Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қыналардың жалпы сипаттамасы.
2. Қыналардың систематикасы.
| Қыналардың 18-20 мың түрі бар төменгі сатыдағы өсімдіктер катарына жатады. Қыналар күй талғамайтын өсімдіктер, сондықтан табиғатга қыналар басқа өсімдіктерге колайсыз келетін кұнарсыз жерлерде мысалы, тастардың үстінде, шөлді-шөлейтті жерлерде, тундрада және ормандарда тіршілік етеді. Қыналарға ең қажетті жағдай оттегіне бай таза ауа. Қалада кыналар өспейді, себебі түтін және ысты жерлерде тіршілік ете алмайды.
Қыналар саңырауқұлақ пен балдырлардың симбиоздық түрде тіршілік етуі нәтижесінде пайда болған ерекше өсімдіктер тобы болып саналады.
Олардың құрамына кіретін балдырлар көк – жасыл және жасыл балдырлар бөлімдеріне жатады, олардың табиғатта өз бетінше тіршілік ететін түрлерінен еш өзгешелігі жоқ. Қыналар құрамындағы жасыл балдырлардың түрлерінен хлорелла, цистококк, кладофора, трентеполия кездеседі, соңғы екеуі жіп тәрізді формалар. Бұндай қыналар жасыл түсті болып келеді. Көк жасыл түсті балдырлардан түрлеріне глеокапса, хроококк тағы басқалары кездеседі.
Қынаның құрамына кіретін саңырауқұлақтардың түрлерінің басым көпшілігі аскомицеттер класын құрайтын саңырауқұлақтар. Оларға пиреномицеттер мен дискомицеттер жатады. Ал базидиомицеттерден телефора туысы кіреді. Жоғарыда аталған саңырауқұлақтардың табиғатта жабайы өсетін түрлерімен салыстырғанда ұқсастығы шамалы.
Қыналар анатомиялық құрылысына байланысты гомеомерлі және гетеромерлі деп екіге бөлінеді.
Гомеомерлі типі қарапайым құрылысты болып келеді. Олардың денесін құрайтын саңырауқұлақ және балдыр клеткалары денелерінде біркелкі таралған. Бұлар балдыр бөліп шығарған кілегейдің ішінде орналасады. Кепкен кезде морт сынғыш келеді де, суға салса ісінеді.
Гетеромерлі талломның құрылыс ерекшеліктерін ксантория мен пармелия сияқты жапырақшалы қыналардың көлденең кесінділерінен байқауымызға болады. Кесінді препаратынан талломның үстіңгі қабатының өте тығыз шиыршықтала оралған жуан қабықты саңырауқұлақ гифтерінен тұратындығын көреміз. Бұл жалған ткань плектинхима деп аталады. Плектенхима бірнеше қабатты, оның ең үстінгі қабаты түсті, ал төменгі қабаттары түсіз болып келеді.
Плектинхиманың астында, босандау орналасқан гифтермен қоршалған, шар пішіндес бір клеткалы жасыл балдырлар топтарынан тұратын гонидиялық қабат орналасады. Гонидиялық қабаттың астында өзек орналасады. өзектегі саңырауқұлақтар гифтері түссіз келеді әрі өте бос байланысқан, олардың аралары ауаға толы.
Талломның ең астынғы қабаты құрылысы жағынан беткі қабатына ұқсас, яғни тығыз орналасқан жуан қабықты гифтерден тұрады. Осы қабаттан тарайтын бір қатарлы саңырауқұлақ жіпшелері, немесе ризоидтер, ал көпшілік жағдайларда ризиндер (өзектен өтетін жіпшелер шоқтары) қыналардың субсртаттарға бекініп өсуін және қоректенуін қамтамасыз етеді.
Нағыз бұталы қыналардың цилиндірлі талломдарының құрылысы да гетеромерлі типке жатады. Олардың көлденең кесінділерінен талломдарының бірнеше концентрлік қабаттардан тұратынын көруге болады: шеткі бөлігінде тығыз сыртқы қабат, одан ішке қарай бір клеткалы жасыл балдыр шоқтары орналасқан гонидиялық қабат, ортасында түссіз өзек және ең ортасында орталық білеу – остьік цилиндр орналасады. Остьік цилиндр серпілмелі шеміршек тәріздес тканьнен түзілген және механикалық қызметатқарады.
Қынаның көбейуі.
Олар жай екіге бөлінуі арқылы, немесе автоспора түзу арқылы көбейеді. Кейде гамета арқылы жынысты көбейеді. Қынаның құрамындағы саңырауқұлақ өзіне сай спора құратын орган түзеді. Перитейий қына қабатына кіріп томпайып орналасады.
Апотеций ол қына қабатының бетінде дөңгелек астау тәрізді немесе төмпешік тәрізді өсінділер түрінде болады.
Құрамында қалталы саңырауқұлақтары бар қыналарда жыныс процессі тән.
Аскомицеттерден пайда болған аскоспора маңайында өздеріне сай балдыр болса, оны орап қынаның қабатына айналады.
Қыналар көбінесе вегетативтік жолмен көбейеді, бұл кезде қынаның кез келген жерінен сынып, үгіліп тускен бөліктерінен жас қына өсіп шығады. Сонымен катар денесінде пайда болатын ерекше жасушалармен де көбейеді, ол жасушалар соридиялар және изидиялар деп аталады
Сорадиялар саңырауқүлактардың жіпшелерімен оратылған балдырлардың жасушалар тобы. Бұндай жасушалар кына денесінің ішкі жағында пайда болады, осы кезде кынаның салмағы артады да кабығы кысымнан жарылып, ондағы соридиялар үзіліп, жел, жауын суының ағынымен таралып, жаңа жерде жаңа қына өсіп пшғады.
Изидиялар - кына кабаттамасының жоғарғы жағында төмпешіктер пайда болып, оның кұрамында да саңыраукүлактардың жіпшелеріне оратылған балдырлар болады, бұлар сыртынан қабықпен қапталады. Изидиялардың соридиялардан айырмашьілығы осы кабығының болуында. Төмпешік ұзарып өсіп, үзіледі де жел арқылы таралып кетеді.
Қаспак кыналар кесектері аркылы көбейеді, кейде субстратпен бірге кесектелген бөліктерімен көбейеді.
Қыналар - ыстык күндері курап, оп-оңай үзіледі, ал аздап жауын жауса болғаны, олар кайтадан жанданады. Қыналар өте баяу өседі, мысалы, бүғы мүгі-ягель бір жылда не бары 1-3 мм өседі.
Қыналар соредий және изидий деп аталатын орган арқылы вегетативті көбейеді. Соредий жапырақты, бұталы қынаға тән.
Бұталы қыналарда түзілген бірінші реттік талломдардан, екінші реттік талломдар түзіледі де, олар бұтақтанады немесе бұтақтанбауы да мүмкін. Екінші реттік бұтақтанған талломдарды подециялар деп атайды. Подециялар көбінесе кладония түрлеріне тән, олардың формалары тебен, таяқ, жоғарғы бөлігі жұмырлана кеңейген бокал пішіндес болып келеді және жиі тармақтанып бұтақтануы мүмкін. Бокал тәрізді формаларында подециялардың шеткі жақтарын жағалай жаңадан подециялар түзіледі.
Систематикасы.
Қыналарды 4 класқа бөледі: қалталы қына, базидиальды қына, фиколихенс класы, дейтеролихенс класы.
Қыналардың экологиялық топтары.
Қыналар жоғарыда көрсетілгендей барлық жерлерде таралған.
Төмендегідей экологиялық топтарға бөлінеді.
1. Топырақ бетіндегі қыналар немесе эпигейлі қыналар. Олар жер бетінде таралған жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен бәекеге түсе алмайды, сол себептен жер бетінде аз мөлшерде кездеседі. Ашық жерлерде өсетін қыналардың қатарына пельигера, стереокаулон, кладония, цетрария т. б. туыстар түрлері жатады.
2. Эпифитті қыналардың қатарына ағаштар мен бұталарда қоныстанған қыналар түрлері жатады. Бұл топтағылар жапырақта қоныстанса – эпифильді, жалаңаш ағаш діндерінде қоныстанса – эпиксильді деп аталады. Оларға фисция, уснея т. б. туыстары жатады.
3. Эпилитті қыналар – олар тастарда, құздарда, жартастарда тіршілік етеді. Олардың қатарына коллема, гаспарриния, леканора туыстары жатады.
4. Суда тіршілік ететін қыналардың қатарына – гидротирия қынасын жатқызуға болады.
Қыналар әртүрлі субстратта мекендейді. Мысалы оларды темірдің үстінде, шыныларда, картон қағаздарда, сүйек устінде, өртенген ағаштарда т.б. жерлерден кездестіруге болады.
Қыналар талломы әр түрлі түсті: сүр, қара, көгілдір, сары, кызғылт-сары, коңыр түсті болады, мүңдай түс беру қүрамындағы кыналар кышкылдарының болуына байланысты, бұлар жіп шумактың жоғарғы жағында түйіршікті, таяқшалы, қристалды түрде калыптасады.
Сыртқы пішіндеріне карай кыналар үшке балінеді:
1. Қаспак немесе кабыршакты кыналар - бұлар ағаштардын қабыктарына, таска, жартастарға жабысып өседі, бекінген тастардан бөліп алу киын және түстері әртүрлі болады.
2. Жапырак тәрізді кына (жалпак жапырак гашінше үқсас) - бұлар ормандағы ағаштардың діңіне, түбіріне жабысып өседі, бүларды оңай бөліп алуға болады, түстері сұр, сары, кызғылт- сары болып келеді
3. Бұта тәрізді кыналар - бұлар карағайлы күрғак ормандарда тіршілік етеді, түсі сұр, акшыл болып келеді, оңай бөліп алуға болады. Бұл кыналар тундрада көп кездеседі, мысалы, бұғы- мүгі ягель.
Анатомиялык кұрылысы жағынан кыналар талломдарындағы балдырлардың орналасуына карай екіге бөлінеді:
1. Гетеромерлі- кыналардьщ жоғарғы кабык қабатының астында жасыл балдырлардын жасушаларының бір кабат болып орналасуы, бұны гонидийлер кабаты деп те атайды, ]бұған жапыракты және бүта тәрізді кыналар жатады.
2. Гомеомерлі - балдырлар жасулалары саңырауқұлактардың жіпшумағының арасында шашыранды орналасады, бүған каспак кыналар жатады.
Өзін –өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым қалай аталады.
2. Қына қандай организм.
3. Қыналардың табиғаттағы маңызы қандай.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Абдрахманұлы О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Астана 2012 ж
2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2011ж