Жоғары билік органдарына жолданған петицияларда болыстарды, ауыл старшындарын және олардың хатшыларын тек сауатты қазақтардан ғана тағайындау ұсынылды. Бұл қызметтеріне кірісер кезде олардың бәрі де ант қабылдап, ешқашан қызмет бабын пайдаланып, халыққа қиянат жасамауға уәде етуге тиісті болды. Шаруа бастықтарының орнына бітістіруші судьялар қызметін енгізу талап етілді. Петиция авторларының пікірі бойынша, бұл қызметке жеткілікті дәрежеде сауаты мен білімі бар қазақтар тағайындалуы тиіс еді. Сайлау науқаны кезінде мүдделі топтардың арасындағы күрес пен алауыздықты болдырмау мақсатымен де кейбір шаралар ұсынылды. Біріншіден, шектен тыс әділетсіздігі, немесе өзіне қолайлы белгілі бір кандидаттың сайлануына мүдделі екені белгілі болған әкімшілік өкілдері қызметінен аластатылуы тиіс делінді. Екіншіден, әкімшіліктің ондай аласталған өкілдері уездің мүлде өзге болыстарынан шақырылған адамдармен алмастырылуы тиіс болды. Үшіншіден, өздерінің жағымсыз қылықтары әшкереленген адамдарды жаңа сайлауға жібермеу талап етілді. Сондай-ақ қазақ халқы өкілдерінің Ресей империясынын заң шығарушы ең жоғары органы Мемлекеттік Думаға сайлануы да талап етіп қойылды.
Діни мәселелер
Петицияларда әр болыста діни алым-салықтарды жинайтын арнаулы адамдардың болуы, түскен мал мен қаржыны кедей отбасынан шыққан шәкірттердің оқуына жұмсау көзделді.
Азақ тілі
Петицияларда мектеп қабырғасында Ислам діні негіздерінің міндетті түрде оқытылуы, «орысша сауат ашуды» содан кейін қолға алу талабы койылды. Петицияда мектептерде христиан дінін оқытуға үзілді-кесілді қарсылық білдірілді. Қырғыз (қазақ. - авт.) халқына бастық болғысы келгендердің қырғыз тілін білуі тиіс екендігі атап көрсетілді. Петицияда іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу талап етілді.[1]
Сот ісі[
Қазақтар дала тұрғындарын сот, тергеусіз әкімшілік жолмен жер аудару ісіне наразылық білдірді. Дала генерал-губернаторы қазақтарды кез келген болмашы мәселе бойынша да жер аударып жіберуге құқықты еді. Неке және отбасы мәселелерін әскери губернатор мен уез бастықтарының қарауынан алып, бітістіруші судья құзырына беру талап етілді. Кісі өлімі болған жағдайда айыпты адамның жазаға тартылуымен қатар қазақтардың дәстүрлі құқық заңы бойынша құн төлетуге өтініш білдірілді. Округтық соттың жанында міндетті түрде ақылдастар алқасы болуы тиіс деп атап көрсетілді. Сондай-ақ айыпталушының міндетті түрде қорғаушысы болуы, билер сотының жергілікті отаршылдық билік орындарына емес, Әділет министрлігінің қарамағына өтуі талап етілді.
Жер мәселесін шешудің жолдары
.
Петицияларда қазақтардың орман байлығын еркін пайдалану құқығына байланысты талаптар да қойылды. Сондай-ақ қазақтарға олардың көші-қон аймағындағы тұзды және балық өсетін көлдерді қайтарып беру жөніндегі өтініштер де айтылды.
Азақтардың петициялық қозғалысының тарихи маңызы
Сонымен, петициялар беру, соның ішінде Қарқаралы петициясы, XX ғасырдың бас кезіндеті Қазақстанның саяси өміріндегі аса маңызды кезендердің бірі болды. Оларда қазақ қоғамының өмірлік маңызы неғұрлым өткір проблемалары нақты да қысқаша тұжырымдалған түрде баяндалды. Жоғары дәрежелі мемлекеттік органдардың атына петициялар жолдау қазақ халқының саяси сана-сезімінің оянып, күшейе түскенін көрсетті. Мұның өзі халықтың құқықтарын қорғауға қабілетті екенін айқын көрсетті.
Патша үкіметі қазақ халқының пікірімен санасуға мәжбүр болды. Петициялардың мәтінін жазғандар батылдық мен ұйымшылдықтың үлгісін танытты. Бірақ патша үкіметі петицияларда қойылған талаптарды орындауға құлық таныта қойған жоқ. Ол талаптар Ресей империясының отаршылдық саясатына сай келмейтін еді. Солай бола тұрса да петициялық қозғалыс жағымды рөлін атқарды — қазақтар Ресейдің I, II Мемлекеттік Думаларына депутат болып сайланды. Халық бұқарасына басшылық етуде, отаршыл билік орындарына ұйымдасқан түрде петициялар жолдаудың басы-қасында қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері ерекше белсенділік көрсетті.