрядтар жібереді.
Бұл әрекет дұрыс емес және мұндай келенсіз көріністер бұл билік басында тұрған қырғыз (қазақ) органдарының беделін түсіреді деп есептей отырып, облыстық комитет комиссариаттан алдағы уақытта мұндай шара қолданбауды, қолдану қажет болған жағдайда, ол туралы уездік немесе облыстық қазақ комитетіне дер кезінде хабарлауды сұрайды.
Қазақтардың әскери аппаратынан да станицалық және поселкелік басқармаларда осындай оқиғаларға жол бермеуін өтінеді».[7].
Комиссар осындай жағдайда не істеу керек екендігін үкіметтен сұрағанда, оған: «Уездік және облыстық қырғыз (қазақ) комитеттері дербес ұйымдар, не істеу керегін өздерің шешіндер» деген жауап келген.[10].
Алаш басшылығы үш ай бойы мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, ел қорғау, сот, жер мәселелері бойынша бұйрықтар шығарып, өз билігін орнықтыруға тырысты.[11]. Сібір үкіметі тарапынан Алашорда билігіне қолдау көрсетілмеді. Сібір кадеттерінің орталық органында басылған мақала Сібір үкіметінің ұстанған бағытын ашып берді. Ол «Қырғыз (қазақ) автономиясы туралы мәселеге» («К вопросу о киргизской автономии») деп аталды. Онда былай делінді: «Қырғыз өкілдері талап етіп отырған нысандағы автономия Ресейден толық бөлінді, оның аумағында дербес қырғыз мемлекетін құруды көздейді.
Біз бұратана халықтың мәдени-ұлттық қажеттерін қанағаттандыру туралы талаптарын кеңінен қолдауға әзірміз, бірақ дербестікке ұмтылу мемлекетгін өзін-өзі құртуына алып келеді.[12].
38. Әскери коммунизм саясаты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.
Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.
«Әскери коммунизм» саясаты: Большевизмнің «тауарсыздық» утопиясының Қазақстандық практикасы мен ақиқаты Ленин социалистік революцияныңстратегиялық мақсатын «бүкіл өндіріс құрал-жабдықтарын халық игілігіне берумен» байланыстырды.[1]. Ф. Энгельс өндіріс құралдарының нақты иесін атап көрсеткен еді. «Пролетариаттың билікті басып алуымен, — деп жазды ол, — бәрінен бұрын өндіріс кұралы мемлекеттік меншікке айналады».[2].
Өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттің қарамағына беру идеясы большевиктік революцияның алтын арқауы болды. Ол жүйелі түрде толық жүзеге асырылды. Жер қоры сияқты, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымдары мен банктер түгелдей дерлік мемлекет меншігіне айналдырылды.
Қазақстанда 300-ден астам өнеркәсіп орны мемлекет меншігіне берілді. Олардың қатарында Спасск мыс балқыту және Шымкент дермене зауыттары, Қырғыз тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамының қорғасын-мырыш зауыты, Риддер кеніші кәсіпорындары, Екібастұз және Байкоңыр көмір кені орындары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері бар. Орынбор-Ташкент және Жетісу теміржолы, Арал теңізі, Ертіс пен Жайық өзендеріндегі кемелер мен барлық сауда флоты, Қазақстан қалаларындағы Орыс-Азия, Еділ-Кама, Сібір сауда банктері капиталымен қоса және банк бөлімшелерінің объектілері де мемлекет меншігіне жатқызылды.[3].
Ленин Қазан революциясы қарсаңында-ақ: «Буржуйлардан тартып алынған өндіріс құрал-жабдықтарына бүкілхалықтық демократиялық басқаруды ұйымдастырмайынша капитализмді тізе бүктіру мүмкін емес...», — деген болатын.[4]. «Бүкілхалықтық басшылықты» жүзеге асыру мақсатында жұмысшы бақылауы енгізілді, ал елдің экономикасын жоспарлы түрде басқару, оның халық шаруашылығы мен қаржысын бір орталықтан ұйымдастыру үшін кен өкілетті директивалық орган — Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесі құрылды.
Демек, үш басымдық – мемлекет меншігіне алу, орталықтандыру және директивалық жоспарлау экономикалық саясатта мемлекет бағдарын дәл айқындайтын болды.
Алайда көп ұзамай мұндай идеология өнеркәсіптін қирауына әкеліп соқтырды. Соңғысы бюджетке түсетін салық түсімдерінің ең маңызды көздерінің бірі болып табылатындықтан, ондағы орасан зор тапшылықты тек станокта басып шығару арқылы ғана жабуға болатын еді.
Өнеркәсіп және қаржы саласындағы күйзеліс жағдай[өңдеу]
Өнеркәсіптегі және қаржы саласындағы күйзелісті жағдайды, 1918 жылдың көктемі мен жазындағы аса ауыр азық-түлік тапшылығын, сондай-ақ енді басталған Азамат соғысын алға тартып, большевиктер ақталуға, тіпті өздері қалаған тауарсыз утопиясын жүзеге асыру жөніндегі экспериментін барынша ұтымды түсіндіруге тырысты. Ол бойынша коммунистік өндіріс пен болу деп аталатын принципке тікелей көшу жағдайы қарастырылды. Мұндай саясат «әскери коммунизм» деп аталды. Осы идеологияның ауқымында нарық пен тауар-ақша қатынастарын толықтай тұншықтыру, экономикалық институттар мен ынталандыру тетіктерін экономикадан тыс директивалық-болу жүйесімен ауыстыру, өндіріс пен бөлуді орталықтандыру көзделінді. Қарапайым тілмен айтқанда, мұның өзі экономикалық өмірді толықтай билік қыспағында ұстауды, оның барлық саласына бірдей қатаң мемлекеттік бақылау орнатуды, социалистік теңгермешілік әдістін еңгізілуін білдіреді.
Ауылдар мен деревнялардағы наразылық[өңдеу]
Мемлекеттің күштеу саясаты ауылдар мен деревняларда наразылықты одан әрі өршітті. Тұтас алғанда кейбір жағдайларда билік орындары жүргізген әкімшілік террорға өштесу, ашық бүлікке және шаруалар тарапынан қарулы қарсылыққа ұласты. 1920 жылы Қазақстанның көптеген өңірлерінде «Коммунистерсіз кеңестер үшін», «Азық-түлік салғырты жойылсын!», «Коммунистік азық-түлік диктатурасы жойылсын!» деп ұрандаған көтерілісшілер шеруі бұрқ етті. Көтеріліске шыққан шаруалар мұнда отрядтар мен «көтерілісшілер армияларын» құрды. 1920 жылы Семей облысы мен Павлодар уезінде большевиктерге қарсы ірі наразылық шеруі ұйымдастырылып, олар 10 мың адамдық «Көтерілісші халық армиясы» бақылауында болды. 1921 жылғы ақпанда «Сібір шаруалары одағы» бастаған көтеріліс Батыс Сібір өңірі мен Солтүстік Қазақстан аудандарын қамтыды: оған қатысушылар саны 30 мың адамға жетті. Көтерілісшілер уақытша болса да Петропавл және Көкшетау қалаларын басып алды. Қостанай губерниясы аумағында сан жағынан айтарлықтай қомақты «Шаруалардың жасыл армиясы» әрекет етті,бұрынғы Ресейдің қызыл шаруалар армиясы (РККА) дивизиясының командирі А. Сапожков басқарған, өздерін «Әділетті Қызыл армия» деп атаған қарулы отрядтар Батыс Қазақстанда бүлік шығарды. Ашықтан-ашық көтеріп, шаруалардың қарулы қарсылығына ұласқан наразылықтар Қазақстанның басқа губернияларына да таралды.
39. Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында МұстафаШоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұратын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі басқару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.[1]
40. Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XXғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.
Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты[1]. Төрағасы — Б.Құлманов.
Мәселелер[өңдеу]
Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:
1. Сібір автономиясы;
2. Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
3. Қазақ-қырғыз автономиясы;
4. Милиция туралы;
5. Ұлт кеңесі;
6. Ұлт қазынасы;
7. Мүфтилік мәселесі;
8. Халық соты;
9. Ауылды басқару және
10. азық-түлік мәселесі.
Нәтижесі[өңдеу]
Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады
Алаш автономиясы (Alaş avtonomïyası) (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі ҚазақстанРеспубликасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті.[1]
Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап... съезд бір ауыздан қаулы қылады: